Мақала
Бұйрықтар

№ 92 бұйрық (17.08.2026): толық мәтін және скачать

Жаңа

"Мектепке дейінгі, мектеп жасындағы балаларды, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарының білім алушыларын қоса алғанда, халықтың нысаналы топтарына профилактикалық медициналық қарап-тексерулерді жүргізу қағидаларын, көлемі мен мерзімділігін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-264/2020 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2026 жылғы 17 тамыздағы № 92 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 18 тамызда № 39610 болып тіркелді

Бұйрық нөмірі
92
Қабылданған күні
17.08.2026
Актіні өзгерту күні
Көрсетілмеген
Мәртебесі
Жаңа

Дереккөз: «Әділет» АҚЖ ресми мәтіні. Мәтін алынған күн: 2026-10-20.

Бұйрықтың мәтіні

Құжаттың мазмұны
  1. Мектепке дейінгі, мектеп жасындағы балаларды, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарының білім алушыларын қоса алғанда, халықтың нысаналы топтарына профилактикалық медициналық қарап-тексерулерді жүргізу қағидалары, көлемі мен мерзімділігі
  2. 1-тарау. Жалпы ережелер
  3. 2-тарау. Халықтың нысаналы топтарына, оның ішінде мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балаларға, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарының білім алушыларына профилактикалық медициналық қарап-тексерулерді жүргізу тәртібі
  4. Мектепке дейінгі, мектеп жасындағы балаларды, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарының білім алушыларын қоса алғанда, халықтың нысаналы топтарына профилактикалық медициналық қарап-тексерулер көлемі
  5. Бес жастан бастап балаларда Кетле индексін есептеу
  6. Қыздардағы сүт бездерінің даму сатылары
  7. Қыздарда қасаға аймағының түктенуінің даму сатылары
  8. Ұл балаларда сыртқы жыныс мүшелерінің даму сатылары
  9. Ұл балаларда жыныстық түктенудің даму сатылары
  10. Қыздардың репродуктивті денсаулығын бағалау парағы (он екі, он төрт, он алты жас)
  11. Қыздарды акушер-гинекологтың консультациясына жолдау үшін көрсетілімдер.
  12. Эндокриндік жүйенің жай-күйін бағалау (он – он сегіз жас)
  13. Эндокринологқа жолдау үшін көрсетілімдер.
  14. Нерв жүйесінің жай - күйін бағалау (он, он төрт, он бес, он алты, он жеті жас)
  15. Невропатологқа жолдау үшін көрсетілімдер.
  16. Көру ағзаларының денсаулығын бағалау парағы (он, он төрт, он бес, он алты, он жеті жас)
  17. Офтальмолог дәрігерге жолдау үшін көрсетілімдер
  18. ЛОР ағзаларының денсаулығын бағалау парағы (он, он төрт, он бес, он алты, он жеті жас)
  19. Оториноларинголог дәрігерге жолдау үшін көрсетілімдер
  20. Стоматологиялық денсаулығын бағалау парағы (алты – он сегіз жас)
  21. Стоматологқа жолдау үшін көрсетілімдер:
  22. Хирургиялық патологияларды бағалау парағы (он, он төрт, он бес, он алты, он жеті жас)
  23. Хирург дәрігерге жолдау үшін көрсетілімдер.
  24. Профилактикалық медициналық қарап-тексерулер нәтижелері бойынша анықталған сауықтыру алгоритмі

БҰЙЫРАМЫН:

1. "Мектепке дейінгі, мектеп жасындағы балаларды, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарының білім алушыларын қоса алғанда, халықтың нысаналы топтарына профилактикалық медициналық қарап-тексерулерді жүргізу қағидаларын, көлемі мен мерзімділігін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-264/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемелекеттік тіркеу тізімілінде № 21820 тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 86-бабының 11-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

көрсетілген бұйрықпен бекітілген мектепке дейінгі, мектеп жасындағы балаларды, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарының білім алушыларын қоса алғанда, халықтың нысаналы топтарына профилактикалық медициналық қарап-тексерулерді жүргізу қағидалары , көлемі мен мерзімділігі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ана мен бала денсаулығын сақтау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министріА. Альназарова
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі
2026 жылғы 17 тамыздағы
№ 92 бұйрығына
қосымша/
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2020 жылғы 15 желтоқсандағы
№ ҚР ДСМ-264/2020
бұйрығына 1-қосымша

Мектепке дейінгі, мектеп жасындағы балаларды, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарының білім алушыларын қоса алғанда, халықтың нысаналы топтарына профилактикалық медициналық қарап-тексерулерді жүргізу қағидалары, көлемі мен мерзімділігі

1-тарау. Жалпы ережелер

1. Осы мектепке дейінгі, мектеп жасындағы балаларды, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарының білім алушыларын қоса алғанда, халықтың нысаналы топтарына профилактикалық медициналық қарап-тексерулерді жүргізу қағидалары, көлемі мен мерзімділігі (бұдан әрі – Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 86-бабының 11-тармағына сәйкес әзірленді және халықтың нысаналы топтарына профилактикалық медициналық қарап-тексерулерді жүргізу тәртібін, көлемін және мерзімділігін айқындайды.

2. Халықтың нысаналы тобы бір айдан бастап он сегіз жасқа дейінгі балалар болып табылады.

Профилактикалық медициналық қарап-тексерулер осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес халықтың нысаналы топтарына профилактикалық медициналық қарап-тексерулерді жүргізу көлемі мен мерзімділігіне сәйкес тиісті жасқа толған жылы жүргізіледі.

3. Профилактикалық медициналық қарап-тексерулерді кейіннен динамикалық байқаумен және сауықтырумен меншік нысанына қарамастан, сондай-ақ жылжымалы медициналық кешендер мен медициналық поездар пайдаланыла отырып, медициналық - санитариялық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілері (бұдан әрі – МСАК ұйымдары) жүзеге асырады.

4. МСАК ұйымдары:

1) мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарында балаларға профилактикалық медициналық қарап-тексерулер жүргізу үшін жағдай жасауды;

2) осы қарап-тексерулерді жүргізу үшін бейінді медициналық ұйымдармен сабақтастықты;

3) балалардың заңды өкілдерін профилактикалық медициналық қарап-тексерулерден өту қажеттілігі мен талаптары туралы медициналық цифрлық жүйелер (бұдан әрі – МЦЖ), мобилді қосымшалар арқылы хабардар етуді;

4) ауылдық елді мекендерде тұратын нысаналы халық топтарына профилактикалық медициналық қарап-тексерулерді жүргізу үшін МСАК ұйымдары мамандарының көшпелі шығу графигін әзірлеуді;

5) мектепке дейінгі балаларға (мектепке дейінгі ұйымдарға баратын), мектеп жасындағы балаларға профилактикалық медициналық қарап-тексерулерді ұйымдастыру үшін аумақтық МСАК ұйымдары мамандарының білім беру ұйымдарына (бар болған жағдайда), оның ішінде мектепке дейінгі ұйымдарға шығу графигін кұруды;

6) профилактикалық медициналық қарап-тексерулер жүргізілген күні балаға қатыгездік көрсету фактілері анықталған жағдайда, бала құқықтарын қорғау жөніндегі ішкі істер органдарына және жергілікті атқарушы органдарға хабарлауды;

7) балаларда аурулардың симптомдары немесе белгілері анықталған жағдайда, сондай-ақ балалардың немесе олардың заңды өкілдерінен шағым болған жағдайда одан әрі зерттеп-қарау жүргізу, диагнозды нақтылау, диспансерлік бақылауға алу және сауықтыру мақсатында бейінді маманға жолдауды;

8) профилактикалық медициналық қарап-тексерулердің нәтижелеріне есепті кезеңнен кейінгі айдың бес күнінен кешіктірмей астананың, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына ақпаратты ұсынумен ай сайын талдау жүргізуді қамтамасыз етеді.

2-тарау. Халықтың нысаналы топтарына, оның ішінде мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балаларға, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарының білім алушыларына профилактикалық медициналық қарап-тексерулерді жүргізу тәртібі

5. Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балаларды профилактикалық медициналық қарап-тексерулер білім беру ұйымдарының аумағына шығу арқылы аумақтық МСАК ұйымдарының мамандарымен жүргізіледі.

Белгіленген күні профилактикалық медициналық қарап-тексеруден өтпеген білім беру ұйымдарының балалары осы білім беру ұйымындағы басқа қарап – тексерулер өтетін күндері немесе бекітілген жері бойынша МСАК ұйымында қарап-тексеруден өтуге жіберіледі.

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарында білім алушы балалар бекітілген жері бойынша МСАК ұйымында профилактикалық медициналық қарап-тексеруден өтеді.

6. Білім беру ұйымдарына бармайтын халықтың нысаналы топтарына профилактикалық медициналық қарап-тексерулер бекітілген жері бойынша МСАК ұйымында жүргізіледі.

7. Халықтың нысаналы тобына профилактикалық медициналық қарап-тексерулерді жүргізу: дайындық кезеңін, профилактикалық медициналық қарап-тексерулерді және қорытынды кезеңді қамтиды.

8. Дайындық кезеңін медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарының (медициналық пункт, фельдшерлік-акушерлік пункт, дәрігерлік амбулатория, медициналық-санитариялық алғашқы көмек орталығы, емхана, республикалық медициналық-санитариялық алғашқы көмек орталығы) орта медицина қызметкерлері жүзеге асырады және ол мыналарды қамтиды:

алдағы жылы профилактикалық медициналық қарап-тексеруге жататын балалардың тізімдерін жыл сайын қалыптастыру, кейіннен топтарды тоқсан сайын түзетумен, алдыңғы жылдың қараша айынан кешіктірілмей жүзеге асырылады;

балалардың заңды өкілдерін МЦЖ, мобилді қосымшалар арқылы профилактикалық медициналық қарап-тексерулер жүргізу қажеттілігі мен талаптары туралы хабардар ету;

Кодекстің 78-бабының 2-тармағына сәйкес он алты және одан жоғары жастағы кәмелетке толмағандармен немесе Кодекстің 134-бабының 3-тармағына сәйкес балалардың заңды өкілдерімен медициналық араласуға ерікті түрде ақпараттандырылған келісімді ресімдеу.

9. Алдағы жылы профилактикалық медициналық қарап-тексеруге жататын балалардың заңды өкілдерін хабардар ету ағымдағы жылғы жиырмасыншы қаңтардан кешіктірілмей жүзеге асырылады.

10. Профилактикалық медициналық қарап-тексеру "Денсаулық сақтау ұйымдарын медициналық бұйымдармен жарақтандырудың ең төменгі стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 29 қазандағы № 167 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21560 тіркелді) 43-қосымшаға сәйкес орта медицина қызметкерінің медициналық мақсаттағы бұйымдарды пайдалана отырып, балаларды қарап-тексеруді және МЦЖ-да нәтижелерін толтыруды көздейді.

11. Профилактикалық медициналық қарап-тексеру мынадай кезеңдерді қамтиды: дәрігерге дейінгі, білікті және мамандандырылған.

Дәрігерге дейінгі кезең МСАК ұйымдарының орта медицина қызметкері жүргізеді және мыналарды қамтиды:

1) антропометриялық өлшеулер жүргізу (бес жасқа дейінгі балаларға салмағы, бойы, бас шеңбері);

2) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес бес жастан бастап балаларда Кетле индексін есептеу;

3) "Скринингті ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 9 қыркүйектегі № 704 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6490 тіркелді) (бұдан әрі – № 704 бұйрық) сәйкес алты жасқа дейінгі балалардың дамуын бағалау;

4) артериялық қысымды өлшеу (алты жастағы және одан асқан балаларда);

5) плантография жүргізу және оны бағалау (бес жастағы және одан асқан балаларда);

6) он, он төрт, он бес және он алты жастағы балаларды қоса алғанда, электрокардиографиялық зерттеу (12 кескінде);

7) бір жас, екі жас алты ай, бес жас, он жас, он төрт жас, он алты жастағы балалардың жалпы қан мен несеп талдауы;

8) пульсоксиметрия (бір айдан бастап он сегіз жасқа дейін);

9) екі жас, екі жас алты ай, үш жас, төрт жас, бес жас, алты жас, жеті жас, сегіз жас, тоғыз жас, он жас, он бір жас, он екі жас, он үш жас, он төрт жас, он бес жас, он алты жас, он жеті жас аралығындағы балалардың ауыз қуысын профилактикалық қарап-тексеруге жолдамалар қалыптастыру.

12. Біліктілік кезеңін педиатр дәрігер не жалпы практика дәрігері жүргізеді және баланың денсаулығын, психикалық-физикалық және жыныстық дамуын бағалау, дәрігерге дейінгі қарап-тексеру деректерін ескере отырып қатыгездікпен қарау белгілерін анықтауды қамтиды.

Біліктілік кезеңі барысында мыналар жүргізіледі:

1) тері жабындаларын (бозару, сарғаю, гиперемия, цианоз, бөртпе, безеу, ісіну, пастоз) және бастың шаш бөлігін (педикулез) қарап-тексеру;

2) физикалық зорлық-зомбылық белгілерін анықтау (таяқпен немесе шыбықпен соққаннан кейін соққан жердің көгеруі, белбеумен соққаннан кейін ілмек түріндегі қанталаған іздер, арқанмен немесе белдікпен байланған тартылған іздер, темекімен күйдірілген іздер, көз торынан қан кету, субдуральды гематомалар) немесе баланың негізгі қажеттіліктерінің қамтамасыз етілмеу белгілері (күтімнің, тамақтанудың, медициналық көмектің, қауіпсіздіктің болмауы);

3) көрінетін шырышты қабықтарды қарап-тексеру (көздің конъюнктивалары, ауыз қуысы, жұтқыншақ, таңдай бадамшалары, таңдай, мұрын қуысы);

4) шеткі лимфа түйіндерін (жақтың асты, желке, құлақтың жаны, мойын, қолтық асты, шап) қарап-тексеру және саусақпен басып көру;

5) кеуде қуысын, омыртқа бағанасын және аяқ-қолды қарап-тексеру;

6) қан айналым ағзаларын зерттеу (жүрек аймағын қарап-тексеру, жүректің аускультациясы), тамыр соғуының жиілігін, толықтығын, ырғағын анықтау.

Аускультация кезінде жүрек қағысының анық болуы мен таза болуы бағаланады.

Жүректің шуы анықталған жағдайда әртүрлі қалыпта (тұру, жату), сондай-ақ дозаланған дене жүктемесімен функциялық сынама жүргізіледі;

7) тыныс алу ағзаларын зерттеу (өкпенің аускультациясы, тыныс алу жиілігін анықтау);

8) есту өткірлігін зерттеу нәтижелерін бағалау, құлақ қалқандарын, сыртқы есту жолдарын қарап-тексеру, мұрын қуысының өткізгіштігін, жұтқыншақты, бездерді қарап-тексеру нәтижелерін бағалау (алты жастан бастап);

9) пульсоксиметрия және артериялық қысымды өлшеу нәтижелерін бағалау;

10) ас қорыту ағзаларын зерттеу (іш қуысын, оң жақ гипохондрия аймағын, бауырды, эпигастрий аймағын, көкбауырды, оң және сол жақ мықын аймақтарын саусақпен басып көру). Ауыз қуысының, еріннің, ұртының, тілдің, қызыл иектің, тістердің, таңдайдың жай-күйіне көңіл бөлінеді;

11) осы Қағидаларға 3 , 4 , 5 , 6-қосымшаларға сәйкес қайталама жыныстық белгілердің қалыптасу кезеңдері ескеріле отырып (он жастан бастап) жыныстық дамуды бағалау;

12) осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес қыздардың репродуктивті денсаулығының жай-күйін (он екі, он төрт, он алты жас) бағалау.

Қыздарда гинекологиялық аурудың, жыныстық дамудың бұзылуының, гормоналды бұзылулардың және басқа да жағдайлардың (сыртқы жыныс ағзаларының жарақаты) болуын көрсететін функциялық ауытқулар немесе симптомдар анықталған кезде оларды тұрғылықты жері бойынша акушер гинекологқа жолдау жүзеге асырылады;

13) осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес эндокринология жүйесін бағалау;

14) осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нерв жүйесіның жай-күйін бағалау;

15) осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес ЛОР ағзаларының жай-күйін бағалау;

16) №704 бұйрығына сәйкес туғаннан алты жасқа дейінгі нервтік – психикалық дамуды бағалау.

13. Мамандандырылған кезең "Денсаулық сақтау саласындағы мамандықтар мен мамандандырулар номенклатурасын, денсаулық сақтау жүйесінің қызметкерлері лауазымдарының номенклатурасы мен біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы №ҚР ДСМ-305/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21856 тіркелді) сәйкес 6 жасқа дейінгі балаларға бейінді мамандықтардың дәрігерлерімен балалар хирургымен, балалар невропатологымен, балалар оториноларингологымен, балалар офтальмологымен, балалар стоматологымен жүргізіледі және МЦЖ-да нәтижелерді толтыра отырып қарап - тексеруді қамтиды:

1) балалар хирургы (алты жасқа дейінгі балаларда): тері жабындысын қарап-тексеруді (өспелер, жарақаттан кейінгі, күйік және операциядан кейінгі тыртықтар) ; ерте жастағы балаларда кіндік сақинасының кеңеюін бар/жоғын, шап және кіндік жарықтарын, іштің ақ сызығының жарығын анықтау, крипторхизмді, тік ішектің түсуін, тірек-қимыл аппаратының туа біткен даму ақауларын анықтау; мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балаларда омыртқаның деформациясы, дене бітімінің бұзылысы, кеуде қуысының деформациясы, аяқ-қол, ірі және ұсақ буындардың функцияларының деформациясын анықтауды, аяқ басының иірімдерінің жай-күйін қарап-тексеруді, плантограмманы бағалауды, жүрісті бағалау, ұл балаларда аталық бездердің төмен түсуін анықтауды, несеп-жыныс жүйесі патологиясын анықтауды жүргізеді;

2) балалар неврологы (алты жасқа дейінгі балаларда): жалпы қарап-тексеруді (дермографиялық белгілердің, тамыр суретінің болуын анықтау); бас сүйек-ми нервтерінің, қозғалыс функцияларының; сіңір, периостит, тері рефлекстерінің; сезімтал ағзалар аясын зерттеуді; жоғары психикалық функцияларды бағалауды (сөйлеу, ойлау, мінез-құлық, сөзді түсіну); вегетативті реттеуді бағалауды жүргізеді;

3) балалар офтальмологы (алты жасқа дейінгі балаларда): көздің көру өткірлігін анықтауды; рефракцияны скринингтік зерттеуді; көру ағзасын және көздің қосалқы аппаратын қарап-тексеруді; көз қозғалысы функцияларын бағалауды; бүйірден өтетін және өтпелі жарық жағдайында көздің алдыңғы бөлігін қарап-тексеруді; офтальмоскопия жүргізеді;

4) балалар оториноларингологы (алты жасқа дейінгі балаларда): мұрынның тыныс алу функциясын; алдыңғы риноскопияны; артқы риноскопияны; фарингоскопияны; мойын лимфа түйіндерін саусақпен басып көруді (жақ асты, алдыңғы және артқы мойын, құлақ артын); отоскопияны; есту қабілетін қарап-тексеруді жүргізеді;

5) балалар стоматологы (алты жасқа дейінгі балаларда): тістеу, пародонт, гигиена индекстері, тіс жегісінен тістің зақымдану қарқындылығы жай-күйін, тіс жегісінің, гингивиттің белсенділік дәрежесін бағалай отырып, балалардың ауыз қуысын кешенді зерттеп-қарауды жүргізеді, диспансерлеу, оңалту және профилактика жоспарын құрайды.

Егер МСАК ұйымында:

1) балалар неврологы болмаса, онда профилактикалық медициналық қарап-тексерулерді жүргізуге № ҚР ДСМ-305/2020 бұйрығына сәйкес "неврология (ересектер, балалар)" мамандығы бойынша сертификаты бар ересек/балалар невропатологы қатысады;

2) балалар оториноларингологы болмаса, онда профилактикалық медициналық қарап-тексерулерді жүргізуге № ҚР ДСМ-305/2020 бұйрығына сәйкес "оториноларингология (ересектер, балалар)" мамандығы бойынша сертификаты бар ересек/балалар оториноларингологы қатысады;

3) балалар офтальмологы болмаса, онда профилактикалық медициналық қарап-тексерулерді жүргізуге № ҚР ДСМ-305/2020 бұйрығына сәйкес "офтальмология (ересектер, балалар)" мамандығы бойынша сертификаты бар ересек/балалар офтальмологы қатысады;

4) балалар стоматологы болмаса, онда профилактикалық медициналық қарап-тексерулерді жүргізуге "Стоматологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 24 ақпандағы № 31 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31970 тіркелді) сәйкес "Стоматология", "Тіс дәрігері (дантист)", "Стоматологиялық гигиенист" мамандықтары бойынша техникалық және кәсіптік медициналық білімі бар маман қатысады.

14. Мамандандырылған кезеңді алты жастан бастап он сегіз жасқа дейінгі балаларға педиатр дәрігермен не жалпы практика дәрігерімен, тіс дәрігерімен, даснтистпен және бейінді мамандар (хируг, офтальмолог) кабинеттерінің мейіргерлерімен жүргізіледі:

1) офтальмолог кабинетінің мейіргері (алты жастағы балаларға):

осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көру ағзаларының денсаулығын бағалау парағын толтыруды;

көздің көру өткірлігін анықтау; рефракцияны скринингтік зерттеуді; көру ағзасын, көздің қосалқы аппаратын қарап-тексеруді; көз қозғалысы функцияларын бағалау; бүйірден өтетін және өтпелі жарық жағдайында көздің алдыңғы бөлігін қарап-тексеруді; офтальмоскопия жүргізеді;

ауытқулар анықталған кезде педиатр дәрігерге не жалпы практика дәрігеріне жібереді.

2) тіс дәрігері/дантист (алты жастан бастап балаларға):

осы Қағидаларға 12-қосымша сәйкес нысан бойынша стоматологиялық денсаулығын бағалау парағын толтырады:

тістеу, пародонт, гигиена индекстері, тіс жегісінен тістің зақымдану қарқындылығы жай-күйін, тіс жегісінің, гингивит белсенділік тістің дәрежесін бағалай отырып, балалардың ауыз қуысын кешенді зерттеп-қарауды жүргізеді;

ауытқулар анықталған кезде педиатр дәрігерге не жалпы практика дәрігеріне жібереді.

Білім беру ұйымдарында балалардың ауыз қуысын профилактикалық медициналық қарап-тексерулер стоматологиялық аурулардың профилактикасы кабинетінің болуына қарамастан жүргізіледі.

3) хирург кабинетінің мейіргері (алты жастағы балаларға):

осы Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хирургиялық патологияларын бағалау парағын толтырады;

тері жабындысын қарап-тексеруді (өспелер, жарақаттан кейінгі, күйік және операциядан кейінгі тыртықтар); іш аймағын және шап аймақтарын қарап-тексеру (шап және кіндік жарықтарын, іштің ақ сызығының жарығының болуы);

дене бітімі мен омыртқаның пішінін бағалау (дене бітімінің бұзылысы белгілерін, дене бітімінің қисықтығын анықтау); кеуде қуысын қарап-тексеруді (деформация белгілері); аяқ-қолды қарап-тексеруді (деформациялар, аяқ-қол осі); ірі және ұсақ буындардың функциясын бағалау (белсенді қозғалыстардың көлемі, симметриялылығы - функционалдық сынамаларсыз); аяқ басын бағалау, аяқ иірімдерінің жай-күйін бағалау; плантограмманы бағалау (жабдық болған жағдайда); жүрісін бағалауды жүргізеді;

ауытқулар анықталған жағдайда педиатр дәрігерге не жалпы практика дәрігеріне жібереді.

15. Жүргізілген профилактикалық медициналық қарап-тексерулер нәтижелері бойынша балаларда диагнозы профилактикалық қарап-тексеру жүргізу кезінде белгілеу мүмкін емес аурулардың симптомдары және/немесе белгілері анықталған кезде балаларды бекітілген жері бойынша МСАК ұйымының педиатр дәрігері не жалпы практика дәрігері арқылы бейінді маманның консультациясына жолдама беру жүзеге асырылады.

Профилактикалық медициналық қарап-тексерулер нәтижелері консультацияға, зертханалық зерттеулерге және динамикалық байқауға жіберуді қоса алғанда, МЦЖ-да пациенттің цифрлық бағдарын автоматты түрде қалыптастырады.

16. Қорытынды кезеңде балаларды профилактикалық медициналық қарап-тексерулерге қатысатын мамандар МЦЖ-ға қарап-тексерулер нәтижелерін енгізеді.

17. Профилактикалық медициналық қарап-тексерулердің аяқталуына қарай педиатр дәрігер не жалпы практика дәрігері бейінді мамандар және зертханалық-аспаптық кабинеттердің қорытындысын ескере отырып, зерттеулерді мынадай "денсаулық топтарын" анықтай отырып, балалар денсаулығының жай-күйіне кешенді бағалау жүргізеді:

1-топ – дені сау балалар;

2-топ – дені сау, бірақ функциялық ауытқулары бар, сондай-ақ жіті және созылмалы ауруларға қарсы тұру қабілеті төмен, қауіп факторлары бар балалар;

3-топ – организмнің функциялық мүмкіндіктері сақталған, компенсация жай-күйінде созылмалы аурумен ауыратын балалар;

4-топ – организмнің функциялық мүмкіндіктері айтарлықтай төмендеген, субкомпенсация жай-күйінде созылмалы аурулары бар балалар;

5-топ – организмнің функциялық мүмкіндіктері айтарлықтай төмендеген, декомпенсация жай-күйінде созылмалы аурулары бар балалар.

Профилактикалық медициналық қарап-тексерулер нәтижелері заңды өкілдеріне МЦЖ, мобилді қосымшалар арқылы жеткізіледі.

18. 2, 3, 4, 5 денсаулық топтарына жататын балалар МСАК ұйымдарында тиісті бейінді мамандармен динамикалық байқауға және сауықтыруға жатады.

19. Балалардың денсаулық жай-күйіне байланысты дене шынықтыру сабақтарына арналған мынадай топтар айқындалады:

I - негізгі топ – 1 және 2-денсаулық топтары бар балалар (шектеусіз жалпы білім беру бағдарламасы);

II – дайындық тобы – 3-денсаулық тобы бар балалар (белгілі бір қозғалыс түрлеріне қарсы көрсетілімдердің болуын ескере отырып, дене белсенділігін шектейтін білім беру бағдарламасы);

III - арнайы тобы – 4-денсаулық тобы бар балалар (физикалық белсенділікті шектеу);

IV – босатылған топ – 5-денсаулық тобы бар балалар (балалармен емдеу-дене шынықтыру жүргізіледі).

Балаларды бейінді мамандарға консультацияға немесе телемедициналық консультацияға жіберген жағдайда, дене шынықтырумен айналысуға арналған топ бейінді маманның қорытындысы алынғаннан кейін, педиатр дәрігермен не жалпы практика дәрігерімен түзетіледі.

20. Профилактикалық медициналық қарап-тексерулердің аяқталуына қарай педиатр дәрігер не жалпы практика дәрігері денсаулық тобын көрсете отырып, физикалық және нервтік-психикалық дамуын бағалай отырып, эпикриз және қорытынды ресімдейді. Қорытындыда толық зерттеп-қарау, санитариялық-гигиеналық қағидаларды сақтау, режим, дене тәрбиесі және шынығу, профилактикалық егулерді жүргізу, шектеулі жай-күйлері мен аурулардың профилактикасы, дене шынықтыру бойынша ұсынымдар (негізгі немесе арнайы топ) және он бес жастан бастап ұл балаларға – әскери комиссариат үшін қорытынды мен ұсынымдар уәкілетті органның цифрлық жүйелерімен интеграциялау жолымен беріледі.

21. Оқушыларды профилактикалық медициналық қарап-тексерулер қорытындылары бойынша сауықтыру осы Қағидаларға 14-қосымшада көрсетілген алгоритмге сәйкес жүргізіледі.

Мектепке дейінгі, мектеп
жасындағы балаларды, сондай- ақ
техникалық және кәсіптік, орта білімнен
кейінгі және жоғары білім беру
ұйымдарының
білім алушыларын қоса алғанда,
халықтың нысаналы топтарына
профилактикалық медициналық
қарап-тексерулерді жүргізу
қағидалары, көлемі мен
кезеңділігіне 1-қосымша

Мектепке дейінгі, мектеп жасындағы балаларды, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарының білім алушыларын қоса алғанда, халықтың нысаналы топтарына профилактикалық медициналық қарап-тексерулер көлемі

№Профилактикалық медициналық қарап-тексерулер көлеміНысаналы топКөрсетілетін қызметтер топтамасының атауы
1234
1Қабылдау: Мейіргер не фельдшер1 айлық балаларТегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК)
Консультация: ХирургМіндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС)
Консультация: Невролог
Қабылдау: педиатр дәрігер не жалпы практика дәрігеріТМККК
2Қабылдау: мейіргер не фельдшер5 айлық балаларТМККК
Қабылдау: педиатр дәрігер не жалпы практика дәрігері
3Қабылдау: мейіргер не фельдшер6 айлық балаларТМККК
Консультация: ОториноларингологМӘМС
Консультация: Офтальмолог
Қабылдау: педиатр дәрігер не жалпы практика дәрігеріТМККК
4Қабылдау: мейіргер не фельдшер9 айлық балаларТМККК
Қабылдау: педиатр дәрігер не жалпы практика дәрігері
5Қабылдау: мейіргер не фельдшер12 айлық балаларТМККК
Жалпы қан талдауы
Жалпы несеп талдауы
Консультация: ХирургМӘМС
Консультация: Оториноларинголог
Консультация: Офтальмолог
Консультация: Невролог
Қабылдау: педиатр дәрігер не жалпы практика дәрігеріТМККК
6Қабылдау: мейіргер не фельдшер1 жастағы және 3 айлық балаларТМККК
Қабылдау: педиатр дәрігер не жалпы практика дәрігері
7Қабылдау: мейіргер не фельдшер1 жастағы және 6 айлық балаларТМККК
Қабылдау: педиатр дәрігер не жалпы практика дәрігері
8Қабылдау: мейіргер не фельдшер1 жастағы және 9 айлық балаларТМККК
Қабылдау: педиатр дәрігер не жалпы практика дәрігері
9Қабылдау: мейіргер не фельдшер2 жастағы балаларТМККК
Консультация: ОториноларингологМӘМС
Мектепке дейінгі балалардың, білім беру ұйымдарында балалардың жалпы орта білім беру ұйымдары оқушыларының ауыз қуысын профилактикалық қарап - тексерулер
Қабылдау: педиатр дәрігер не жалпы практика дәрігеріТМККК
10Қабылдау: мейіргер не фельдшер2 жастағы және 6 айлық балаларТМККК
Жалпы қан талдауы
Жалпы несеп талдауы
Консультация: ХирургМӘМС
Консультация: Оториноларинголог
Консультация: Невролог
Консультация: Офтальмолог
Мектепке дейінгі балалардың білім беру ұйымдарында балалардың жалпы орта білім беру ұйымдары оқушыларының ауыз қуысын профилактикалық қарап - тексерулер
Қабылдау: педиатр дәрігер не жалпы практика дәрігеріТМККК
11Қабылдау: мейіргер не фельдшер3 жастан бастап 4 жасқа дейінгі балаларТМККК
Мектепке дейінгі балалардың білім беру ұйымдарында балалардың жалпы орта білім беру ұйымдары оқушыларының ауыз қуысын профилактикалық қарап - тексерулерМӘМС
Қабылдау: педиатр дәрігер не жалпы практика дәрігеріТМККК
12Қабылдау: мейіргер не фельдшер4 жастан бастап 5жасқа дейінгі балаларТМККК
Мектепке дейінгі балалардың білім беру ұйымдарында балалардың жалпы орта білім беру ұйымдары оқушыларының ауыз қуысын профилактикалық қарап - тексерулерМӘМС
Қабылдау: педиатр дәрігер не жалпы практика дәрігеріТМККК
13Қабылдау: мейіргер не фельдшер5 жастан бастап 6 жасқа дейінгі балаларТМККК
Жалпы қан талдауы
Жалпы несеп талдауы
Консультация: Хирург
Консультация: ОтоларингологМӘМС
Консультация: Офтальмолог
Консультация: Невролог
Мектепке дейінгі балалардың білім беру ұйымдарында балалардың жалпы орта білім беру ұйымдары оқушыларының ауыз қуысын профилактикалық қарап - тексерулер
Қабылдау: педиатр дәрігер не жалпы практика дәрігеріТМККК
Қабылдау: мейіргер не фельдшер6 жастан бастап 7 жасқа дейінгі балаларТМККК
14Мектепке дейінгі балалардың білім беру ұйымдарында балалардың жалпы орта білім беру ұйымдары оқушыларының ауыз қуысын профилактикалық қарап - тексерулерМӘМС
Қабылдау: педиатр дәрігер не жалпы практика дәрігеріТМККК
15Қабылдау: мейіргер не фельдшер7 жастан бастап 8 жасқа дейінгі балаларТМККК
Мектепке дейінгі балалардың білім беру ұйымдарында балалардың жалпы орта білім беру ұйымдары оқушыларының ауыз қуысын профилактикалық қарап - тексерулерМӘМС
Қабылдау: учаскелік дәрігер не жалпы практика дәрігеріТМККК
16Қабылдау: мейіргер не фельдшер8 жастан бастап 9 жасқа дейінгі балаларТМККК
Мектепке дейінгі балалардың білім беру ұйымдарында балалардың жалпы орта білім беру ұйымдары оқушыларының ауыз қуысын профилактикалық қарап - тексерулерМӘМС
Қабылдау: педиатр дәрігер не жалпы практика дәрігеріТМККК
17Қабылдау: мейіргер не фельдшер9 жастан бастап 10 жасқа дейінгі балаларТМККК
Мектепке дейінгі балалардың білім беру ұйымдарында балалардың жалпы орта білім беру ұйымдары оқушыларының ауыз қуысын профилактикалық қарап - тексерулерМӘМС
Қабылдау: педиатр дәрігер не жалпы практика дәрігеріТМККК
18Қабылдау: мейіргер не фельдшер10 жастан бастап 11 жасқа дейінгі балаларТМККК
Жалпы қан талдауы
Жалпы несеп талдауы
Мектепке дейінгі балалардың білім беру ұйымдарында балалардың жалпы орта білім беру ұйымдары оқушыларының ауыз қуысын профилактикалық қарап - тексерулерМӘМС ТМККК
Хирург кабинеті мейіргерінің қарап-тексеруі
Офтальмолог кабинеті мейіргерінің қарап-тексеруі
Электрокардиографиялық зерттеу (12 кескінде)
Қабылдау: педиатр дәрігер не жалпы практика дәрігері
19Қабылдау: мейіргер не фельдшер11 жастан бастап 12 жасқа дейінгі балаларТМККК
Мектепке дейінгі балалардың білім беру ұйымдарында балалардың жалпы орта білім беру ұйымдары оқушыларының ауыз қуысын профилактикалық қарап - тексерулерМӘМС
ТМККК
Қабылдау: педиатр дәрігер не жалпы практика дәрігері
20Қабылдау: мейіргер не фельдшер12 жастан бастап 13 жасқа дейінгі балаларТМККК
Мектепке дейінгі балалардың білім беру ұйымдарында балалардың жалпы орта білім беру ұйымдары оқушыларының ауыз қуысын профилактикалық қарап - тексерулерМӘМС
Қабылдау: педиатр дәрігер не жалпы практика дәрігеріТМККК
21Қабылдау: мейіргер не фельдшер13 жастан бастап 14 жасқа дейінгі балаларТМККК
Мектепке дейінгі балалардың білім беру ұйымдарында балалардың жалпы орта білім беру ұйымдары оқушыларының ауыз қуысын профилактикалық қарап - тексерулерМӘМС
Қабылдау: педиатр дәрігер не жалпы практика дәрігеріТМККК
22Қабылдау: мейіргер не фельдшер14 жастан бастап 15 жасқа дейінгі балаларТМККК
Электрокардиографиялық зерттеу (12 кескінде)МӘМС
Жалпы қан талдауы
Жалпы несеп талдауыТМККК
Хирург кабинеті мейіргерінің қарап-тексеруі
Офтальмолог кабинеті мейіргерінің қарап-тексеруі
Мектепке дейінгі балалардың білім беру ұйымдарында балалардың жалпы орта білім беру ұйымдары оқушыларының ауыз қуысын профилактикалық қарап - тексерулер
Қабылдау: педиатр дәрігер, не жалпы практика дәрігері
23Қабылдау: мейіргер не фельдшер15 жастан бастап 16 жасқа дейінгі балаларТМККК
Электрокардиографиялық зерттеу (12 кескінде)МӘМС
Жалпы қан талдауы
Жалпы несеп талдауы
Хирург кабинеті мейіргерінің қарап-тексеруі
Офтальмолог кабинеті мейіргерінің қарап-тексеруіТМККК
Мектепке дейінгі балалардың білім беру ұйымдарында балалардың жалпы орта білім беру ұйымдары оқушыларының ауыз қуысын профилактикалық қарап - тексерулер
Қабылдау: педиатр дәрігер не жалпы практика дәрігері
24Қабылдау: мейіргер не фельдшер16 жастан бастап 17 жасқа дейінгі балаларТМККК
Электрокардиографиялық зерттеу (12 кескінде)
Жалпы қан талдауы
Жалпы несеп талдауы
Хирург кабинеті мейіргерінің қарап-тексеруі
Офтальмолог кабинеті мейіргерінің қарап-тексеруі
Мектепке дейінгі балалардың білім беру ұйымдарында балалардың жалпы орта білім беру ұйымдары оқушыларының ауыз қуысын профилактикалық қарап - тексерулер
Қабылдау: педиатр дәрігер не жалпы практика дәрігері
ТМККК
25Қабылдау: мейіргер не фельдшер17 жастан бастап 18 жасқа дейінгі балаларТМККК
Хирург кабинеті мейіргерінің қарап-тексеруіМӘМС
Офтальмолог кабинеті мейіргерінің қарап-тексеруі
Мектепке дейінгі балалардың білім беру ұйымдарында балалардың жалпы орта білім беру ұйымдары оқушыларының ауыз қуысын профилактикалық қарап - тексерулер
Қабылдау: педиатр дәрігер не жалпы практика дәрігеріТМККК
Мектепке дейінгі, мектеп
жасындағы балаларды, сондай- ақ
техникалық және кәсіптік, орта білімнен
кейінгі және жоғары білім беру
ұйымдарының білім алушыларын қоса
алғанда, халықтың нысаналы
топтарына профилактикалық медициналық
қарап-тексерулерді жүргізу
қағидалары, көлемі мен
кезеңділігіне 2-қосымша

Бес жастан бастап балаларда Кетле индексін есептеу

Балалардың өсу нормаларынан ауытқуыБалалардағы "ДСИ/жасы" көрсеткіші
> + 2 СОСеміздік
> + 1 СОАртық салмақ
≥ – 2 СО и ≤ + 1 СОҚалыпты
< – 2 СО и ≥ – 3 СОДене салмағының жеткіліксіздігі (тапшылығы)
< – 3 СОАйқын көрінетін дене салмағының тапшылығы
Мектепке дейінгі, мектеп
жасындағы балаларды, сондай- ақ
техникалық және кәсіптік, орта білімнен
кейінгі және жоғары білім беру
ұйымдарының
білім алушыларын қоса алғанда,
халықтың нысаналы топтарына
профилактикалық медициналық
қарап-тексерулерді жүргізу
қағидалары, көлемі мен
кезеңділігіне 3-қосымша

Қыздардағы сүт бездерінің даму сатылары

СатыларБелгілеріОрташа жас
1-сатыСүт бездері жыныстық жетілуге дейін; безді тін жоқ; ареоланың диаметрі ˂ 2 см, ареолалар бозғылт түсті
2-сатыЕмшек ұштарын саусақпен басып көруге болады; емшек ұшы айналасы ұлғаюда10 жас 9 ай (8 жас 9 ай – 12 жас 9 ай)
3-сатыСүт бездерінің толығуы; Емшек ұшы айналасы ұлғаюда11 жас 9 ай (9 жас 9 ай-13 жас 9 ай)
4-сатыАреола қарқынды түсте, емшек ұшы айналасы мен емшек ұштары бездердің бетінің үстінде екінші төмпешік пайда болады12 жас 9 ай (10 жас 5 ай – 15 жас 3 ай)
5-сатыЖетілген кеуде; тек емшек ұшы көрінеді; сүт безі тіндері мен ареола арасындағы контур тегіс14 – 15 жас
Мектепке дейінгі, мектеп
жасындағы балаларды, сондай- ақ
техникалық және кәсіптік, орта білімнен
кейінгі және жоғары білім беру
ұйымдарының
білім алушыларын қоса алғанда,
халықтың нысаналы топтарына
профилактикалық медициналық
қарап-тексерулерді жүргізу
қағидалары, көлемі мен
кезеңділігіне 4-қосымша

Қыздарда қасаға аймағының түктенуінің даму сатылары

СатыларыБелгілеріОрташа жасы
1-сатыТүктенудің болмауы
2-сатыЖыныстық еріндердің жан-жағына пигменттенген сирек шамалы ұзын шаштың өсуі11 – 12 жас
3-сатыҚасаға аймағына тарайтын пигменттенген ұзын шаштардың өсуі12 -12 жас 5 ай
4-сатыТүктену барлық қасаға аймағын алады, бірақ бұтарасында және санның ішкі бетінде жоқ13 -13 жас 5 ай
5-сатыЕресек түтіктену түрі: жоғарыдан төменге қарай үшбұрыштанып өседі. Санның ішкі жағында шаштың көлемі аз14 жастан жоғары
Мектепке дейінгі, мектеп
жасындағы балаларды, сондай- ақ
техникалық және кәсіптік, орта білімнен
кейінгі және жоғары білім беру
ұйымдарының
білім алушыларын қоса алғанда,
халықтың нысаналы топтарына
профилактикалық медициналық
қарап-тексерулерді жүргізу
қағидалары, көлемі мен
кезеңділігіне 5-қосымша

Ұл балаларда сыртқы жыныс мүшелерінің даму сатылары

СатыларБелгілеріОрташа жасы
1 -сатыАталық без, ұма және жыныс мүшесінің жыныстық жетілуі
2-сатыҰмасы ұлғаюда, сәл түсі өзгерген. Жыныс мүшесі ұлғаюының басталуы11 жас 5 ай (9 жас 2 ай -13 жас 7 ай)
3-сатыЖыныс мүшесінің ұзындығы мен диаметрінің ұлғаюы, ұма бүктеле бастайды12 жас 4 ай (10 жас 1 ай – 14 жас 6 ай)
4-сатыЖыныс мүшесі ұзындыққа қарай өседі, жыныс мүшесі басының диаметрі ұлғаюда, сыртқы жыныс мүшелері пигменттелген түске айналуда13 жас 2 ай (11 жас 2 ай – 15 жас 3 ай)
5-сатыСыртқы жыныс мүшелері ең үлкен мөлшерге жетеді13 жас 5 ай (11 жас 7 ай – 15 жас 3 ай )
Мектепке дейінгі, мектеп
жасындағы балаларды, сондай- ақ
техникалық және кәсіптік, орта білімнен
кейінгі және жоғары білім беру
ұйымдарының
білім алушыларын қоса алғанда,
халықтың нысаналы топтарына
профилактикалық медициналық
қарап-тексерулерді жүргізу
қағидалары, көлемі мен
кезеңділігіне 6-қосымша

Ұл балаларда жыныстық түктенудің даму сатылары

СатыларыБелгілеріОрташа жасы
1-сатыТүктенудің болмауы
2-сатыЖыныс мүшесінің негізгі орналасқан жерінде сирек өсетін пигменттелген шаштар12 жас (9 – 14 жас)
3-сатыШаш қараяды, қатаяды, бұйраланады. Түктену қасағаға таралады13 жас 1 ай (11 жас 2 ай – 15 жас)
4-сатыҚасаға аймағының толық түктенуі, бірақ сан пен іштің төменгі бөлігінің түктенуінің болмауы13 жас 9 ай (12 – 15 жас 8 ай)
5-сатыЕресек "үшбұрыш тәріздес" түтіктену түрі15 жас 5ай ± 7 ай
Мектепке дейінгі, мектеп
жасындағы балаларды, сондай- ақ
техникалық және кәсіптік, орта білімнен
кейінгі және жоғары білім беру
ұйымдарының
білім алушыларын қоса алғанда,
халықтың нысаналы топтарына
профилактикалық медициналық
қарап-тексерулерді жүргізу
қағидалары, көлемі мен
кезеңділігіне 7-қосымша

Қыздардың репродуктивті денсаулығын бағалау парағы (он екі, он төрт, он алты жас)

ТАӘ___________________________________________ Жасы___________

№СұрақтарИәЖоқ
1Сіз 1 жыл ішінде дене салмағыңызда қатты өзгерісті байқадыңыз ба (+__кг;) (- __кг;)
2Менструация қай жастан басталды?
3Менструация циклінің бұзылуын байқайсыз ба (45 күннен артық кешігу)
4Менструация түрі? (жиі, құйылып келе ме)
5Менструация циклдері арасындағы қанаралас бөлінулерді байқайсыз ба?
6Несеп шығару кезінде жиі ауырсынуды байқайсыз ба?
7Жыныстық жолдардан сұйық заттың бөлінуін байқайсыз ба?
8Сыртқы жыныс ағзаларында қышу, ашу, бөртпелерді байқайсыз ба?
9Іштің төменгі жағы, беліңіз ауыра ма?
10Сіз ішіңіздің өзгергенін және ұлғайғанын байқайсыз ба? (ісіну, асимметрия)
11Сіз жыныстық қатынаста болғансыз ба?

*Ескертпе: жоғарыда көрсетілген симптомдар болған жағдайда немесе жыныстық қатынаста болсаңыз сіз жастар денсаулық орталығына жүгіне аласыз.

Қыздарды акушер-гинекологтың консультациясына жолдау үшін көрсетілімдер.

1. Сауалнама жүргізу кезінде мынадай шағымдардың болуы:

1) қышу, ашу, қызару, бөртпелер, қасу іздері, эрозия, қақ, сыртқы жыныс ағзалары терісінің мен қынаптың лихенификация учаскелері; синехиялардың болуы және несеп шығуының қиындауы;

2) іштің ауыруы;

3) жыныс жолдарынан патологиялық бөліністердің болуы;

4) менструация циклінің бұзылуы - жыныстық жетілу кезеңінде 45 күннен артық менструация үзілісі, жыныстық жетілу жасына жетпей менструацияның болуы;

5) әртүрлі қарқында және ұзақтықта жыныс жолдарынан қанаралас бөліністер;

6) сексуалдық, жыныстық қатынастардың басталуы.

2. Қарап-тексерулер кезінде анықталған мынадай симптомдардың болуы:

1) іштің мен оның мөлшерінің өзгеруі;

2) жыныстық жетілу жасына жетпей сүт бездерінің және қасаға шашының өсуі;

3) қайталама жыныстық белгілердің (сүт бездері мен қасаға түктенуі) болмауы;

4) аплазия, гипоплазия, гиперплазия, гигантомастия, асимметрия және басқа ауытқулар, фиброзды-жылауық ауруы, жыныстық жетілу кезеңінде сүт бездерінің түйінді өспелері;

5) кез - келген жаста сыртқы жыныс ағзаларының, вульваның және қынаптың жарақаттық (тұрмыстық және зорлық-зомбылық) зақымдануы;

6) кез келген жаста физикалық дамудың кешігуі.

3. Басқа көрсетілімдердің болуы:

1) несеп талдауындағы патологиялық өзгерістер (бактериурия, лейкоцитурия, гематурия және басқа);

2) жыныстық гигиена мәселелері бойынша консультацияның қажеттілігі;

3) жыныстық жолмен берілетін инфекцияларды, оның ішінде АИТВ, "В" және "С" гепатиті вирустарын жұқтыру қаупі мәселелері бойынша консультацияның қажеттілігі;

4) сексуалды белсенді жасөспірімдерде, оның ішінде аборттан кейін контрацепция құралдарын жеке таңдау үшін консультацияның қажеттілігі.

5) жүктілік.

Мектепке дейінгі, мектеп
жасындағы балаларды, сондай- ақ
техникалық және кәсіптік, орта білімнен
кейінгі және жоғары білім беру
ұйымдарының
білім алушыларын қоса алғанда,
халықтың нысаналы топтарына
профилактикалық медициналық
қарап-тексерулерді жүргізу
қағидалары, көлемі мен
кезеңділігіне 8-қосымша

Эндокриндік жүйенің жай-күйін бағалау (он – он сегіз жас)

ТАӘ___________________________________________ Жасы___________

№СұрақтарИәЖоқ
1Жиі шөлдейсіз/сұйықтықты көп ішесіз бе?
2Дәретханаға жиі барасыз ба, әсіресе түнде жиі барасыз ба?
3Тез шаршайсыз, әлсіздік, ұйқыңыз келе ме?
4Соңғы айларды салмақ түсірдіңіз бе немесе салмақ қостыңыз ба?
5Терлейсіз бе?
6Ыстықты немесе суықты көтересіз бе?
7Баланың бойы құрдастарымен тең ба әлде аласа ма?
8Соңғы жылдары тым тез өсті ме?
9Артық салмақ бар ма?
10Тәбеті төмендеді ме немесе тәбеті шамадан тыс па?
11Үнемі тамақ жегісі келіп тұратындай өзін сезіне ме?
12Ауызының, терісінің құрғақтығы бар ма?
13Терісінің іріңдеп ауруы, қышуы жиі бола ма?
14Бұрын қанда қанттың жоғарылау жағдайлары болды ма?
15Қолы дірілдей ме, жүрек соғысы жиі бола ма?
16Іштің қатуы немесе себепсіз нәжістің сұйық болуы бар ма?
17Шаштың түсуі, тырнақтың сынуы?

Эндокринологқа жолдау үшін көрсетілімдер.

1. Мынадай шағымдардың болуы:

1) жиі шөлдейді / сұйықтықты көп ішеді;

2) дәретханаға жиі барады, әсіресе түнде жиі барады;

3) соңғы айларда тез салмақ түсірді немесе салмақ қосуы байқалады;

4) тез шаршау, әлсіздік, ұйқы келуі;

5) бас ауруы;

6) қатты терлеу;

7) ыстық немесе суықты нашар көтеруі;

8) құрдастарынан бойы аласа;

9) өткен жылы тым тез өсті;

10) артық салмақ;

11) тәбеттің төмендеуі немесе шамадан тыс жоғарылауы;

12) үнемі тамақ ішкісі келетін сезім;

13) ауыздың құрғауы, терінің құрғауы;

14) терінің жиі іріңдеп ауруы, қышуы;

15) бұрын қандағы қанттың жоғарылау жағдайлары болған;

16) қолдың дірілдеуі, жүрек соғысының жиілігі;

17) іш қатуы немесе нәжістің сұйық болуы;

18) шаштың түсуі, тырнақтың сынуы;

19) қыздарда менструалдық циклдің бұзылуы.

2. Қарап-тексерулер кезінде анықталған мынадай симптомдардың болуы:

1) бойы 3 перцентилиден төмен;

2) бойы 97 перцентилиден жоғары;

3) дене салмағы 3 перцентилиден төмен;

4) дене салмағы 97 перцентилиден жоғары;

5) қалқанша безі өскен;

6) 14 жастан асқанда сүт безінің өсуінің, түктенудің және менструацияның болмауы;

7) 15 жастан ЕКЖ дамуы кезінде менструацияның болмауы;

8) 12 жастан асқан баланың аталық безінің көлемі 1 мл-ден қысқа;

9) полидипсия, полиурия, полифагия, дене салмағының төмендеуі;

10) несеп мөлшері тәулігіне 2 литрден көп, сұйықтықты көп мөлшерде жиі ішуі;

11) стриялар, қатпарлардағы пигментациялар, құрғақ тері;

12) мойынның ісінуі / ұлғаюы;

13) жыныстық дамудың жасына сәйкес келмеуі;

14) жасөспірімдерде жыныстық дамудың кешігуі.

Мектепке дейінгі, мектеп
жасындағы балаларды, сондай- ақ
техникалық және кәсіптік, орта білімнен
кейінгі және жоғары білім беру
ұйымдарының
білім алушыларын қоса алғанда,
халықтың нысаналы топтарына
профилактикалық медициналық
қарап-тексерулерді жүргізу
қағидалары, көлемі мен
кезеңділігіне 9-қосымша

Нерв жүйесінің жай - күйін бағалау (он, он төрт, он бес, он алты, он жеті жас)

ТАӘ___________________________________________ Жасы___________

№СұрақтарИәЖоқ
1Басы жиі ауыра ма?
2Басы айнала ма?
3Әлсіздік бар ма, тез шаршайсыз ба?
4Естен тану немесе естен тану алдындағы жағдайлар?
5Бас ауруы кезінде жүрек айнуы бар ма?
6Ұйқыңыз бұзылған ба (ұйқысыздық, жиі ояну)?
7Тез, жиі ашулану белгілері бар ма?
8Есте сақтау қабілетінің, зейіннің, оқу үлгерімнің төмендеуі?
9Аса жоғары белсенділік немесе зейіннің айқын тұрақсыздығы бар ма?
10Құрысулар болды ма?
11Бұлшықет дірілдейме, бетіңіз тартыла ма?
12Қол дірілдей ме?
13Естен тану жағдайлары бар ма?
14Жүрістің бұзылысы бар ма?
15Жиі сүрініп, құлау?
16Қолдарыңыз немесе аяқтарыңызда әлсіздік бар ма?
17Қол, аяқ жансыздана ма?
18Арқа, мойын ауруына шағымыңыз бар ма?
19Жазуға, оқуға үйренуде қиындықтар бар ма?

Невропатологқа жолдау үшін көрсетілімдер.

1. Мынадай шағымдардың болуы:

1) бас ауруы;

2) бас айналуы;

3) әлсіздік, тез шаршау;

4) естен тану немесе талу алдындағы жағдайлар;

5) бас ауруы кезінде жүрек айнуы;

6) ұйқының бұзылуы (ұйқысыздық, жиі ояну);

7) ашушаңдық

8) есте сақтау қабілетінің, зейіннің, оқу үлгерімнің төмендеуі;

9) арқа, мойын аурулары;

10) естен тану жағдайлары;

11) құрысқақ, аяқ-қолдың тартылуы;

12) жүрістің бұзылуы;

13) жазуға, оқуға үйренуде қиындықтар.

2. Қарап-тексеру кезінде анықталған мынадай симптомдардың болуы:

1) аса жоғары белсенділік немесе зейіннің айқын көрінетін тұрақсыздығы;

2) бұлшықеттің дірілдеуі, аяқ-қолдың тартылуы;

3) қолды шайқау;

4) қолдардағы немесе аяқтардағы әлсіздік;

5) қолдың, аяқтың жансыздануы;

6) сүріну, құлау;

7) кекештену, сөйлеудің бұзылуы.

Мектепке дейінгі, мектеп
жасындағы балаларды, сондай- ақ
техникалық және кәсіптік, орта білімнен
кейінгі және жоғары білім беру
ұйымдарының
білім алушыларын қоса алғанда,
халықтың нысаналы топтарына
профилактикалық медициналық
қарап-тексерулерді жүргізу
қағидалары, көлемі мен
кезеңділігіне 10-қосымша

Көру ағзаларының денсаулығын бағалау парағы (он, он төрт, он бес, он алты, он жеті жас)

ТАӘ___________________________________________ Жасы___________

№СұрақтарИәЖоқ
1Жазуларды оң көзіңізбен алыстан көре аласыз ба?
2Мәтінді немесе заттарды көру үшін көзді сығырайтып қарайсыз ба?
3Заттарды көзге жақын ұстаудың қажеттілігі бар ма?
4Оқу, телефонды немесе компьютерді пайдалану кезінде көзіңіз тез шаршай ма?
5Екі затты қатарынан көретін жағдайлар бола ма?
6Өзіңізде немесе басқа адамдар сізде қылилықты байқайды ма?
7Құрғақтық, ашу, құм түскендей сезіну немесе көздің қызаруы бар ма?

Офтальмолог дәрігерге жолдау үшін көрсетілімдер

1. Мынадай шағымдардың болуы:

1) көздің қызаруы;

2) бір немесе екі көздің алыстан нашар көруі;

3) көзді сығырайту;

4) заттарды көзге жақын ұстау қажеттілігі;

5) көздің тез шаршауы немесе қажуы;

6) бұлыңғырлану немесе бұрмаланған көру;

7) қосарланған;

8) көздің ауырсынуы;

9) ашу, құм түскендей сезіну, көздің құрғақтануы;

10) конъюнктивалық қуыстан бөліндінің бөлінуі;

11) қатты жарыққа теріс әсері;

12) қарашықтың ақ түсті болуы ("ақ қарашық").

2. Бір немесе екі көзді болуы қарап-тексеру кезінде мынадай симптомдардың болуы:

1) көздің қызаруы;

2) алыстан көру қабілетінің нашарлауы;

3) көздің мұрынға, самайға, жоғары немесе төмен ауытқуы;

4) көз алмасы қозғалысының бұзылуы;

5) мойынның қисаюы (бастың дұрыс емес қалпы);

6) жарықтан қорқу, көзден жас ағу, блефароспазм;

7) қасаң қабықтың бұлыңғырлануы;

8) конъюнктивалық қуыстан бөліндінің бөлінуі;

9) көздің алдыңғы жағын абайлап басқанда көздің ауруы (цилиарлық ауырсыну);

10) қарашықтың қызғылт рефлексінің болмауы;

11) қабақтың төмен түсуі (птоз);

12) көз алмасының алға қарай патологиялық асимметриялы шығыңқылығы;

13) көздің және қосалқы аппараттың зақымдану белгілерінің болуы.

Мектепке дейінгі, мектеп
жасындағы балаларды, сондай- ақ
техникалық және кәсіптік, орта білімнен
кейінгі және жоғары білім беру
ұйымдарының
білім алушыларын қоса алғанда,
халықтың нысаналы топтарына
профилактикалық медициналық
қарап-тексерулерді жүргізу
қағидалары, көлемі мен
кезеңділігіне 11-қосымша

ЛОР ағзаларының денсаулығын бағалау парағы (он, он төрт, он бес, он алты, он жеті жас)

ТАӘ___________________________________________ Жасы___________

№СұрақтарИәЖоқ
1Мұрыныңыздың жиі ағатын байқайсыз ба (жылына 4-5 реттен аса)?
2Мұрынмен тыныс алу қиналасыз ба, ұйықтағанда қорылдайсыз ба?
3Мұрыннан жиі қан кетуін байқайсыз ба?
4Құлақ маңайында ауырсыну, есту қабілетінің төмендеуі бар ма?
5Құлақтың ағуын байқайсыз ба (іріңді, шырышты)?
6Ангина, тамақта ауырсыну, дауыстың қарлығуы жиі бола ма?
7Жұтынудың қиындауы немесе тамақта "түйін" тұрғандай сезінесіз бе?
8Мұрынның тыныс алуымен немесе құлақпен байланысты бас аурулары бар ма?
9Есту қабілетінің төмендеуін, теледидардың/телефонның дыбысын қатты қою қажеттілігін байқайсыз ба?
10Аллергиялық көріністер бар ма? (мұрынның бітелуі, түшкіру, мұрынның қышуы)
11Ауыздан жағымсыз иістің шығуы, созылмалы жөтелге шағымдар бар ма?

Оториноларинголог дәрігерге жолдау үшін көрсетілімдер

1. Мынадай шағымдардың болуы:

1) ЛОР-ағзаларының асқынуларымен жиі (>жылына 4-5 рет) жіті респираторлық инфекциялар;

2) аденоидтардың, бадамша бездердің гипертрофиясы;

3) естудің бұзылуы, есту қабілетінің төмендеуіне күдік, құлақтан бөлінділердің бөлінуі;

4) қайталанатын тонзиллит, созылмалы тонзиллит, дауыстың қарлығуы;

5) аллергиялық ринит, тұрақты аллергиялық көріністер;

6) бет немесе мұрынның деформациясы, ЛОР-ағзаларының жарақаттары;

7) есту қабілетіне байланысты сөйлеу дамуының кешігуіне кез келген күдік.

2. Қарап-тексеру кезінде анықталған мынадай симптомдардың болуы:

1) созылмалы мұрынның бітелуі, қорылдау, аденоидтарға күдік;

2) бадамша бездердегі қақ, тығындар, іріңді өзгерістер;

3) мұрыннан жиі қан кету;

4) мұрын қалқасының қисаюы, сыртқы мұрынның деформациясы;

5) мұрыннан бөліндінің бөлінуі (іріңді, шырышты), созылмалы ринит белгілері;

6) мұрынның шырышты қабығының ісінуі, полиптердің болуы;

7) құлақтан бөліндінің бөлінуі;

8) ауыздан жағымсыз иістің шығуы, созылмалы тонзиллит белгілері;

9) сөйлеу дамуының кешігуі, есту қабілетінің төмендеуіне күдік.

Мектепке дейінгі, мектеп
жасындағы балаларды, сондай- ақ
техникалық және кәсіптік, орта білімнен
кейінгі және жоғары білім беру
ұйымдарының
білім алушыларын қоса алғанда,
халықтың нысаналы топтарына
профилактикалық медициналық
қарап-тексерулерді жүргізу
қағидалары, көлемі мен
кезеңділігіне 12-қосымша

Стоматологиялық денсаулығын бағалау парағы (алты – он сегіз жас)

ТАӘ___________________________________________ Жасы___________

№СұрақтарИәЖоқ
1Қазіргі уақытта тісіңіздің ауырсынуы бар ма?
2Тістердің сезімталдығы байқала ма?
3Қызыл иектен қан кетуі бар ма?
4Ауыздан жағымсыз иіске шағымдарыңыз бар ма?

Стоматологқа жолдау үшін көрсетілімдер:

1. Мынадай шағымдардың болуы:

1) тістің ауырсынуы;

2) тістердің сезімталдығы;

3) қызыл иектің қанауы;

4) ауыз қуысынан жағымсыз иіс.

2. Қарап-тексеру кезінде мынадай симптомдардың болуы:

1) жұмсақ тіс қақтарының болуы;

2) тісте тастың болуы;

3) асқынбаған тіс жегісінің болуы;

4) асқынған тіс жегісінің болуы;

5) тістің қатты тіндерінің бастапқы деминерализациясының болуы;

6) пломбалардың болуы;

7) кариозды емес зақымданулардың болуы;

8) жарақаттық зақымданулардың болуы;

9) ауыз қуысының шырышты қабығында бөртпелердің болуы;

10) қызыл иектің қанауы;

11) тістердің тығыз орналасуы;

12) тістеу кезіндегі ауытқулар;

13) шайнау функциясының бұзылуы;

14) тұрақты тістердің жұптасуы және симметриясы;

15) ерін мен тіл жүгеншігінің дұрыс бекітілмеуі.

Мектепке дейінгі, мектеп
жасындағы балаларды, сондай- ақ
техникалық және кәсіптік, орта білімнен
кейінгі және жоғары білім беру
ұйымдарының
білім алушыларын қоса алғанда,
халықтың нысаналы топтарына
профилактикалық медициналық
қарап-тексерулерді жүргізу
қағидалары, көлемі мен
кезеңділігіне 13-қосымша

Хирургиялық патологияларды бағалау парағы (он, он төрт, он бес, он алты, он жеті жас)

ТАӘ___________________________________________ Жасы___________

№СұрақтарИәЖоқ
1Ішіңіз ауырады ма? (жиі/қатты)
2Несеп шығарғанда ауырсынасыз ба?
3Несеп шығару сирек бола ма немесе ауырсыну бар ма?
4Төсекке (күндіз немесе түнде) дәретке отырып қоясыз ба?
5Дәретке ыдыс сыртына немесе іш киімге отырып қоясыз ба?
6Нәжісіңіз қатты ма, іш қату 3 айдан астам уақытқа созылды ма?
7Нәжісте қан болды ма? (талдау нәтижесінде немесе көзбен көрдіңіз бе?)
8Несепте қан болды ма? (қызғылт немесе қызыл түсті)
9Ісіну болады ма? (бет, аяқ, ұма)
10Іш/арқа/шат жарақаттары болды ма?
11Бұрын іш қуысына немесе бүйрекке операция жасалды ма?
12Арқаңыз ауыра ма?
13Буындарыңыз ауыра ма?
14Аяқты сылтып басасыз ба?/жүрістің бұзылуы бар ма?
15Бастан өткен жарақаттар бар ма?
16Омыртқа қозғалысының шектелуі бар ма?
17Аяқтардың ұзындығы әртүрлі ме?
18Буын қозғалысының шектелуі бар ма?
19Қозғалыс кезінде ауырсыну бар ма?

Хирург дәрігерге жолдау үшін көрсетілімдер.

1. Мынадай шағымдардың болуы:

1) іш, шап, кіндік аймағында ісінудің болуы;

2) іштің ауыруы, әсіресе қайталап ауру;

3) ұл балаларда несеп шығарудың кідірісі немесе ауырсынуы;

4) ұмада аталық бездің болмауы немесе ұманың ұлғаюы.

2. Қарап-тексерулер кезінде анықталған мынадай симптомдардың болуы:

1) іштің ісінуі немесе ассиметриясы;

2) іш қуысын саусақпен басып қарау кезінде өспенің анықталуы (тығыз, ірі) ;

3) жарықтың болуы (кіндік, шап);

4) жыныс ағзаларының аномалиялары (ұл балаларда – жыныс ағзасының қисаюы, аталық бездің болмауы);

5) аталық бездің өз орнында болмауы (шапта/саусақпен басса көрінбейді);

6) ұмада венаның кеңеюі ("құрт шары" ретінде);

7) жыланкөздің болуы (ішінен бөлінді шығатын саңылау);

8) іштің қатайып, басқанда ауыруы ("жіті іш");

9) бел аймағын соққылу кезінде ауырсынудың болуы;

10) аталық бездің ұмаға түспеуі, аталық без қабығының шемені;

11) жарақаттардан немесе күйіктерден кейінгі тыртықтық деформациялар.

3. Хирургқа:

1) жіті іш;

2) қысылған жарық;

3) жұмсақ тіндердің жіті қабынуы;

4) ұманың кенеттен ұлғаюы немесе ұмадағы қатты ауырсыну болған кезде жедел жолдау.

Ортопед-травматологқа жолдау үшін көрсетілімдер.

1. Мынадай шағымдардың болуы:

1) аяқ-қолда, арқада, буындарда, жүрген кезде немесе дене жүктемесі кезінде қатты ауырсыну;

2) буындардағы қозғалыстың шектелуі;

3) жүрген кезде тез шаршау, ақсау;

4) жиі құлау, жүрістің бұзылуы;

5) табанның ауыруы, аяқ киім кигендегі жайсыздық;

6) жарақаттардың, сынықтардың, күйіктердің немесе тыртықтардың салдары.

2. Қарап-тексерулер кезінде анықталған мынадай симптомдардың болуы:

1) дене бітімінің бұзылуы, бүкірею, иықтардың немесе иық жауырындарының асимметриясы;

2) омыртқаның қисаюы;

3) аяқтардың X немесе O-тәрізді деформациясы;

4) жалпақ табандылық, табанның вальгустық деформациясы;

5) бір жақ аяқ-қолдың қысқаруы;

6) буындардағы қозғалыстың шектелуі;

7) буындардың немесе жұмсақ тіндердің ісінуі;

8) кеуде қуысының деформациясы;

9) жарақаттардан немесе күйіктен кейінгі тыртық деформациялары;

10) физикалық дамуының кешеуілдеуі, жүрістің бұзылуы.

3. Травматологқа:

1) айқын көрінетін ауырсыну және аяқ-қолға сүйене алмау;

2) сүйек сынуына немесе буын шығуына күдік;

3) жарақаттан кейінгі қан кету болған кезде жедел жолдау.

Мектепке дейінгі, мектеп
жасындағы балаларды, сондай- ақ
техникалық және кәсіптік, орта білімнен
кейінгі және жоғары білім беру
ұйымдарының
білім алушыларын қоса алғанда,
халықтың нысаналы топтарына
профилактикалық медициналық
қарап-тексерулерді жүргізу
қағидалары, көлемі мен
кезеңділігіне 14-қосымша

Профилактикалық медициналық қарап-тексерулер нәтижелері бойынша анықталған сауықтыру алгоритмі

І. Профилактикалық медициналық қарап-тексерулерді жүргізген медициналық-санитариялық алғашқы көмек (бұдан әрі – МСАК) ұйымдарына бекітілген балалар үшін

1-кезең. Патологиялық қауптері бар балаларды анықтау

Профилактикалық медициналық қарап-тексерулер қорытындысы бойынша педиатр дәрігер немесе жалпы практика дәрігері:

1. қорытынды актілерді ресімдейді;

2. анықталған патологиялық қауіптері бар балалардың тізімдерін қалыптастырады;

3. жолдамаларды ресімдейді;

4. бекітілген жері бойынша МСАК ұйымдарында консультациядан өту қажеттілігі туралы ата-аналарға (заңды өкілдерге) хабарландыру дайындау үшін анықталған патологиялық қауіптері бар балалардың тізімдерін білім беру ұйымының орта медицина қызметкеріне жібереді;

5. анықталған патологиялық қауіптері бар балалардың тізімдерін бекітілген жері бойынша медициналық ұйымдарға жібереді

2-кезең. Клиникалық-диагностикалық кезең

Учаскелік дәрігер, бейінді мамандар:

1. қосымша зерттеп-қарауды жүргізеді;

2. диагноз қояды;

3. ем тағайындайды және ұсынымдар береді;

4. көрсетілімдер болған жағдайда стационарлық емдеуге жібереді.

3-кезең. Орындалуына мониторинг жүргізу

Профилактикалық медициналық қарап-тексерулерді жүргізген МСАК ұйымдарының мектеп медицинасы жөніндегі үйлестірушісі:

1. жүргізілген сауықтыру туралы ақпаратты жинайды;

2. жиынтық есепті қалыптастырады;

3. жетекшілік ететін басшының орынбасарына есепті ұсынады.

4-кезең. Бақылау

Профилактикалық медициналық қарап-тексерулерді жүргізген МСАК ұйымы басшысының жетекшілік ететін орынбасары.

1. сауықтыру іс-шараларының жүргізілуіне толық және уақтылы бақылауды, сондай-ақ профилактикалық медициналық қарап-тексерулер барысында анықталған балалар бойынша ұсынымдарды орындауды жүзеге асырады.

2. Профилактикалық медициналық қарап – тексеру жүргізген МСАК ұйымдарына балаларды сауықтыру бойынша есеп жібереді.

ІІ. Профилактикалық медициналық қарап-тексерулерді жүргізген МСАК ұйымдарында бекітілмеген балалар үшін

1-кезең. Хабарламаларды дайындау

Білім беру ұйымындағы орта медицина қызметкері:

1. патологиялық қауіптері бар балалардың ата-аналарына (заңды өкілдеріне) бекітілген жері бойынша МСАК ұйымдарында консультациядан өту қажеттілігі туралы қағаз жеткізгіште хабарламаны ресімдейді;

2. оларды сынып жетекшілеріне береді.

2-кезең. Ата-аналарды (заңды өкілдерін) хабардар ету

Сынып жетекшілері патологиялық қауіптері бар балалардың ата-аналарына (заңды өкілдеріне) бекітілген жері бойынша МСАК ұйымдарында консультациядан өту қажеттілігі туралы хабарламаларды табыстайды.

3-кезең. Қабылдауға жазылу

Ата-аналар (заңды өкілдер) баланы бекітілген жері бойынша МСАК ұйымының медициналық ақпараттық жүйесі немесе тіркеу бөлімі арқылы учаскелік дәрігердің қабылдауына өздері жазады.

4-кезең. Клиникалық-диагностикалық кезең

Учаскелік дәрігер, бейінді мамандар:

1. қосымша зерттеп-қарауды жүргізеді;

2. диагноз қояды;

3. ем тағайындайды және ұсынымдар береді;

4. көрсетілімдер болған жағдайда стационарлық емдеуге жібереді.

5-кезең. Орындалуына мониторинг жүргізу

Балалардың бекітілген жері бойынша МСАК ұйымының мектеп медицинасы жөніндегі үйлестірушісі:

1. балаларды сауықтыру жөніндегі ақпаратты жинайды;

2. жиынтық есепті қалыптастырады;

3. Басшының жетекшілік ететін орынбасарына есепті ұсынады.

6-кезең. Бақылау

Балалардың бекітілген жері бойынша МСАК ұйымы басшысының жетекшілік ететін орынбасары:

1. сауықтыру іс-шараларының жүргізілуіне толық және уақтылы

бақылауды, сондай-ақ профилактикалық медициналық қарап-тексерулер барысында анықталған балалар бойынша ұсынымдарды орындауды жүзеге асырады;

2. Профилактикалық медициналық қарап-тексеруді жүргізген МСАК

ұйымдарына балаларды сауықтыру бойынша есеп жолдайды.

Іздеу атаулары: №92 бұйрық, 92-бұйрық, приказ 92, тоқсан екінші бұйрық, 92 бұйрық скачать.

Маңызды

Материал ақпараттық мақсатта берілген. Диагноз бен емді дәрігер анықтайды.

Біз саған жазып
бере аламыз!

Реферат немесе медициналық тақырыптағы материал керек пе? Тақырыбыңды WhatsApp-қа жібер.