Он жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар мен жастардың репродуктивтік және психикалық денсаулықты сақтау бойынша медициналық көмекті ұйымдастыру стандартын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 24 қаңтардағы № 12 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 25 қаңтарда № 31762 болып тіркелді.
- Бұйрық нөмірі
- 12
- Қабылданған күні
- 24.01.2023
- Актіні өзгерту күні
- 24.09.2026
- Мәртебесі
- Жаңартылған
Дереккөз: «Әділет» АҚЖ ресми мәтіні. Мәтін алынған күн: 2026-10-20.
Бұйрықтың мәтіні
Құжаттың мазмұны
- Он жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар мен жастардың репродуктивтік және психикалық денсаулығын сақтау бойынша медициналық көмекті ұйымдастыру стандарты
- 1-тарау. Жалпы ережелер
- 2-тарау. Он жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар мен жастардың репродуктивтік және психикалық денсаулығын сақтау бойынша медициналық көмек көрсететін ұйымдардың құрылымы
- 3-тарау. Он жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар мен жастардың репродуктивтік және психикалық денсаулығын сақтау бойынша медициналық көмекті көрсететін ұйымдардың қызметінің негізгі міндеттері мен бағыттары
- 4-тарау. Он жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар мен жастардың репродуктивтік және психикалық денсаулығын сақтау бойынша медициналық көмек көрсету тәртібі
- 1-параграф. Он жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар мен жастарға акушерлік-гинекологиялық, андрологиялық көмек көрсету және профилактикалық іс-шараларды жүргізу тәртібі
- 2-параграф. Он жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар мен жастарға психикалық денсаулық саласында көмек көрсетуді ұйымдастыру
- 5-тарау. ЖДО қызметкерлерінің ең төмен штат саны және медициналық бұйымдармен ең төмен жарақтандырылуы
- Он жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар мен жастарға медициналық көмек көрсететін ЖДО-ның ең төмен штат нормативтері
- Он жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар мен жастарға медициналық көмек көрсететін ЖДО-ның медициналық бұйымдармен ең төмен жарақтандырылуы
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 7-бабының 32) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес қоса беріліп отырған он жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар мен жастардың репродуктивтік және психикалық денсаулықты сақтау бойынша медициналық көмек ұйымдастыру стандарты бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1 және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі | А. Ғиният |
| Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 24 қаңтардағы № 12 бұйрығына қосымша |
Он жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар мен жастардың репродуктивтік және психикалық денсаулығын сақтау бойынша медициналық көмекті ұйымдастыру стандарты
Ескерту. Стандарт жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 24.09.2026 № 113 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы он жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар мен жастардың репродуктивтік және психикалық денсаулығын сақтау бойынша медициналық көмекті ұйымдастыру стандарты (бұдан әрі – Стандарт) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 7-бабының 32) тармақшасына сәйкес әзірленді және он жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар мен жастардың репродуктивтік және психикалық денсаулығын сақтау бойынша медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыруға қойылатын талаптарды белгілейді.
2. Осы Стандартта пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар:
1) АИТВ инфекциясы – адамның иммун тапшылығы вирусы туындатқан, иммундық жүйенің ерекше зақымдануымен сипатталатын және жүре пайда болған иммун тапшылығы синдромы қалыптасқанға дейін оның баяу бұзылуына алып келетін созылмалы инфекциялық ауру;
2) жыныстық жолмен берілетін инфекциялар (бұдан әрі – ЖЖБИ) – жыныстық қатынас арқылы неғұрлым жиі жұғатын инфекциялық аурулар;
3) клиникалық хаттама – пациенттің белгілі бір ауруы немесе жай-күйі кезіндегі профилактика, диагностика, емдеу, медициналық оңалту және паллиативтік медициналық көмек бойынша ғылыми дәлелденген ұсынымдар;
4) консультация беру – даярланған маман жеке немесе топтық жұмыста басқа адамға қолдау көрсететін немесе басшылықты жүзеге асыратын процесс;
5) қашықтықтан көрсетілетін медициналық қызметтер – аурулар мен жарақаттардың диагностикасы, оларды емдеу, медициналық оңалту және олардың профилактикасы, медицина қызметкерлерінің өзара, жеке тұлғалармен және (немесе) олардың заңды өкілдерімен қашықтықтан өзара іс-қимыл жасауын, көрсетілген адамдарды сәйкестендіруді, сондай-ақ олар жасайтын әрекеттерді құжаттауды қамтамасыз ететін цифрлық технологиялар арқылы зерттеулер мен бағалауды жүргізу мақсатында медициналық көрсетілетін қызметтерді ұсыну;
6) мультипәндік топ (бұдан әрі – МПТ) – пациент организмінің функциялары мен құрылымдарының бұзылу сипатына, оның клиникалық жай-күйінің ауырлығына байланысты қалыптастырылатын әртүрлі мамандар тобы;
7) мінез-құлықтың қауіпті түрлері – он жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар мен жастардың денсаулығына, дене немесе әлеуметтік әл-ауқатына жоғары ықтималдықпен қауіп төндіретін мінез-құлқы;
8) психикалық денсаулық – әрбір адам өзінің жеке әлеуетін іске асыра алатын, әдеттегі өмірлік күйзелістерді жеңе алатын, нәтижелі және жемісті жұмыс істей алатын, сондай-ақ өз қоғамдастығының өміріне үлес қоса алатын саламаттылықтың жай-күйі;
9) психологиялық көмек – мыналарға: психикалық және соматикалық денсаулықты қолдауға, психикалық дамуды оңтайландыруға, өмір сүруге бейімдеуге және өмір сүру сапасын арттыруға, оның ішінде адамның өз мүмкіндіктерін жандандыру арқылы арттыруға ықпал ететін, адамға психологиялық проблемалардың алдын алуға, оларды шешуге, өмірлік қиын және дағдарысты жағдайлар мен олардың салдарын еңсеруге жәрдемдесуге; адамдарға психологиялық проблемалардың себептері, олардың алдын алу және оларды шешу тәсілдері туралы ақпарат беруге; тұлғаны дамытуға, оның өзін-өзі жетілдіруіне және өзін-өзі танытуына бағытталған іс-шаралар кешені;
10) репродуктивтік денсаулық – адамның толыққанды ұрпақты өмiрге келтіру қабiлетiн көрсететін денсаулығы.
3. Денсаулық сақтау субъектілері он жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар мен жастарға медициналық, психологиялық-әлеуметтік және заң қызметтерін қамтитын, репродуктивтік және психикалық денсаулығын сақтау бойынша құпия кешенді көмек көрсететін (бұдан әрі – кешенді көмек) жастар денсаулық орталықтары болып табылады.
2-тарау. Он жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар мен жастардың репродуктивтік және психикалық денсаулығын сақтау бойынша медициналық көмек көрсететін ұйымдардың құрылымы
4. Он жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар мен жастардың репродуктивтік және психикалық денсаулығын сақтау бойынша медициналық көмек:
1) аудандық деңгейде: аудан орталығында аудандық немесе көпбейінді орталық аудандық аурухананың құрамында құрылатын жастар денсаулық орталығында;
2) қалалық деңгейде: қаланың әкімшілік-аумақтық бірлігіне кіретін әрбір ауданда кемінде 1 (бірден), сондай-ақ облыстық маңызы бар қалалардағы қалалық емханалар базасында немесе дербес ұйым ретінде құрылатын жастар денсаулық орталығында көрсетіледі.
5. Жастар денсаулық орталығында (бұдан әрі – ЖДО):
1) тіркеу орны;
2) емдеу-диагностикалық қызметі (қарап-тексеру кабинеті, мамандардың қабылдауға арналған кабинеттері);
3) әлеуметтік-психологиялық қызмет (мамандардың қабылдауға арналған кабинеттері);
4) тренингтер және оқыту өткізуге арналған зал қарастырылады.
ЖДО-дағы репродуктивтік және психикалық денсаулықты сақтау бойынша медициналық көмек міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (бұдан әрі – МӘМС) жүйесінде көрсетіледі.
3-тарау. Он жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар мен жастардың репродуктивтік және психикалық денсаулығын сақтау бойынша медициналық көмекті көрсететін ұйымдардың қызметінің негізгі міндеттері мен бағыттары
6. Он жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар мен жастардың репродуктивтік және психикалық денсаулығын сақтау бойынша медициналық көмек мынадай міндеттерді көздейді:
1) саламатты өмір салтын ұстану, жауапты және саналы мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру;
2) консультациялық, емдеу-диагностикалық, психологиялық көмек көрсету, сондай-ақ репродуктивтік және психикалық денсаулықты сақтау бойынша психологиялық-әлеуметтік және заң қызметтерін көрсету;
3) он жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар мен жастар, олардың ата-аналары мен педагогтер арасында саламатты өмір салтын насихаттау, репродуктивтік және психикалық денсаулықты сақтау, оның ішінде ерте жыныстық өмірдің профилактикасы, отбасын жоспарлау, контрацептивтік құралдарды пайдалану, қаламаған жүктіліктің алдын алу, суицид профилактикасы мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
4) еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама жүргізу;
5) дәрігерге дейінгі және кезек күттірмейтін шұғыл медициналық көмек көрсету;
6) қатыгез қарым-қатынас, сондай-ақ сексуалдық, физикалық және психологиялық зорлық-зомбылық құрбандарына медициналық көмек көрсету;
7) медициналық қызмет көрсету, денсаулық сақтау саласындағы құқықтар мәселелері бойынша, сондай-ақ сексуалдық зорлық-зомбылық жағдайларында құқықтық сауаттандыру, ақпараттық-құқықтық көмек көрсету, консультация беру және әлеуметтік-құқықтық қорғау;
8) мінез-құлықтың қауіпті түрлері бойынша профилактикалық іс-шаралар жүргізу және консультация беру;
9) ұйымдастырушылық, оқу-әдістемелік, профилактикалық қызметті үйлестіру, мониторингтеу, талдау және ЖДО-ның желісін дамыту.
7. Он жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар мен жастардың репродуктивтік және психикалық денсаулығын сақтау бойынша қызметтер көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары:
1) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес "Ересектерге және (немесе) балаларға мына мамандықтар бойынша амбулаториялық-емханалық көмек: дәрігерге дейінгі, білікті, консультациялық-диагностикалық көмек: акушерия және гинекология, терапия, педиатрия, жалпы дәрігерлік практика, урология, дерматовенерология" мемлекеттік лицензиясы негізінде және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде медициналық көмек көрсетуге үміттенетін денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорына енгізілген, сондай-ақ зертханалық диагностика қызметтерін қоспағанда, медициналық, психологиялық-әлеуметтік және заң қызметтерін басқа медициналық ұйымдарға аутсорсингке беру құқығынсыз денсаулық сақтау субъектілері меншік түріне қарамастан өз қызметін жүзеге асырады;
2) диагностикалық мақсатта он жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар мен жастарды тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне кіретін басқа медициналық көрсетілетін қызметтерді және (немесе) МӘМС жүйесінде медициналық көмекті алуға жібереді;
3) мамандардың біліктілік деңгейін үнемі жоғарлатып отырады, онда ЖДО мамандарының жалпы санының кемінде 50%-ы (елу пайызы) он жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар мен жастардың репродуктивтік және психикалық денсаулығы мәселелері бойынша оқытылып, сертификатталған.
4-тарау. Он жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар мен жастардың репродуктивтік және психикалық денсаулығын сақтау бойынша медициналық көмек көрсету тәртібі
8. Кешенді көмек алу үшін он жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар мен жастар ЖДО тіркеу бөліміне жүгінеді, онда:
1) медициналық тіркеуші мен пациентті басқа адамдардан бөлек қабылдау;
2) әңгімелесудің құпиялылығы;
3) жеке басын куәландыратын құжаттардың (Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты, азаматтығы жоқ адамның куәлігі және туу туралы куәлігі) бірінің негізінде жеке тұлғаның жеке басын сәйкестендіру;
4) МӘМС жүйесінде медициналық көмек алу құқығын растау;
5) ЖДО-ның жұмыс уақыты, мамандардың қабылдау графигі және ЖДО-да көрсетілетін негізгі қызметтер туралы анықтамалық ақпаратты орналастыру;
6) мамандардың қабылдау графигіндегі өзгерістер туралы хабардар ету үшін пациенттермен "кері байланыс" қамтамасыз етіледі.
9. ЖДО-да пациенттердің жас ерекшеліктерін ескере отырып мынадай медициналық көмек көрсетіледі:
1) он жастан асқан және он алты жасқа толмаған кәмелетке толмағандарға жазбаша келісімімен және олардың ата-аналарының немесе өзге де заңды өкілдерінің қатысуымен;
2) он алты жастан асқан және он сегіз жасқа толмаған кәмелетке толмағандарға олардың ата-аналарының немесе өзге де заңды өкілдерінің жазбаша келісімімен хирургиялық араласуды, жүктілікті жасанды үзуді қоспағанда, профилактикалық, консультациялық-диагностикалық көмек;
3) жастарға медициналық көмек олардың келісімі бойынша көрсетіледі.
10. Кәмелетке толмаған баланы алып жүретін адамның мәртебесі мен оның жеке басын медициналық тіркеуші ата-анасының жеке басын куәландыратын құжаттардың, сондай-ақ кәмелетке толмаған баламен ата-ананың байланысын оның туу туралы куәлігінің негізінде анықтайды.
11. Заңды өкілдердің мәртебесі мен оның жеке басы заңды өкілдің жеке басын куәландыратын құжаттардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес балаға қамқорлық жасауды, білім, тәрбие беруді, оның құқықтары мен мүдделерін қорғауды ұсыну үшін құқықтық негіздерді белгілейтін құжаттардың негізінде анықталады.
12. ЖДО-да он жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар мен жастарға медициналық көмек "Амбулаториялық жағдайлардағы мамандандырылған медициналық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 27 сәуірдегі № ҚР ДСМ-37 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27833 тіркелді) (бұдан әрі – № ҚР ДСМ-37 бұйрық) және "Он жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар мен жастардың репродуктивтік және психикалық денсаулықты сақтау бойынша медициналық көмекті ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 20 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-285/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21846 тіркелді) сәйкес көрсетіледі.
13. Он жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар мен жастарға медициналық көмек көрсету кезінде ЖДО-да алдын ала және түпкілікті диагноздарды қою үшін қолданыстағы аурулар мен денсаулыққа байланысты проблемалардың халықаралық статистикалық жіктемесінің (бұдан әрі – АХЖ) кодтары пайдаланылады.
14. Медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін "Қашықтықтан медициналық көрсетілетін қызметтерді ұйымдастыру, ұсыну және ақы төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 1 ақпандағы № ҚР ДСМ-12 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22151 тіркелді) сәйкес телефон байланысы, цифрлық және мобильді технологиялар құралдарын пайдалана отырып, қашықтықтан медициналық қызмет көрсету мүмкіндіктері пайдаланылады.
15. "Денсаулық сақтау саласындағы мамандықтар мен мамандандырулар номенклатурасын, денсаулық сақтау жүйесінің қызметкерлері лауазымдарының номенклатурасы мен біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-305/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21856 тіркелді), "Денсаулық сақтау саласындағы кәсіптік стандарттарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы 25 қаңтардағы № 46 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21856 тіркелді), "Денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік жұмыскер" кәсіптік стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 23 тамыздағы № 146 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33325 тіркелді) және "Қазақстан Республикасында медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 30 наурыздағы № 49 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32160 тіркелді) сәйкес мынадай мамандар: "Терапия" (бұдан әрі – терапевт дәрігер), "Педиатрия" (бұдан әрі – педиатр дәрігер), "Жалпы медицина/Медицина" (бұдан әрі – жалпы практика дәрігері), "Акушерия және гинекология (ересектер, балалар)" (бұдан әрі – акушер-гинеколог дәрігер), "Урология (ересектер, балалар)" (бұдан әрі – уролог дәрігер), "Дерматовенерология ересектер, балалар" (бұдан әрі – дерматовенеролог дәрігер) мамандықтары бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білімі бар; міндетті түрде кемінде 8 (сегіз) кредит/240 (екі жүз қырық) сағат көлемінде біліктілігін арттырудан өткен немесе медициналық ұйымдарда психолог (бұдан әрі – психолог) болып жұмыс істеу үшін көзделген қайта даярлықтан өткен (алғашқы мамандануы) "денсаулық сақтау" немесе "педагогика және психология" немесе "әлеуметтік ғылымдар" ("психология" білім беру бағдарламалары тобы бойынша) даярлау бағыты бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар; "денсаулық сақтау" немесе "педагогикалық ғылымдар" немесе "жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика" немесе "көрсетілетін қызметтер" ("әлеуметтік жұмыс" білім беру бағдарламалары тобы бойынша) даярлау бағыты бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімі, "Әлеуметтік жұмыс" мамандығы бойынша сертификаттау курсынан өткені туралы куәлігі немесе біліктілігін арттыру сертификаты, әлеуметтік сала немесе жұмыс бағыты бойынша біліктілігін арттыру туралы куәлігі бар (бұдан әрі – әлеуметтік жұмыскер) мамандар бетпе-бет немесе қашықтықтан қабылдауды (консультация) жүргізеді.
16. ЖДО он жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар мен жастарға "Денсаулық сақтау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 13 қазандағы № 153 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33545 тіркелді) сәйкес арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетеді.
1-параграф. Он жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар мен жастарға акушерлік-гинекологиялық, андрологиялық көмек көрсету және профилактикалық іс-шараларды жүргізу тәртібі
17. Он жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар мен жастарға акушерлік-гинекологиялық көмек:
1) жыныстық жетілу, репродуктивтік денсаулық және отбасын жоспарлау мәселелері бойынша консультация беру және қызметтер көрсету;
2) гинекологиялық науқастарды зерттеп-қарау және емдеу;
3) мамандандырылған денсаулық сақтау ұйымдарына емдеуге жатқызуға дайындау үшін гинекологиялық науқастарды анықтау және зерттеп-қарау;
4) жүкті әйелдерді анықтау, оларды есепке қою және одан әрі динамикалық байқау үшін акушерлік-гинекологиялық көмек ұйымдарына жіберу;
5) ЖЖБИ профилактикасы және диагностикасы; ЖДО-да дерматовенеролог дәрігері болмаған жағдайда мерез, гонококк инфекциясы, шанкроидті (жұмсақ шанкрды), шап гранулемасын (донованоз), АИТВ инфекциясын қоспағанда, ЖЖБИ-ды емдеу;
6) мерез, гонококк инфекциясы, шанкроид (жұмсақ шанкр), шап гранулемасы (донованоз), АИТВ инфекциясына күдік болған жағдайда он жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар мен жастарды мамандандырылған денсаулық сақтау ұйымдарына жіберу арқылы жүзеге асырылады.
18. Он алты жасқа толмаған қыздарды гинекологиялық қарап-тексеруді (екі қолмен ректоабдоминальды зерттеу) акушер гинеколог дәрігер медициналық көрсетілімдер бойынша қасындағы ата-анасының немесе өзге де заңды өкілдерінің біреуінің келісімімен жүргізеді.
19. Он жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар мен жастарға андрологиялық көмек:
1) жыныстық жетілу, репродуктивтік денсаулық және отбасын жоспарлау мәселелері бойынша консультация беру және қызметтер көрсету;
2) урологиялық және андрологиялық науқастарды зерттеп-қарау және емдеу;
3) мамандандырылған денсаулық сақтау ұйымдарына емдеуге жатқызуға дайындау үшін урологиялық және андрологиялық науқастарды анықтау және зерттеп-қарау;
4) ЖЖБИ-дің профилактикасы және диагностикасы; ЖДО-да дерматовенеролог дәрігері болмаған жағдайда мерез, гонококк инфекциясы, шанкроидті (жұмсақ шанкрды), шап гранулемасын (донованоз), АИТВ инфекциясын қоспағанда, ЖЖБИ-ды емдеу арқылы жүзеге асырылады.
20. ЖДО-да дерматовенерологиялық көмек мынадай ЖЖБИ-ге (жыныстық ағзалардың кандидозы, трихомониаз, урео-микоплазмоз, хламидиоз, жыныстық ағзалардың герпесі, папиллома вирусы инфекциясы (аногенитальды сүйелдер), В және С вирустық гепатиті, гонорея, мерез (экспресс-тест), АИТВ инфекциясы (экспресс-тест) және тері ауруларына зерттеп-қарау жүргізу арқылы жүзеге асырылады.
21. ЖЖБИ-ге зерттеп-қарау жүргізу алдында он жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар мен жастарға тестілеуге дейінгі консультация жүргізіледі.
22. ЖЖБИ-ге зерттеп-қарау жүргізілгеннен кейін ЖДО:
1) зерттеп-қараудың нәтижелері теріс болған жағдайда ЖЖБИ-дің профилактикасы мәселелері бойынша тестілеуден кейінгі консультация беруді;
2) мерез, гонококк инфекциясы, шанкроид, шап гранулемасын, АИТВ инфекциясын қоспағанда, ЖЖБИ-ді емдеуді;
3) мерез, гонококк инфекциясы, шанкроид, шап гранулемасына күдікті он жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар мен жастарды одан әрі диагностикалау, емдеу және байқау үшін дерматовенерологиялық көмек көрсететін мамандандырылған денсаулық сақтау ұйымына жіберуді;
4) АИТВ инфекциясына күдікті он жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар мен жастарды одан әрі диагностикалау, байқау, емдеу үшін АИТВ инфекциясының профилактикасы саласында қызмет көрсететін мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымына жіберуді;
5) дерматовенерологиялық аурулардың еңбекке уақытша жарамсыздығына сараптама жүргізуді;
6) осы тармақтың 3) және 4) тармақшаларында көзделген жағдайларда АХЖ Z01.9 "Анықталмаған арнайы тексеру" коды бойынша мамандандырылған денсаулық сақтау ұйымдарына жіберу.
23. Он жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар мен жастар арасында саламатты өмір салтын қалыптастыру дағдыларын қалыптастыру жөніндегі іс-шаралар ЖДО-да дұрыс және ұтымды тамақтану, дене шынықтыру және спортпен айналысу, жыныстық жетілу физиологиясы мен гигиенасы, жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың профилактикасы мен диагностикасы, сондай-ақ қауіпті мінез-құлық факторларының, оның ішінде құмар ойындарға патологиялық елігудің профилактикасы мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысы және гигиеналық оқыту арқылы жүргізіледі.
24. Он жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар мен жастар, олардың ата-аналары немесе өзге де заңды өкілдері, жұбайлары, еріктілері үшін репродуктивтік және психикалық денсаулық мәселелері жөнінде консультация беру қауіпті мінез-құлықтық факторлардың профилактикасы, саламатты өмір салтын ұстану дағдыларын қалыптастыру, жасөспірімдік кезеңде психологиялық-физикалық, психологиялық-әлеуметтік даму, әлеуметтік мінез-құлық, жауапты серіктестікті қалыптастыру, отбасылық өмірге, ата-ана болуға дайындау, ерлі-зайыптылардағы, отбасындағы қарым-қатынасқа, тұлғааралық қарым-қатынасқа қатысты мәселелер бойынша, жыныстық жолмен берілетін инфекцияларды диагностикалау және емдеу, ерте жыныстық (сексуалдық) өмірдің профилактикасы, жасөспірімдік шақта организмнің физиологиялық жетілмеу ерекшеліктері, жасөспірімдік жүктілік, он жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар мен жастар арасындағы ерте жүктіліктің, жүктілікті жасанды үзу мен босанудың болуы мүмкін асқынулары мен оның салдары, отбасын жоспарлау және контрацепция әдістері мәселелері бойынша жүзеге асырылады.
25. Сексуалдық және физикалық зорлық-зомбылық құрбандары жүгінген кезде медициналық ұйым:
1) клиникалық хаттамаларға сәйкес медициналық көмек көрсетеді;
2) психологтарды, әлеуметтік жұмыскерлерді, заңгерлерді және өзге де бейінді мамандарды тарта отырып, кешенді медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз етеді;
3) кәмелетке толмаған адам жүгінген кезде оның ата-анасын немесе өзге де заңды өкілдерін дереу хабардар етеді;
4) зардап шегушінің жүгіну фактісі және оған медициналық көмек көрсетілгені туралы құқық қорғау органдарына дереу хабарлайды;
5) құзыреті шегінде тиісті мәліметтерді білім беруді басқару органдарына және әлеуметтік қорғау органдарына тиісті мәліметтерді береді;
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 тіркелді) (бұдан әрі – № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрық) бұйрығына сәйкес медициналық құжаттаманы ресімдейді және есепке алу құжаттамасының нысандарын толтырады.
26. МПТ сексуалдық және физикалық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендердің әрбір жүгіну жағдайына медициналық, психоәлеуметтік қызметтер кешенін көрсету және құқықтық консультация беру арқылы жүргізуді жүзеге асырады.
27. МПТ мүшелері мыналарды жүзеге асырады:
1) ЖДО басшысы:
білім мен этикалық қағидаттар негізінде мультипәндік топты басқарады;
ЖДО мамандарын оқытуды және консультация беруді ұйымдастырады;
ЖДО-ның мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді;
ЖДО мамандарының жұмысын үйлестіреді;
2) әлеуметтік жұмыскер:
ЖДО мамандарының алдында он жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар мен жастардың, оның ата-анасының немесе заңды өкілдерінің мүдделерін білдіреді;
3) психолог қажетті психологиялық көмек түрлерiн айқындайды, оны көрсетеді және тиісті көрсетілімдер болған кезде он жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар мен жастарды медициналық-санитариялық алғашқы көмек дәрігеріне немесе психиатр/психотерапевт дәрігеріне жiбередi;
4) акушер-гинеколог, уролог-андролог дәрігерлері медициналық цифрлық жүйеге қарап-тексеру деректерін енгізе отырып, он жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар мен жастарды дәрігерлік қарап-тексеруден өткізеді;
5) заңгер он жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар мен жастарға, оның ата-анасына немесе заңды өкілдеріне консультация береді.
2-параграф. Он жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар мен жастарға психикалық денсаулық саласында көмек көрсетуді ұйымдастыру
28. ЖДО-да он жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар мен жастарға мынадай психологиялық көмектің мынадай түрлері ұсынылады:
1) психикалық денсаулықты сақтау және нығайту мақсатында тренингтер, дәрістер мен семинарлар өткізу арқылы психологиялық профилактика;
2) психикалық ерекшеліктерді жан-жақты зерттеу мақсатында психологиялық диагностика;
3) өмірлік қиын жағдайға (зорлық-зомбылық, буллинг, созылмалы ауруға байланысты бейімделудің бұзылуы және т.б.) тап болған адамдарға психологиялық консультация беру;
4) тұлғаның толыққанды дамуы мен қызмет етуін қамтамасыз ету, сондай-ақ жас ерекшеліктерін ескере отырып, өзгермелі жағдайларға бейімделу деңгейін арттыру мақсатында психологиялық түзету (жеке және топтық нысанда);
5) психикалық денсаулық қызметін қоса алғанда, психикалық денсаулық мәселелеріне қатысты ақпарат пен ресурстарға қолжетімділікті қамтамасыз ету арқылы халықты психологиялық ағарту;
6) медициналық-санитариялық алғашқы көмек дәрігерінің және/немесе психиатр/психотерапевт дәрігердің пікірін ескере отырып, суицид қаупін бағалау және психологиялық түзету жоспарын әзірлеу арқылы суицидтік мінез-құлықтың профилактикасы;
7) дағдарыстық жағдайда жүрген адамдарда психологиялық-эмоциялық шиеленісті төмендету және психикалық және мінез-құлықтық бұзылушылықтардың (бұдан әрі – ПМБ) дамуының, сондай-ақ суицидтік мінез-құлық қаупінің алдын алу мақсатында шұғыл психологиялық көмек.
29. ЖДО-да он жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар мен жастардың психологиялық саламаттылығын сақтау мақсатында психологиялық консультация беруді және психологиялық көмек көрсетуді "Клиникалық психология", "Психология", "Педагогика және психология" мамандықтары бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандар жүзеге асырады.
30. Психологиялық көмек күндізгі немесе қашықтан нысанда жүзеге асырылады:
1) жеке қабылдау;
2) топтық;
3) отбасылық ата-анасының (ата-аналарының) немесе заңды өкілдерінің қатысуымен.
31. Психологиялық көмек:
1) мінез-құлық ерекшеліктері бар;
2) психикалық денсаулықпен байланысты проблемалардың даму қаупінің факторлары бар (созылмалы күйзеліс, эмоциялық күйіну, сондай-ақ тамақтану мінез-құлқының бұзылыстары, психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтыну эпизодтары және психикалық бұзылушылықтардың диагностикалық өлшемшарттарына сәйкес келмейтін зиянды салдары бар тәуелділік мінез-құлқының көріністері);
3) өмірлік қиын жағдайға (зорлық-зомбылық, буллинг, тұлғааралық қақтығыстарға) тап болған;
4) жарақаттан кейінгі күйзелістерді, субдепрессиялық жай-күйлерді, сондай-ақ психикалық бұзылушылықтардың диагностикалық өлшемшарттарына сәйкес келмейтін қорқыныш, мазасыздық пен ашу эпизодтарын бастан кешіретін он жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар мен жастарға көрсетіледі.
32. ЖДО психологы қабылдау барысында мыналарды жүзеге асырады:
1) пациентті қабылдау және онымен байланыс орнату;
2) пациенттің жеке басын сәйкестендіру;
3) пациенттің не оның заңды өкілдерінің (соның ішінде ата-аналарының) медициналық көмек алуға ақпараттандырылған келісімін ресімдеу;
4) көрсетілімдерге қарай қажетті психологиялық көмектің түрін айқындау;
5) психологиялық көмек көрсету;
6) пациентте тиісті көрсетілімдер болған кезде бейінді мамандарға (медициналық-санитариялық алғашқы көмек дәрігеріне не психиатр/психотерапевт дәрігеріне) жіберуді жүзеге асырады, оның ішінде:
суицидтік мінез-құлық қаупі болған кезде;
ПМБ белгілері болған кезде;
дәрі-дәрмекпен емдеуді немесе мамандандырылған психотерапиялық көмекті қажет ететін преморбидтік жай-күйлер кезінде;
психологиялық түзетуге көнбейтін бейімделудің анық көрінетін бұзылыстары анықталған кезде;
арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету қажеттілігі анықталған кезде әлеуметтік жұмыскерді тартуға бастама жасайды;
7) он жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар мен жастар және физикалық немесе сексуалдық зорлық-зомбылыққа ұшыраған жастар жүгінген кезде, МПТ кешенді көмек көрсетуін ұйымдастыру үшін ЖДО басшысын хабардар етеді;
8) № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрыққа сәйкес №063/е-1 "Әлеуметтік жұмыскер/психолог толтыратын пациенттің картасы" нысаны бойынша есепке алу құжаттаманы жүргізеді және медициналық цифрлық ақпараттық жүйеге деректерді енгізеді.
33. Психологиялық көмек көрсету сеансының ұзақтығы № ҚР ДСМ-37 бұйрығына сәйкес айқындалады.
34. Психологиялық көмек көрсетудің мерзімділігі мен ұзақтығын психолог он жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар мен жастардың жай-күйін және психологиялық көмекке қажеттілігін ескере отырып айқындайды.
5-тарау. ЖДО қызметкерлерінің ең төмен штат саны және медициналық бұйымдармен ең төмен жарақтандырылуы
35. Он жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар мен жастарға медициналық көмек көрсететін ЖДО-ның ең төмен штат нормативтері осы Стандартқа 1-қосымшада келтірілген.
36. Он жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар мен жастарға медициналық көмек көрсететін ЖДО-ның медициналық бұйымдармен ең төмен жарақтандырылуы осы Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес жүзеге асырылады.
| Он жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар мен жастардың репродуктивтік және психикалық денсаулықты сақтау бойынша медициналық көмекті ұйымдастыру стандартына 1-қосымша |
Он жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар мен жастарға медициналық көмек көрсететін ЖДО-ның ең төмен штат нормативтері
| № | Лауазым атауы | Штат бірлігінің саны |
| 1. | Жастар денсаулық орталығының басшысы (менеджер) | 1,0 |
| 2. | Терапевт дәрігер/педиатр дәрігер/учаскелік дәрігер немесе жалпы практика дәрігері | 1,0 |
| 3. | Акушер-гинеколог дәрігер | 1,0 |
| 4. | Уролог-андролог дәрігер | 1,0 |
| 5. | Дерматовенеролог дәрігер | 1,0 |
| 6. | Мейіргер | 1,0 |
| 7. | Медициналық тіркеуші | 1,0 |
| 8. | Психолог | 1,0 |
| 9. | Әлеуметтік жұмыскер | 1,0 |
| 10. | Заңгер | 1,0 |
| 11. | Санитар | 1,0 |
| Жиыны | 11,0 | |
| Он жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар мен жастардың репродуктивтік және психикалық денсаулықты сақтау бойынша медициналық көмекті ұйымдастыру стандартына 2-қосымша |
Он жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар мен жастарға медициналық көмек көрсететін ЖДО-ның медициналық бұйымдармен ең төмен жарақтандырылуы
Жалпы практика дәрігері/терапевт/педиатрдың кабинеті
| № | Медициналық бұйымның атауы | Саны |
| 1. | Тонометр | 1 |
| 2. | Медициналық кушетка | 1 |
| 3. | Медициналық термометр | 1 |
| 4. | Медициналық таразы | 1 |
| 5. | Бой өлшегіш | 1 |
Акушер-гинеколог дәрігердің кабинеті
| № | Медициналық бұйымның атауы | Саны |
| 1. | Медициналық таразы | 1 |
| 2. | Қалқа | 1 |
| 3. | Гинекологиялық кресло | 1 |
| 4. | Гинекологиялық шам | 1 |
| 5. | Электрокоагулятор | 1 |
| 6. | Конвексті, вагинальды және ректальды датчиктері бар ультрадыбыстық диагностикалық аппарат | 1 |
| 7. | Кольпоскоп | 1 |
| 8. | Ана мен ұрықтың жүрек-қантамыр қызметін допплерлік талдау құрылғысы (шағын өлшемді) | 1 |
| 9. | Медициналық кушетка | 1 |
| 10. | Тонометр | 1 |
| 11. | Сантиметрлік лента | 1 |
| 12. | Стетофонендоскоп | 1 |
| 13. | Медициналық термометр | 1 |
| 14. | Микропрепараттарға арналған заттық әйнек | 1 ауысымға 10–20 дана |
| 15. | Куско гинекологиялық айнасы, бірреттік, стерильді | 1 ауысымға 5–10 дана |
| 16. | Балаларға арналған қынаптық айналар № 1, 2, 3, 4 және Куско бойынша балалар айналары № 1, 2, 3 | 1 ауысымға 5–10 дана |
| 17. | Бірреттік урогенитальды зондтар, цитощеткалар, шпательдер | 1 ауысымға 5–10 дана |
| 18. | Бөліністері бар жатыр зонды | 5 |
| 19. | Құрсақішілік спираль алғыш, тік пішінді | 5 |
Уролог-андролог дәрігердің кабинеті
| № | Медициналық бұйымның атауы | Саны |
| 1. | Жылжымалы медициналық шам | 1 |
| 2. | Урологиялық кресло | 1 |
| 3. | Медициналық кушетка | 1 |
| 4. | Медициналық термометр | 1 |
| 5. | Стетофонендоскоп | 1 |
| 6. | Тонометр | 1 |
| 7. | Урологиялық диагностикаға арналған аспаптар жиынтығы | 1 |
Іздеу атаулары: №12 бұйрық, 12-бұйрық, приказ 12, он екінші бұйрық, 12 бұйрық скачать.