Мақала
Бұйрықтар

№ 131 бұйрық (13.07.2023): толық мәтін және скачать

Жаңа

Патогенді биологиялық агенттердің патогендігі және қауіптілік дәрежесі бойынша сыныптамасын ескере отырып, патогенді биологиялық агенттерді аса қауіпті инфекциялық аурулар туғызатындарға жатқызу өлшемшарттарын және патогенді биологиялық агенттердің тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2023 жылғы 13 шiлдедегi № 131 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 18 шiлдеде № 33107 болып тіркелді

Бұйрық нөмірі
131
Қабылданған күні
13.07.2023
Актіні өзгерту күні
Көрсетілмеген
Мәртебесі
Жаңа

Дереккөз: «Әділет» АҚЖ ресми мәтіні. Мәтін алынған күн: 2026-10-20.

Бұйрықтың мәтіні

Құжаттың мазмұны
  1. Патогенді биологиялық агенттерді аса қауіпті инфекциялық аурулар туғызатындарға жатқызу өлшемшарттары
  2. Патогенді биологиялық агенттердің патогендігі және қауіптілік дәрежесі бойынша сыныптамасын ескере отырып, патогенді биологиялық агенттердің тізбесі

"Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 7) және 17-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған:

1) патогенді биологиялық агенттерді аса қауіпті инфекциялық аурулар туғызатындарға жатқызу өлшемшарттары ;

2) патогенді биологиялық агенттердің патогендігі және қауіптілік дәрежесі бойынша сыныптамасын ескере отырып, патогенді биологиялық агенттердің тізбесі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а.Т. Султангазиев

"КЕЛІСІЛГЕН"

Қазақстан Республикасының

Ұлттық экономика министрлігі

"КЕЛІСІЛГЕН"

Қазақстан Республикасының

Ауыл шаруашылығы министрлігі

"КЕЛІСІЛГЕН"

Қазақстан Республикасының

Экология және табиғи

ресурстар министрлігі

"КЕЛІСІЛГЕН"

Қазақстан Республикасының

Ғылым және жоғары білім министрлігі

"КЕЛІСІЛГЕН"

Қазақстан Республикасының

Индустрия және инфрақұрылымдық

даму министрлігі

"КЕЛІСІЛГЕН"

Қазақстан Республикасының

Қаржы министрлігі

"КЕЛІСІЛГЕН"

Қазақстан Республикасының

Қорғаныс министрлігі

"КЕЛІСІЛГЕН"

Қазақстан Республикасының

Төтенше жағдайлар министрлігі

"КЕЛІСІЛГЕН"

Қазақстан Республикасының

Ішкі істер министрлігі

"КЕЛІСІЛГЕН"

Қазақстан Республикасының

Ұлттық қауіпсіздік комитеті

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2023 жылғы 13 шілдедегі № 131 бұйрығына қосымша 1

Патогенді биологиялық агенттерді аса қауіпті инфекциялық аурулар туғызатындарға жатқызу өлшемшарттары

1. Патогенді биологиялық агенттерді аса қауіпті инфекциялық аурулар туғызатындарға жатқызу өлшемшарттары "Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 9-бабының 7) және 17-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және патогенді биологиялық агенттерді (бұдан әрі – ПБА) аса қауіпті инфекциялық аурулар туғызатындарға жатқызу өлшемшарттарын айқындайды.

2. ПБА-ны адамдардың және (немесе) жануарлардың және (немесе) адамдар мен жануарлар үшін ортақ аса қауіпті инфекциялық аурулар туғызатындарға жатқызу өлшемшарттары мынадай жағдайлардың жиынтығы болып табылады:

1) ПБА патогендігі бойынша Заңның 13-бабының 1-тармағында көзделген патогендігі I немесе II топтардағы ПБА сыныптамасының өлшемшарттарына сәйкес келеді;

2) ПБА-мен жұмыс істеу биологиялық қорғаудың жоғары шараларын талап етеді;

3) жұқтырудың бірлі-жарым жағдайларының анықталуы төтенше жағдай туғызуға алып келеді;

4) аурудың ағымының өлімге алып келуге қабілетінің ықтималдығы жоғары;

5) жануарлардан адамдарға немесе керісінше жануарларға берілуі мүмкін инфекциялардың түрлеріне байланысты.

3. ПБА-ны адамдардың және (немесе) жануарлардың және (немесе) адамдар мен жануарлар үшін ортақ аса қауіпті инфекциялық аурулар туғызатындарға жатқызудың қосымша өлшемшарттары ретінде мыналар да пайдаланылады:

1) ағымы мен эпидемиялық, эпизоотиялық көрінісінің сипаты әдеттегідей емес инфекциялардың қоздырғыштары болып табылатын, осы өңірге тән емес жаңа ПБА-ның анықталуы;

2) өлімге әкеп соқтыратын белгілі ПБА қасиеттерінің мутациясы және (немесе) жоғары эпидемиялық және эпизоотиялық әлеует;

3) осындай ПБА-дан туындаған инфекциялардың тиімді диагностикасы мен профилактикасын қоса алғанда, қызметтер мен инфрақұрылымның ден қоюға әзір болмауы;

4) осындай ПБА-дан туындаған инфекцияның эпидемиялық және (немесе) эпизоотиялық көріністері салдарынан ұлттық қауіпсіздікті, оның ішінде әлеуметтік-экономикалық жағдайды тұрақсыздандырудың жоғары тәуекелі;

5) бактерияға қарсы препараттардың басым бөлігіне резинстентті және (немесе) сыртқы ортада резистентті ПБА-ны анықтау;

6) халықаралық ұйымдардың биологиялық қауіпсіздік саласындағы ұсынымдары;

7) биологиялық тәуекелдерді бағалау нәтижелері.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2023 жылғы 13 шілдедегі № 131 Бұйрығына қосымша 2

Патогенді биологиялық агенттердің патогендігі және қауіптілік дәрежесі бойынша сыныптамасын ескере отырып, патогенді биологиялық агенттердің тізбесі

Патогендік топтарыМикроорганизмдер тобыТоптың түрлік құрамыАурудың атауы
1234
Патогендігі І топтағы патогенді биологиялық агенттер
Патогендігі І топ – аса қауіпті инфекциялардың қоздырғыштарыБактерияларYersinia pestisОба
ВирустарFiloviridae: Марбург вирусыМарбург геморрагиялық қызбасы
Эбола вирусыЭбола геморрагиялық қызбасы
Arenaviridae: Ласса вирусыЛасса геморрагиялық қызбасы
Хунин вирусыАргентиналық геморрагиялық қызба
Мачупо вирусыБоливиялық геморрагиялық қызба
Себиа вирусыБразилиялық геморрагиялық қызба
Гуанарито вирусыВенесуэлалық геморрагиялық қызба
Poxviridae (Ortopoxvirine туысы): табиғи шешектің вирусы (Variolae)Адамның табиғи шешегі
Маймыл шешегі вирусы (Monkeypox)Маймыл шешегі
Herpesviridae: В маймыл вирусыСозылмалы энцефалит және энцефалопатия
Патогендігі ІІ топтағы патогенді биологиялық агенттер
Патогендігі ІI топ – аса қауіпті инфекциялардың қоздырғыштарыБактерияларBacillus anthracisКүйдіргі
Vibrio cholerae (уытты штамдар)Тырысқақ
Burkholderia mallei Pseudomonas malleiСап
Burkholderia pseudomallei Pseudomonas pseudomalleiМелоидоз
Francisella tularensisТуляремия
Brucella туысы: B. melitensis, B. abortus, B. suis, B. neotomae, B. ovis, B. canis, B. ceti, B. pinnipedialis, B. microtiБруцеллҰз
Escherichia coli (веротоксин өндіретін штамдар: O157:H7, O104:H4 және басқалар)Геморрагиялық колибактериоз Гемолитикалық-уремиялық синдром
ХламидияларChlamydophila psittaciОрнитоз (пситтакоз)
РиккетсияларRickettsia rickettsiiЖартасты таулардың дақты қызбасы
Rikettsia tsutsugmushiЦуцугамуши қызбасы
Coxiella burnetiiКу қызбасы (коксиеллҰз)
ВирустарTogaviridae: Жылқы энцефаломиелиттерінің вирустары (Венесуэла ЖВНЭ, Шығыс ШЖВЭ, Батыс БЖЭ)Масалар энцефалиттері, энцефаломиелиттер, энцефаломенингиттер
Семлики, Бибару, Эвергладес, Чикунгунья, О'Ньонг-Ньонг, Карель, Синдбис, Росс өзені, Майяро, Мукамбо, Сагиума қызбаларының вирустарыҚызбалы аурулар: Семлики, Бибару, Эвергладес, Чикунгунья, О'Ньонг-Ньонг, Карель, Синдбис, Росс өзені, Майяро, Мукамбо, Сагиума қызбалары
Жапон энцефалиті (ЖЭ), Батыс Ніл, Ильеус, Росио, Сент-Луис (энцефалиттер), Усуту, (энцефалит) Муррей алқабы кешенінің вирустарыЭнцефалиттер, менингоэнцефалиттер
Карши, Кунжин, Сепик, Вессельсборн Зика, Риобраво, Денге, СокулукҚызба аурулары
Сары қызбаГеморрагиялық қызба
Гемморагиялық қызбалардың вирустары: Киассанур орманы аурулары, омбылықГеморрагиялық қызбалар (Киассанур орманы аурулары, омбылық)
Bunyaviridae:
(Bunyavirus тұқымдасы): С кешені – Aney, Мадрид, Орибока, Осса, Рестан және басқа вирустарыМиозиттермен және артриттермен қызбалар
Калифорниялық энцефалит, Ла Кросс энцефалиті, Джеймстаун-каньоны, Зайцев-Беляков, Инко, Тягиня энцефалиті вирустарыЭнцефалиттер, энцефаломиелиттер, менингоэнцефалиттер, менингеальды синдроммен және артриттермен қызбалар (Ла Кросс энцефалиті, калифорниялық энцефалит, Джеймстаун-каньоны энцефалиті)
(Phlebovirus тұқымдасы): Сицилия, Неаполь, Тоскана, Рифт-Валли қызбасының вирустарыЭнцефалиттер, қызба, артриттер және миозиттер түрінде көрінетін Паппатачи, Рифт-Валли москит қызбалары және басқалар
(Nairovirus тұқымдасы): Дугбе энцефалитінің вирусыДугбе энцефалиті
Найроби, Ганджам қой аурулары вирустарыМенингиальды синдромы бар қызба (Найроби ауруы, Ганджам қызбасы)
(Orthonairovirus тұқымдасы) Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы вирусыКонго-Қырым геморрагиялық қызбасы
(Hantavirus тұқымдасы): Хантаан, Сеул, Пуумала, Чили, Аидо, Андес, Таиланд, Добрава, Белград, Хабаровск, Тула және басқа вирустарБүйрек синдромы бар геморрагиялық қызбалар, өкпе (кардиопульмональдық) синдромы бар геморрагиялық қызбалар
Reoviridae (Orbivirus тұқымдасы): Кемерово кене қызбасы, Колорадо кене қызбасы, қойдың көк тілі ауруы, Чангвинол қызбасы, Орунго қызбасы вирустарыМенингиальды синдроммен және артриттермен қызбалар (Кемерово кене қызбасы, Колорадо кене қызбасы, қойдың көк тілі ауруы, Чангвинол қызбасы, Орунго қызбасы)
Rhabdoviridae (Lyssavirus тұқымдасы): құтырма вирусыҚұтырма
Құтыру (арктикалық құтырма), Лагос-бат (жарқанаттар құтырмасы) вирустарыЖалған құтырма (вирустық арктикалық энцефаломиелит), энцефалопатия
Picornaviridae (Aphtovirus тұқымдасы): аусыл вирусыАусыл
Arenaviridae: Такарибе, Пичинде лимфоциттік хориоменингит вирустарыАстениялық менингиттер және менингоэнцефалиттер
Picornavirida, Enterovirus туыстастығыЭнзоотиялық энцефаломиелит (Тешен ауруы)
УыттарТырысқақ уытыИнтоксикация (тырысқақ)
Патогендігі II топ – инфекциялық аурулардың қоздырғыштарыВирустарС гепатитінің вирусыС вирустық гепатиті, гепатоцеллюлярлық карцинома
Nodaviridae: Д және Е гепатиттерінің вирустарыД және Е вирустық гепатиттері
Hepadnaviridae: В гепатиті вирусыВ вирустық гепатиті
Retroviridae: адамның иммун тапшылығы вирустары (АИТВ-1, АИТВ-2)АИТВ-инфекциясы
Адамның Т-лимфотропты вирусыАдамның Т-жасушалық лейкозы және лимфомасы
Coronaviridae: SARS вирусыАуыр жіті респираторлық синдром
MERS вирусыТаяу Шығыс респираторлық синдромы
SARS-CoV-2Жаңа коронавирус инфекциясы
Flaviviridae: көктемгі-жазғы кене энцефалитінің (барлық типтерінің), Алма-Арасан, Апои, Лангат, Негиши, Повассан кене энцефалиттерінің, қойлардың шотландтық энцефаломиелитінің вирустарыЭнцефалиттер және энцефаломиелиттер (көктемгі-жазғы кене, Алма-Арасан, Апои, Лангат, Негиши, Повассан), қойлардың шотландтық энцефаломиелиті
Orthomyxoviridae Influenzavirus туыстастығыҚұс тұмауы, жылқы тұмауы
Flaviviridae Pestivirus туыстастығыШошқаның классикалық обасы
Togaviridae Alphavirus туыстастығыЖылқылардың инфекциялық энцефаломиелиті
Iridoviridae тұқымдастығыШошқаның африкалық обасы
Paramyxoviridae Paramyxoviris туыстастығыҚұстардың Ньюкасл ауруы, ірі қара малдың парагрипп ауруы
ParamyxoviridaeЕтқоректі жануарлардың обасы
Poxviridae Parapoxvirus туыстастығыҚойлардың контагиозды эктимасы
Poxviridae Leporipoxvirus туыстастығыҚоянның миксоматозы
Poxviridae Capripoxvirus туыстастығыҚойлар мен ешкілердің шешегі, ірі қара малдың нодулярлық дерматиті
Reovirilae Orbivirus туыстастығыҚойлардың катаральды қызбасы (Блютанг)
Retroviridae Lentivirinae туыстастығыЖылқылардың жұқпалы анемиясы
Retroviridae Oncoviridae туыстастығыІрі қара малдың лейкозы
ДНҚ-бар герпесвирустардың үш типі:1 типті Equine herpesvirus-классикалық жылқы ринопневмониясының вирусы (2 тип — коитальды экзентема қоздырғышы, 3 тип-цитомегало тәрізді инфекцияның қоздырғышы).Жылқы ринопневмониясы
Herpesviridae Varicellavirus туыстастығыАуески ауруы
Herpesviridae, Herpesvirus туыстастығы В тобыМарек ауруы
Herpesvirida Iltovirus туыстастығыҚұстардың жұқпалы ларинготрахеиті
Picornoviridae Enterovirus туыстастығыҮйректердің гепатиті
Coronaviridae Coronavirus туыстастығыҚұстардың жұқпалы бронхиті
Сoronaviridae Coronavirus туыстастығыШошқалардың трансмиссивті гастроэнтериті
Birnaviridae Avibirnavirus туыстастығыГамборо ауруы (жұқпалы бурсит)
Bunyaviridae Orthobunyavirus туыстастығыШмалленберг ауруы
РиккетсияларRickettsia typhiЕгеуқұйрық бөртпе сүзегі
Rickettsia prowazekiЭпидемиялық бөртпе сүзегі Брилля-Цинссер ауруы
Cowdria burnetiКу-безгек
Cowdria ruminantiumГидроперикардит
Candida albicansКандидамикоз
Blastomyces dermatitidesБластамикоз
Приондар (баяу нейроинфекцияның қоздырғыштары)Ірі қара малдың кеуекті энцефалопатиясының қоздырғышыСиыр құтырмасы
Тұяқтылардың созылмалы қалжырататын ауру қоздырғышыБайлауда ұстаған бұғы мен бұланның созылмалы шаршау ауруы
Күзендер энцефалопатиясының қоздырғышыКүзен трансмиссивті энцефалопатиясы
СкрепиҚой мен ешкінің жітілеу энцефалопатиясы
Өлімге әкелетін отбасылық ұйқысыздық қоздырғышыӨлімге әкелетін отбасылық ұйқысыздық
Адамның оливопонтоцеребеллярлық атрофиясының қоздырғышыI типті оливопонтоцеребеллярлық атрофия
Адамның трансмиссивті кеуекті энцефалопатиясының қоздырғышыАмиотрофиялық лейкоспонгиоз
Крейцфельд-Якоб ауруының қоздырғышы (CJD агенті)Крейтцфельдт-Якоб ауруы Герстман — Страусслер — Шейнкер синдромы
Куру жітілеу кеуекті энцефалопатиясының қоздырғышыКуру жітілеу кеуекті энцефалопатиясы
Микроорганизмдер шығаратын уыттарБотулотоксиндердің барлық түрлеріИнтоксикация, қараңыз ботулизм
ТетанотоксинИнтоксикация, қараңыз сіреспе
Саңырауқұлақтар (терең микоздардың қоздырғыш тары)Blastomyces dermatitidisБластомикоз
Coccidioides immitis, Coccidioides posadasiiКокцидиоидомикоз
Histoplasma capsulatum (var. capsulatum и duboisii)Гистоплазмоз
Paracoccidioides brasiliensisПаракокцидиоидомикоз
Патогендігі III топтағы патогенді биологиялық агенттер
Патогендігі III топБактерияларBordetella pertussisКөкжөтел
Borrelia recurrentisҚайталама іш сүзегі
Campylobacter fetusАбсцесс, септицемия, кампилобактериоз
Campylobacter jejuniЭнтерит, холецистит, септицемия
Clostridium botulinumБотулизм
Clostridium tetaniСіреспе
Corynebacterium diphtheriaeДифтерия
Erysipehthrix rhusiopathiaeЭризипелоид
Helicobacter pylori12 елі ішек және асқазан жарасы гастриті
Legionella pneumophilaЛегионеллез
Leptospira interrogansЛептоспироз
Listeria monocytogenesЛистериоз
Mycobacterium LepraeАлапес
Mycobacterium tuberculosis Mycobacterium bovis Mycobacterium aviumТуберкулез
Neisseria gonorrhoeaeГонорея
Neisseria meningitidisМенингит
Nocardia asteroidesПневмония, мидың абсцессі
Nocardia brasiliensisМенингоэнцефалит, менингит, сепсис, остеомиелит
Pasteurella multocidaПастерелле, пневмония, менингит және басқалар
Proactinomyces israeliiАктиномикоз
Salmonella paratyphi АА паратифі
Salmonella paratyphi ВВ паратифі
Salmonella typhiІш сүзегі
Shigella spp.Дизентерия
Treponema pallidumМерез
Yersinia pseudotuberculosisЖалған туберкулез
Vibrio cholerae O1 уытты емесДиарея
Vibrio cholerae nоn Ol (О139) уытты емесДиарея, жара инфекциясы, септицемия және басқалар
Salmonella dublin Salmonella cholerae suis Salmonella abortus ovis Salmonella abortus egvi Salmonella typhimurium Salmonella pullorum gallinariumЖануарлар сальмонеллезі
Clostridium perfringens Clostridium hovyi Clostridium oedematiens Clostridium septicum Clostridium hystolyticumБрадзот, қойлардың анаэробтық энтеротоксемиясы, ірі қара малдың эмфизематозды карбункулы, қатерлі ісік
Fusobacterium necrophorumНекробактериоз
Erysipelothrix insidiosaШошқа тілмесі
Leptospira Pomona Leptospira Tarassovi Leptospira Hebdomatis Leptospira Gryppotyphosa Leptospira Icterrohaemorrhagiae Leptospira CanicolaЛептоспироз
Mycobacterium paratuberculesusПаратуберкулез
Trichomonas foetusТрихомоноз
Borrelia hyodysenteriaШошқа дизентериясы
Mycoplasma mycoides var mycoidesIрi қара малының жұқпалы (контагиозды) плевропневмониясы
Mycoplasma mycoides var. capri.Ешкілердің жұқпалы (контагиозды) плевропневмониясы
Bacteroides nodosusТұяқ шірігі
Staphylococcus aureus ovinus Pasteurella haemolyticaҚойдың жұқпалы желінсауы
Pasteurella multicida var. suis Bordotella bronchiseptica vasusШошқаның жұқпалы атрофиялық риниті
РиккетсияларRickettsia sibiricaСолтүстік Азияның кене бөртпесүзегі
Rickettsia conoriiЖерорта теңізінің дақты қызбасы
Rickettsia sharoniИзраиль қызбасы
Rickettsia sp. now?Астрахань қызбасы
Rickettsia akariВезикулярлы риккетсиоз
Rickettsia australisСолтүстік Квинслендтің кене бөртпесүзегі
Rickettsia japon icaЖапондық дақты қызба
Rickettsia sp. now?Африка қызбасы
Rickettsia sp. now?Кене риккетсиозы "ТТТ" Тайланд" штаммы
Эрлихиялар (Ehrlichiae кіші тұқымдасы, Rickettsiaceae тұқымдастығы)Ehrlichia sennetsuСеннетсу ауруы
E. canis-
E. chaffeensis-
ХламидияларChlamydia trachomatisТрахома, урогенитальды хламидиоз
Chlamydophila pneumoniaeПневмония, артрит
Chlamydia psittaci var ovisҚойдың хламидиоздық iш тастаулары
ВирустарOrthomyxoviridae: А, В және С тұмауының вирустарыТұмау
Picornaviridae, Enterovirus тұқымдасы:
полиомиелит вирустары -жабайы штамдарПолиомиелит
А және Е гепатиттерінің вирустарыЭнтеральды гепатиттер
жіті геморрагиялық конъюнктивит вирусы (АНС)Геморрагиялық конъюнктивит
Herpesviridae:
I және II типті қарапайым герпес вирустарыҚарапайым герпес
зостер-желшешек герпесвирусыЖелшешек, құрсау герпес теміреткі
6 типті герпес вирусы (HBLv-HHv6)Адамның В-лимфоциттерінің зақымдануы, туу экзантемасы, лимфопролиферативті аурулар
цитомегалия вирусыЦитомегалия
Эпштейн-Барр вирусыИнфекциялық мононуклеоз, Беркитт лимфомасы, назофарингеальді карцинома
Picornaviridae Enterovirus туыстастығыШошқаның везикулярлы ауруы
Orthomixoviridae А типты Orthomyxovirus туыстастығыШошқа тұмауы
Coronaviridae Coronavirus туыстастығыШошқаның вирустық гастроэнтерит
Coronaviridae Coronavirus туыстастығыТауықтардың жұқпалы бронхиті
Bunyaviridae Phlebovirus туыстастығыРифт алқабының безгегі (энзоотикалық мүйізді малдың гепатиті)
СаңырауқұлақтарAspergillus flavus Aspergillus fumigatus Aspergillus terreusАспергиллез
Candida albicans Candida glabrata Candida crusei Candida tropicalisКандидоз
Cryptococcus neoformansКриптоккоз
Cladophialophora bantianaФеогифомикоз
Ramichloridium mackenzeiФеогифомикоз
Penicillum marneffeiПенициллиоз
Actinomyces bovisАктиномикоз
Trichophyton faviforme Trichophyton gypseum Trichophyton egvuinumТрихофития
Microsporum egvuinum Microsporum gypseum Microsporum lanosum Microsporum nfnumМикроспория
ҚарапайымдыларLeishmania donovaniВисцеральды лейшманиоз
Pentatrichomonas (Trichomonas) hominisІшек трихомониазы
Plasmodium vivax Plasmodium malariae Plasmodium falciparum Plasmodium ovaleБезгек
Trichomonas vaginalisНесеп-жыныс жолдары трихомониазы
Trypanosoma cruziАмерикалық трипаносомиаз (Шагас ауруы)
Trypanosoma gambiense Trypanosoma rhodesienseАфрикалық трипаносомиаз (ұйқы ауруы)
Trypanosoma congolense Trypanosoma vivax Trypanosoma bruceiТрипаносомоз
Trichomonadidae тұқымдасның Trichomonas foetusТрихомоноз
ГельминттерEchinococcus multilocularisАльвеолярлы эхинококкоз
Echinococcus granulosusГидатидозды эхинококкоз
Trichinella spp.Трихинеллез
Taeniidae тұқымдасының Echinococcus granulosusЭхинококкоз
Taeniarhynchus saginatusТениаринхоз (Бұқа таспа құрты)
Fasciola hepaticaФасциолез
Opistorchis falineusОписторхоз
Anaplasma marginale Anaplasma ovisАнаплазмоз
GastrophilidaeГастрофилез
TrichocephalidaeТрихоцефалез
Ascaridae тұқымдасының Parascaris equorum нематодалары, Ascaridae тұқымдастығыПараскаридоз
Ascaris lumbricoidesАскаридоз
Trypanosoma ninae kohl-jakimoviСу-ауру
Cysticercus bovis Cysticercus cellulosaeЦистицеркоз (финноз)
Multiceps multiceps (Coenurus cerebralis) түрінің Taeniidae тұқымдасына жататын цестодалардың дернәсілдеріЦенуроз
Oestrus ovisЭстроз
Thlaziidae тұқымдасы мен Thlazia туыстастығы, Spirurata қатарына жататын нематодаларТелязиоз
Буынаяқты ларSarcoptes scabieiҚышыма
ТоксиндерМикотоксиндерМикотоксикоз
Дифтерия токсині
А тобының стрептококкты токсині
Патогендігі IV топтағы патогенді биологиялық агенттер
Патогендігі IV топБактерияларAerobacter aerogenesЭнтерит
Bacillus cereus, Bacillus subtilisТағамдық токсикоинфекция
Bacteroides sppСепсис, бас пен мойынның іріңді инфекциясы, ОЖЖ іріңді инфекциясы, стоматинфекция, іріңді плеврит, жұмсақ тіндердің іріңді инфекциясы, параректальді абсцесс, декубитальды ойық жаралар, табан жаралары, остеомиелит, ішкі абдоминальды инфекциялар
Borrelia spp.Кене спирохетозы
Bordetella bronchiseptica Bordetella parapertussisБронхосептикоз Көкжөтелге ұқсас ауру
Branchamella catarralisТөменгі және жоғарғы тыныс алу жолдарының қабыну аурулары, созылмалы бронхиттер, уретриттер, эндокардиттер, менингиттер
Burkholderia cepaciaЖергілікті қабыну процестері және сепсис
Burkholderia thailandensisЖергілікті қабыну процестері
Campylobacter sppГастроэнтерит, гингивит, периодонтит
Citrobacter sppЖергілікті қабыну процестері, тағамдық токсикоинфекциялар
CIostridium perfringens, CIostridium novyi, CIostridium septicum, CIostridium histolyticum, CIostridium bifermentansГазды гангрена
Eikinella corrodensПеритонзиллярлық абсцесс, ми абсцессі
Escherichia coliЭнтерит
Eubacterium endocarditidisСептикалық эндокардит
Eubacterium lentum, Eubacterium ventricosumҚайталама септицемия, абсцесстер
Flavobacterium meningosepticumМенингит, септицемия
Enterococcus faecalis Enterococcus faeciumЭндокардит, созылмалы обструктивті бронхит, жара инфекциясы, септицемия
Flavobacterium meningosepticumМенингит, септицемия
Haemophilus influenzaМенингит, пневмония, ларингит
Hafnia alveiХолецистит, цистит
Klebsiella ozaenaeОзена
Klebsiella pneumoniaeПневмония
Klebsiella rhinoscleromatisРиносклерома
Mycobacterium spp., Mycobacterium рhotochromogens , Mycobacterium scotochromogens , Mycobacterium nonphotochromogens, Mycobacterium rapid growersМикобактериоздар
Micoplasma genitalium, Micoplasma hominis, Micoplasma pneumoniaeУрогенитальды жолдың қабыну процестері, жүктілік кезіндегі асқынулар Жоғарғы тыныс алу жолдарының қабыну аурулары, пневмония
Propionibacterium avidumСепсис, абсцесстер
Proteus spp. Proteus vulgaris Proteus mirabilisТағамдық токсикоинфекция, сепсис, жергілікті қабыну процестері
Pseudomonas aeruginosaСепсис, жергілікті қабыну процестері
Salmonella spp.Сальмонеллез
Serratia marcescensСепсис, жергілікті қабыну процестері
Staphylococcus spp.Тағамдық токсикоинфекция, септицемия, пневмония
Streptococcus sppПневмония, тонзиллит, полиартрит, септицемия, ревматизм, жақ-бет түсының іріңді инфекциясы, некротикалық фасциттер, миозиттер, уытты шок синдромы, скарлатина, тісжегі, импетиго, тілме қабыну
Vibrio sрр., Vibrio parahaemolyticus, Vibrio mimicus, Vibrio fluviales, Vibrio vulnificus , Vibrio alginolyticusДиарея, тағамдық токсикоинфекция, жара инфекциясы, септицемия және басқалары
Yersinia enterocoliticaЭнтерит, колит
Actinomyces albusАктиномикоз
StaphilococcusСтафилококкоз
Streptococcus egviЖылқының сақауы
Escherichia coliКолибактериоз (ішек таяқшасы)
HaemophilusШошқалардың гемофилезді ауруы
Diplococcus lanceolatusҚозылардың диплококкозы
Mycoplasma agalactiaeҚойдың инфекциялық агалактиясы
Mycoplasma gallisepticumРеспираторлық микоплазмоз
Mycoplasma hyopneumoniaeЭнзоотиялық пневмония
Bacillus LarvaeАралардың америкалық шiрiме ауруы
Peptostreptococcus plutonАралардың еуропалық шiрiме ауруы
Vibrionaceae тұқымдасының Аегоmonas туыстастығына жататын вирусБалықтардың аэромонозы
Mycoplasma synoviaeСиновия микоплазмасы
Mycoplasma gallisepticumМикоплазмоз галлисептикум
ВирустарAdenoviridae: аденовирустардың барлық түрлеріЖРВИ, пневмония, конъюнктивиттер
Reoviridae: Адам реовирустары, Адамның ротавирустары, Небраска бұзауларының диарея вирусы (NCDV)Риниттер, гастроэнтериттер Гастроэнтериттер және энтериттер
Picornaviridae, А және В тобындағы Коксаки вирустары, ECHO вирустары Энтеровирустар 68-71 түрлері Адамның риновирустары – 130 түрі Кардиовирустар: энцефаломиокардит вирусы және Менго вирусыЖРВИ, Борнхольм ауруы, герпангина, полиневрит, серозды менингит, диарея, ЖРВИ, полиневрит, увеит конъюнктивит, энцефаломиокардит, перикардит
Coronaviridae: адамның коронавирустары -ЖРВИ (температурасыз профузды мұрын бітелуі), энтерит
Caliciviridae: Норфолк вирусыЖіті гастроэнтерит
Paramyxoviridae: 1-4 типті адамның паратұмау вирустары, тыныс алудың синцитиальды вирусы (PC вирусы), эпидемиялық паротит вирусы, қызылша вирусы, Ньюкасл ауруы вирусыЖРВИ, бронхопневмония Пневмония, бронхит, бронхиолит Эпидемиялық паротит Қызылша Конъюнктивит
Togaviridae Rubivirus тұқымдасы: қызамық вирусыҚызамық
Rabdoviridae, Vesiculovirus тұқымдасы: везикулярлы стоматит вирусыВезикулярлы стоматит
Poxviridae: сиыр шешек вирусы, эктромелия вирусы, сауыншылардың түйін вирусы, Орфавирус Контагиозды моллюск вирусы, Тана және Яба вирустарыСиыр шешегі Тышқандардың эктромелиясы Сауыншылардың қолының созылмалы ауруы Контагиозды пустулярлы дерматит Тері мен шырышты қабықтардың контагиозды моллюскі Тана және Яба ауруы
Retroviridae Род Lentivirus туыстастығыҚойлардың баяу инфекциялары (скрепи, висна-маеди, аденоматоз)
Herpesviridae Herpesvirusbovis 1 туыстастығыІрі қара малдың инфекциялық ринотрахеиті
Flaviviridae Pestivirus туыстастығыІрі қара малдың вирустық диареясы
Herpesviridae тұқымдасына жататын құрамында ДНҚ бар виурсІрі қара малдың қатерлі катаральды қызбасы
Herpesviridae тұқымдасына жататын вирусҚұстардың жұқпалы ларинготрахеиті
Parvoviridae Aleutian mink disease parvovirus туыстастығыКүзеннің Алеут ауруы
Herpesviridae тұқымдасына жататын вирусТұқы балықтарының шешегі
Lessavirus туыстастығына жататын құрамында РНК бар RhabdoviridaeТұқы балықтарының геморрагиялық септицемиясы
Саңырау құлақтар (микоз қоздырғыш тары)Absidia corymbiferaЗигомикоз
Acremonium spp.Гиалогифомикоз
Alternaria spp.Феогифомикоз
Aphanoascus fulvescens (анаморфа - Chrysosporium)Гиалогифомикоз
Apophysomyces elegansЗигомикоз
Aspergillus spp. Aspergillus niger, Aspergillus nidulansАспергиллез
Aureobasidium pullulansФеогифомикоз
Basidiobolus spp.Зигомикоз
Beavueria bassianaФеогифомикоз
Botryomyces caespitosusБотриомикоз
Candida spp. Candida brumptii, Candida crusei, Candida intermedia, Candida pseudotropicalis, Candida tropicalis, Candida guillermondiiКандидоз
Chaetomium spp.Феогифомикоз
Cephalosporium acremonium, Cephalosporium cinnabariumЦефалоспориоз
Cladophialophora spp.Феогифомикоз
Cokeromyces recurvatusЗигомикоз
Conidiobolus spp.Зигомикоз
Cryptococcus spp.Криптококкоз
Cunnunghmella bertholletiaeЗигомикоз
Curvularia spp.Феогифомикоз
Emmonsia spp.Адиаспиромикоз
Epidermophyton floccosumДерматофитии
Exophiala spp.Феогифомикоз
Fonsecaea spp.Феогифомикоз, хромомикоз
Fusarium spp.Гиалогифомикоз
Geotrichum spp. Geotrichum candidumГиалогифомикоз
Graphium eumorphumФеогифомикоз
Gymnoascus dankalensisОнихомикоз
Histoplasma falciminosumЭпизоотиялық лимфангоит
Hoptaea werneckiiҚара тұғыр
Lacazia loboiЛобо ауруы
Leptosphaeria spp.Эумицетомдар
Madurella spp.Эумицетомдар
Malassezia spp.Малассезиоз
Microascus spp.Гиалогифомикоз
Microsporum spp.Дерматофитиялар
Mortierella wolfiiЗигомикоз
Mucor spp. Mucor musedoМукороз
Nattrassia mangiferae (Scytalidium spp.)Онихомикоз
Neotestudina rosatiiЭумицетома
Ochroconis spp.Феогифомикоз
Onychocola spp.Онихомикоз
Paecilomyces spp.Гиалогифомикоз
Penicillium spp. Penicillium crustosum, Penicillium luteo-viride, Penicillium notatumГиалогифомикоз Пенициллиоз
Phaeoacremonium spp.Феогифомикоз
Phialemonium spp.Феогифомикоз
Phialophora spp.Феогифомикоз
Phoma spp.Феогифомикоз
Piedraia hortaeҚара тұғыр
Pneumocystis cariniiПневмоцистоз
Pseudoallecheria boydii (Scedosporium apiospermum)Хромомикоз, Эумицетома
Pseudochaetosphaeronema larenseЭумицетома
Pyrenochaeta spp.Онихомикоз
Pythium insidiosumПитиоз
Ramichloridium spp.Феогифомикоз
Rhinocladiella aquaspersaХромомикоз
Rhinosporidium seeberiРиноспоридиоз
Rhizomucor spp.Зигомикоз
Rhizopus spp.Зигомикоз
Saksenaea vasiformisЗигомикоз
Scedosporium profilicansГиалогифомикоза
Scopulariopsis spp.Гиалогифомикоз
Sporothrix schenkiiСпоротрихоз
Syncephalastpum racemosumЗигомикоз
Pityrosporum orbiculareТүрлі түсті теміреткі
Rhizopus nigricansМукороз
Trichoderma spp.Гиалогифомикоз
Trichophyton spp.Шандырлы микоз
Trichosporon cerebriformeТүйінді трихоспория
Ulocladium spp.Феогифомикоз
Wangiella dermatitidisФеогифомикоз
Botryomyces ascoformansБотриомикоз
Stachybotrus altemansСтахиботриотоксикоз
Achorion туыстастығының саңырауқұлақтарыПарша
Ascosphaera туыстастығының қалталы саңырауқұлақтарыАскосфероз
Қарапайым дыларAcanthamoeba culbertsoni, sppМенингоэнцефалит
Babesia caucasica Babesia bovis Babesia caballiБабезиаз
Balantidium coliБалантидиоз
Blastocystis hominisКолит
Cryptosporidium parvumКриптоспоридиоз
Cyclospora cayetanensisЦиклоспороз
Entamoeba hystolyticaАмебиаз
Isospora belli Lamblia intestinalisЭнтерит
Lamblia intestinalis(Giardia lamblia)Лямблиоз
Leishmania major Leishmania tropicaТері лейшманиозы
Naegleria spp.[нэглерия эспэпэ]Менингоэнцефалит
Sarcocystis suihominis Sarcocystis hominis (bovihominis)Саркоцистоз
Pentatrichomonas hominisКолит
Leishmania tropica majorТері лейшманиозы
Toxoplasma gondiiТоксоплазмоз
Theilerioses annulataТейлериоз
Piroplasma bigeminumПироплазмоз
Буынаяқты ларPsoroptidaeПсороптоз
Acarapis woodiАкарапидоз
Sarcoptes тобына жататын кенелерСаркоптоз
Acarus тобына жататын қышыма кенелерАрахнозы

Іздеу атаулары: №131 бұйрық, 131-бұйрық, приказ 131, жүз отыз бірінші бұйрық, 131 бұйрық скачать.

Маңызды

Материал ақпараттық мақсатта берілген. Диагноз бен емді дәрігер анықтайды.

Біз саған жазып
бере аламыз!

Реферат немесе медициналық тақырыптағы материал керек пе? Тақырыбыңды WhatsApp-қа жібер.