Мақала
Бұйрықтар

№ 69 бұйрық (18.07.2025): толық мәтін және скачать

Жаңа

"Денсаулық сақтау саласындағы көрсеткіштерді қалыптастыру (есептеу) әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-212/2020 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2025 жылғы 18 шiлдедегi № 69 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылы 21 шiлдеде № 36478 болып тіркелді

Бұйрық нөмірі
69
Қабылданған күні
18.07.2025
Актіні өзгерту күні
Көрсетілмеген
Мәртебесі
Жаңа

Дереккөз: «Әділет» АҚЖ ресми мәтіні. Мәтін алынған күн: 2026-10-20.

Бұйрықтың мәтіні

БҰЙЫРАМЫН:

1. "Денсаулық сақтау саласындағы көрсеткіштерді қалыптастыру (есептеу) әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-212/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21698 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

"Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2-1) тармақшасына және "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және Ұлттық экономика министрліктерінің кейбір мәселелері туралы" 2017 жылғы 17 ақпандағы №71 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтаук министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 77) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

Көрсетілген бұйрықпен бекітілген денсаулық сақтау саласындағы көрсеткіштерді қалыптастыру (есептеу) әдістемесінде :

1 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"1. Осы денсаулық сақтау саласындағы көрсеткіштерді қалыптастыру (есептеу) әдістемесі (бұдан әрі- Әдістеме) Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2-1) тармақшасына және Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 77) тармақшасына сәйкес 2017 жылғы 17 ақпандағы №71 "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және Ұлттық экономика министрліктерінің кейбір мәселелері туралы" және денсаулық сақтау саласындағы көрсеткіштерді қалыптастыру (есептеу) тәртібін айқындайды.";

4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

4. "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексі 7-бабының 31) тармағына сәйкес бекітілген мерзім мен мезгілде денсаулық сақтау субъектілерінің әкімшілік деректерін жинауға арналған нысандар талдау жүргізуге ақпарат көздері болып табылады" (бұдан әрі – Кодекс).".

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Стратегия және даму департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін оны он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министріА. Альназарова

"КЕЛІСІЛДІ"

Қазақстан Республикасы

Стратегиялық жоспарлау және

реформалар агенттігі

Ұлттық статистика бюросы

Іздеу атаулары: №69 бұйрық, 69-бұйрық, приказ 69, алпыс тоғызыншы бұйрық, 69 бұйрық скачать.

Маңызды

Материал ақпараттық мақсатта берілген. Диагноз бен емді дәрігер анықтайды.

Біз саған жазып
бере аламыз!

Реферат немесе медициналық тақырыптағы материал керек пе? Тақырыбыңды WhatsApp-қа жібер.