Мақала
Бұйрықтар

№ 127 бұйрық (30.09.2026): толық мәтін және скачать

Жаңа

Денсаулық сақтау саласындағы кадрларға қажеттілікті және медициналық мамандықтар бойынша оқуға қабылдау көлемін айқындау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2026 жылғы 30 қыркүйектегі № 127 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 1 қазанда № 40059 болып тіркелді

Бұйрық нөмірі
127
Қабылданған күні
30.09.2026
Актіні өзгерту күні
Көрсетілмеген
Мәртебесі
Жаңа

Дереккөз: «Әділет» АҚЖ ресми мәтіні. Мәтін алынған күн: 2026-10-20.

Бұйрықтың мәтіні

Құжаттың мазмұны
  1. Денсаулық сақтау саласындағы кадрларға қажеттілікті және медициналық мамандықтар бойынша оқуға қабылдау көлемін айқындау қағидалары
  2. 1-тарау. Жалпы ережелер
  3. 2-тарау. Денсаулық сақтау саласындағы кадрларға қажеттілікті айқындау тәртібі
  4. 3-тарау. Медициналық мамандықтар бойынша оқуға қабылдау көлемін есептеу тәртібі
  5. Денсаулық сақтау саласындағы кадрларға жиынтық қажеттілігі
  6. Медициналық мамандықтар бойынша оқуға қабылдау көлемі
  7. Жоғары медициналық білімі бар мамандарды даярлауға қабылдау көлемі _______ оқу жылына
  8. Интернатурада жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білімі бар мамандарды даярлауға қабылдау көлемі _______ оқу жылына
  9. Резидентурада жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білімі бар мамандарды даярлауға қабылдау көлемі _______ оқу жылына
  10. Магистратурада жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білімі бар мамандарды даярлауға қабылдау көлемі _______ оқу жылына
  11. Докторантурада жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білімі бар мамандарды даярлауға қабылдау көлемі _______ оқу жылына

"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 7-бабының 17-3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Денсаулық сақтау саласындағы кадрларға қажеттілікті және медициналық мамандықтар бойынша оқуға қабылдау көлемін айқындау қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушыТ. Султангазиев
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы 2026 жылғы 30 қыркүйектегі № 127 Бұйрықпен бекітілген

Денсаулық сақтау саласындағы кадрларға қажеттілікті және медициналық мамандықтар бойынша оқуға қабылдау көлемін айқындау қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

1. Осы денсаулық сақтау саласындағы кадрларға қажеттілікті және медициналық мамандықтар бойынша оқуға қабылдау көлемін айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 7-бабының 17-3) тармақшасына сәйкес әзірленді және денсаулық сақтау саласындағы кадрларға қажеттілікті және жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында медициналық мамандықтар бойынша оқуға қабылдау көлемін айқындау тәртібін анықтайды.

2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) денсаулық сақтау кадрлық ресурстарының болжамды ұсынысы – қолда бар кадрларды, кадрлардың келуін және кетуін ескере отырып, тиісті болжамды кезеңде денсаулық сақтау жүйесіне қолжетімді болатын медицина қызметкерлерінің болжамды саны;

2) Денсаулық сақтау саласындағы кадр ресурстары жөніндегі ұлттық үйлестіруші (бұдан әрі – Ұлттық үйлестіруші) – денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын және "Денсаулық сақтаудың кадр ресурстары бойынша ұлттық үйлестіруші туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 10 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-245/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №21779 тіркелді) бекітілген Денсаулық сақтау кадр ресурстары жөніндегі ұлттық үйлестіруші туралы ереженің негізінде қызметін жүзеге асыратын заңды тұлға;

3) денсаулық сақтау саласындағы кадрларға қажеттілік – денсаулық сақтау жүйесінің жұмыс істеуін және халыққа медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз ету үшін қажетті, осы Қағидаларға сәйкес айқындалатын мамандықтар мен біліктіліктер бөлінісіндегі медицина қызметкерлерінің саны;

4) Денсаулық сақтау саласындағы кадр ресурстарын ұлттық есепке алу жүйесі (кәсіптік тіркелім) – денсаулық сақтау саласындағы білім алушылар мен мамандар, олардың қызметін бағалау, біліктілігі, кәсіптік жауапкершілігі, еңбекақы деңгейі, үздіксіз кәсіптік дамыту бағдарламаларына қатысуы туралы мәліметтерді, кадрлардың көші-қоны мен кетуі туралы мәліметтерді, сондай-ақ денсаулық сақтау жүйесінің қызметкерлері лауазымдарының номенклатурасына сәйкес бекітілген штат кестесін қамтитын цифрлық платформа;

5) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтау, медицина және фармацевтика ғылымы, медициналық және фармацевтикалық білім беру, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы, медициналық қызметтер (көмек) көрсетудің сапасы саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

6) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ) – жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын және ғылыми-зерттеу қызметін жүзеге асыратын жоғары оқу орны;

7) кадр тапшылығы – болжамды қажеттілік пен кадрлық ресурстардың болжамды ұсынысы арасындағы теріс айырма;

8) кадр профициті – кадрлық ресурстардың болжамды ұсынысының болжамды қажеттіліктен асып кетуі;

9) медицина кадрларын даярлауға қажеттілік – болжамды кадр тапшылығын толықтыру үшін даярлау қажет медицина қызметкерлерінің саны;

10) медициналық мамандықтар бойынша оқуға қабылдау көлемі – денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымының медициналық мамандықтар бойынша оқуға қабылдауға құқығы бар, тиісті оқу жылына уәкілетті орган бекітетін адамдардың шекті саны;

3. Осы Қағидалар ЖЖОКБҰ даярлайтын денсаулық сақтау саласындағы кадрларға қажеттілікті айқындауға және жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің медициналық мамандықтары бойынша оқуға қабылдау көлемін белгілеуге байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді.

2-тарау. Денсаулық сақтау саласындағы кадрларға қажеттілікті айқындау тәртібі

4. Денсаулық сақтау саласындағы кадрларға қажеттілік Ұлттық үйлестіруші кадрлық ахуалды талдау негізінде қысқа мерзімді, орта мерзімді және ұзақ мерзімді болжамдау кезеңдеріне медициналық кадрларға сандық және сапалық қажеттілікті есептеу арқылы айқындайды:

1) қысқа мерзімді кезең – 1 жыл мерзімге;

2) орта мерзімді кезең – болжам қалыптастырылған жылды қоса алғанда, кемінде алты жыл мерзімге;

3) ұзақ мерзімді кезең – болжам қалыптастырылған жылды қоса алғанда 2050 жылға дейінгі мерзімге.

5. Қысқа мерзімді және орта мерзімді болжам мынадай мақсаттарда пайдаланылады:

1) медицина кадрларын даярлауды жоспарлау;

2) мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыру;

3) денсаулық сақтау объектілерін жаңадан салу және жаңғырту кезінде кадрлық қамтамасыз етуді жоспарлау;

4) кадрларды қайта бөлуге және қайта даярлауға қажеттілікті айқындау;

5) кадр тапшылығын төмендету жөніндегі шараларды әзірлеу.

Ұзақ мерзімді болжам кадр саясатын жоспарлау, денсаулық сақтау инфрақұрылымы мен білім беру қуаттарын дамыту, сондай-ақ демографиялық өзгерістер мен медициналық технологияларды енгізу салдарын бағалау үшін пайдаланылады.

6. Қажеттілік болжамы мынадай факторлар ескеріле отырып, кадр саясатын стратегиялық жоспарлау үшін пайдаланылады:

1) демографиялық өзгерістер;

2) сыртқаттанушылық құрылымының өзгеруі;

3) медициналық технологиялардың дамуы;

4) медициналық көмек көрсету моделінің өзгеруі;

5) денсаулық сақтау инфрақұрылымның дамуы;

6) медициналық кәсіптердің құрылымының, мазмұнының және құзыреттерінің өзгеруі.

7. Қажеттілікті айқындау республикалық және өңірлік деңгейлерде медицина қызметкерлерінің санаттары, мамандықтары, медициналық көмек көрсету деңгейі бөлінісінде жүзеге асырылады.

8. Қажеттілікті айқындау үшін бастапқы деректер ретінде мынадай мәліметтер пайдаланылады:

1) денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік цифрлық жүйелер;

2) мемлекеттік статистикалық есептілік нысандары;

3) Денсаулық сақтау саласындағы кадр ресурстарын ұлттық есепке алу жүйесі (кәсіптік тіркелім);

4) медициналық ұйымдардың цифрлық ресурстары мен есептік деректері;

5) ЖЖОКБҰ деректері;

6) астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдардың деректері;

7) стратегиялық жоспарлау және статистика саласындағы уәкілетті органның деректері;

8) сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарымен алуға тыйым салынбаған өзге де мәліметтер.

9. Кадрларға қажеттілікті есептеу Ұлттық үйлестірушімен осы Қағидалардың 8-тармағында көзделген бастапқы деректер негізінде денсаулық сақтау жүйесінің ағымдағы жай-күйі мен болжанатын өзгерістері ескеріле отырып жүзеге асырылады.

10. Қажеттілікті есептеу кезінде:

1) халықтың болжамды саны;

2) халықтың жыныстық-жас құрылымы;

3) туу және өлім көрсеткіштері;

4) сыртқаттанушылықтың және аурулардың таралу көрсеткіштері;

5) халықтың медициналық көмекке болжамды қажеттілігі;

6) медициналық көмектің көлемі мен құрылымы;

7) медициналық ұйымдарға бару, емдеуге жатқызу, операциялар, диагностикалық, профилактикалық, оңалту және өзге де медициналық көрсетілетін қызметтердің саны;

8) денсаулық сақтау ұйымдары желісінің құрылымы мен қуаты;

9) жұмыс істеп тұрған және жоспарланатын денсаулық сақтау объектілері;

10) "Өңірлердің медициналық жұмыскерлермен қамтамасыз етілуінің ең төмен нормативтерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрінің 2023 жылғы 6 қаңтардағы № 10 бұйрығымен бекітілген өңірлердің медициналық жұмыскерлермен қамтамасыз етілу нормативтері және "Денсаулық сақтау ұйымдары және (немесе) олардың құрылымдық бөлімшелері үшін үлгілік штаттар мен штат нормативтерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2025 жылғы 30 маусымдағы № 419 бұйрығымен бекітілген денсаулық сақтау ұйымдары және (немесе) олардың құрылымдық бөлімшелері үшін үлгілік штаттар мен штат нормативтері;

11) жүктеме нормативтері мен ұсынылатын көрсеткіштер;

12) медицина қызметкерлерінің нақты жұмыс уақытының қоры;

13) жұмыс уақытының және медициналық қызметті көрсету уақытының ұзақтығы;

14) нақты жұмыспен қамтылуы және қоса атқару коэффициенті;

15) дәрігердің, мейіргерлердің, кеңейтілген практика мейіргерлерінің және қызметкерлердің басқа да санаттары арасында функциялардың бөлінуі;

16) өңірлік ерекшеліктер және медициналық көмектің аумақтық қолжетімділігі;

17) халықтың тығыздығы;

18) қала және ауыл халқының арақатынасы;

19) медициналық көмектің көліктік қолжетімділігі;

20) жаңа технологияларды енгізу және медициналық көмек көрсету моделінің өзгеруі ескеріледі.

11. Халық тығыздығы төмен және халықтың географиялық тұрғыдан алшақ орналасуы жоғары өңірлерде денсаулық сақтау саласындағы медицина кадрларға қажеттілік қызмет көрсетілетін халықтың санына қарамастан медициналық көмектің аумақтық қолжетімділігін қамтамасыз ету қажеттілігі ескеріле отырып айқындалады.

12. Денсаулық сақтау саласындағы кадрларға қажеттілік мынадай әдістерді қолдану арқылы айқындалады:

1) халықты медицина қызметкерлерімен қамтамасыз ету нормативтері негізінде денсаулық сақтаудың кадрлық ресурстарына қажеттілікті есептеуге негізделген нормативтік әдіс;

2) халық саны мен оның жыныстық-жас құрылымының болжамына негізделген демографиялық әдіс;

3) оқуды бітіріп шыққан мамандардың, зейнеткерлікке шығуды, жұмыстан босатуды, көші-қонды және өзге де факторларды ескере отырып, медицина қызметкерлерінің келуі мен кетуін талдауға негізделген кадрлық ағындар әдісі;

4) көрсетілетін медициналық көмектің көлемі мен құрылымын, халықтың сырқаттанушылық деңгейін және денсаулық сақтау ұйымдары желісінің дамуын ескере отырып, медицина кадрларына қажеттілікті айқындауды көздейтін медициналық көмекке қажеттілікке негізделген әдіс;

5) медицина кадрларына болжамды қажеттілікті айқындау үшін статистикалық модельдерді, уақыттық қатарларды талдау алгоритмдерін және деректерді талдаудың өзге де әдістерін қолдануға негізделген математикалық модельдеу әдісі;

6) нақты немесе болжамды жұмыс көлемі мен бір медицина қызметкерінің тиімді жұмыс уақытының қорына қарай қажеттілікті айқындауға негізделген жұмыс жүктемесі әдісі;

7) жаңа мамандықтар мен мамандандырулар үшін және (немесе) сандық деректер жеткіліксіз болған жағдайларда қолданылатын өзге де әдістер.

13. Кадрларды даярлауға қажеттілікті айқындау үшін кадрларға қажеттілік медицина кадрларының болжамды санымен салыстырылады, оның нәтижесінде кадр тапшылығы айқындалады.

14. Кадрлардың болжамды саны қолданыстағы медицина қызметкерлерінің санынан болжамды келу мен кетуді ескере отырып, мынадай формула бойынша есептеледі:

КБҰ(t) = С(t-1) + КБк(t) – КБт(t),

мұнда:

КБҰ(t) – t жылындағы денсаулық сақтау саласындағы кадрлардың болжамды ұсынысы;

С(t-1) – өткен жылдың соңындағы медицина қызметкерлерінің саны;

КБк(t) – осы Қағидалардың 15-тармағында көрсетілген көрсеткіштерді қосу жолымен қалыптастырылатын кадрлардың болжамды келуі,;

КБт(t) – осы Қағидалардың 16-тармағында көрсетілген көрсеткіштерді қосу жолымен қалыптастырылатын кадрлардың болжамды кетуі.

15. Болжамды келуге мыналар жатады:

1) түлектердің оқуды бітіруі және жұмысқа орналасуы;

2) медицина қызметкерлерінің көші-қон есебінен келуі;

3) өңіраралық ауысуы;

4) жұмыскерлердің денсаулық сақтау жүйесіне қайта оралуы.

16. Болжамды кетуге мыналар жатады:

1) жұмыскерлердің зейнеткерлікке шығуы; 2) денсаулық сақтау жүйесінен кейіннен шығуына байланысты жұмыстан босатылуы;

3) көші-қон ағыны, оның ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге қоныс аударуы;

4) біліктілігін өзгертуі;

5) қайтыс болуы;

6) кәсіби қызметін тоқтатуы;

7) басқа мамандыққа немесе кадрлардың басқа санатына ауысуы, практикалық қызметтен әкімшілік, ғылыми немесе білім беру қызметіне ауысуы;

8) басқа өңірге қоныс аударуы;

9) мүгедектігі немесе кәсіби қызметін жалғастыруға кедергі келтіретін өзге де мән-жайлардың туындауы;

10) ұйым қызметінің қайта ұйымдастырылуына, таратылуына немесе оңтайландырылуына байланысты жұмыскерлер санының қысқартылуы.

17. Есеп тиісті медицина қызметкерлерінің санаты, мамандығы, өңірі және медициналық көмек көрсету деңгейі бөлінісінде жүзеге асырылады.

18. Кадр тапшылығы қажеттілік пен денсаулық сақтау саласындағы кадрлардың болжамды санының арасындағы айырма ретінде мынадай формула бойынша есептеледі:

Т(t) = Қажеттілік(t) – КБҰ(t).

мұнда:

Т(t) – болжам жасалатын t жылындағы кадр тапшылығы;

Қажеттілік(t) – t жылындағы кадрларға қажеттілік;

КБҰ (t) – t жылындағы денсаулық сақтау саласындағы кадрлардың болжамды ұсынысы.

19. Көрсеткіштің оң мәні болжамды кадр тапшылығы ретінде түсіндіріледі. теріс мәні болжамды кадр профициті ретінде түсіндіріледі.

20. Денсаулық сақтау саласындағы медицина кадрларын даярлауға қажеттілік мыналарды ескере отырып есептеледі:

1) болжамды кадр тапшылығы мен профициті;

2) даярлау мерзімі;

3) көші-қон;

4) өңіраралық қайта бөлу мүмкіндіктері;

5) мамандарды тарту мүмкіндігі;

6) кадрлар құрылымын өзгерту мүмкіндігі;

7) медицина қызметкерлерінің санаттары арасында функцияларды қайта бөлу;

8) кадрларды қайта даярлау мүмкіндіктері;

9) қосымша даярлаусыз болжамды тапшылықты жабуға мүмкіндік беретін өзге де ұйымдастырушылық және кадрлық шаралар.

21. Тиісті мамандық бойынша кадрлардың болжамды профициті болған жағдайда, стратегиялық құжаттарда көзделген жағдайларды қоспағанда, қабылдау көлемі қысқартылуға не қалыптастырылмауға тиіс.

22. Жиынтық нәтижелер республика және өңірлер бойынша медицина қызметкерлерінің санаттары, мамандықтары бөлінісінде қалыптастырылады.

23. Ұлттық үйлестіруші бастапқы деректердің сапасын, толықтығын және уақыттық қатарын ескере отырып, денсаулық сақтау саласындағы кадрларға жиынтық қажеттілікті жыл сайын қалыптастырады және осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес тиісті қаржы жылының 1 (бірінші) сәуіріне дейін уәкілетті органға ұсынады.

24. Ұлттық үйлестірушімен қажеттілік нәтижелері өткен кезең көрсеткіштерінің нақты мәндерін ескере отырып, жыл сайын қайта қаралады.

25. Кадрларға қажеттілікті айқындау медицина кадрларын даярлауға қажеттілікті және оқуға қабылдау көлемін қалыптастырудың негізі болып табылады.

3-тарау. Медициналық мамандықтар бойынша оқуға қабылдау көлемін есептеу тәртібі

26. Медициналық мамандықтар бойынша оқуға қабылдау көлемі кадрларға қажеттілікті және кадрларды даярлау қажеттілігін айқындау нәтижелері негізінде, сондай-ақ ЖЖОКБҰ өткізу қабілеті ескеріле отырып, Ұлттық үйлестірушімен медициналық мамандықтар бойынша даярлау бағыттары бөлінісінде қалыптастырылады және тиісті қаржы жылының 1 (бірінші) маусымына дейін жыл сайын уәкілетті органға ұсынылады.

27. Кадрларға болжамды қажеттілікті, оның ішінде өңірлік қажеттілікті, ЖЖОКБҰ-ның ғылыми-педагогикалық кадрларға қабылдау мүмкіндіктерін ескере отырып, медициналық мамандықтар бойынша оқуға қабылдау көлемі меншік нысанына және ведомстволық тиесілігіне қарамастан аккредиттеу органдарында мамандандырылған аккредиттеуден өткен, танылған аккредиттеу органдарының тізіліміне енгізілген ЖЖОКБҰ арасында орналастырылады.

28. Медициналық мамандықтар бойынша қабылдау көлемі мынадай білім беру бағдарламалары бойынша жеке қалыптастырылады:

бакалавриат бағдарламалары;

интернатура бағдарламалары;

резидентура бағдарламалары;

магистратура бағдарламалары;

докторантура бағдарламалары.

29. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылатын ЖЖОКБҰ үшін медициналық мамандықтар бойынша білім алушыларды қабылдау көлемін айқындау кезінде мыналар ескеріледі:

1) "Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беретін ұйымдардың білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 5 қаңтардағы № 4 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33892 тіркелді) кадрлық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету;

2) әлемдік ғылыми және білім беру ресурстарына қол жеткізу, оқу және оқу-әдістемелік әдебиетпен қамтамасыз ету;

3) аккредиттелген білім беру бағдарламаларының болуы;

4) білім берудің бірыңғай цифрлық жүйесінің білім беру бағдарламаларының тізілімінде білім беру бағдарламаларының болуы;

5) түлектерді жұмысқа орналастыру нәтижелері;

6) білім беру ұйымдарының халықаралық (Quacquarelli Symonds, Academic Ranking of World Universities, Times Higher Education және (немесе) Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы және (немесе) БРИКС елдерінің топ -100 ұлттық рейтингі) және (немесе) ұлттық рейтингтеріне қатысуы;

7) басқа елді мекендерден келген білім алушылардың жатақханада тұру орындарының және (немесе) хостелдермен,қонақүйлермен жасалған шарттардың, қоғамдық тамақтану және медициналық қызмет көрсету пункттерінің болуы;

8) ЖЖОКБҰ өткізу қабілеттілігі.

30. Жоғары оқу орнынан кейінгі білімді: философия докторларын PhDжәне (немесе) бейін бойынша докторларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылатын ЖЖОКБҰ үшін білім алушыларды қабылдау көлемін айқындау кезінде мыналар ескеріледі:

1) "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 5-3-бабының 7-3) тармақшасына сәйкес жүргізілген ЖЖОКБҰсаралау нәтижелері;

2) ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органның цифрлық жүйесінің деректерін пайдалана отырып, тиісті білім беру бағдарламалары тобы бойынша оқуды аяқтағаннан кейін 4 (төрт) жыл ішінде философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін алған докторантура түлектерінің үлесі.

31. ЖЖОКБҰ 15 (он бесінші) сәуірге дейін Ұлттық үйлестірушіге кезекті оқу жылына арналған ұсыныстарды өткізу қабілетінің есеп-қисабын және оны растайтын мәліметтерді қоса бере отырып ұсынады. Ұсыныста бағдарламаның атауы мен коды, білім беру деңгейі, даярлаудың толық мерзімі, курстар бөлінісіндегі білім алушылардың қолданыстағы контингенті, күтілетін бітірушілер саны, болжамды жұмысқа орналасу өңірі, сұратылатын қабылдау көлемі, білім беру қызметіне арналған лицензия және оған қосымшасы туралы мәліметтер, аккредиттеу туралы куәлік көрсетіледі.

32. Ұлттық үйлестіруші осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес медициналық мамандықтар бойынша қабылдаудың жалпы жиынтық көлемін қалыптастырады.

33. Оқуға қабылдау көлемін айқындау нәтижелері "Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыру және бөлу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 4 қарашадағы № 511 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 37347 тіркелді), "Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімшелеріне мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 122 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13418 тіркелді) және "Резидентурада мемлекеттік тапсырысты орналастыру, оқуға қабылдау және медицина кадрларын даярлау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-270/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21802 тіркелді) сәйкес жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру кезінде пайдаланылады және бюджет қаражатын бөлу, мемлекеттік білім беру тапсырысын бөлу немесе орналастыру туралы шешім болып табылмайды, мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі комиссияның өкілеттіктерін өзгертпейді.

34. Медициналық мамандықтар бойынша оқуға қабылдау көлемі демографиялық болжамның, кадрлық теңгерімнің, медициналық көмектің көлемінің, цифрлық жүйелердің деректерінің, еңбек нарығының және түлектерді жұмысқа орналастыру нәтижелерінің жаңартылған деректері негізінде жыл сайын қайта қаралады.

Денсаулық сақтау саласындағы кадрларға қажеттілікті және медициналық мамандықтар бойынша оқуға қабылдау көлемін айқындау қағидаларына 1-қосымша

Денсаулық сақтау саласындағы кадрларға жиынтық қажеттілігі

№МамандықМедициналық көмек көрсету деңгейі мен жағдайларыКадрларға қажеттілік
1.
2.
3.
4.
5.
6.
Денсаулық сақтау саласындағы кадрларға қажеттілікті және
медициналық мамандықтар
бойынша оқуға қабылдау
көлемін айқындау қағидаларына 2-қосымша

Медициналық мамандықтар бойынша оқуға қабылдау көлемі

Жоғары медициналық білімі бар мамандарды даярлауға қабылдау көлемі _______ оқу жылына

№№Мамандық/білім беру бағдарламасыҚабылдау көлемі
11.Мейіргер ісі
22.Фармация
33.Медицина
44.Педиатрия
55.Медициналық-профилактикалық іс
66.Халықаралық келісімдер бойынша шетел азаматтарын оқытуға
77.Квоталар
Жиыны

Интернатурада жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білімі бар мамандарды даярлауға қабылдау көлемі _______ оқу жылына

№Мамандық/білім беру бағдарламасыҚабылдау көлемі
1.Жалпы дәрігерлік практика
2.Терапия
3.Хирургия
4.Акушерия және гинекология
5.Педиатрия
6.Балалар хирургиясы
7.Стоматология
8.Медициналық-профилактикалық іс
Жиыны

Резидентурада жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білімі бар мамандарды даярлауға қабылдау көлемі _______ оқу жылына

№№Мамандық/білім беру бағдарламасыҚабылдау көлемі
11.
22.
33.
Жиыны

Магистратурада жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білімі бар мамандарды даярлауға қабылдау көлемі _______ оқу жылына

№Білім беру бағдарламасыБейіндік (ұсынылатын орындар саны)Ғылыми-педагогикалық (ұсынылатын орындар саны)
1.Денсаулық сақтаудағы менеджмент
2.Қоғамдық денсаулық сақтау
3.Мейіргер ісі
4.Фармация
5.Биомедицина
6.Медицина
7.Медициналық-профилактикалық іс
Жиыны

Докторантурада жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білімі бар мамандарды даярлауға қабылдау көлемі _______ оқу жылына

№Білім беру бағдарламасыҰсынылатын орын саны
1Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру (медицина)
Жиыны

Іздеу атаулары: №127 бұйрық, 127-бұйрық, приказ 127, жүз жиырма жетінші бұйрық, 127 бұйрық скачать.

Маңызды

Материал ақпараттық мақсатта берілген. Диагноз бен емді дәрігер анықтайды.

Біз саған жазып
бере аламыз!

Реферат немесе медициналық тақырыптағы материал керек пе? Тақырыбыңды WhatsApp-қа жібер.