Мақала
Бұйрықтар

№ 125 бұйрық (10.07.2023): толық мәтін және скачать

Жаңа

"Алғашқы көмек көрсетуге арналған дәрі қобдишасының құрамын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 8 қазандағы № ҚР ДСМ-118/2020 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 10 шiлдедегi № 125 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 14 шiлдеде № 33079 болып тіркелді

Бұйрық нөмірі
125
Қабылданған күні
10.07.2023
Актіні өзгерту күні
Көрсетілмеген
Мәртебесі
Жаңа

Дереккөз: «Әділет» АҚЖ ресми мәтіні. Мәтін алынған күн: 2026-10-20.

Бұйрықтың мәтіні

Құжаттың мазмұны
  1. Алғашқы көмек көрсетуге арналған дәрі қобдишасының құрамы

БҰЙЫРАМЫН:

1. "Алғашқы көмек көрсетуге арналған дәрі қобдишасының құрамын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 8 қазандағы № ҚР ДСМ-118/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21399 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес алғашқы көмек көрсетуге арналған дәрі қобдишасының құрамы көрсетілген бұйрыққа қосымшамен бекітілген жаңа редакцияда жазылсын;

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күнінің ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министріА. Ғиният
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі 2023 жылғы 10 шілдедегі № 125 бұйрығына қосымша

Алғашқы көмек көрсетуге арналған дәрі қобдишасының құрамы

№АтауыСаны
1.Дәкелі бинттер 5 м х 10 см (стерильденген)2 дана
2.Дәкелі бинттер 5 м х 10 см (стерильденбеген)2 дана
3.Дәкелі бинттер 7 м х 14 см (стерильденбеген)2 дана
4.Таңу пакеті (стерильденген)1 дана
5.Бактерицидті жапсырма5 дана
6.Медициналық жапсырма1 дана
7.Серпімді құбырлы бинт № 11 дана
8.Серпімді құбырлы бинт № 31 дана
9.Серпімді құбырлы бинт № 61 дана
10.Медициналық қолғаптар (стерильденбеген)6 дана
11.Доғал ұшты, металл қайшылар1 дана
12."Ауыз - құрылғы - ауыз" жасанды тыныс алуға арналған құрылғы ("Ауыз - маска" өкпені жасанды желдетуге арналған қалта маскасы)1 дана
13.Таңуға арналған косынка-бандаж1 дана
14.Құтқару көрпесі (термиялық көрпе)1 дана
15.Жылдам мұзы бар пакет - гипотермиялық бір реттік пайдалануға арналған1 дана
16.Ысқырғыш1 дана
17.Фонарь (2 қосалқы батареямен)1 дана
18.Қобдишаға арналған футляр (былғары алмастырғыш)1 дана
19.Блокнот1 дана
20.Қарындаш1 дана
21.Ылғал майлықтар (антисептикалық)1 бума
22.Қысқыш1 дана

Ескертпе: Жеке алғашқы медициналық көмек қобдишалары жеке қажеттіліктер мен тілектерге сәйкес пайдаланушының қалауы бойынша толықтырыла алады.

Өнеркәсіптік объектілерде дәрі қобдишасының құрамы қолдану жөніндегі нұскаулықты қоса бере отырып, зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторларға (қышқыл, сілті, фосфор, әк және басқалар) байланысты зардеп шеккен адамның денесінің зардап шеккен аймағын шұғыл өңдеуге арналған құралдармен (антидоттармен) толықтырылады.

Іздеу атаулары: №125 бұйрық, 125-бұйрық, приказ 125, жүз жиырма бесінші бұйрық, 125 бұйрық скачать.

Маңызды

Материал ақпараттық мақсатта берілген. Диагноз бен емді дәрігер анықтайды.

Біз саған жазып
бере аламыз!

Реферат немесе медициналық тақырыптағы материал керек пе? Тақырыбыңды WhatsApp-қа жібер.