Мақала
Бұйрықтар

№ 41 бұйрық (23.04.2025): толық мәтін және скачать

Жаңа

"Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың жосықсыз әлеуетті өнім берушілерінің (өнім берушілер) тізбесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 7 желтоқсандағы № 939 бұйрығын күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2025 жылғы 23 сәуірдегі № 41 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылы 24 сәуірде № 36017 болып тіркелді

Бұйрық нөмірі
41
Қабылданған күні
23.04.2025
Актіні өзгерту күні
Көрсетілмеген
Мәртебесі
Жаңа

Дереккөз: «Әділет» АҚЖ ресми мәтіні. Мәтін алынған күн: 2026-10-20.

Бұйрықтың мәтіні

"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. "Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың жосықсыз әлеуетті өнім берушілерінің (өнім берушілер) тізбесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 7 желтоқсандағы № 939 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12817 болып тіркелген).

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министріА. Альназарова

Іздеу атаулары: №41 бұйрық, 41-бұйрық, приказ 41, қырық бірінші бұйрық, 41 бұйрық скачать.

Маңызды

Материал ақпараттық мақсатта берілген. Диагноз бен емді дәрігер анықтайды.

Біз саған жазып
бере аламыз!

Реферат немесе медициналық тақырыптағы материал керек пе? Тақырыбыңды WhatsApp-қа жібер.