Мақала
Бұйрықтар

№ 150 бұйрық (19.11.2025): толық мәтін және скачать

Жаңа

"Емделу үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 15 ақпандағы № ҚР ДСМ-18 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2025 жылғы 19 қарашадағы № 150 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 20 қарашада № 37446 болып тіркелді

Бұйрық нөмірі
150
Қабылданған күні
19.11.2025
Актіні өзгерту күні
Көрсетілмеген
Мәртебесі
Жаңа

Дереккөз: «Әділет» АҚЖ ресми мәтіні. Мәтін алынған күн: 2026-10-20.

Бұйрықтың мәтіні

БҰЙЫРАМЫН:

1. "Емделу үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 15 ақпандағы № ҚР ДСМ-18 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22226 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"1. Қоса беріліп отырған Емделу үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) бекітілсін.";

мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

"1-1. Қағидалардың 11-тармағының екінші, үшінші, төртінші және бесінші бөліктерінің, 17-тармағының екінші бөлігінің, 19-1-тармағының, 20-тармағының екінші және үшінші бөліктерінің, 21-тармағының үшінші бөлігінің және 22-1-тармағының ережелері 2025 жылғы 15 қыркүйекке дейін қол қойылған Қағидалардың 4 және 5-тармақтарында көрсетілген құжаттар негізінде туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады деп белгіленсін.";

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Емделу үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану қағидаларына 1-қосымшада :

реттік нөмірлері 2 және 7-жолдар алып тасталсын.

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министріА. Альназарова

"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі

Іздеу атаулары: №150 бұйрық, 150-бұйрық, приказ 150, жүз елуінші бұйрық, 150 бұйрық скачать.

Маңызды

Материал ақпараттық мақсатта берілген. Диагноз бен емді дәрігер анықтайды.

Біз саған жазып
бере аламыз!

Реферат немесе медициналық тақырыптағы материал керек пе? Тақырыбыңды WhatsApp-қа жібер.