Мақала
Бұйрықтар

№ 60 бұйрық (24.06.2025): толық мәтін және скачать

Жаңа

"Тәуелсіз сараптама комиссиясы қызметінің қағидалары және медициналық қызметті жүзеге асыру нәтижесінде пациенттің өмірі мен денсаулығына зиян келтіру фактісінің болуын (болмауын) анықтау жөніндегі ең төменгі талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы 28 маусымдағы № 40 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2025 жылғы 24 маусымдағы № 60 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылы 2 шiлдеде № 36379 болып тіркелді

Бұйрық нөмірі
60
Қабылданған күні
24.06.2025
Актіні өзгерту күні
Көрсетілмеген
Мәртебесі
Жаңа

Дереккөз: «Әділет» АҚЖ ресми мәтіні. Мәтін алынған күн: 2026-10-20.

Бұйрықтың мәтіні

БҰЙЫРАМЫН:

1. "Тәуелсіз сараптама комиссиясы қызметінің қағидалары және медициналық қызметті жүзеге асыру нәтижесінде пациенттің өмірі мен денсаулығына зиян келтіру фактісінің болуын (болмауын) анықтау жөніндегі ең төменгі талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы 28 маусымдағы № 40 бұйрығын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 34656 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тәуелсіз сараптама комиссиясы қызметінің қағидалары және медициналық қызметті жүзеге асыру нәтижесінде пациенттің өмірі мен денсаулығына зиян келтіру фактісінің болуын (болмауын) анықтау жөніндегі ең төменгі талаптарда:

6-тармағының бірінші және екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

"6. Пациентті қолдау және ішкі сараптама қызметінен медициналық қызметті жүзеге асыру нәтижесінде пациенттің өміріне мен денсаулығына зиян келтіру туралы пациенттің не оның жұбайының (зайыбының), жақын туысының немесе заңды өкілінінен жолданымы түскеннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде бейінді мамандар мен бірыңғай сақтандыру (қайта сақтандыру) пулына қатысушы сақтандыру ұйымының өкілдері арасынан денсаулық сақтау субъектісінің басшысының бұйрығымен Комиссия қалыптастырылады.

"Біріңғай сақтандыру (қайта сақтандыру) пулы денсаулық сақтау субъектісінің сұранысы бойынша Комиссия құрамына сақтандыру ұйымының өкілін жібереді.";

11 тармақтың мынадай редакцияда жазылсын:

"11. Комиссия құрамы тақ саннан тұратын Төраға мен мүшелерден құралады, бұл ретте комиссия құрамына әр бейіннен бір бейінді маманнан кем емес қосылады.".

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министріА. Альназарова

Іздеу атаулары: №60 бұйрық, 60-бұйрық, приказ 60, алпысыншы бұйрық, 60 бұйрық скачать.

Маңызды

Материал ақпараттық мақсатта берілген. Диагноз бен емді дәрігер анықтайды.

Біз саған жазып
бере аламыз!

Реферат немесе медициналық тақырыптағы материал керек пе? Тақырыбыңды WhatsApp-қа жібер.