Мұрағаттық құжат. Бұл акт қолданыстағы талап ретінде берілмейді.
"Бірлесіп төлеуді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 16 шілдедегі № ҚР ДСМ-61 бұйрығының қолданылуын тоқтата тұру туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2023 жылғы 1 тамыздағы № 143 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 9 тамызда № 33258 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2025 жылғы 3 қазандағы № 104 бұйрығымен.
- Бұйрық нөмірі
- 143
- Қабылданған күні
- 01.08.2023
- Актіні өзгерту күні
- 03.10.2025
- Мәртебесі
- Күшін жойған
Дереккөз: «Әділет» АҚЖ ресми мәтіні. Мәтін алынған күн: 2026-10-20.
Бұйрықтың мәтіні
Ескерту. Күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 03.10.2025 № 104 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 46-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Бірлесіп төлеуді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 16 шілдедегі № ҚР ДСМ-61 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23589 болып тіркелген) қолданылуы 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін тоқтатыла тұрсын.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Дәрі-дәрмек саясаты департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. | В. Дудник |
Іздеу атаулары: №143 бұйрық, 143-бұйрық, приказ 143, жүз қырық үшінші бұйрық, 143 бұйрық скачать.