Мақала
Бұйрықтар

№ 147 бұйрық (04.09.2023): толық мәтін және скачать

Жаңа

"Қазақстан Республикасында анестезиологиялық және реаниматологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 26 сәуірдегі № 78 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 4 қыркүйектегі № 147 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 8 қыркүйекте № 33399 болып тіркелді

Бұйрық нөмірі
147
Қабылданған күні
04.09.2023
Актіні өзгерту күні
Көрсетілмеген
Мәртебесі
Жаңа

Дереккөз: «Әділет» АҚЖ ресми мәтіні. Мәтін алынған күн: 2026-10-20.

Бұйрықтың мәтіні

Құжаттың мазмұны
  1. Анестезиологиялық және реаниматологиялық қызмет көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының ұсынылған штат саны
  2. Анестезиологиялық және реаниматологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарын медициналық бұйымдармен ұсынылған жарақтандыру

БҰЙЫРАМЫН:

1. "Қазақстан Республикасында анестезиологиялық және реаниматологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 26 сәуірдегі № 78 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32409 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрыққа қосымшасымен бекітілген Қазақстан Республикасында анестезиологиялық және реаниматологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартында (бұдан әрі – Стандарт):

5 , 6 тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

"5. Анестезиологиялық және реаниматологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының штат саны осы Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес ұсынылатын штат санын ескеріле отырып белгіленеді.

6. Анестезиологиялық және реаниматологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарын медициналық бұйымдармен жарақтандыру осы Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес ұсынылатын жарақтандыру ескеріле отырып жүзеге асырылады.";

9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"9. Анестезиологиялық және реаниматологиялық көмек амбулаториялық, стационарды алмастыратын және стационарлық жағдайларда, медициналық ұйымнан тыс, шұғыл және жоспарлы нысандарда көрсетіледі.";

21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"21. Операция кезінде анестезиолог-реаниматолог операция аяқталғанға дейін операция бөлмесінде болады. Операцияның ұзақтығы 6 сағатқа созылған кезде басқа анестезиолог-реаниматологпен міндетті түрде ауыстыра отырып, әрбір 2-3 сағат жұмыс істеген сайын 20-30 минуттық үзіліске жол беріледі.

Операцияның ұзақтығы 6 сағаттан асқан кезде анестезиологиялық бригаданы ауыстыру жұмыстың әр 6 сағаты сайын жүзеге асырылады.";

43-тармақта :

5-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

"5) операция алдында пациенттің жағдайының ауырлығын бағалау, ағзаның компенсациялау дәрежесін және организм жүйелерінің, организмнің жеке бейімделу мүмкіндіктерін анықтау, жағдайы ауыр пациенттерде волемия дәрежесін, жүрек шығарымын, төменгі қуыс венаның толтырылуын, диастолалық қысымды (параметрлерін анықтауда техникалық мүмкіндік болса), орталық веноздық қысымды, диурезді көрсете отырып, операциялық-анестезиологиялық қауіп дәрежесін айқындауды;";

2-тарауының 4-параграфы алып тасталсын;

Стандартқа 1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

Стандартқа 2-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министріА. Ғиният
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі 2023 жылғы 4 қыркүйектегі № 147 Бұйрыққа 1-қосымша Қазақстан Республикасында анестезиологиялық және реаниматологиялық көмек көрсету стандартына 1-қосымша

Анестезиологиялық және реаниматологиялық қызмет көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының ұсынылған штат саны

1. Анестезиология және реаниматология тобының штат саны:

Анестезиолог-реаниматолог дәрігердің кемінде 1 (бір) лауазымы,

анестезиолог-реаниматологтың 1 (бір) лауазымына анестезист-мейіргердің кемінде 1 лауазымы;

Ояту палатасында жұмыс істеу үшін анестезист-мейіргердің 1 лауазымы бөлінеді.

Кіші медициналық персоналдың кемінде 1,5 лауазымы;

2. Анестезиология, реаниматология және қарқынды терапия (АРҚТБ) бөлімшесінің штат саны:

меңгеруші-1 лауазым;

аға мейіргер -1 лауазым;

емшара (таңу мейіргер) - кемінде 1 лауазым;

қан компоненттері мен препараттарын құю бойынша қарқынды терапия мейіргер -кемінде 1 лауазым;

шаруашылық бикесі – 1 лауазым;

пациенттерды тамақтандыру және күтім жасау жөніндегі кіші медицина қызметкері - кемінде 1 лауазым;

кіші медициналық персонал- 6 реанимациялық төсекке 9,5 лауазымнан кем емес.

анестезиолог-реаниматолог:

6 реанимациялық төсекке кемінде 4,75 лауазым,

бір жұмыс орнына (операциялық үстел, манипуляциялық, ангиографиялық кабинет, диагностикалық кабинет) - кемінде 1 лауазымы;

анестезист-мейіргер - анестезиолог-реаниматологтың 1 (бір) лауазымына кемінде 1,5 лауазым;

қарқынды терапия мейіргер - 2 реанимациялық төсекке кемінде 4,75 лауазым;

Нейрохирургиялық, кардиохирургиялық, онкогематологиялық бейіндегі пациенттермен жұмыс істеу үшін, күйіктері бар (зақымдану ауданы 50% - дан астам және жоғарғы тыныс жолдарының зақымдануы және зақымдануы бар), политравмасы бар, экстрагенитальды патологиясы бар жүкті, өкпенің жасанды желдетуіндегі, экстракорпоральды мембраналық оттегімен қанықтырылған пациенттермен жұмыс істеу үшін тәулік бойы 1 төсекке бір постқа реанимация мейіргерлерінің 4,75-тен лауазымы және кіші медицина қызметкерлері – 4,75 лауазымы.

Инфекциялық және септикалық науқастарға арналған изолятор-палатада жұмыс істеу үшін жеке тәуліктік посты қалыптастырылады – қарқынды терапия мейіргерлері кемінде 4,75 және кіші медицина қызметкерлері – 4,75 лауазымы.

АРҚТБ-де экстракорпоралдық детоксикация болған кезде:

анестезиолог-реаниматолог - 1 лауазымнан кем емес;

қарқынды терапия (экстракорпалдық детоксикация) мейіргері–2 лауазымнан кем емес:

Ояту бөлмесінде жұмыс істеу үшін:

анестезиолог-реаниматолог – 1 лауазымнан кем емес;

мейіргер-анестезист (қарқынды терапия мейргері) – 2 лауазымнан кем емес;

кіші медициналық персонал – 1 лауазымнан кем емес;

әдістерін қолданатын Денсаулық сақтау ұйымдарында оарит-те экстракорпоралдық

АРҚТБ-де экспресс-зертхана болған кезде:

меңгерушінің 0,5 лауазымынан кем емес;

зертханасы дәрігер -4,75 лауазымынан кем емес;

зертхана диагностика бойынша орта медицинлық персонал - 4,75 лауазымнан кем емес;

кіші медициналық персонал- 4,75 лауазымнан кем емес.

Медициналық жабдықты жөндеу және қызмет көрсету үшін:

Инженер немесе медициналық техник – кемінде 1 лауазым.

3. Анестезиология бөлімшесінің штат саны (АБ):

меңгеруші-1 лауазым;

анестезиолог-реаниматолог - бір жұмыс орнына (операциялық үстел, манипуляциялық, ангиографиялық кабинет, диагностикалық кабинет) - 1 лауазымы;

анестезист-мейіргер - анестезиолог-реаниматологтың 1 (бір) лауазымына - 1,5 лауазымы;

аға мейіргер -1 лауазым;

шаруашылық бикесі – 1 лауазым.

Тәулік бойы шұғыл анестезия жасау үшін 4,75 анестезиолог-реаниматолог лауазымнн және 9,5 мейіргер-анестезист лауазымнан кем емес қарастырылады.

4. Реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінің штат саны (РҚТБ):

Меңгеруші - 1 лауазым;

аға мейіргер - 1 лауазым;

емшара (таңу мейіргер) - кемінде 1 лауазым;

қан компоненттері мен препараттарын құю бойынша қарқынды терапия мейіргер -кемінде 1 лауазым;

шаруашылық бикесі – 1 лауазым;

пациенттерге күтім жасау жөніндегі кіші медицина қызметкері - кемінде 1 лауазым;

анестезиолог-реаниматолог:

6 реанимациялық төсекке кемінде 4,75 лауазым,

бір жұмыс орнына (операциялық үстел, манипуляциялық, ангиографиялық кабинет, диагностикалық кабинет) - кемінде 1 лауазымы;

анестезист-мейіргер - анестезиолог-реаниматологтың 1 (бір) лауазымына кемінде 1,5 лауазым;

қарқынды терапия мейіргері - 2 реанимациялық төсекке кемінде 4,75 лауазым;

Нейрохирургиялық, кардиохирургиялық, онкогематологиялық бейіндегі пациенттермен жұмыс істеу үшін, күйіктері бар (зақымдану ауданы 50% - дан астам және жоғарғы тыныс жолдарының зақымдануы және зақымдануы бар), политравмасы бар, экстрагенитальды патологиясы бар жүкті, өкпенің жасанды желдетуіндегі, экстракорпоральды мембраналық оттегімен қанықтырылған пациенттермен жұмыс істеу үшін тәулік бойы 1 төсекке бір постқа реанимация медбикелерінің 4,75-тен лауазымы және кіші медицина қызметкерлері – 4,75 лауазымы.

Инфекциялық және септикалық науқастарға арналған изолятор-палатада жұмыс істеу үшін жеке тәуліктік посты қалыптастырылады – қарқынды терапия мейіргерлері кемінде 4,75 және кіші медицина қызметкерлері – 4,75 лауазымы.

Кіші медициналық персонал- 6 реанимациялық төсекке 9,5 лауазымнан кем емес.

4. Анестезиология, реанимация және қарқынды терапия орталығының штат саны (АРҚТО):

басшы -1 лауазым;

басшының орынбасары -1 лауазым;

медициналық статистик – 1лауазым.

Штат саны АРҚТБ мен РҚТБ құрамына кіретін және қосымша бөлімшелердің штат санын ескере отырып қалыптасады.

Қосымша бөлімшелер штаттарын құру кезінде АРҚТБ және РҚТБ штат саны пайдаланылмайды.

Қызметкерлердің толық емес жұмыс уақытында жұмыс істеуіне рұқсат етіледі, бірақ жеке тұлға үшін 1,75 лауазымнан аспайды.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі 2023 жылғы 4 қыркүйектегі № 147 Бұйрыққа 2-қосымша Қазақстан Республикасында анестезиологиялық және реаниматологиялық көмек көрсету стандартына 2-қосымша

Анестезиологиялық және реаниматологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарын медициналық бұйымдармен ұсынылған жарақтандыру

1. Амбулаториялық және стационарды алмастыратын жағдайларда анестезиологиялық және реаниматологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының медициналық бұйымдармен ұсынылған жарақтандыру
1.1 Операциялық, манипуляциялық, диагностикалық кабинетті ұсынылған жарақтандыру
№АтауыСаны
1Тыныс алу автоматы, волюметр, оттегі концентрациясының, көмірқышқыл газының мониторы және тыныс алу контурының герметикалығы (буланатын анестетиктер үшін кемінде бір буландырғыш) бар анестезиялық-тыныс алу аппараты (жартылай ашық және жартылай жабық контурлар)1 пациент-орынға 1 бірлік
2Қолмен тыныс алу аппараты (өкпені қолмен жасанды желдетуге арналған тыныс алу жиынтықтары (бұдан әрі – ӨЖЖ)1 пациент-орынға 1 бірлік
3Операциялық Монитор (оксиметрия, инвазивті емес және инвазивті қан қысымы, үздіксіз толқындық пішінді капнография, электрокардиограмма, тыныс алу жиілігі, температура)1 пациент-орынға 1 бірлік
4Трахея интубациясы жинағы, соның ішінде ларингеальды Маска, трахея интубациясы үшін ларингеальды маска және аралас түтік1 пациент-орынға 1 бірлік
5Әмбебап, фиброоптикалық Ларингоскоп1 пациент-орынға 1 бірлік
6Күрделі интубацияға арналған пышақтар жиынтығы1 1бірлік
7Дефибриллятор-монитор1 операциялық залға 1 бірлік.
8Қышқыл-негіз күйі мен қан газдарының анализаторы1 единица
9Шприц сорғы3 единицы на 1 пациенто-место минимум
10Инфузиялық сорғы1 операциялық залға 1 бірлік
11Медициналық газдармен және вакууммен орталықтандырылған жабдықтау жүйесі1 бірлік топқа
12Электр аспираторы1 операциялық залға 1 бірлік
13Жалпы мақсаттағы Негатоскоп1 операциялық залға 1 бірлік
14Матрац термостабилизирующий1 пациент-орынға 1 бірлік
15Біріктірілген Фонендоскоп1 пациент-орынға 1 бірлік
16Қоршауы, баллон ұстағыштары және инфузияға арналған тірегі бар үш секциялы жұмсақ жабыны бар пациенттің каталкасы1 операциялық залға 1 бірлік
1.2 Ояту бөлмесін ұсынылған жарақтандыру
1ДК және VC басқару мүмкіндігі бар өкпені жасанды желдету аппараты, тыныс алуды үйлестіру тәсілдері - CMV, IMV, CSV, тыныс алу көлемін, минуттық желдетуді және аппарат тізбегіндегі қысымды, капнографияны бақылаумен. Ылғалдатқышпен бірге1 пациент-орынға 1 бірлік
2Көліктік өкпені жасанды желдету аппараты (аппараттыңактамдылығы, кіріктірілген аккумуляторлық батарея, желдеткіш режимдері мен әдістері көлемі мен қысымы бойынша бақылаумен стационарлық аппараттарға салыстырылады. Графикалық мониторинг. Дабыл (дыбыс, жарық, түс).1 бірлік топқа
3Реанимациялық сыныпты көпфункционалды электр төсегі1 пациент-орынға 1 бірлік
4Бүйірлік қоршаулары бар медициналық функционалды (реанимациялық)төсек1 пациент-орынға 1 бірлік
5Қолмен тыныс алу аппараты (өкпені қолмен жасанды желдетуге арналған тыныс алу жиынтықтары (бұдан әрі – ӨЖЖ)1 пациент-орынға 1 бірлік
6Төсек жанындағы Монитор (оксиметрия, инвазивті емес және инвазивті қан қысымы, капнография, электрокардиограмма, тыныс алу жиілігі, температура)3 пациент-орынға 1 бірлік
7Төсек жанындағы Монитор (оксиметрия, инвазивті емес қысым, капнография, электрокардиограмма, тыныс алу жиілігі, температура)1 пациент-орынға 1 бірлік
8Трахея интубациясы жинағы, соның ішінде ларингеальды Маска, трахея интубациясы үшін ларингеальды маска және аралас түтік1 бірлік топқа
9Қоршауы, баллон ұстағыштары және инфузияға арналған тірегі бар үш секциялы жұмсақ жабыны бар пациенттің каталкасы1 бірлік топқа
10Дефибриллятор-монитор1 бірлік топқа
11Шприц сорғы3 пациент-орынға 1 бірлік
12Инфузиялық сорғы1 пациент-орынға 1 бірлік
13Медициналық газдармен және вакууммен орталықтандырылған жабдықтау жүйесі1 бірлік топқа
14Қышқыл-негіз күйі мен қан газдарының анализаторы1 бірлік топқа
15Жалпы мақсаттағы Негатоскоп1 бірлік топқа
16Термостабилизациялаушы Матрац1 пациент-орынға 1 бірлік
17Декубитке қарсы матрац құбырлы, ылғалға төзімді, "дем алатын" төсек жапқышымен жабылған, айналмалы компрессоры бар басқару блогы. Жүйе кәдімгі матрацтың орнына төсекке орналастырылған3 пациент-орынға 1 бірлік
18Рентгендік диагностикалық жылжымалы Аппарат1 бірлік топқа
19Дуплексті приставкасы бар ультрадыбыстық зерттеу аппараты (бұдан әрі-УДЗ)1 бірлік топқа
20Электр аспираторы1 бірлік топқа
21ЭКГ аппарат1 бірлік топқа
22Бифокальды резонанстық виброакустикалық терапияны жүргізуге арналған жабдық1 бірлік топқа
23Жоғары дәлдіктегі оттегі терапиясын жүргізуге арналған Аппарат1 бірлік топқа
24Біріктірілген Фонендоскоп1 пациент-орынға 1 бірлік
25Флуометр1 пациент-орынға 1 бірлік
2. Стационарлық жағдайларда анестезиологиялық және реаниматологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының медициналық бұйымдармен ұсынылған жарақтандыру
2.1 Анестезиология бөлімшесінің, анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінің, реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінің ұсынылған жарақтандыру
2.1.1. Қарқынды терапия палаталары ұсынылған жарақтандыру
1ДК және VC басқару мүмкіндігімен, тыныс алуды үйлестіру тәсілдерімен - CMV, IMV, CSV, тыныс алу көлемін, минуттық желдетуді және аппарат тізбегіндегі қысымды мониторингтеумен, графикалық мониторингті пайдалана отырып, инвазивті емес, инвазивті желдетуді, жоғары ағынды мұрын оксигенациясын жүргізу мүмкіндігімен реанимация және қарқынды терапия бөлімшесі жағдайында өкпені жасанды желдетуді жүргізуге арналған Аппарат (таразы-қысым / уақыт, ағын/уақыт, көлем/уақыт, ілмектер - көлем/қысым, ағын / көлем), капнография, өңеш қысымын өлшеу мүмкіндігі. Ылғалдатқышпен бірге1 пациент-орынға 1 бірлік
2Көліктік өкпені жасанды желдету аппараты (аппараттыңактамдылығы, кіріктірілген аккумуляторлық батарея, желдеткіш режимдері мен әдістері көлемі мен қысымы бойынша бақылаумен стационарлық аппараттарға салыстырылады. Графикалық мониторинг. Дабыл (дыбыс, жарық, түс).Бір бөлімшеге кемінде 1 бірлік
3Реанимациялық сыныпты көпфункционалды электр төсегі1 пациент-орынға 1 бірлік
4Қолмен тыныс алу аппараты (өкпені қолмен жасанды желдетуге арналған тыныс алу жиынтықтары (бұдан әрі – ӨЖЖ)1 пациент-орынға 1 бірлік
5Төсек жанындағы Монитор (оксиметрия, инвазивті емес қысым, инвазивті қан қысымы-2 Канал, капнография, электрокардиограмма, тыныс алу жиілігі, температура, орталық гемодинамика)3 пациент-орынға 1 бірлік, . кардиохирургиялық көмек көрсететін медициналық ұйымдарда 1 пациент-орынға 1 бірлік
6Төсек жанындағы Монитор (оксиметрия, инвазивті емес қысым, капнография, электрокардиограмма, тыныс алу жиілігі, температура)1 пациент-орынға 1 бірлік
7Орталық мониторинг станциясыБір бөлімшеге 1 бірлік
8Трахея интубациясы жинағы, соның ішінде ларингеальды Маска, трахея интубациясы үшін ларингеальды маска және аралас түтікБір бөлімшеге кемінде 1 бірлік
9Қоршауы, баллон ұстағыштары және инфузияға арналған тірегі бар үш секциялы жұмсақ жабыны бар пациенттің каталкасыБір бөлімшеге кемінде 1 бірлік
10Дефибриллятор-монитор12 пациент-орынға 1
11Шприц сорғы1 пациент-орынға кемінде 3 бірлік
12Инфузиялық сорғы1 пациент-орынға кемінде 1 бірлік
13Медициналық газдармен және вакууммен орталықтандырылған жабдықтау жүйесіБір бөлімшеге кемінде 1 бірлік
14Қышқыл-негіз күйі мен қан газдарының анализаторыБір бөлімшеге кемінде 1 бірлік
15Жалпы мақсаттағы НегатоскопБір бөлімшеге кемінде 1 бірлік
16Термостабилизациялаушы Матрац1 пациент-орынға 1 бірлік
17Декубитке қарсы матрац құбырлы, ылғалға төзімді, "дем алатын" төсек жапқышымен жабылған, айналмалы компрессоры бар басқару блогы. Жүйе кәдімгі матрацтың орнына төсекке орналастырылған2 пациентке 1 бірлік-орын
18Рентгендік диагностикалық жылжымалы АппаратБір бөлімшеге кемінде 1 бірлік
19Сараптамалық класты ультрадыбыстық аппаратБір бөлімшеге кемінде 1 бірлік
20Электр аспираторыБір бөлімшеге кемінде 1 бірлік
21ЭКГ аппарат12 пациент-орынға 1
22Бифокальды резонанстық виброакустикалық терапияны жүргізуге арналған жабдық6 пациент-орынға 1
23Жоғары дәлдіктегі оттегі терапиясын жүргізуге арналған Аппарат6 пациент-орынға 1
24Біріктірілген Фонендоскоп1 пациент-орынға 1 бірлік
25ЭлектрокардиостимуляторБір бөлімшеге кемінде 1 бірлік, . кардиохирургиялық көмек көрсететін медициналық ұйымдарда 1 пациент-орынға 1 бірлік
26Эндоскопиялық тірегі бар бейне бронхоскоп.Бір бөлімшеге кемінде 1 бірлік
27Эндоскопты өңдеуге арналған жуу машинасыБір бөлімшеге кемінде 1 бірлік
28Аяқ киім көрпесі бар жылу пистолеті1 единица на 2 пациенто-место
29ТромбоэластографБір бөлімшеге кемінде 1 бірлік
30Таразы төсегіБір бөлімшеге кемінде 1 бірлік
31Науқастарды ауыстыруға арналған құрылғыБір бөлімшеге кемінде 1 бірлік
32Электроэнцефалограф 8 арналыБір бөлімшеге кемінде 1 бірлік
33Кеңейтілген гемофильтрация функциялары бар гемодиализ аппараты6 пациент-орынға 1 бірлік
34Қарсы пульсация аппаратыКардиохирургиялық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың және жіті коронарлық синдром кезінде медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың бөлімшесіне кемінде 1 бірлік
35Экстракорпоральды мембраналық оксигенация аппаратыКардиохирургиялық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың және көп бейінді облыстық ауруханалардың бөлімшесіне кемінде 1 бірлік
36Экстракорпоральды мембраналық детоксикация аппаратыБір бөлімшеге кемінде 1 бірлік
37Әр түрлі өлшемдегі пышақтар жиынтығы бар видеоларингоскопБір бөлімшеге кемінде 1 бірлік
38BIS–мониторБір бөлімшеге кемінде 1 бірлік
39Әмбебап, фиброоптикалық ларингоскопБір бөлімшеге кемінде 1 бірлік
40Күрделі интубацияға арналған пышақтар жиынтығыБір бөлімшеге кемінде 1 бірлік
41Флуометр1 пациент-орынға 1 бірлік
42ACT анықтау аппараты (белсендірілген ұю уақыты)Бір бөлімшеге кемінде 1 бірлік
43Емдік гипотермияны жүргізуге арналған АппаратКардиохирургиялық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың және көп бейінді облыстық ауруханалардың бөлімшесіне кемінде 1 бірлік
44Азот оксидін беруге арналған АппаратКардиохирургиялық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың және көп бейінді облыстық ауруханалардың бөлімшесіне кемінде 1 бірлік
45Жүрекке жанама массаж жасауға арналған АппаратБір бөлімшеге кемінде 1 бірлік
2.1.2. Операциялық, манипуляциялық, диагностикалық кабинетінің ұсынылған жарақтандыру
1Тыныс алу автоматы, волюметр, оттегі концентрациясының, көмірқышқыл газының мониторы және тыныс алу контурының герметикалығы (буланатын анестетиктер үшін кемінде бір буландырғыш) бар анестезиялық-тыныс алу аппараты (жартылай ашық және жартылай жабық контурлар)1 пациент-орынға 1 бірлік
2Қолмен тыныс алу аппараты (өкпені қолмен жасанды желдетуге арналған тыныс алу жиынтықтары (бұдан әрі – ӨЖЖ)1 пациент-орынға 1 бірлік
3Операциялық Монитор (оксиметрия, инвазивті емес және инвазивті қан қысымы, үздіксіз толқындық пішінді капнография, электрокардиограмма, тыныс алу жиілігі, температура).1 пациент-орынға 1 бірлік
4Трахея интубациясы жинағы, соның ішінде ларингеальды Маска, трахея интубациясы үшін ларингеальды маска және аралас түтік1 пациент-орынға 1 бірлік
5Әмбебап, фиброоптикалық Ларингоскоп1 пациент-орынға 1 бірлік
6Күрделі интубацияға арналған пышақтар жиынтығы1 бірлік
7Дефибриллятор-монитор1 операциялық залға 1 бірлік
8Қышқыл-негіз күйі мен қан газдарының анализаторы1 единица
9Шприц сорғы1 пациент-орынға кемінде 3 бірлік
10Инфузиялық сорғы1 операциялық залға 1 бірлік
11Медициналық газдармен және вакууммен орталықтандырылған жабдықтау жүйесіБір бөлімшеге 1 бірлік
12Электр аспираторы1 операциялық залға 1 бірлік
13Жалпы мақсаттағы Негатоскоп1 операциялық залға 1 бірлік
14Термостабилизациялаушы Матрац1 пациент-орынға 1 бірлік
15Біріктірілген Фонендоскоп1 пациент-орынға 1 бірлік
16Нейробұлшықтық өткізгіштік мониторы1 пациент-орынға 1 бірлік осы функциясы бар операциялық монитордың болуы
17Церебральды оксиметрия мониторы1 пациент-орынға 1 бірлік осы функциясы бар операциялық монитордың болуы
18Анестезия тереңдігін бақылау1 пациент-орынға 1 бірлік осы функциясы бар операциялық монитордың болуы
19Аймақтық анестезияны, орталық және перифериялық тамырларды пункциялауды және катетеризациялауды және сыни жағдайларды бағалауды орындауға арналған навигациялық жүйесі бар портативті ультрадыбыстық диагностикалық аппаратБір бөлімшеге 1 бірлік
20Экстракорпоральды жүрек-өкпе айналымына арналған аппараттарБір бөлімшеге кемінде 1 бірлік, кардиохирургиялық көмек көрсететін медициналық ұйымдарда-операциялық залға 1 бірлік
21Операция ішілік қан жинауға және нысанды элементтерді сепарациялауға арналған АппаратБір бөлімшеге кемінде 1 бірлік
22ACT анықтау аппараты (белсендірілген ұю уақыты)Бір бөлімшеге кемінде 1 бірлік , кардиохирургиялық көмек көрсететін медициналық ұйымдарда-операциялық залға 1 бірлік
23Қоршауы, баллон ұстағыштары және инфузияға арналған тірегі бар үш секциялы жұмсақ жабыны бар пациенттің каталкасыБір бөлімшеге кемінде 1 бірлік
2.1.3. Ояту бөлмесін ұсынылған жарақтандыру
1ДК және VC басқару мүмкіндігі бар өкпені жасанды желдету аппараты, тыныс алуды үйлестіру тәсілдері - CMV, IMV, CSV, тыныс алу көлемін, минуттық желдетуді және аппарат тізбегіндегі қысымды, капнографияны бақылаумен. Ылғалдатқышпен бірге1 пациент-орынға 1 бірлік
2Көліктік өкпені жасанды желдету аппараты (аппараттыңактамдылығы, кіріктірілген аккумуляторлық батарея, желдеткіш режимдері мен әдістері көлемі мен қысымы бойынша бақылаумен стационарлық аппараттарға салыстырылады. Графикалық мониторинг. Дабыл (дыбыс, жарық, түс). Көліктік өкпені жасанды желдету аппараты (CMV, SIMV, CPAP) тыныс алу және минуттық тыныс алу көлемін, аппарат контурындағы қысымды бақылай отырып1 бірлік топқа
3Реанимациялық сыныпты көпфункционалды электр төсегі1 пациент-орынға 1 бірлік
4Бүйірлік қоршаулары бар медициналық функционалды (реанимациялық)төсек1 пациент-орынға 1 бірлік
5Қолмен тыныс алу аппараты (өкпені қолмен жасанды желдетуге арналған тыныс алу жиынтықтары (бұдан әрі – ӨЖЖ)1 пациент-орынға 1 бірлік
6Төсек жанындағы Монитор (оксиметрия, инвазивті емес және инвазивті қан қысымы, капнография, электрокардиограмма, тыныс алу жиілігі, температура)3 пациент-орынға 1 бірлік
7Төсек жанындағы Монитор (оксиметрия, инвазивті емес қысым, капнография, электрокардиограмма, тыныс алу жиілігі, температура)1 пациент-орынға 1 бірлік
8Трахея интубациясы жинағы, соның ішінде ларингеальды Маска, трахея интубациясы үшін ларингеальды маска және аралас түтік1 бірлік топқа
9Қоршауы, баллон ұстағыштары және инфузияға арналған тірегі бар үш секциялы жұмсақ жабыны бар пациенттің каталкасы1 бірлік топқа
10Дефибриллятор-монитор1 бірлік топқа
11Шприц сорғы3 пациент-орынға 1 бірлік
12Инфузиялық сорғы1 пациент-орынға 1 бірлік
13Медициналық газдармен және вакууммен орталықтандырылған жабдықтау жүйесі1 бірлік топқа
14Қышқыл-негіз күйі мен қан газдарының анализаторы1 бірлік топқа
15Жалпы мақсаттағы Негатоскоп1 бірлік топқа
16Термостабилизациялаушы Матрац1 пациент-орынға 1 бірлік
17Декубитке қарсы матрац құбырлы, ылғалға төзімді, "дем алатын" төсек жапқышымен жабылған, айналмалы компрессоры бар басқару блогы. Жүйе кәдімгі матрацтың орнына төсекке орналастырылған3 пациент-орынға 1 бірлік
18Рентгендік диагностикалық жылжымалы Аппарат1 бірлік топқа
19Дуплексті приставкасы бар ультрадыбыстық зерттеу аппараты (бұдан әрі-УДЗ)1 бірлік топқа
20Электр аспираторы1 бірлік топқа
21ЭКГ аппарат1 бірлік топқа
22Бифокальды резонанстық виброакустикалық терапияны жүргізуге арналған жабдық1 бірлік топқа
23Жоғары дәлдіктегі оттегі терапиясын жүргізуге арналған Аппарат1 бірлік топқа
24Біріктірілген Фонендоскоп1 пациент-орынға 1 бірлік
25Флуометр1 пациент-орынға 1 бірлік
2.2. Анестезиология, реанимация және қарқынды терапия орталығын ұсынылған жарақтандыру
2.2..1 Операциялық, манипуляциялық, диагностикалық кабинеттердің ұсынылған жарақтандыру
1Тыныс алу автоматы, волюметр, оттегі концентрациясының, көмірқышқыл газының мониторы және тыныс алу контурының герметикалығы (буланатын анестетиктер үшін кемінде бір буландырғыш) бар анестезиялық-тыныс алу аппараты (жартылай ашық және жартылай жабық контурлар)1 пациент-орынға 1 бірлік
2Қолмен тыныс алу аппараты (өкпені қолмен жасанды желдетуге арналған тыныс алу жиынтықтары (бұдан әрі – ӨЖЖ)1 пациент-орынға 1 бірлік
3Операциялық Монитор (оксиметрия, инвазивті емес және инвазивті қан қысымы, үздіксіз толқындық пішінді капнография, электрокардиограмма, тыныс алу жиілігі, температура).1 пациент-орынға 1 бірлік
4Трахея интубациясы жинағы, соның ішінде ларингеальды Маска, трахея интубациясы үшін ларингеальды маска және аралас түтік1 пациент-орынға 1 бірлік
5Әмбебап, фиброоптикалық Ларингоскоп1 пациент-орынға 1 бірлік
6Күрделі интубацияға арналған пышақтар жиынтығы1 бірлік
7Дефибриллятор-монитор1 операциялық залға 1 бірлік
8Қышқыл-негіз күйі мен қан газдарының анализаторы1 единица
9Шприц сорғы1 пациент-орынға кемінде 3 бірлік
10Инфузиялық сорғы1 операциялық залға 1 бірлік
11Медициналық газдармен және вакууммен орталықтандырылған жабдықтау жүйесіБір бөлімшеге 1 бірлік
12Электр аспираторы1 операциялық залға 1 бірлік
13Жалпы мақсаттағы Негатоскоп1 операциялық залға 1 бірлік
14Термостабилизациялаушы Матрац1 пациент-орынға 1 бірлік
15Біріктірілген Фонендоскоп1 пациент-орынға 1 бірлік
16Нейромускулалық өткізгіштік мониторы1 пациент-орынға 1 бірлік
17Церебральды оксиметрия мониторы1 пациент-орынға 1 бірлік
18Анестезия тереңдігін бақылау1 пациент-орынға 1 бірлік
19Аймақтық анестезияны, орталық және перифериялық тамырларды пункциялауды және катетеризациялауды және сыни жағдайларды бағалауды орындауға арналған навигациялық жүйесі бар портативті ультрадыбыстық диагностикалық аппаратБір бөлімшеге 1 бірлік
20Экстракорпоральды жүрек-өкпе айналымына арналған аппараттарБір бөлімшеге кемінде 1 бірлік, кардиохирургиялық көмек көрсететін медициналық ұйымдарда-операциялық залға 1 бірлік
21Операция ішілік қан жинауға және нысанды элементтерді сепарациялауға арналған АппаратБір бөлімшеге кемінде 1 бірлік
22ACT анықтау аппараты (белсендірілген ұю уақыты)Бір бөлімшеге кемінде 1 бірлік , кардиохирургиялық көмек көрсететін медициналық ұйымдарда-операциялық залға 1 бірлік
23Қоршауы, баллон ұстағыштары және инфузияға арналған тірегі бар үш секциялы жұмсақ жабыны бар пациенттің каталкасыБір бөлімшеге кемінде 1 бірлік
2.2.2 Қарқынды терапия бөлімнің ұсынылған жарақтандыру
1ДК және VC басқару мүмкіндігімен, тыныс алуды үйлестіру тәсілдерімен - CMV, IMV, CSV, тыныс алу көлемін, минуттық желдетуді және аппарат тізбегіндегі қысымды мониторингтеумен, графикалық мониторингті пайдалана отырып, инвазивті емес, инвазивті желдетуді, жоғары ағынды мұрын оксигенациясын жүргізу мүмкіндігімен реанимация және қарқынды терапия бөлімшесі жағдайында өкпені жасанды желдетуді жүргізуге арналған Аппарат (таразы-қысым / уақыт, ағын/уақыт, көлем/уақыт, ілмектер - көлем/қысым, ағын / көлем), капнография, өңеш қысымын өлшеу мүмкіндігі. Ылғалдатқышпен бірге.1 пациент-орынға 1 бірлік
2Көліктік өкпені жасанды желдету аппараты (аппараттыңактамдылығы, кіріктірілген аккумуляторлық батарея, желдеткіш режимдері мен әдістері көлемі мен қысымы бойынша бақылаумен стационарлық аппараттарға салыстырылады. Графикалық мониторинг. Дабыл (дыбыс, жарық, түс).Бір бөлімшеге кемінде 1 бірлік
3Реанимациялық сыныпты көпфункционалды электр төсегі1 пациент-орынға 1 бірлік
4Қолмен тыныс алу аппараты (өкпені қолмен жасанды желдетуге арналған тыныс алу жиынтықтары (бұдан әрі – ӨЖЖ)1 пациент-орынға 1 бірлік
5Төсек жанындағы Монитор (оксиметрия, инвазивті емес қысым, инвазивті қан қысымы-2 Канал, капнография, электрокардиограмма, тыныс алу жиілігі, температура, орталық гемодинамика)3 пациент-орынға 1 бірлік
6Төсек жанындағы Монитор (оксиметрия, инвазивті емес қысым, капнография, электрокардиограмма, тыныс алу жиілігі, температура)1 пациент-орынға 1 бірлік
7Орталық мониторинг станциясыБір бөлімшеге 1 бірлік
8Трахея интубациясы жинағы, соның ішінде ларингеальды Маска, трахея интубациясы үшін ларингеальды маска және аралас түтікБір бөлімшеге кемінде 1 бірлік
9Қоршауы, баллон ұстағыштары және инфузияға арналған тірегі бар үш секциялы жұмсақ жабыны бар пациенттің каталкасыБір бөлімшеге кемінде 1 бірлік
10Дефибриллятор-монитор12 пациент-орынға 1 бірлік 1 единица на 1 палату при распределении пациентов в нескольких палатах
11Шприц сорғы1 пациент-орынға кемінде 3 бірлік
12Инфузиялық сорғы1 пациент-орынға кемінде 1 бірлік
13Медициналық газдармен және вакууммен орталықтандырылған жабдықтау жүйесіБір бөлімшеге 1 бірлік
14Қышқыл-негіз күйі мен қан газдарының анализаторыБір бөлімшеге 1 бірлік
15Жалпы мақсаттағы НегатоскопБір бөлімшеге кемінде 1 бірлік
16Термостабилизациялаушы Матрац1 пациент-орынға 1 бірлік
17Декубитке қарсы матрац құбырлы, ылғалға төзімді, “дем алатын” төсек жапқышымен жабылған, айналмалы компрессоры бар басқару блогы. Жүйе кәдімгі матрацтың орнына төсекке орналастырылған2 пациент-орынға 1 бірлік
18Рентгендік диагностикалық жылжымалы АппаратБір бөлімшеге 1 бірлік
19Сараптамалық класты ультрадыбыстық аппаратБір бөлімшеге 1 бірлік
20Электр аспираторыБір бөлімшеге кемінде 1 бірлік
21ЭКГ аппарат12 пациент-орынға 1 бірлік
22Бифокальды резонанстық виброакустикалық терапияны жүргізуге арналған жабдық6 пациент-орынға 1 бірлік
23Жоғары дәлдіктегі оттегі терапиясын жүргізуге арналған АппаратБір бөлімшеге 1 бірлік, немесе жоғары ағынды оттегі терапиясын жүргізу функциясы бар желдеткіш
24Біріктірілген Фонендоскоп1 пациент-орынға 1 бірлік
25ЭлектрокардиостимуляторБөлімшеге кемінде 1 бірлік, кардиохирургиялық көмек көрсететін медициналық ұйымдарда 1 пациент-орынға 1 бірлік
26Эндоскопиялық тірегі бар бейне бронхоскоп.бөлімшеге 1 бірлік
27Эндоскопты өңдеуге арналған жуу машинасыбөлімшеге 1 бірлік
28Аяқ киім көрпесі бар жылу пистолеті2 пациент-орынға 1 бірлік
29Тромбоэластографбөлімшеге 1 бірлік
30Таразы төсегіБір бөлімшеге кемінде 1 бірлік
31Науқастарды ауыстыруға арналған құрылғыбөлімшеге 1 бірлік
32Электроэнцефалограф 8 арналыбөлімшеге 1 бірлік
33Кеңейтілген гемофильтрация функциялары бар гемодиализ аппараты6 пациент-орынға 1 бірлік
34Қарсы пульсация аппаратыКардиохирургиялық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың және жіті коронарлық синдром кезінде медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың бөлімшесіне кемінде 1 бірлік
35Экстракорпоральды мембраналық оксигенация аппаратыКардиохирургиялық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың және көп бейінді облыстық ауруханалардың бөлімшесіне кемінде 1 бірлік
36Экстракорпоральды мембраналық детоксикация аппаратыБір бөлімшеге кемінде 1 бірлік
37Әр түрлі өлшемдегі пышақтар жиынтығы бар ВидеоларингоскопБір бөлімшеге кемінде 1 бірлік
38BIS–мониторБір бөлімшеге кемінде 1 бірлік
39Әмбебап, фиброоптикалық ЛарингоскопБір бөлімшеге кемінде 1 бірлік
40Күрделі интубацияға арналған пышақтар жиынтығыБір бөлімшеге кемінде 1 бірлік
41Флуометр1 пациент-орынға 1 бірлік
42ACT анықтау аппараты (белсендірілген ұю уақыты)Бір бөлімшеге кемінде 1 бірлік, кардиохирургиялық көмек көрсететін медициналық ұйымдарда бөлімшеге 1 бірлік
43Емдік гипотермияны жүргізуге арналған АппаратКардиохирургиялық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың және көп бейінді облыстық ауруханалардың бөлімшесіне кемінде 1 бірлік
44Азот оксидін беруге арналған АппаратКардиохирургиялық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың және көп бейінді облыстық ауруханалардың бөлімшесіне кемінде 1 бірлік
45Жүрекке жанама массаж жасауға арналған АппаратБір бөлімшеге кемінде 1 бірлік

Іздеу атаулары: №147 бұйрық, 147-бұйрық, приказ 147, жүз қырық жетінші бұйрық, 147 бұйрық скачать.

Маңызды

Материал ақпараттық мақсатта берілген. Диагноз бен емді дәрігер анықтайды.

Біз саған жазып
бере аламыз!

Реферат немесе медициналық тақырыптағы материал керек пе? Тақырыбыңды WhatsApp-қа жібер.