Мақала
Бұйрықтар

№ 65 бұйрық (14.07.2025): толық мәтін және скачать

Жаңа

"Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес келмейтін өнімдердің тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 3 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-229/2020 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2025 жылғы 14 шiлдедегi № 65 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылы 16 шiлдеде № 36454 болып тіркелді

Бұйрық нөмірі
65
Қабылданған күні
14.07.2025
Актіні өзгерту күні
Көрсетілмеген
Мәртебесі
Жаңа

Дереккөз: «Әділет» АҚЖ ресми мәтіні. Мәтін алынған күн: 2026-10-20.

Бұйрықтың мәтіні

Құжаттың мазмұны
  1. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес келмейтін өнімдердің тізілімі
  2. Әкімшілік деректерді өтеусіз негізінде жинауға арналған нысанын толтыру жөніндегі түсіндірме "Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес келмейтін өнімдердің тізілімі" (нысанның индексі: 01 - ИРПК және кезеңділігі: ай сайын, жыл бойынша өсу қорытындысымен)
  3. 1-тарау. Жалпы ережелер
  4. 2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсінідірме

БҰЙЫРАМЫН:

1. "Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес келмейтін өнімдердің тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 3 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-229/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21728 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 9-бабының 29) тармақшасына , "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 5) тармақшасына және "Мемлекеттік статистика туралы сәйкес" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 3-тармақта 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес келмейтін өнімдердің тізілімін жүргізу қағидаларында:

1 , 2 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

"1. Осы Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес келмейтін өнімдердің тізілімін жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 9-бабының 29) тармақшасына және "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 5) тармақшасына сәйкес әзірленді және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес келмейтін өнімдердің тізілімін жүргізу тәртібін айқындайды.";

2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар қолданылады:

1) қауіпті факторларды талдау жүйесі және бақылаудың сындарлы нүктелері (бұдан әрі – ХАССП) – бақылаудың сындарлы нүктелерінде тұрақты бақылауды орнату кезінде, тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі үшін сындарлы болып табылатын әлеуетті тәуекелдерді анықтау және бағалау арқылы барлық азық-түлік тізбегі бойынша өнімнің қауіпсіздігіне әсер ететін қауіпті факторларды жүйелі сәйкестендіру, бағалау және басқару (НАССР ағылшын транскрипциясында – Hazard Analysіs and Crіtіcal Control Poіnts);

2) өнімді бақылау мақсатында сатып алу – бақылау және қадағалау органының тауар нысанындағы өнімді бақылау шеңберінде сатып алуды жүзеге асыруы;

3) өтініш беруші – өнімді Тізілімнен шығару мақсатында өнім туралы мәліметті және материалдарды ұсынатын өнімнің импорттаушы-өндірушінің жеке,заңды тұлғалары;

4) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган (бұдан әрі – мемлекеттік орган) – халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік саясатты, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерде және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде белгіленген талаптардың сақталуын бақылау мен қадағалауды іске асыратын мемлекеттік орган;

5) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес келмейтін өнімдердің тізілімі (бұдан әрі – Тізілім) – халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес келмейтін өнімдердің тізбесі.

3. Электрондық түрдегі өнім тізбесін көрсете отырып, өнімді бақылау мақсатында сатып алу және өнімнің санитариялық-эпидемиологиялық сараптамасы бойынша есепті аумақтық бөлімшелер қалыптастырады және осы Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген нысан бойынша ай сайын, айдың 5-ші күніне мемлекеттік органға жібереді.";

6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"6. Тізілімді жүргізу өнімді бақылау мақсатында сатып алу жүргізу кезінде анықталған, халықтың денсаулығы мен қауіпсіздігі үшін тәуекел тудыратын сәйкес келмейтің өнімдердің тізбесін мемлекеттік органның интернет-ресурсында ай сайын орналастыру арқылы жүзеге асырылады.";

9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"9. Өнімді Тізілімге енгізу үшін мыналар негіз болып табылады:

1) Қазақстан Республикасының заңнама талаптарын бұзушылықтар анықталған жағдайларда халықтын санитариялық-эпидемиологиялық саламаттығы саласындағы өнімді бақылау мақсатында сатып алу және өнімнің санитариялық-эпидемиологиялық сараптамасы нәтижелері;

2) халықаралық ұйымдардан, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден немесе үшінші елдерден техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалаудың (бақылаудың) бақылауындағы өнімнің анықталғаны туралы ақпаратты растайтын өнімді бақылау мақсатында сатып алу және санитариялық-эпидемиологиялық сараптама нәтижелері.";

13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"13. Кодекстің 95-бабына сәйкес өндірушілердің қауіпсіз және сапалы өнімді айналымға шығаруға кепілдік беретін халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын сақтауын растайтын мәліметтер, ХАССП қағидаттарына негізделген рәсімді енгізу туралы мәліметтер және өтініш беруші аумақтық бөлімшеге ұсынған зертханалық бақылау нәтижелері мемлекеттік органның шешімі негізінде осындай факт анықталған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Тізілімнен алып тасталуға жатады.

Өтініш беру, оны қабылдау және өтініш беруші аумақтық бөлімшеге ұсынған өтінішті қарау мерзімдері Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік - процестік кодексінде белгіленген тәртіппен қаралады.";

көрсетілген қағидаларға 2-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушыТ. Султангазиев

"КЕЛІСІЛДІ"

Қазақстан Республикасының

Стратегиялық жоспарлау және

реформалар агенттiгi

Ұлттық статистика бюросы

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы 2025 жылғы 14 шілдедегі № 65 Бұйрығына қосымша Халықтың санитариялық-
Эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес келмейтін өнімдердің тізілімін жүргізу қағидаларына 2-қосымша Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан

Ұсынылады: Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігіне

Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан интернет – ресурста орналастырылған: www.gov.kz

Әкімшілік нысанның атауы: "Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес келмейтін өнімдердің тізілімі"

Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі (нысан атауының қысқаша әріптік-цифрлық көрінісі): 01-ИРПК

Кезеңділік: ай сайын, жылдың басынан бастап өсуіне сәйкес

Есепті кезең: ________________20____жыл

Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын адамдар тобы: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің облыстар мен Астана, Алматы және Шымкент қалаларының аумақтық бөлімшелері

Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 5-не ұсынылады

ЖСН/БСН

Жинау әдісі: электронды түрде

Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес келмейтін өнімдердің тізілімі

Тармақ №Өнімдердің түріӨнімдердің атауыӨндірушіПартия немесе серия нөмірі, дайындалған күні, жарамдылық мерзіміҮлгілерді іріктеу орны (объектінің атауы, мекен жайы)
өнімдердің коды/штрих кодыкод бойынша атауыелдің коды (Қазақстан Республикасының ұлттық жіктеуішіне сәйкес ҚР ҰК ISO 3166-1-2016 "Елдердің атаулары мен олардың әкімшілік-аумақтық бөлімшелерінің бірліктерін ұсынуға арналған кодтар. 1- бөлім. Ел кодтары")елдің атауыөндіруші (заңды тұлғаның немесе жеке тұлғаның атауы, мекенжайы)

Жалғасы

Бұзушылықтардың түрлері
микробиологиялық көрсеткіштер, нақты мәні және нормативтік құжаттама бойынша рұқсат етілетін нормалар (сараптама хаттамасы №, күні)физикалық-химиялық, нақты мәні және нормативтік құжаттама бойынша рұқсат етілген нормалар (сараптама хаттамасы №, күні)қауіпсіздік көрсеткіштері, нақты мәні және нормативтік құжаттама бойынша рұқсат етілген нормалар (сараптама хаттамасы №, күні)таңбалау, бұзушылық сипаты (сараптама хаттамасы № күні)жалған өнім

Жалғасы

Қолданылған шаралар
нұсқама берілді (№, күні, кімге жіберілді, соның мекенжайына)сауда объектісіөнім беруші
тексеру актісі, күні, нөмірі, бұзушылықты анықтаушаралар (айып пұл, бабы, айып пұл сомасы, кімге)сатылымнан алынғаны, барлығыоның ішінде өнім берушіге қайтарылғаны (килограмм, литр)оның ішінде өнімн жойылды, жою тәсілі (саны, килограмм, литр)тексеру актісі, №, күні, анықталған бұзушылықтаршаралар (айып пұл, бабы, айып пұл сомасы, кімге)сатылымнан алынғаны, барлығы (килограмм, литр)оның ішінде өнім берушіге немесе өндірушіге қайтарылғаны (саны, килограмм, литр)оның ішінде өнім жойылды, жою тәсілі (саны, килограмм, литр)

Жалғасы

Қолданылған шараларӨнімнің сәйкестігін растайтын құжаттың атауыӨнімнің (тауардың) өнім берушісі (атауы, мекенжайы)
сот шешімі
Материал сотқа жіберілдіқаралудақанағаттандырылғаны (әкімшілік шара, қаулы)бас тартылғанынөміріатауы, берілген күні, қолданылу мерзімі, кім берген

Атауы Мекенжайы

__________________________ ______________________________

__________________________ _________________________

Телефоны______________________________________________________

Электрондық пошта мекенжайы _______________________________

Орындаушы____________________________________________ тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы, телефон

Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам_________________________ тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда)

қолы

Мөрдің орны (жеке кәсіпкерлер болып табылатын тұлғалардан қоспағанда)

"Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық
саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес келмейтін өнімдердің тізілімі" Әкімшілік деректерді өтеусіз негізінде жинауға арналған нысанға қосымша

Әкімшілік деректерді өтеусіз негізінде жинауға арналған нысанын толтыру жөніндегі түсіндірме "Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес келмейтін өнімдердің тізілімі" (нысанның индексі: 01 - ИРПК және кезеңділігі: ай сайын, жыл бойынша өсу қорытындысымен)

1-тарау. Жалпы ережелер

1. Осы әкімшілік деректерді өтеусіз негізінде жинауға арналған нысанды толтыру жөніндегі түсіндірме "Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес келмейтін өнімдердің тізілімі" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірынғай толаптарда айқындайды.

2. Нысанды Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің облыстар мен Астана, Алматы және Шымкент қалаларының аумақтық бөлімшелері толтырады.

3. Нысан ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 5 - не ұсынылады.

4. Нысанға басшы немесе оның міндетін атқарушы тұлға оның тегі мен аты - жөні, сондай-ақ толтырылған күні көрсетіле отырып қол қояды.

5. Нысан қазақ және орыс тілдерінде толтырылады.

6. Әкімшілік деректер нысанында пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар:

1) дайындалған (өндірілген) күні – өнімді дайындаудың (өндірудің) технологиялық процесінің аяқталғаны туралы ақпарат беретін, дайындаушы белгілейтін күн;

2) жарамдылық мерзімі – мерзімі өткеннен кейін өнім мақсаты бойынша пайдалануға жарамсыз болып саналатын уақыт кезеңі;

3) таңбалау – тұтынушыға арналған ақпаратты жеткізетін және өнімге, құжаттарға, жаднамаларға (қосымша парақтар, ақпараттық парақтар), затбелгілерге, заттаңбаларға, қаптамаға (ыдысқа) жазылған мәтін, тауарлық белгілер, шарттық белгі және суреттер.

2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсінідірме

1) 1-бағанда "№" реттік нөмірі бойынша толтырылады;

2) 2-бағанда ҚР ҰК 04-2008 экономикалық қызмет түрлері бойынша өнімнің ұлттық жіктеуішіне сәйкес өнім түрі көрсетіледі;

3) 3-бағанда өнімдердің атауы көрсетіледі;

4) 4-бағанда өндіруші көрсетіледі;

5) 5-бағанда партия немесе серия нөмірі, дайындалған күні, жарамдылық мерзімі көрсетіледі;

6) 6-бағанда үлгілерді іріктеу орны (объектінің атауы, мекенжайы) көрсетіледі;

7) 7-бағанда бұзушылықтардың түрлері көрсетіледі;

8) 8-бағанда қолданылған шаралар көрсетіледі;

9) 9-бағанда өнімнің (тауардың) сәйкестігін растайтын құжаттың атауы көрсетіледі;

10) 10-бағанда өнімнің (тауардың) өнім берушісі (атауы, мекенжайы) көрсетіледі.

Түпнұсқадағы суреттер, кестелер және скан (1)

TXT файлы мәтіндік бөлікті қамтиды. Көрнекі бөліктер ресми дереккөзден ашылады.

  1. Ресми қосымшаны ашу

Іздеу атаулары: №65 бұйрық, 65-бұйрық, приказ 65, алпыс бесінші бұйрық, 65 бұйрық скачать.

Маңызды

Материал ақпараттық мақсатта берілген. Диагноз бен емді дәрігер анықтайды.

Біз саған жазып
бере аламыз!

Реферат немесе медициналық тақырыптағы материал керек пе? Тақырыбыңды WhatsApp-қа жібер.