Мақала
Бұйрықтар

№ 90 бұйрық (01.11.2024): толық мәтін және скачать

Жаңа

"Жоғары технологиялық медициналық көмек түрлерін айқындау тәртібін және олардың тізбесін, сондай-ақ жоғары технологиялық медициналық көмек түрлерінің мамандандырылған медициналық көмектің көрсетілетін қызметтері тізбесіне өту өлшемшарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 16 қазандағы № ҚР ДСМ-134/2020 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы 1 қарашадағы № 90 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 4 қарашада № 35327 болып тіркелді

Бұйрық нөмірі
90
Қабылданған күні
01.11.2024
Актіні өзгерту күні
Көрсетілмеген
Мәртебесі
Жаңа

Дереккөз: «Әділет» АҚЖ ресми мәтіні. Мәтін алынған күн: 2026-10-20.

Бұйрықтың мәтіні

Құжаттың мазмұны
  1. Жоғары технологиялық медициналық көмек түрлерінің тізбесі

БҰЙЫРАМЫН:

1. "Жоғары технологиялық медициналық көмек түрлерін айқындау тәртібін және олардың тізбесін, сондай-ақ жоғары технологиялық медициналық көмек түрлерінің мамандандырылған медициналық көмектің көрсетілетін қызметтері тізбесіне өту өлшемшарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 16 қазандағы № ҚР ДСМ-134/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21471 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген бұйрыққа 2-қосымшамен бекітілген жоғары технологиялық медициналық көмек түрлерінің тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министріА. Альназарова
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі 2024 жылғы 1 қарашадағы № 90 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 16 қазандағы № ҚР ДСМ-134/2020 бұйрығына 2-қосымша

Жоғары технологиялық медициналық көмек түрлерінің тізбесі

№Жоғары технологиялық медициналық көмек кодыЖоғары технологиялық медициналық көмек түрінің атауы
Шұғыл емдеуге жатқызу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілетін жоғары технологиялық медициналық көмек түрлері
100.50Бивентрикулярлық электрокардиостимуляторды жалпы жүйенің дефибрилляторын жанаспай импланттау (CRT-P)
239.65Экстракорпоралдық мембраналық оксигенация
335.84Басқа айдарларда жіктелмейтін ірі тамырлардың транспозициясын толық қалпына келтіру
435.23Митралдық қақпақшаны тіндік трансплантаттаушымен ашық және басқаша ауыстыру
535.21Қолқа қақпақшасын тіндік трансплантаттаушымен ашық және басқаша ауыстыру
635.82Өкпе веналарының аномалдық қосылысын толық қалпына келтіру
737.94Автоматты кардиовертерді/дефибрилляторды имплантаттау
837.66Имплантатталатын қосалқы жүрек жүйесін енгізу
935.33Аннулопластика
1081.042Эндотүзеткіштерді ішкі бекітумен кеуде және бел омыртқаларының спондиллодезі,алдыңғы жету әдісі
1139.72Бас пен мойынның тамырларын эндоваскулярлық (жаппай) эмболиялау немесе окклюзиялау
1200.65Стенттерді бассүйекішілік артерияларға тері арқылы имплантаттау
1302.93Интракраниалдық нейростимулятордың электродын (электродтарын) импланттау немесе ауыстыру
1403.7992Негіздемелік стереотаксиялық жүйені қолданумен операция
1503.7993Стереотаксиялық жүйені қолданумен ми нейростимуляторын импланттау
1681.073Бел және сегізкөз омыртқаларының спондиллодезі, бүйір көлденең қол жеткізу, дискіні протездеу
1781.062Эндокорректордың ішкі фиксациясы арқылы бел және сегізкөз омыртқаларының спондиллодезі, алдыңғы жету әдісі
1881.041Ішкі транспедикулярлық жүйе мен кейдждердің бекітуі арқылы кеуде және бел омыртқаларының спондиллодезі, алдыңғы жету әдісі
1981.53Сан-жамбас буынының ауыстырылуын тексеру, нақтыланбаған
2081.55Тізе буынының ауыстырылуын тексеру, нақтыланбаған
2150.52Қайтыс болғаннан кейінгі донордан бауырды транспланттау
2255.62Қайтыс болған донордан бүйректі транспланттау
2350.59Бауырды басқа транспланттау
2486.66Терінің аллотранспланттау
2552.53Радикалдық субтоталдық панкреатэктомия
Жоспарлы емдеуге жатқызу кезіндегі тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетілетін жоғары технологиялық медициналық көмек түрлері
192.291Қалқанша безі ауруының радио-йод терапиясы
292.321Гамма-пышақ аппаратын қолдана отырып, орталық нерв жүйесі ауруларын емдеудің радиохирургиялық әдісі
392.201Қуықасты безі обырының жоғары дозалы брахитерапиясы
492.202Қуықасты безінде орналасқан обырдың интерстициалдық сәулелік терапиясы (брахитерапия)
592.247Сызықтық үдеткіште фотондарды қолдану арқылы қашықтықтан сәулелік терапия
692.203Әйелдің жыныс жолдарының обыры кезіндегі жоғары дозалы брахитерапия
754.970.059Гипертермиялық интраперитонеалды химиотерапия (HIPEC)
886.310.058Электрохимиотерапия
Жоспарлы емдеуге жатқызу кезіндегі міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетілетін жоғары технологиялық медициналық көмектің түрлері
100.50Жалпы жүйенің дефибрилляторын ескертусіз бивентрикулярлық электрокардиостимуляторды имплантаттау (CRT-P)
200.51Жалпы жүйенің бивентрикулярлық дефибрилляторын имплантаттау (CRT-D)
300.65Стенттерді бассүйекішілік артерияларға тері арқылы импланттау
400.93Транспланттау үшін кадаврдан ағзаларды және/немесе тіндерді алу
501.53Эпилепсия кезінде мидың лобэктомиясы
602.93Интракраниалдық нейростимулятордың электродын (электродтарын) импланттау немесе ауыстыру
703.7992Негіздемелік стереотаксиялық жүйені қолданумен операция
803.7993Стереотаксиялық жүйені қолданумен ми нейростимуляторын импланттау
903.93Жұлын нейростимулятордың электродын (электродтарын) импланттау немесе ауыстыру
1020.95Электромагниттік есту аппаратын импланттау
1133.5Өкпені транспланттау
1233.6"Жүрек – өкпе" кешенін аралас транспланттау
1335.05Қолқа қақпақшасын эндоваскулярлық ауыстыру
1435.11Ауыстырмай қолқа қақпақшаның ашық вальвулопластикасы
1535.12Ауыстырмай митралдық қақпақшаның ашық вальвулопластикасы
1635.121Митралдық тесік стенозының баллондық вальвулопластикасы
1735.14Ауыстырмай үшжармалы қақпақшаның ашық вальвулопластикасы
1835.21Қолқа қақпақшасын тіндік транспланттаумен ашық және басқаша ауыстыру
1935.23Тіндік транспланттаумен митралдық қақпақшаны ашық және басқа ауыстыру
2035.33Аннулопластика
2135.55Протездеу арқылы қарыншааралық қалқаншаның ақауын жабық әдіспен жою
2235.82Өкпе веналарының аномалдық қосылысын толық қалпына келтіру
2335.83Артериялық діңді толық қалпына келтіру
2435.84Басқа айдарларда жіктелмеген ірі тамырлардың транспозициясын толық қалпына келтіру
2535.91Веналық ағудың жүрекшеаралық транспозициясы
2635.9900Интраоперациялық радиожиілік аблацияны пайдалана отырып жүрек қақпақшаларын протездеу
2735.991Митралдық тесікті клиптеу
2836.1000Интраоперациялық радиожиілік аблацияны пайдалана отырып аортокоронарлық шунттау
2936.16Қос ішкі маммарлық-коронарлық шунттау
3037.32Жүрек аневризмасын тілу
3137.35Парциалдық вентрикулоэктомия
3237.36Жүрекшенің сол жақ құлақшасын кесу, деструкциялау және алып тастау
3337.51Жүректі транспланттау
3437.66Имплантталатын қосалқы жүрек жүйесін енгізу
3537.76Трансвеналық атриялық және/немесе вентрикулярлық электродты (электродтарды) ауыстыру
3637.94Автоматты кардиовертерді/дефибрилляторды импланттау
3737.941Автоматты кардиовертерді/дефибрилляторды, жалпы жүйені ауыстыру
3837.96Автоматты кардиовертердің/дефибриллятордың тек импульстарының генераторын ғана импланттау
3938.12Бастың және мойынның басқа артерияларының эндартерэктомиясы
4038.34Анастомозбен қолқаның резекциясы
4138.341Қолқа доғасының үзігін түзету
4239.28Экстра-интракраниалдық васкулярлық шунттау
4339.591Қолқа-өкпе саңылауының пластикасы
4439.65Экстракорпоралдық мембраналық оксигенация
4539.72Бас пен мойынның тамырларын эндоваскулярлық (жаппай) эмболиялау немесе окклюзиялау
4639.73Кеуде қолқасына протезді эндоваскулярлық имплантанттау
4739.731Қолқаның коарктациясын стенттеу
4841.01Сүйек кемігінің мезенхималдық дің жасушаларын транспланттау
4941.04Аутологиялық гемопоэздік дің жасушаларын тазартусыз транспланттау
5041.05Аллогендік гемопоэздік дің жасушаларын тазартусыз транспланттау
5141.06Кіндік дің жасушаларын трансплантаттау
5241.10Феталдық бағаналық жасушаларды транспланттау
5350.52Өлімнен кейінгі донордан бауырды транспланттау
5450.59Бауырды басқа транспланттау
5552.53Радикалдық субтоталдық панкреатэктомия
5652.80Ұйқыбезін транспланттау, нақтыланбаған
5755.5016Тромбэктомиямен түбегейлі нефрэктомия
5855.62Қайтыс болғаннан кейінгі донордан бүйректі транспланттау
5956.7404Блохин бойынша қосымша антирефлюксті механизмі бар Политано-Летбеттердің модификацияланған әдісі бойынша уретероцистонеостомия
6063.8301Обструкциялық азошәует кезіндегі микрохирургиялық инвагинациондық вазоэпидидимостомия
6169.921Классикалық экстракорпоралдық ұрықтандыру, ұзақ хаттама
6269.922Классикалық экстракорпоралдық ұрықтандыру, қысқа хаттама
6369.923АЖСИИ (аналық жасушаға сперматозоидты интрацитоплазмалық инъекциялау) жасай отырып, экстракорпоралдық ұрықтандыру, ұзын хаттама
6469.924АЖСИИ (аналық жасушаға сперматозоидты интрацитоплазмалық инъекциялау) жасай отырып экстракорпоралдық ұрықтандыру, қысқа хаттама
6578.191Кезеңдік түзетуді қажет ететін жамбас сүйектерінде сыртқы бекітуші құрылғыны пайдалану
6681.041Ішкі транспедикулярлық жүйе мен кейдждердің бекітуі арқылы кеуде және бел омыртқаларының спондиллодезі, алдыңғы жету әдісі
6781.042Эндокорректор бекітуі арқылы кеуде және бел омыртқаларының спондиллодезі, алдыңғы жету әдісі
6881.062Эндокорректордың ішкі бекітуі арқылы бел және сегізкөз омыртқаларының спондиллодезі, алдыңғы жету әдісі
6981.073Бел және сегізкөз омыртқаларының спондиллодезі, бүйір көлденең қол жеткізу, дискіні протездеу
7081.53Сан-жамбас буынының ауыстырылуын тексеру, нақтыланбаған
7181.55Тізе буынының ауыстырылуын тексеру, нақтыланбаған
7281.9610Сүйек ісігі кезінде буындарды және/немесе сүйекті ауыстыру
7386.66Теріні аллотранспланттау
7499.791Қанның гематопоэздік дің жасушаларын дайындау
7592.291Қалқанша безі ауруының радио-йод терапиясы

Іздеу атаулары: №90 бұйрық, 90-бұйрық, приказ 90, тоқсаныншы бұйрық, 90 бұйрық скачать.

Маңызды

Материал ақпараттық мақсатта берілген. Диагноз бен емді дәрігер анықтайды.

Біз саған жазып
бере аламыз!

Реферат немесе медициналық тақырыптағы материал керек пе? Тақырыбыңды WhatsApp-қа жібер.