Мақала
Бұйрықтар

№ 71 бұйрық (29.07.2025): толық мәтін және скачать

Жаңа

"Скринингтік зерттеулерге жататын адамдардың нысаналы топтарын, сондай-ақ осы қарап-тексерулерді өткізудің қағидаларын, көлемі мен мерзімділігін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-174/2020 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2025 жылғы 29 шiлдедегi № 71 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылы 30 шiлдеде № 36536 болып тіркелді

Бұйрық нөмірі
71
Қабылданған күні
29.07.2025
Актіні өзгерту күні
Көрсетілмеген
Мәртебесі
Жаңа

Дереккөз: «Әділет» АҚЖ ресми мәтіні. Мәтін алынған күн: 2026-10-20.

Бұйрықтың мәтіні

Құжаттың мазмұны
  1. Скринингтік зерттеулерге жататын адамдардың нысаналы топтары
  2. Скринингтік зерттеулерге жататын адамдардың нысаналы топтарын скринингтік зерттеулердің көлемі
  3. Скринингтік зерттеулерге жататын адамдардың нысаналы топтарының скринингтік зерттеулерінің мерзімділігі мен оны аяқтау мерзімдері

БҰЙЫРАМЫН:

1. "Скринингтік зерттеулерге жататын адамдардың нысаналы топтарын, сондай-ақ осы қарап-тексерулерді өткізудің қағидаларын, көлемі мен мерзімділігін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-174/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21572 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 87-бабының 2-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі туралы ережесінің 15-бабының 301) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН :";

көрсетілген бұйрықпен бекітілген скринингтік зерттеулерге жататын адамдардың нысаналы топтары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Скринингтік зерттеулерді өткізудің қағидалары, көлемі мен мерзімділігінде :

4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"4. Скринингтік зерттеулер осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес скринингтік зерттеулерге жататын адамдардың нысаналы топтары (бұдан әрі – нысаналы топтар) арасында өткізіледі.";

10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"10. АЕК ұйымының мейіргері скринингтік зерттеудің бірінші кезеңі:

зерттеу нәтижелерінің нормадан ауытқулары болмаған кезде;

саламатты өмір салты бойынша консультациялар және мінез-құлықты өзгерту бойынша ұсынымдар жүргізгеннен кейін денсаулыққа қауіп факторларының (ДСИ>25, зиянды әдеттер, ұйқы мен демалыс режимінің бұзылуы) болуын белгілеген кезде аяқтайды.";

11 және 12-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

"11. Скринингтік зерттеулердің екінші кезеңі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес толық зерттеп-қарау арқылы зерттеу нәтижелерінің нормадан ауытқу себептерін белгілеу үшін өткізіледі.

12. Пациентте зерттеу нәтижелерінің нормадан ауытқулар болған кезде АЕК ұйымының дәрігері скринингтік зерттеу түріне байланысты МАЖ-да жолдаманы қалыптастыру арқылы оны скринингтің екінші кезеңіне жібереді.

Скринингтік зертеулердің екінші кезеңінің көлеміне сәйкес келетін бұрын көрсетілген (соңғы үш ай ішінде) медициналық қызметтердің нәтижелері болған кезде АЕК ұйымының дәрігері клиникалық диагнозды белгілей отырып, скринингті аяқтайды.";

17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"17. Скринингтік зерттеулер барысында анықталған созылмалы аурулары бар пациенттер "Динамикалық байқауға жататын созылмалы аурулардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-109/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21262 болып тіркелген) сәйкес есепке алынуға және динамикалық байқауға жатады.

Жіті аурулар анықталған кезде зерттеп-қарау жүргізіледі, толық сауыққанға дейін пациенттің денсаулық жағдайын кейіннен бағалау арқылы емдеу тағайындалады.

Скринингтік зерттеулерден өтпеген нысаналы топқа (жүктілігі, ауруы, бекітілген орнының өзгеруі, елден тыс жерлерге уақытша шығуы себептері бойынша және азамат скринингтік зерттеулерден өтуден бас тартқан жағдайда) белгіленген мерзімділігін сақтай отырып, келесі күнтізбелік жыл ішінде скринингтік зерттеулерді жүргізуге жол беріледі.

Қорытынды кезеңде АЕК ұйыдарының дәрігері МАЖ-ға мінез-құлықтық қауіп факторларын, қорытынды диагнозды бөліп көрсете отырып скринингтік зерттеулердің нәтижелерін енгізеді, толық зерттеп-қарау, байқау бойынша ұсынымдар береді, сондай-ақ мынадай скринингті аяқтау негіздерін көрсетеді: скринингтік зерттеулерді аяқтау, скрининг мерзімдерінің өтуі, пациенттің қайтыс болуы, АЕК басқа ұйымына бекітілуі.

Жағдайдың аяқталуы – МСАК ұйымына диагностика (қорытынды диагноз), емдеу (нәтижесі (көмек көрсету нәтижесі) бойынша жүгінуіне сәйкес қызмет көрсету бағытының соңында шешімді МАЖ-да тіркеу.

Жүргізілген скринингтік зерттеулердің нәтижелерін осы зерттеулерді жүзеге асыратын денсаулық сақтау субъектілері электрондық денсаулық паспортына енгізеді.

Техникалық мүмкіндік болмаған кезде медициналық құжаттама кейіннен МАЖ-ға бір күнтізбелік айдан кешіктірілмей енгізіле отырып, қағаз түрінде ресімделеді.";

көрсетілген қағидаларға 1 және 2-қосымшалар осы бұйрыққа 2 және 3-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушыТ. Мұратов
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы 2025 жылғы 29 шілдедегі № 71 бұйрығына 1-қосымша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-174/2020 бұйрығына 1-қосымша

Скринингтік зерттеулерге жататын адамдардың нысаналы топтары

Р/с №Нысаналы тобыСкринингтік зерттеулердің түрі
1Нысаналы топ жасына жеткен артериялық гипертензия, жүректің ишемиялық ауруы, қант диабеті, глаукома және мінез-құлық қауіп факторларымен динамикалық байқауда тұрмаған, 40, 42, 44, 46, 48, 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68, 70, 72, 74, 76 жастағы* ерлер мен әйелдерАртериялық гипертензия, жүректің ишемиялық ауруы, қант диабеті, глаукома және мінез-құлық қауіп факторларын ерте анықтау үшін
2Нысаналы топ жасына жеткен сүт безінің қатерлі ісіктерімен динамикалық байқауда тұрмаған 40, 42, 44, 46, 48, 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68, 70, 72, 74, 76 жастағы* әйелдерСүт безі обырын ерте анықтау үшін
3Нысаналы топ жасына жеткен жатыр мойнының қатерлі ісіктерімен динамикалық байқауда тұрмаған 30, 34, 38, 42, 46, 50, 54, 58, 62, 66, 70, 74 жастағы* әйелдерЖатыр мойны обырын ерте анықтау үшін
4Нысаналы топ жасына жеткен тоқ ішектің қатерсіз және қатерлі ісіктерімен динамикалық байқауда тұрмаған 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68, 70, 72, 74, 76 жастағы* ерлер мен әйелдерКолоректальды обырды ерте анықтау үшін
5Нысаналы топ жасына жеткен Цереброваскулярлық аурулар бойынша динамикалық байқауда тұрмаған 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68, 70, 72, 74, 76 жастағы* ерлерЖіті ми қанайналым бұзылуының даму қаупін ерте анықтау үшін
6Тәуекел топтары: 1) медицина жұмыскерлері: - инвазивті емшараларды жүргізетін, қан өндіруге қатысатын, гемодиализбен айналысатын қан қызметі ұйымдары; - хирургиялық, стоматологиялық, гинекологиялық, акушерлік, гематологиялық бейіндер, сонымен қатар диагностика мен емдеудің инвазивті әдістерін жүргізетін; - клиникалық, иммунологиялық, вирусологиялық, бактериологиялық, паразитологиялық зертханалар; 2) жоспарлы және шұғыл хирургиялық араласуларға жатқызылған пациенттер; 3) гемодиализ, гематология, онкология, трансплантация, жүрек-қан тамырлары және өкпе хирургиясы орталықтары мен бөлімшелерінің пациенттері; 4) гемотрансфузия, ағзаларды (ағзалардың бөліктерін), тіндерді, жыныстық, феталдық, дің жасушаларын және биологиялық материалдарды трансплантаттау және ауыстырып салатын пациенттер; 5) жүкті әйелдер; 6) өмір салтынының ерекшеліктеріне байланысты АИТВ-инфекциясын жұқтырудың жоғары тәуекеліне ұшырайтын халықтың негізгі топтарындағы адамдар.В және С вирусты гепатитін ерте анықтау үшін (2-кезең)
*Нысаналы топ жасына жеткен жыл болып күнтізбелік жылдың кезеңі есептеледі (қаңтардан желтоқсанға дейін), ол кезеңде нысаналы топ өкілі белгіленген жасқа жетеді.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы 2025 жылғы 29 шілдедегі № 71 бұйрыққа 2-қосымша Скринингтік зерттеулерді жүргізудің қағидалары, көлемі мен мерзімділігіне 1-қосымша/

Скринингтік зерттеулерге жататын адамдардың нысаналы топтарын скринингтік зерттеулердің көлемі

№Нысаналы топКезеңСкринингтік зерттеулер көлеміКөрсетілетін қызметтер топтамасының атауы
1Нысаналы топ жасына жеткен Z13.8 кодына сәйкес артериялық гипертензия, жүректің ишемиялық ауруы, қант диабеті, глаукома және мінез-құлық қауіп факторларымен динамикалық бақылауда тұрмаған, 40, 42, 44, 46, 48, 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68, 70, 72, 74, 76 жастағы ерлер мен әйелдер1Қабылдау: мейіргер не фельдшер; Қан сарысуындағы төмен тығыздықты липопротеидтерді анализатор көмегімен анықтау; Қан сарысуындағы триглицеридтерді талдауыш көмегімен анықтау; Қан сарысуындағы глюкозирленген глюкозаны анықтау; Маклаков бойынша көзішілік қысымды өлшеу не жанаспайтын пневмотонометрия Қабылдау (1-кезеңді аяқтау немесе 2-кезеңге жіберу үшін): Терапевт, Отбасы дәрігері не Жалпы практика дәрігеріТМККК
2Артериялық гипертензия, жүректің ишемиялық ауруына күдік болған кезде электрокардиографиялық зерттеуді (12 жалғамы) толық жазуТМККК
Глаукомаға күдік туғанда офтальмологтың консультациясыМӘМС
Қабылдау: Терапевт, Отбасы дәрігері не Жалпы практика дәрігеріТМККК
2Нысаналы топ жасына жеткен Z13.6 кодына сәйкес цереброваскулярлық аурулар бойынша динамикалық байқауда тұрмаған 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68, 70, 72, 74, 76 жастағы ерлер1Қабылдау: МейіргерТМККК
Брахиоцефалдық бағанның УДДГ-сыМӘМС
Қабылдау: Терапевт, Отбасы дәрігері не Жалпы практика дәрігеріТМККК
2Консультация: Тамырлы хирургМӘМС
Қабылдау: Терапевт, Отбасы дәрігері не Жалпы практика дәрігеріТМККК
3Нысаналы топ жасына жеткен Z12.3 кодына сәйкес сүт безінің қатерлі ісіктерімен динамикалық байқауда тұрмаған 40, 42, 44, 46, 48, 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68, 70, 72, 74, 76 жастағы әйелдер1Қабылдау: Мейіргер, фельдшер Маммография (4 сурет) Қабылдау (1-кезеңді аяқтау немесе 2-кезеңге жіберу үшін): Терапевт, Отбасы дәрігері не Жалпы практика дәрігеріТМККК
Консультация (рентгенограмманы екінші рет оқу); Консультация: РентгенологТМККК
2Сүт бездерінің ультрадыбыстық зерттеуі; Мақсатты маммография (1 проекция); Көрсетілімдер бойынша стереотактикалық жетекшілікпен пункциялық/аспирациялық биопсия; Көрсетілімдер бойынша 3-күрделілік санатындағы операциялық-биопсиялық материалының 1 блок-препаратын гистологиялық зерттеу; Көрсетілімдер бойынша трепанбиопсия; Консультация: онколог не онколог-хирург не маммологТМККК
Қабылдау: Терапевт, Отбасы дәрігері не Жалпы практика дәрігеріТМККК
4Нысаналы топ жасына жеткен Z12.4 кодына сәйкес жатыр мойнының қатерлі ісіктерімен динамикалық байқауда тұрмаған 30, 34, 38, 42, 46, 50, 54, 58, 62, 66, 70, 74 жастағы әйелдер1Қабылдау: Мейіргер не фельдшер не акушер; Онкоцитологияға жағынды алу; Қабылдау (1-кезеңді аяқтау немесе 2-кезеңге жіберу үшін): Терапевт, Отбасы дәрігері не Жалпы практика дәрігеріТМККК
Жатыр мойнынан жағынды цитологиялық зерттеу сұйықтық цитология аппаратындағы ПАП-тестТМККК
2Консультация: акушер-гинеколог; Бейнекольпоскопия немесе кольпоскопия; Көрсетілімдер бойынша жатыр мойны биопсиясы; Көрсетілімдер бойынша 3-күрделілік санатындағы операциялық-биопсиялық материалының 1 блок-препаратын гистологиялық зерттеу; Консультация: Онколог не онколог-хирург не онколог-гинекологТМККК
Қабылдау: Терапевт, Отбасы дәрігері не Жалпы практика дәрігеріТМККК
5Нысаналы топ жасына жеткен Z12.1 кодына сәйкес жуан ішектің қатерлі және қатерсіз ісіктерімен динамикалық байқауда тұрмаған 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68, 70, 72, 74, 76 жастағы ерлер мен әйелдер1Қабылдау: Мейіргер, фельдшерТМККК
Экспресс әдіспен нәжісте жасырын қанды анықтау (гемокульт-сынама)ТМККК
Қабылдау (1-кезеңді аяқтау не 2-кезеңге жіберу үшін): Терапевт, Отбасы дәрігері не Жалпы практика дәрігеріТМККК
2Көрсетілімдер бойынша ішкі тамыр арқылы анестезия Жаппай скринингтік бейнеколоноскопия; Көрсетілімдер бойынша 3-күрделілік санатындағы операциялық-биопсиялық материалының 1 блок-препаратын гистологиялық зерттеу; Консультация: ОнкологТМККК
Қабылдау: Терапевт, Отбасы дәрігері не Жалпы практика дәрігеріТМККК
6Нысаналы топ жасына жеткен Z11.5 кодына сәйкес В және С вирустық гепатитін ерте анықтау үшін қауіп тобындағы адамдарды скринингтік зерттеу (2 кезең)1Қабылдау: Мейіргер не фельдшер; Венадан қан алуТМККК
2ИФА әдісімен қан сарысуындағы HbsAg анықтау; ИФА әдісі арқылы қан сарысуындағы С гепатиті вирусына жиынтық антиденелерді анықтау; Сапалы ПТР әдісін қолдану арқылы биологиялық материалда С гепатиті вирусының РНҚ-сын анықтауМӘМС
Қабылдау: Терапевт, Отбасы дәрігері не Жалпы практика дәрігеріТМККК

Ескертпе:

ТМККК-Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі
МӘМС-Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру
РНҚ-Рибонуклеин қышқылы
ПТР-Полимеразды тізбекті реакция
УДДГ-Ультрадыбыстық доплерография
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы 2025 жылғы 29 шілдедегі № 71 бұйрыққа 3-қосымша Скринингтік зерттеулерді жүргізудің қағидалары, көлемі мен мерзімділігіне 2-қосымша

Скринингтік зерттеулерге жататын адамдардың нысаналы топтарының скринингтік зерттеулерінің мерзімділігі мен оны аяқтау мерзімдері

№Нысаналы топтың атауыМерзімділігіЗерттеудің аяқтау мерзімі
1Нысаналы топ жасына жеткен артериялық гипертензия, жүректің ишемиялық ауруы, қант диабеті, глаукома және мінез-құлық қауіп факторларымен динамикалық байқауда тұрмаған, 40, 42, 44, 46, 48, 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68, 70, 72, 74, 76 жастағы ерлер мен әйелдер2 жылда 1 рет60 күн
2Нысаналы топ жасына жеткен сүт безінің қатерлі ісіктерімен динамикалық байқауда тұрмаған 40, 42, 44, 46, 48, 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68, 70, 72, 74, 76 жастағы әйелдер2 жылда 1 рет60 күн
3Нысаналы топ жасына жеткен жатыр мойнының қатерлі ісіктерімен динамикалық байқауда тұрмаған 30, 34, 38, 42, 46, 50, 54, 58, 62, 66, 70, 74 жастағы әйелдер4 жылда 1 рет60 күн
4Нысаналы топ жасына жеткен Цереброваскулярлық аурулар бойынша байқауда тұрмаған 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68, 70, 72, 74, 76 жастағы ерлер2 жылда 1 рет60 күн
5Нысаналы топ жасына жеткен тоқ ішектің қатерсіз және қатерлі ісіктерімен динамикалық байқауда тұрмаған 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68, 70, 72, 74, 76 жастағы ерлер мен әйелдер2 жылда 1 рет60 күн
6В және С вирустық гепатиттерін ерте анықтауға азаматтардың декреттелген санаттары (2-кезеңдік)6 айда 1 реттен жиі емес3 ай

Іздеу атаулары: №71 бұйрық, 71-бұйрық, приказ 71, жетпіс бірінші бұйрық, 71 бұйрық скачать.

Маңызды

Материал ақпараттық мақсатта берілген. Диагноз бен емді дәрігер анықтайды.

Біз саған жазып
бере аламыз!

Реферат немесе медициналық тақырыптағы материал керек пе? Тақырыбыңды WhatsApp-қа жібер.