Мақала
Бұйрықтар

№ 279 бұйрық (02.11.2023): толық мәтін және скачать

Жаңа

Кейбір бірлескен бұйрықтардың күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2023 жылғы 2 қарашадағы № 279 және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 6 қарашадағы № 161 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 8 қарашада № 33614 болып тіркелді

Бұйрық нөмірі
279
Қабылданған күні
02.11.2023
Актіні өзгерту күні
Көрсетілмеген
Мәртебесі
Жаңа

Дереккөз: «Әділет» АҚЖ ресми мәтіні. Мәтін алынған күн: 2026-10-20.

Бұйрықтың мәтіні

"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

1. Күші жойылды деп танылсын:

1) "Барлық туристiк инфрақұрылым объектiлерiнде мүгедектігі бар туристердiң демалысын қамтамасыз ету үшiн техникалық және санитарлық жағдайларды сақтау нормалары мен талаптарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгi төрағасының 2004 жылғы 3 наурыздағы № 06-2-2/73 және Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрiнiң 2004 жылғы 1 наурыздағы № 203 бірлескен бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2775 болып тіркелген);

2) "Барлық туристiк инфрақұрылым объектiлерiнде мүгедек туристердiң демалысын қамтамасыз ету үшiн техникалық және санитарлық жағдайларды сақтау нормалары мен талаптарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгi төрағасының 2004 жылғы 3 наурыздағы № 06-2-2/73 және Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрiнiң 2004 жылғы 1 наурыздағы № 203 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2022 жылғы 30 қыркүйектегі № 284 және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 30 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-109 бірлескен бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29985 болып тіркелген).

2. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Туризм және спорт вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министріА. Ғиният
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министріЕ. МАРЖИКПАЕВ

Іздеу атаулары: №279 бұйрық, 279-бұйрық, приказ 279, екі жүз жетпіс тоғызыншы бұйрық, 279 бұйрық скачать.

Маңызды

Материал ақпараттық мақсатта берілген. Диагноз бен емді дәрігер анықтайды.

Біз саған жазып
бере аламыз!

Реферат немесе медициналық тақырыптағы материал керек пе? Тақырыбыңды WhatsApp-қа жібер.