Мақала
Бұйрықтар

№ 17 бұйрық (26.01.2023): толық мәтін және скачать

Жаңа

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 25 қарашадағы № ҚР ДСМ-206/2020 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы "Азаматтық және қызметтік қару, азаматтық пиротехникалық заттар айналымы салаларында рұқсат алу үшін медициналық қарсы көрсетілімдер тізбесін бекіту туралы"

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 26 қаңтардағы № 17 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 27 қаңтарда № 31794 болып тіркелді

Бұйрық нөмірі
17
Қабылданған күні
26.01.2023
Актіні өзгерту күні
Көрсетілмеген
Мәртебесі
Жаңа

Дереккөз: «Әділет» АҚЖ ресми мәтіні. Мәтін алынған күн: 2026-10-20.

Бұйрықтың мәтіні

Құжаттың мазмұны
  1. Азаматтық және қызметтік қарудың, азаматтық пиротехникалық заттардың айналымы салаларында рұқсат алу үшін медициналық қарсы көрсетілімдер тізбесі

"Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. "Азаматтық және қызметтік қару, азаматтық пиротехникалық заттар айналымы салаларында рұқсат алу үшін медициналық қарсы көрсетілімдер тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 25 қарашадағы № ҚР ДСМ-206/2020 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21681 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген бұйрыққа қосымшамен бекітілген Азаматтық және қызметтік қару, азаматтық пиротехникалық заттар айналымы салаларында рұқсат алу үшін медициналық қарсы көрсетілімдердің тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бұйрыққа қосымша жаңа редакцияда жазылсын:

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министріА. Ғиният

"Келісілді"

Қазақстан Республикасы

Ішкі істер министрлігі

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрі 2023 жылғы 26 қаңтардағы № 17 бұйрығына қосымша

Азаматтық және қызметтік қарудың, азаматтық пиротехникалық заттардың айналымы салаларында рұқсат алу үшін медициналық қарсы көрсетілімдер тізбесі

Реттік саныАурулардың атауыАХЖ-10 коды бойынша
Психикалық және мінез-құлық бұзылушылықтары (аурулар)
1Симптоматикалық, психикалықты қоса алғанда органикалық бұзылуларF00-F09
2Психикаға белсенді әсер ететін заттарды қолданумен байланысты психикалық бұзылулар және мінез-құлық бұзылуларыF10-F19
3Шизофрения, шизотиптік жағдайлар және сандырақты бұзылларыF20-F29
4Көңіл-күйдің бұзылулары (аффективті бұзылулар)F30-F39
5Невротикалық, стресске байланысты және соматоформалық бұзылуларF40-F48
6Физиологиялық бұзылулармен және физикалық факторлармен байланысты мінез-құлық синдромдарыF50-F59
7Ересектердегі тұлғаның және мінез-құлықтың бұзылуыF60-F69
8Ақыл-ой кемістігіF70-F79
9Психологиялық дамудың бұзылуларF80-F89
10Әдетте балалық шақта және жасөспірім кезде басталатын эмоционалды бұзылушылықтар мен мінез-құлық бұзылушыларF90-F98
11Қосымша анықтауларсыз психологиялық бұзылуларF99
Соқырлықты (бинокулярлық немесе монокулярлық) қоса алғанда, көрудің бұзылуы)
12Бинокулярлық соқырлықH54.0
13Екі көз көруінің 3, 4, 5- санатта бұзылуыH54.1
14Бинокулярлық көрудің ауыр бұзылуы 2 санаттағы көру қабілетінің бұзылуыH54.2
15Бинокулярлық көрудің орташа бұзылуы көрудің 1-санаттағы бұзылуыH54.3
16Монокулярлық соқырлық Бір көздің көруінің 3, 4, 5-санаттағы бұзылуы және басқа көздің көруінің 0, 1, 2 немесе 9-санаттағы бұзылуыH54.4
17Монокулярлық көрудің ауыр бұзылуы және басқа көздің көруінің 0, 1 немесе 9-санаттағы бұзылуыH54.5
18Монокулярлық көрудің орташа бұзылуы Бір көздің көруінің 1-санаттағы бұзылуы және басқа көздің көруінің 0 немесе 9-санаттағы бұзылуыH54.6
Көру қабілетінің белгісіз жоғалуы
19Көру қабілетінің анықталмаған жоғалуы көру қабілетінің 9-санаттағы бұзылуыH54.7
20Көруді анықталмаған бұзылыстары (бинокулярлық) көру қабілетінің 9-санаттағы бұзылуыH54.9
Кондуктивтік және нейросенсорлық естімей қалу
21Туа біткен саңыраулықH90
22Ототоксикалық саңыраулықH91.0
23Кенеттен болған (идиопатиялық) саңыраулықH91.2
24Мутациялық саңыраулықH91.3
25Өтпелі ишемиялық саңыраулықH93.0
26Естіуді қабылдау аномалиясыH93.2
27Шудан туындаған естімей қалуH83.3
28Психогендік саңыраулықF44.6
Сүйек-бұлшықет жүйесі мен дәнекер тіннің бұзылуы
29Жүре пайда болған саусақтардың болмауыZ89
30Қол саусақтарының жүре пайда болған қисаюыM20.
31Қол саусақтарының қисаюы және даму аномалиясыQ66-Q68
32Қол саусақтарының болмауыQ71.3
Өткізгіш және сенсорлық естіу қабілетінің жоғалуы
33Лабиринтопатия (Лабиринтная дисфункция)H83.2,
34Болезнь МеньераH81.0
Неврологиялық ауру
35Мидың травматикалық ауруыN90.5
36Гентингтон ауруыG-10
37Тұқым қуалайтын атаксияG-11
38Жұлынның бұлшықет атрофиясыG-12
39Паркинсон АуруыG-20
40ДистонияG-35
41Альцгеймер ауруыG-30
42Шашыраңқы склерозG-24
43ЭпилепсияG-40
44Токсикалық энцефалопатияG-93
45МиелиттерG-95
46Параплегия, тетраплегияG-82
47МиастенияG-70
48МиопатияларG-72

Іздеу атаулары: №17 бұйрық, 17-бұйрық, приказ 17, он жетінші бұйрық, 17 бұйрық скачать.

Маңызды

Материал ақпараттық мақсатта берілген. Диагноз бен емді дәрігер анықтайды.

Біз саған жазып
бере аламыз!

Реферат немесе медициналық тақырыптағы материал керек пе? Тақырыбыңды WhatsApp-қа жібер.