Мақала
Бұйрықтар

№ 29 бұйрық (01.04.2025): толық мәтін және скачать

Жаңа

"Денсаулық сақтау саласындағы білім беру бағдарламалары білім алушыларының білімі мен дағдыларын бағалау, түлектерінің кәсіптік даярлығын бағалау, денсаулық сақтау саласындағы мамандардың кәсіптік даярлығын бағалау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-249/2020 бұйрығына және "Денсаулық сақтау қызметкерлерінің үздіксіз кәсіптік даму нәтижелерін растау, біліктілік деңгейін беру және растау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 20 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-283/2020 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2025 жылғы 1 сәуірдегі № 29 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылы 2 сәуірде № 35913 болып тіркелді

Бұйрық нөмірі
29
Қабылданған күні
01.04.2025
Актіні өзгерту күні
Көрсетілмеген
Мәртебесі
Жаңа

Дереккөз: «Әділет» АҚЖ ресми мәтіні. Мәтін алынған күн: 2026-10-20.

Бұйрықтың мәтіні

Құжаттың мазмұны
  1. Өтініш
  2. Денсаулық сақтау қызметкерлерінің үздіксіз кәсіптік дамуы

БҰЙЫРАМЫН:

1. "Денсаулық сақтау саласындағы білім беру бағдарламалары білім алушыларының білімі мен дағдыларын бағалау, түлектерінің кәсіптік даярлығын бағалау, денсаулық сақтау саласындағы мамандардың кәсіптік даярлығын бағалау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-249/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21763 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген бұйрыққа 3-қосымшамен бекітілген Денсаулық сақтау саласындағы мамандардың кәсіптік даярлығын бағалау қағидаларында :

7-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын

"3) кезекті біліктілік деңгейін растауды немесе беруді бағалауға үміткерлер;";

15-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

"15. Осы Қағидалардың 7-тармағының 1), 2), 4), 5) тармақшаларында көрсетілген денсаулық сақтау мамандарын бағалау мынадай кезеңдердің бірізді өтуін қамтиды:";

17-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

"17. Осы Қағидалардың 7-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген денсаулық сақтау мамандардың кәсіптік даярлығын бағалау біліктілік деңгейін бастапқы немесе кезекті беру кезінде мынадай кезеңдердің бірізді өтуін қамтиды:";

мынадай мазмұндағы 17-1-тармақпен толықтырылсын:

"17-1. Біліктілік санатын беру туралы куәліктің қолданылу мерзімі 2021 жылғы 1 қаңтардан кейін өткен денсаулық сақтау мамандары білімді бағалау және кейс-тестинг (жағдаяттық тапсырмаларды шешу) кезеңінен өтпей-ақ тиісті (баламалы) біліктілік деңгейін алуға үміткер болады.

Біліктілік санатын беру туралы куәліктің қолданылу мерзімі 2021 жылғы 1 қаңтардан кейін өткен денсаулық сақтау мамандары осы бұйрықтың 17-тармағына сәйкес кәсіптік даярлығын бағалау нәтижелері бойынша біліктіліктің кезекті деңгейіне үміткер болады.

Санат беру туралы мерзімсіз куәліктері бар денсаулық сақтау мамандары кәсіптік даярлық бағалауынан өтпейді.";

көрсетілген Қағидаларға 1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. "Денсаулық сақтау қызметкерлерінің үздіксіз кәсіптік даму нәтижелерін растау, біліктілік деңгейін беру және растау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 20 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-283/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21843 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Денсаулық сақтау қызметкерлерінің үздіксіз кәсіптік даму нәтижелерін растау, біліктілік деңгейін беру және растау қағидаларында :

5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"5. "Денсаулық сақтау" саласының СБШ сәйкес денсаулық сақтау қызметкерлеріне біліктілік деңгейін беру немесе растау "Денсаулық сақтау саласындағы білім беру бағдарламалары білім алушыларының білімі мен дағдыларын бағалау, түлектерінің кәсіптік даярлығын бағалау, денсаулық сақтау саласындағы мамандардың кәсіптік даярлығын бағалау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-249/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21763 болып тіркелген) сәйкес бағалау жөніндегі аккредиттелген ұйым берген кәсіптік даярлықты бағалау нәтижелері негізінде жүзеге асырылады.

Медицина қызметкерлері "Клиникалық практикаға жіберу үшін маман сертификатын беру", "Клиникалық практикаға жіберу үшін шетелдік маман сертификатын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтер шеңберінде бағалау жөніндегі аккредиттелген ұйымның қорытындысы болған кезде "Денсаулық сақтау саласындағы маманды сертификаттауды жүргізу, шетелдік мамандарды қоса алғанда, денсаулық сақтау саласындағы маман сертификатының қолданысын растау қағидаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде денсаулық сақтау саласында медициналық және (немесе) фармацевтикалық білім алған адамды денсаулық сақтау саласындағы маманды сертификаттауға жіберу шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-274/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21818 болып тіркелген) сәйкес тәртіппен берілген немесе расталған біліктілік деңгейі ескеріле отырып мамандық (мамандандырулар) бойынша маман сертификатын алады немесе растайды.";

12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"12. Біліктілік деңгейін беруге немесе растауға үміткер денсаулық сақтау қызметкері бағалау жөніндегі аккредиттелген ұйымға осы Қағидалардың 6-тармағына сәйкес ҮКД нәтижелерін ұсынады.

Денсаулық сақтау қызметкеріне біліктілік деңгейін беру үшін:

1) білім туралы дипломымен расталған біліктілік деңгейіне сәйкес денсаулық сақтау саласында білімінің болуы;

2) бағалау жөніндегі аккредиттелген ұйымы берген кәсіптік даярлықты бағалау нәтижесі;

3) көрсетілетін қызметтердің электрондық тіркелімінен немесе кәсіптік қызмет туралы есеппен расталған, құрылымдық бөлімше басшысы қол қойған кәсіптік стандарттың талаптарына сәйкес мәлімделген біліктілік деңгейіне сәйкес келетін еңбек функцияларын орындауы;

4) персоналды басқару қызметі және медициналық ұйым басшысы куәландырған ҮКД расталған нәтижелері қажет.

Біліктілік санатын беру туралы куәліктің қолданылу мерзімі 2021 жылғы 1 қаңтардан кейін өткен денсаулық сақтау қызметкерлері білімді бағалау және кейс-тестинг (жағдаяттық тапсырмаларды шешу) кезеңінен өтпей-ақ тиісті (баламалы) біліктілік деңгейін алуға үміткер болады.";

19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"19. Біліктіліктің кезекті деңгейін беру кезінде "Денсаулық сақтау" саласының СБШ белгілеген біліктілік деңгейлерінің кезектілігі осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес сақталады.

Санат беру туралы мерзімсіз куәліктері бар денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіптік даярлық бағалауынан өтпей-ақ тиісті біліктілік деңгейі бар мамандық бойынша маман сертификатына куәлікті қайта ресімдей алады.

"Мейіргер ісі" мамандығы бойынша денсаулық сақтау қызметкерлері сол мамандық бойынша орта білімнен кейінгі немесе жоғары медициналық білім алған кезде бұрынғы жұмыс өтілі ескеріле отырып, баламалы біліктілік санатының біліктілік деңгейі сақтала отырып, маман сертификатын қайта ресімдей алады.";

көрсетілген Қағидаларға 1-қосымшада :

реттік нөмірі 22-жол алып тасталсын;

көрсетілген Қағидаларға 3-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) , 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министріА. Альназарова

"КЕЛІСІЛДІ"

Қазақстан Республикасы

Еңбек және халықты

әлеуметтік қорғау министрлігі

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі 2025 жылғы 1 сәуірдегі № 29 Бұйрығына 1- қосымша
Денсаулық сақтау саласындағы мамандарды бағалау қағидаларына 1-қосымша

нысан

________________________ басшысына (бағалау жөніндегі ұйымның атауы) ________________________ ________________________ кімнен__________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) ________________________ (мамандық)

Өтініш

Маған денсаулық сақтау саласындағы мамандарды сертификаттау үшін

______________________________________________________________

мамандығы бойынша кәсіптік даярлықты бағалаудан және

______________________________________________________________

біліктілік деңгейінен өтуге рұқсат беруіңізді сұраймын.

беру / растау

(керегінің астын сызу)

"Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы

Заңының 8-бабының 4-тармағына сәйкес денсаулық сақтау саласындағы

мамандарды сертификаттау үшін кәсіптік даярлықтан өту үшін қажетті

ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын

менің қолжетімділігі шектемен дербес деректерімді жинауға және өңдеуге

келісім беремін.

Күні

Кандидаттың қолы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі 2025 жылғы 1 сәуірдегі № 29 бұйрығына 2- қосымша
Денсаулық сақтау қызметкерлерінің үздіксіз кәсіптік даму нәтижелерін растау, біліктілік деңгейін беру және растау қағидаларына 3-қосымша

Денсаулық сақтау қызметкерлерінің үздіксіз кәсіптік дамуы

№Үздіксіз кәсіптік даму іс-шарасының атауы
1Салалық біліктілік шеңберінің деңгейлері4.0; 5.0; 6.0; 7.0 (I); 7.1 (R)4.1; 5.1; 6.1; 7.1 (I); 7.2 (R)4.2; 5.2; 6.2; 7.2 (I); 7.3 (R)4.3; 5.3; 6.3; 7.3 (I); 7.4 (R)
Біліктілік санатыБіліктілік санаты жоқЕкінші біліктілік санатыБірінші біліктілік санатыЖоғары біліктілік санаты
2Үздіксіз кәсіптік даму іс-шараларының жалпы көлемі (қосымша білім берудің, формалды емес білім берудің және қосымша құзыреттердің сынақ бірліктерінің сомасы)-5 жыл ішінде кемінде 210 сынақ бірлігі немесе сақтандыру жағдайын сараптау кезінде Тәуелсіз сараптама комиссиясына қатысу, соңғы 3 жылда кемінде 3 рет.5 жыл ішінде кемінде 210 сынақ бірлігі немесе сақтандыру жағдайын сараптау кезінде Тәуелсіз сараптама комиссиясына қатысу, соңғы 3 жылда кемінде 3 рет.5 жыл ішінде кемінде 210 сынақ бірлігі немесе сақтандыру жағдайын сараптау кезінде тәуелсіз сараптама комиссиясына қатысу, соңғы 3 жылда кемінде 3 рет.
3Қосымша білімі-базалық немесе орта деңгейдегі біліктілікті арттырудың кемінде 150 сынақ бірлігі (сағат)орта немесе жоғары деңгейдегі біліктілікті арттырудың кемінде 120 сынақ бірлігі (сағат)жоғары немесе мамандандырылған деңгейдегі біліктілікті арттырудың кемінде 60 сынақ бірлігі (сағат)
Формалды емес білімі және қосымша құзыреттер-кемінде 60 сынақ бірлігікемінде 90 сынақ бірлігікемінде 150 сынақ бірлігі

Іздеу атаулары: №29 бұйрық, 29-бұйрық, приказ 29, жиырма тоғызыншы бұйрық, 29 бұйрық скачать.

Маңызды

Материал ақпараттық мақсатта берілген. Диагноз бен емді дәрігер анықтайды.

Біз саған жазып
бере аламыз!

Реферат немесе медициналық тақырыптағы материал керек пе? Тақырыбыңды WhatsApp-қа жібер.