Мақала
Бұйрықтар

№ 10 бұйрық (18.02.2025): толық мәтін және скачать

Жаңа

"Қалалық және ауылдық елді мекендердегі, өнеркәсіптік ұйымдар аумақтарындағы атмосфералық ауаның гигиеналық нормативтерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 2 тамыздағы № ҚР ДСМ-70 бұйрығына өзгеріс және толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2025 жылғы 18 ақпандағы № 10 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылы 20 ақпанда № 35741 болып тіркелді

Бұйрық нөмірі
10
Қабылданған күні
18.02.2025
Актіні өзгерту күні
Көрсетілмеген
Мәртебесі
Жаңа

Дереккөз: «Әділет» АҚЖ ресми мәтіні. Мәтін алынған күн: 2026-10-20.

Бұйрықтың мәтіні

Құжаттың мазмұны
  1. Жинақталатын қасиеттері бар заттар

БҰЙЫРАМЫН:

1. "Қалалық және ауылдық елді мекендердегі, өнеркәсіптік ұйымдар аумақтарындағы атмосфералық ауаға гигиеналық нормативтерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 2 тамыздағы № ҚР ДСМ-70 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29011 болып тіркелген) мынадай толықтыру мен өзгеріс енгізілсін:

бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

"Қазақстан Республикасы "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі" туралы Кодексінің 95-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 113) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: ";

көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшамен бекітілген Қалалық және ауылдық елді мекендердің атмосфералық ауасындағы ластаушы заттардың рұқсат етілетін шекті шоғырлануы осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 3-кестемен толықтырылсын.

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министріА. Альназарова

"КЕЛІСІЛДІ"

Қазақстан Республикасының

Ұлттық экономика министрлігі

"КЕЛІСІЛДІ"

Қазақстан Республикасының

Цифрлық даму, инновациялар және

аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

"КЕЛІСІЛДІ"

Қазақстан Республикасының

Экология және табиғи

ресурстар министрлігі

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі 2025 жылғы 18 ақпандағы № 10 Бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі 2022 жылғы 2 тамыздағы № ҚР ДСМ-70 бұйрығына 1-қосымша
3-кесте

Жинақталатын қасиеттері бар заттар

№ р/сЗаттың атауы
12
1Аммиак, күкірт сутегі
2Аммиак, күкірт сутегі, формальдегид
3Аммиак, формальдегид
4Азот диоксиді және оксид, мазут күлі, күкірт диоксиді
5Азот диоксиді, гексан, көміртегі оксид, формальдегид
6Азот диоксиді, гексен, күкірт диоксиді, күкірт диоксиді
7Азот диоксиді, күкірт диоксиді
8Азот диоксиді, күкірт диоксиді, көміртегі оксид, фенол
9Акрил және метакрил қышқылдары
10Акрил және метакрил қышқылдары, бутилакрилат, бутилметакрилат, метилакрилат, метиметакрилат
11Ацетальдегид, винилацетат
12Ацетон, акролеин, фтал ангидриді
13Ацетон, фенол
14Ацетон, ацетофенон
15Ацетон, фурфурол, формальдегид пен фенол
16Ацетон, трикрезол, фенол
17Ацетофенон, фенол
18Ванадий бестотығының және марганец тотығының аэрозольдері
19Ванадий бестотығының аэрозольдері және күкірт ангидриді
20Ванадий бестотығының және хром үш тотығы аэрозольдері
21Бензол және ацетофенон
22Валериан, капрон және май қышқылдары
23Вольфрам және күкірт ангидридтері
24Гексахлоран және фозалон
252,3-Дихлор-1,4-нафтахинон және 1,4-нафтахинон
261,2-Дихлорпропан, 1,2,3-Трихлорпропан мен тетрахлорэтилен
27Изопропилбензол және изопропилбензол гидрототығы
28Изобутилкарбинол және диметилвинилкарбинол
29Метилгидропиран және метилентетрагидропиран
30Моно, ди және трипропиламиндер
31Мышьяк ангидриді және қорғасын ацетаты
32Мышьяк ангидриді және германий
33Озон, азот қостотығы және формальдегид
34Пропион қышқылы және пропионды альдегид
35Қорғасын оксиді, күкірт диоксиді
36Күкіртсутек және динил
37Күкіртсутек, формальдегид
38Күкіртқышқылды мыс, кобальт, никель, күкірт диоксиді
39Күкірт диоксиді, көміртегі оксиді, фенол және конвертер өндірісінің шаңы
40Күкірт диоксиді, фенол
41Күкірт диоксиді, фторлы сутегі
42Күкірт диоксиді, күкірт қышқылы
43Күкірт диоксиді, металды никель
44Күкірт диоксиді, күкірт сутегі
45Күкірт диоксиді және күкірттің үштотығы, аммиак және азот тотықтары
46Күшті минералды қышқылдар (күкірт, тұз және азот)
47Цемент өндірісінің шаңы және көміртегі оксиді
48Сірке қышқылы және сірке ангидриді
49Сірке қышқылы, фенол, этилацетат
50Фурфурол, метил және этил спирттері
51Циклогексан және бензол
52Этилен пропилен, бутилен және амилен
Бірге болған кезде толық емес жиынтық әсері болады
53Натрий вольфрамы, аммоний парамолибдаты, қорғасын ацетаты (аралас әрекет коэффициенті (Аәк) 1,6 құрайды
54Натрий вольфраматы, мышьякті ангидриді, аммоний парамолибдаты, қорғасын ацетаты (Аәк 2,0 тең)
55Натрий вольфрамы, германий диоксиді, мышьякті ангидриді, аммоний парамолибдаты, қорғасын ацетаты (Аәк 2,5 тең)
Бірге болған кезде жекелеген заттардың шекті рұқсат етілген концентрациясы сақталады
56Гексил, октил спирттері
57Күкірт диоксиді, мырыш оксиді
Потенциялану әсері бар
58Коэффициенті 0,8 болатын бутилакрилат және метилакрилат
59Коэффиценті 0,8 болатын фторлы сутегі және фтор тұздары

Көп компонентті қоспалардың аралас әрекеті

Атмосфералық ауада әсер ету сомасы бар бірнеше заттар бірге болған кезде олардың шоғырлану сомасы формула бойынша есептеу кезінде 1 (бірліктен) аспауға тиіс:

1) С1, С2,Сn - атмосфералық ауадағы заттардың нақты қанықпасы;

2) ҚРШ1, ҚРШ2, ҚРШn - сол заттар қанықпасының рұқсат етілген шегі.

Жинақтау әсермен 2, 3 және 4 компоненттік қосындылардың қабілеттері жоқ, азот диоксиді және/немесе күкіртсутегі енгізілсе және атмосфералық ауаны көп компоненттік ластауыш құрамына енгізілсе, егерде біреулерінің концентрациясының үлес салмағы, максималдық бір реттік ШРЕШ үлесімен көрсетілгенде, 2 компоненттік қосындыда 80% астам; 3 компоненттік қосындыда -70% астам; 4 компоненттік қосындыда - 60% астамды құрайды.

Түпнұсқадағы суреттер, кестелер және скан (1)

TXT файлы мәтіндік бөлікті қамтиды. Көрнекі бөліктер ресми дереккөзден ашылады.

  1. Ресми қосымшаны ашу

Іздеу атаулары: №10 бұйрық, 10-бұйрық, приказ 10, оныншы бұйрық, 10 бұйрық скачать.

Маңызды

Материал ақпараттық мақсатта берілген. Диагноз бен емді дәрігер анықтайды.

Біз саған жазып
бере аламыз!

Реферат немесе медициналық тақырыптағы материал керек пе? Тақырыбыңды WhatsApp-қа жібер.