Мақала
Бұйрықтар

№ 91 бұйрық (11.08.2026): толық мәтін және скачать

Жаңа

"Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтер көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің жұмыскерлерін көтермелеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-278/2020 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2026 жылғы 11 тамыздағы № 91 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 13 тамызда № 39579 болып тіркелді

Бұйрық нөмірі
91
Қабылданған күні
11.08.2026
Актіні өзгерту күні
Көрсетілмеген
Мәртебесі
Жаңа

Дереккөз: «Әділет» АҚЖ ресми мәтіні. Мәтін алынған күн: 2026-10-20.

Бұйрықтың мәтіні

Құжаттың мазмұны
  1. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектісі қызметі нәтижелерінің индикаторлары

БҰЙЫРАМЫН:

1. "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтер көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің жұмыскерлерін көтермелеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-278/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21824 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтер көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің жұмыскерлерін көтермелеу қағидаларында :

19 , 20 , 20-1 және 21-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

"19. Есепті тоқсанға учаскедегі жүкті әйелдердің санына байланысты ана өлімі индикаторының мәніне Pr түзету коэффициенті қолданылады:

1,0 – учаскеде 30 және одан да көп жүкті әйел,

0,8 – учаскеде 20-29 жүкті әйел,

0,6 – учаскеде 10-19 жүкті әйел,

0,4 – учаскеде 9 жүкті әйелден аз,

0 – учаскеде жүкті әйел жоқ.

20. Нәресте өлімі индикаторын есептеу осы Қағидаларға 5-қосымшадағы 2-кестеге сәйкес нозологияларды қоспағанда, МСАК деңгейінде алдын алу туралы Қордың сарапшылары растаған нәресте өлімі жағдайлары болмаған жағдайда, есепті кезеңде мынадай формула бойынша кіші индикаторлардың мәндері бойынша жиынтық жүргізіледі:

Ti2 = (Ui2.1+Ui2.2) * Pc

Ti2 – "МСАК деңгейінде алдын алуға болатын нәресте өлімі" индикаторы бойынша жалпы балл саны,

Pc – тоқсан ішінде учаскеде 1 жасқа дейінгі балалар бойынша коэффициент.

Ui2.1 – мынадай формуламен есептелетін, "Босандыру ұйымынан шығарылғаннан кейін алғашқы 3 тәулікте жаңа туған нәрестелерге патронаждың баруын қамту" индикаторы бойынша балл саны:

Ui2. 1 = PN /D * 100 %

PN – тоқсан ішінде босандыру ұйымынан шығарылғаннан кейін алғашқы 3 тәулікте патронаждың баруымен қамтылған жаңа туған нәрестелер саны,

D – тоқсан ішінде стационардан шығарылған босанған әйелдердің саны.

Нәтижесі:

90 % және одан жоғары – 8 балл

80-89 % - 5 балл

70-79 % - 2 балл

70 %-дан төмен – 0 балл

U2.2 – "Жүктіліктің бірінші триместрінде пренатальды скрининг қызметтерімен қамту" кіші индикаторы бойынша балл саны мынадай формуламен есептеледі:

U2. 2 = Ps/P*100 %

Ps – 1 триместрде пренатальды скринингтен өткен, тоқсан ішінде мерзімді пренатальды скринингтен өткен әйелдер саны,

P – тоқсан ішінде бірінші триместрде пренатальды скрининг жүргізуге жататын жүкті әйелдердің саны.

Нәтижесі:

90 % және одан жоғары – 8 балл

80-89 % - 5 балл

70-79 % - 2 балл

70 % - дан төмен – 0 балл.

20-1. Нәресте өлімі индикаторының мәніне есептік тоқсандағы учаскеде 1 жасқа дейінгі балалардың санына байланысты Pc түзету коэффициенті қолданылады:

1,0 – учаскеде 1 жасқа дейінгі 35 және одан көп бала,

0,8 – учаскеде 1 жасқа дейінгі 25-34 бала,

0,6 – учаскеде 1 жасқа дейінгі 10-24 бала,

0,4 – учаскеде 1 жасқа дейінгі 9 баладан аз,

0 – учаскеде 1 жасқа дейінгі бала жоқ.

21. Аудиологиялық скринингтің екінші кезеңімен қамту индикаторын есептеу мынадай формула бойынша жүргізіледі:

Ti3= CM/N * 100 %

CM – тоқсан ішінде туған күніне қарамастан, МСАК-та аудиологиялық скринингтің 2-кезеңінен өткен 1 жас, 2 жас, 3 жас және 6 жас аралығындағы балалардың саны,

N – тоқсан ішінде осы Қағидаларға 5-қосымшадағы 3-кестеге сәйкес аурулар бойынша динамикалық байқаудағы балаларды қоспағанда, учаскеде бекітілген 1 жас, 2 жас, 3 жас және 6 жас аралығындағы балалардың саны (МСАК-тың басқа субъектілеріне бекітуден шыққандарды ескере отырып).

Нәтижесі:

20 % және одан жоғары – 9 балл

15-19 % - 6 балл

10 - 14 % - 3 балл

10 %-дан төмен - 0 балл.";

28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"28. МСАК субъектілерінің аумақтық учаскелерінің деңгейіне дейін ЫК сомасын есептеу осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "Медициналық-санитариялық алғашқы көмек тарифіне қосымша компонент" цифрлық жүйесінде (бұдан әрі – МКҚК) автоматтандырылған режимде тоқсан сайын есепті айдан кейінгі айдың 10 күніне дейін, бұл ретте ағымдағы жылдың 4-тоқсанында келесі жылдың қаңтарында жүзеге асырылады.";

40-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"40. Егер есептік кезеңде аумақтық учаске жағдайында қызметтер көрсететін жұмыскерлерді ынталандыруға арналған ЫК сомасы толық көлемде бөлінбесе, онда есептік кезеңдегі ЫК сомасының қалдығы индикаторлар сомасы денсаулық сақтау субъектісінің барлық учаскелері бойынша орташа балдан 10%-ға және одан да көп асатын учаскелердің жұмыскерлерін қосымша ынталандыруға комиссияның шешімі бойынша жіберіледі, егер:

Кәсіпкерлік Кодексте айқындалған тәртіппен мемлекеттік бақылау нәтижелері бойынша және "Медициналық көрсетілетін қызметтер (көмек) сапасына ішкі және сыртқы сараптамаларды ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 3 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-230/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21727 болып тіркелген) сәйкес жүргізілетін ішкі сараптама нәтижелері бойынша пациенттерді қолдау және ішкі бақылау (аудит) қызметі тарапынан анықталған бұзушылықтар болмаған жағдайда;

Қордың аумақтық бөлімшелері медициналық қызметтердің сапасын бақылау бойынша жүргізілген сараптаманың нәтижелері бойынша бұзушылықтар болмаған жағдайда.";

көрсетілген Қағидаларға 2-қосымшада :

реттік нөмірлері 9, 10 және 11-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

"

918 жасқа дейінгі аборт жасау жағдайларыСтационарлық науқастардың электрондық тіркелімі: "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) (бұдан әрі - № 175 бұйрық) сәйкес уәкілетті орган бекіткен стационардан шыққан адамның статистикалық картасы. Автоматтандырылған цифрлық жүйе – Емхана: № 175 бұйрыққа сәйкес уәкілетті орган бекіткен амбулаториялық пациенттің медициналық картасы.2.7-ден аз
10Бекітілген халық қатарынан қантты диабеттің асқынуларымен емдеуге жатқызылған науқастарды емдеуге жатқызу деңгейіСНЭТ: № 175 бұйрыққа сәйкес уәкілетті орган бекіткен стационардан шыққан адамның статистикалық картасы.Төмендеу
11Бекітілген халық қатарынан созылмалы расталған темір тапшылығы анемиясымен емдеуге жатқызылған науқастарды емдеуге жатқызу деңгейіСНЭТ: № 175 бұйрыққа сәйкес уәкілетті орган бекіткен стационардан шыққан адамның статистикалық картасы.Төмендеу

";

4-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министріА. Альназарова
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі
2026 жылғы 11 тамыздағы
№ 91
Бұйрыққа қосымша
Тегін медициналық көмектің
кепілдік берілген көлемі
шеңберінде және (немесе)
міндетті әлеуметтік
медициналық сақтандыру
жүйесінде медициналық
қызметтер көрсететін денсаулық
сақтау субъектілерінің
жұмыскерлерін көтермелеу
қағидаларына
4-қосымша

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектісі қызметі нәтижелерінің индикаторлары

индикатордың №индикатордың атауыкішіи ндикатордың №кіші индикатордың атауыЕсептеу тәсіліЖоспарлы мәніКүтілетін әсер
алымбөлгішкөбейту
123456789
1Ана өлімі (АӨ болмаған кезде, есептеу индикаторлар бойынша жүргізіледі)Тоқсан ішінде бекітілген халық арасында ана өлімі жағдайларының саны0Болмауы
1.1Жүктілік бойынша және 10 аптаға дейінгі мерзімде ерте есепке қоюТоқсан ішінде жүктілік бойынша есепке алынған жүктілік мерзімі 10 апта 6 күн дейінгі әйелдер саныТоқсан ішінде есепке алынған жүкті әйелдердің саны100 (%)50%Ұлғаю
1.2Жүктілік кезінде алғаш рет экстрагенитальды аурулармендиагностика жасалған жүкті әйелдердің үлес салмағыТоқсан ішінде жүктілік кезінде алғаш рет ЭГА диагностика жасалған, есепке алынған жүкті әйелдердің саныТоқсан ішінде есепке алынған ЭГА бар жүкті әйелдердің саны100 (%)20 артық емес%Төмендеу
1.3Жүктіліктің алдындағы дайындықпен қамтылған жүктілік бойынша есепке алынған әйелдердің үлесітоқсан ішінде бұрын жүктіліктің алдындағы дайындықпен қамтылған, жүктілік бойынша есепке алынған әйелдердің саныТоқсан ішінде есепке алынған жүкті әйелдердің саны100 (%)50%Ұлғаю
1.4Ауыр жағдайда жүкті және босанғаннан кейінгі әйелдердің емделіп шыққан жағдайларының саны (босанғаннан кейін 42 күнге дейін)тоқсан ішінде ауыр жағдайда емделіп шыққан жүкті және босанғаннан кейінгі әйелдердің саны (босанғаннан кейін 42 күнге дейін)0Болмауы
2МСАК деңгейінде алдын алуға болатын нәресте өлімі (НӨ болмаған кезде есептеу индикаторлары бойынша жүргізіледі)Тоқсан ішінде бекітілген халық арасында сараптамамен расталған МСАК деңгейінде алдын алуға болатын 1 жасқа дейінгі балалар өлімінің саны0Болмауы
2.1Босандыру ұйымынан шығарылғаннан кейін алғашқы 3 тәулікте жаңа туған нәрестелерге патронажбен барудың қамтуТоқсан ішінде босандыру ұйымынан шығарылғаннан кейін алғашқы 3 тәулікте патронажға бару қамтылған жаңа туған нәрестелер саныТоқсан ішінде стационардан шығарылған босанған әйелдердің саны100 (%)90%Ұлғаю
2.2Жүктіліктің 1-ші триместрінде пренатальды скрининг қызметтерімен қамтуТоқсан ішінде 1-ші триместрде мерзімді пренатальды скринингтен өткен жүкті әйелдердің саныТоқсан ішінде 1-ші триместрде мерзімді пренатальды скринингке жататын әйелдердің саны100 (%)90 %Ұлғаю
3Аудиологиялық скринингтің екінші кезеңімен қамтуТоқсан ішінде МСАК-та аудиологиялық скринингтің 2 кезеңінен өткен 1 жас, 2 жас, 3 жас және 6 жас аралығындағы балалардың саныТоқсан ішінде динамикалық байқаудағы балаларды қоспағанда, учаскеде бекітілген 1 жас, 2 жас, 3 жас және 6 жас аралығындағы балалардың саны (МСАКтың басқа субъектілеріне бекітуден шыққандарды ескере отырып).100 (%)20 %Ұлғаю
4Бактериологиялық растауы бар диагностикаланған өкпеде орналасқан туберкулезТоқсан ішінде бекітілген халық арасында өкпе туберкулезінің алғаш анықталған жағдайларының саныәр жағдай үшін 5 АЕКБолуы
50-1 сатыдағы қатерлі ісіктердің алғаш рет анықталған жағдайларыТоқсан ішінде бекітілген халық арасында 0-1 – сатыдағы қатерлі ісік диагнозымен алғаш рет анықталған жағдайлар саныәр жағдай үшін 5 АЕКБолуы
6Жүрек-тамыр жүйесі ауруларының асқынулары бар науқастарды емдеуге жатқызу деңгейі6.1АГ бар науқастарды қамту: 1) тығыздығы төмен липопротеидтерді анықтау, 2) АКҚ есептеу үшін бір реттік несепте микроальбуминді анықтау, 3) АКҚ есептеу үшін бір реттік несепте креатининді анықтау 4) ШСЖ есептеу үшін қан сарысуындағы креатининді анықтауТоқсан ішінде 4 КД қызмет алған АГ бар пациенттердің саныТоқсан ішінде АГ-мен динамикалық байқаудағы пациенттер саны100 (%)20%Ұлғаю
6.2ЖИА, СЖЖ бар пациенттерді көрсетілетін қызметтермен қамту 1) эхокардиография 2) ИФТ-әдісімен қан сарысуындағы pro-BNP (натрийуретикалық пептидтер) созылмалы жүрек функциясының жеткіліксіздігінің диагностикасыТоқсан ішінде 1 КД көрсетілетін қызметті алған ЖИА, СЖЖ бар пациенттердің саныТоқсан ішінде ЖИА, СЖЖ-мен динамикалық байқаудағы пациенттер саны100 (%)10%Ұлғаю
6.3АДҚ-мен қамтылған АГ бар пациенттердің үлесі 1) гипертензияға қарсы препараттар (бета-блокаторлармен, АӨФ-тежегіштерімен)Тоқсан ішінде АДҚ қамтылған АГ диагнозы қойылған динамикалық байқаудағы пациенттер санытоқсан ішінде АГ-мен динамикалық байқаудағы пациенттер саны100 (%)70%Ұлғаю
6.4АДҚ қамтылған ЖИА, СЖЖ бар пациенттердің үлесі 1) антикоагулянттар, 2) статин, 3) диуретикалық (торасемид және спиронолактон, 4) жүрек гликозидтерТоқсан ішінде АДҚ қамтылған ЖИА, СЖЖ диагнозы бар динамикалық байқаудағы пациенттердің саны,Тоқсан ішінде ЖИА, СЖЖ динамикалық байқаудағы пациенттер саны,100%70%Ұлғаю
6.5Стационардан шығарылғаннан кейін күнтізбелік 15 күн ішінде стационарлық деңгейде алғаш рет анықталған АГ, ЖИА, СЖЖ бар пациенттерді динамикалық байқаумен қамтуТоқсан ішінде АГ, ЖИА, СЖЖ-мен динамикалық байқауға алынған пациенттердің саныТоқсан ішінде АГ, ЖИА, СЖЖ алғаш рет анықталған стационарда емделіп шыққан пациенттердің саны100 %90 %Ұлғаю
6.6Тәулік бойы стационарларда жүрек-тамыр жүйесі ауруларының асқынулары бар, АГ, ЖИА және СЖЖ бар динамикалық байқауда тұрғандар қатарынан емделіп шыққандар саныТәулік бойы стационарларда жүрек-тамыр жүйесі ауруларының асқынулары бар, АГ, ЖИА және СЖЖ бар динамикалық байқауда тұрғандар қатарынан емделіп шыққандар саны0Болмауы
7II типті қантты диабет асқынулары бар науқастарды емдеуге жатқызу деңгейі7.1II типті ҚД бар пациенттерді көрсетілетін қызметтермен қамту: 1) қандағы гликирленген гемоглобинді анықтау 2) АКҚ есептеу үшін бір реттік несептегі креатининді анықтау 3) АКҚ есептеу үшін бір реттік несептегі микроальбуминді анықтау 4) ШСЖ есептеу үшін қан сарысуындағы креатининді анықтауТоқсан ішінде 4 КД көрсетілетін қызметті алған II типті ҚД бар пациенттердің саныСол күнгі учаскедеді II типті ҚД бар динамикалық байқауда тұрған пациенттердің саны100 (%)20 %Ұлғаю
7.2II типті ҚД пациенттерін "офтальмоскопия" көрсетілетін қызметімен қамтуТоқсан ішінде офтальмоскопия КД көрсетілетін қызметті алған II типті ҚД бар пациенттердің саныСол күнгі учаскедегі II типті ҚД бар пациенттердің саны (11.3 және 11.7 қоспағанда)100 (%)20 %Ұлғаю
7.3АДҚ-мен қамтылған II типті ҚД бар пациенттердің үлесіТоқсан ішінде дәрілік заттармен қамтамасыз етілген II типті ҚД диагнозымен динамикалық байқаудағы пациенттердің саныСол күнгі учаскедегі II типті ҚД бар динамикалық байқауда тұрған пациенттердің саны100 (%)90 %Ұлғаю
7.4Стационардан шығарылғаннан кейін күнтізбелік 15 күн ішінде стационарлық деңгейде алғаш рет анықталған II типті ҚД бар пациенттерді динамикалық байқаумен қамтуТоқсан ішінде II типті ҚД диагнозымен динамикалық байқауға алынған пациенттердің саныТоқсан ішінде алғаш рет анықталған II типті ҚД бар стационарда емделіп шыққан пациенттердің саны100 (%)90 %Ұлғаю
7.5Тәулік бойы стационарларда II типті ҚД динамикалық байқауда тұратындар қатарынан II типті ҚД асқынулары бар емделіп шыққандардың саныТәулік бойы стационарларда II типті ҚД динамикалық байқауда тұратындар қатарынан II типті ҚД асқынулары бар емделіп шыққандардың саны0Болмауы

Пайдаланылатын аббревиатуралар:

АГ - артериялық гипертензия

АДҚ - амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету

АЕК – айлық есептік көрсеткіш

АӨ - ана өлімі

АТФ ингибиторлары - ангиотензин түрлендіретін фермент ингибиторлары

ЖИА - жүректің ишемиялық ауруы

КД – консультациялық-диагностикалық

ҚД - қантты диабет

МСАК – медициналық-санитариялық алғашқы көмек

НӨ - нәресте өлімі

СЖЖ - созылмалы жүрек функциясының жеткіліксіздігі

ЭГА - экстрагенитальдық аурулар

Іздеу атаулары: №91 бұйрық, 91-бұйрық, приказ 91, тоқсан бірінші бұйрық, 91 бұйрық скачать.

Маңызды

Материал ақпараттық мақсатта берілген. Диагноз бен емді дәрігер анықтайды.

Біз саған жазып
бере аламыз!

Реферат немесе медициналық тақырыптағы материал керек пе? Тақырыбыңды WhatsApp-қа жібер.