"Медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін ортақ сақтандырудың ортақ сақтандырудың үлгілік шартын бекіту туралы" 2024 жылғы 24 шілдедегі № 57 және "Медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін сақтандыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы 24 шілдедегі № 58 бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2026 жылғы 6 қазандағы № 133 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 7 қазанда № 40112 болып тіркелді
- Бұйрық нөмірі
- 133
- Қабылданған күні
- 06.10.2026
- Актіні өзгерту күні
- Көрсетілмеген
- Мәртебесі
- Жаңа
Дереккөз: «Әділет» АҚЖ ресми мәтіні. Мәтін алынған күн: 2026-10-20.
Бұйрықтың мәтіні
Құжаттың мазмұны
- Медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін ортақ сақтандырудың № _____ шарты
- 1-тарау. Осы Ортақ сақтандыру шартында пайдаланылатын негізгі ұғымдар
- 2-тарау. Сақтандыру нысанасы
- 3-тарау. Сақтандыру төлемінің және сақтандыру сыйлықақысының (жарналарының) мөлшері
- 4-тарау. Сақтандыру жағдайы, сақтандыру жағдайларынан алып тастау және сақтандыруды шектеу
- 5-тарау. Тараптардың, Сақтанушының және Пул әкімшісінің құқықтары мен міндеттері
- 6-тарау. Ортақ сақтандыру шартын жасасу тәртібі, қолдану мерзімі, тоқтату талаптары
- 7-тарау. Ортақ сақтандыру шартының қолданылу кезеңінде сақтандыру тәуекелінің өзгеруі
- 8-тарау. Сақтанушының сақтандыру жағдайы басталған кездегі әрекеттері
- 9-тарау. Дауларды қарау тәртібі
- 10-тарау. Қосымша талаптар
- Медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін сақтандыру Қағидалары
- 1-тарау. Жалпы ережелер
- 2-тарау. Медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін сақтандыру, сақтандыру сыйлықақыларының (жарналарының) ең төменгі мөлшерін белгілеу және сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру, сондай-ақ сақтандыру сыйлықақыларын (жарналарын) және сақтандыру төлемдерін төлеу мерзімдері
- Медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақыларының (жарналарының) ең төмен мөлшерлері
- Сақтанушының/Сақтандырылғанның/Пайда алушының басталған сақтандыру жағдайы бойынша сақтандыру төлемін жүзеге асыру туралы өтініші (қажеттісінің астын сызу)¹
- Дауды реттеу және пациенттің денсаулық сақтау субъектісіне және медицина қызметкеріне, интерн-дәрігерге, резидент-дәрігерге талап-арызының жоқтығы туралы КЕЛІСІМ
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін ортақ сақтандырудың үлгілік шартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы 24 шілдедегі № 57 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34802 тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоса беріліп отырған Медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін ортақ сақтандырудың үлгілік шарты бекітілсін.";
көрсетілген бұйрыққа қосымшамен бекітілген Медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін ортақ сақтандырудың үлгілік шарты осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін сақтандыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы 24 шілдедегі № 58 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34803 тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін сақтандыру қағидалары осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі | А. Альназарова |
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
| Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі 2026 жылғы 6 қазандағы № 133 Бұйрыққа 1- қосымша | |
| Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы 24 шілдедегі №57 бұйрығымен бекітілген |
Медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін ортақ сақтандырудың № _____ шарты
___________ қ. "__" __________ 202__ж.
Бірлескен қызмет туралы 202 _жылғы _________ №___________ шартқа сәйкес сақтандыру пулының атынан әрекет ететін Бірыңғай сақтандыру (қайта сақтандыру) пулының өкілі ____________________, __________ атынан бұдан әрі "Сақтандырушы" деп аталатын ____________________ негізінде әрекет ететін бір тараптан және _______________ атынан бұдан әрі "Сақтанушы" деп аталатын __________________________ негізінде әрекет ететін ________________________ екінші тараптан, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (Ерекше бөлігі), "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс), "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының негізінде төмендегілер туралы осы Медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін ортақ сақтандыру шартын (бұдан әрі – Ортақ сақтандыру шарты) жасасты:
1-тарау. Осы Ортақ сақтандыру шартында пайдаланылатын негізгі ұғымдар
1. Осы Ортақ сақтандыру шартында мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) бірыңғай сақтандыру (қайта сақтандыру) пулына қатысушы сақтандыру ұйымы – Кодекстің 270-4-бабына сәйкес кәсіптік жауапкершілікті сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар және Пул шеңберінде және осы Ортақ сақтандыру шартына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметті жүзеге асыратын сақтандыру ұйымы;
2) интерн-дәрігер – интернатура шеңберінде білім алып жатқан және тәлімгердің жетекшілік етуімен клиникалық және (немесе) санитариялық-эпидемиологиялық практикаға шектеулі рұқсат беріліп, кәсіптік даярлықтан өтіп жатқан дәрігер;
3) медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін сақтандыру жөніндегі бірыңғай сақтандыру (қайта сақтандыру) пулы (бұдан әрі – Пул) – заңды тұлға құрмай, Қазақстан Республикасы медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін сақтандыру мақсаттары үшін құрылған сақтандыру ұйымдарының бірлестігі;
4) медицина қызметкері – кәсіптік медициналық білімі бар және медициналық қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға;
5) медициналық оқыс оқиға – Қазақстан Республикасының әкімшілік және қылмыстық заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарттарына сәйкес медициналық көмек көрсетумен және технологияларды, жабдықтар мен құралдарды пайдаланумен байланысты, организмнің қалыпты жұмыс істеуінің ауытқуынан туындайтын, пациенттің өмірі мен денсаулығына зиян келтіруі, сондай-ақ пациенттің қайтыс болуына алып келуі мүмкін оқиға;
6) ортақ сақтандыру шарты бойынша сақтандыру жағдайы – тәуелсіз сараптама комиссиясының қорытындысымен расталған, оның басталуымен Ортақ сақтандыру шарты сақтандыру төлемін жүзеге асыруды көздейтін медициналық қызметті жүзеге асыру нәтижесінде пациенттің өмірі мен денсаулығына зиян келтіру фактісі;
7) пайда алушы – сақтандыру шартына сәйкес сақтандыру төлемін алушы болып табылатын тұлға;
8) Пул әкімшісі – сақтандыру брокері және (немесе) (сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы) – Кодекстің 270-4 бабына сәйкес әрекет ететін Пул қызметін басқару үшін тартылған және медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін ортақ сақтандыру шарттарын жасасу, сүйемелдеу және орындау үшін Пулдың барлық қатысушыларының атынан және олардың тапсырмасы бойынша осы Ортақ сақтандыру шартының негізінде әрекет ететін сақтандыру (қайта сақтандыру) пулына қатысушы;
9) Пул әкімшісінің интернет-платформасы (бұдан әрі – мәтін бойынша интернет-платформа) – ашық цифрлық желіде жұмыс істейтін, оның ішінде оны жүргізу және пайдалану технологиясын, сондай-ақ Cақтанушы, Сақтандырушы-Қатысушы және Пул әкімшісі арасындағы ақпараттық өзара іс-қимылды қамтамасыз ететін ұйымдық құрылымды қамтитын цифрлық жүйе;
10) резидент-дәрігер – резидентураның білім беру бағдарламасы шеңберінде білім алатын және тәлімгердің жетекшілік етуімен медициналық ұйымда жұмыс істейтін дәрігер ;
11) сақтандырылушылар – Сақтанушының медициналық қызметтер көрсетуге арналған лицензиясына сәйкес және Ортақ сақтандыру шартын жасасу кезінде және оның қолданысы уақытында Сақтанушы сақтандыруға мәлімдеген медициналық қызметті жүзеге асыратын медицина қызметкерлері, сондай-ақ интерн-дәрігерлер мен резидент-дәрігерлер (Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыруға барлық қажетті рұқсаттары бар шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар);
12) сақтандыру сыйлықақысы (жарнасы) – Сақтанушы Пул әкімшісіне сақтандыру төлемін жүргізу міндеттемелер Пулына қатысушылардың атынан және оның тапсырмасымен қабылдағаны үшін төлейтін ақша сомасы;
13) сақтандыру төлемі – Сақтандырушы сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандыру сомасы шегінде Пайда алушыға төлейтін ақша сомасы;
14) сақтанушы – "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес медициналық қызметке лицензия және оған қосымшалар негізінде медициналық қызметті жүзеге асыратын және медициналық ұйымдар үшін ұжымдық шарт және жеке медициналық практикамен айналысатын жеке тұлғалар үшін жеке шарт түріндегі медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін ортақ сақтандыру шарты бар денсаулық сақтау субъектісі.
2-тарау. Сақтандыру нысанасы
2. Сақтанушы сақтандыру сыйлықақысын (жарнасын) төлеуге міндеттенеді, ал Сақтандырушы сақтандыру жағдайы басталған кезде осы Ортақ сақтандыру шартында көзделген көлемде және шарттарда Пайда алушыға сақтандыру төлемін жүзеге асыруға міндеттенеді.
Осы Ортақ сақтандыру шарты бойынша Сақтанушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен медициналық қызметті жүзеге асыру нәтижесінде пациенттің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу өзінің міндетіме байланысты Сақтанушының мүліктік мүдделерін береді, ал Сақтандырушы сақтандыруға қабылдайды.
Медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін сақтандыру объектісі медициналық қызметті жүзеге асыру нәтижесінде пациенттің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеумен байланысты сақтандырушылардың мүліктік мүдделері болып табылады.
3-тарау. Сақтандыру төлемінің және сақтандыру сыйлықақысының (жарналарының) мөлшері
3. Осы Ортақ сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемі Кодекстің 270-4-бабының 3-тармағына сәйкес _________ (сомасы жазбаша) теңге мөлшерінде белгіленген.
4. Әр пациенттің өмірі мен денсаулығына зиян келтірілген жағдайда сақтандыру сомасы:
1) медицина қызметті жүзеге асыру нәтежесінде мүгедекті белгілеуге алып келген пациенттің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиян үшін:
үшінші топ – бес жүз еселенген айлық есептік көрсеткіш;
екінші топ – алты жүз еселенген айлық есептік көрсеткіш;
бірінші топ – сегіз жүз еселенген айлық есептік көрсеткіш;
мүгедектігі бар бала – бес жүз еселенген айлық есептік көрсеткіш;
2) пациенттің өліміне алып келген медициналық қызметті жүзеге асыру нәтижесінде оның өмірі мен денсаулығына келтірілген зиян үшін – үш мың еселенген айлық есептік көрсеткіш;
3) медициналық қызметті жүзеге асыру нәтижесінде пациенттің өмірі мен денсаулығына мүгедектік белгіленбей зиян келтіргені үшін – аурумен байланысты нақты шығыстар мөлшерінде, бірақ үш жүз еселенген айлық есептік көрсеткіш.
5. _______ (сомасы жазбаша) теңге мөлшеріндегі сақтандыру сыйлықақысы (жарнасы) "Медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін сақтандыру қағидаларын бекіту туралы " (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34803 тіркелді) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы 24 шілдедегі № 58 бұйрығына сәйкес жүргізіледі.
4-тарау. Сақтандыру жағдайы, сақтандыру жағдайларынан алып тастау және сақтандыруды шектеу
6. Пациенттің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиян фактісі тәуелсіз сараптама комиссиясының қорытындысымен немесе заңды күшіне енген сот актісімен расталады (белгіленеді).
7. Сақтандыру оқиғасының белгілері пациенттің және (немесе) оның заңды өкілінің медициналық қызметтер көрсету нәтижесінде пациенттің өмірі мен денсаулығына зиян келтірумен байланысты шағымының негізгі мәнін толық сипаттай отырып, Сақтандырылғанға және (немесе) Сақтанушыға жолданымы немесе сотқа талап-арызы болып табылады.
8. Медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін ортақ сақтандыру шарты бойынша сақтандыру жағдайы медициналық қызметті жүзеге асыру нәтижесінде пациенттің өмірі мен денсаулығына зиян келтіру фактісі болып танылады.
Медициналық оқыс оқиға сақтандыру жағдайы болып табылмайды.
9. Осы Ортақ сақтандыру шарты бойынша сақтандыру, егер олар сақтандыру жағдайы нәтижесінде келтірілген болса да, қате жіберілген пайдалар, мемлекеттік органдар салатын тұрақсыздық айыбын, айыппұл санкцияларын, өсімпұлдарды өтемейді.
5-тарау. Тараптардың, Сақтанушының және Пул әкімшісінің құқықтары мен міндеттері
10. Сақтанушының:
1) Ортақ сақтандыру шартының талаптарына қатысты түсініктемелер алуға;
2) Пул әкімшісінің сақтандыру төлемін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сақтандыру төлемдерінен бас тартуына шағымдануға;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де талаптарға сәйкес Ортақ сақтандыру шартын мерзімінен бұрын бұзуға;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
11. Сақтанушы:
1) Пул әкімшісіне сақтандыру тәуекелін бағалау және Пулдың Ортақ сақтандыру шартын жасасу туралы шешім қабылдау үшін елеулі маңызы бар өзіне белгілі барлық мән-жайлар туралы хабарлауға;
2) Сақтандырылушыны Ортақ сақтандыру шартының талаптарымен және оған жүктелетін міндеттермен таныстыруға;
3) Ортақ сақтандыру шартында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде сақтандыру сыйлықақыларын төлеуге;
4) әрбір Сақтандырылушының "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Интернет-ресурс операторының, Сақтанушының, Сақтандырушы-қатысушылардың, Пул әкімшісінің және Дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымның дербес және биометриялық деректерді жинауға, өңдеуге, пайдалануға, сақтауға, таратуға Келісімінің болуын қамтамасыз етуге;
5) Кодекстің 270-4-бабына сәйкес тәртіпте және мерзімде сақтандыру жағдайының белгілері бар оқиғаның басталғаны туралы Пул әкімшісін хабардар етуге. Пул Сақтанушы сақтандыру жағдайының басталғаны туралы хабарламаған немесе уақтылы хабарламаған жағдайда сақтандыру төлемінен бас тартуға құқығы бар;
6) Пул әкімшісіне сақтандыру жағдайының себептерін, барысы мен салдарын, келтірілген залалдың сипаты мен мөлшерін растайтын барлық қолда бар ақпарат пен құжаттарды ұсынуға. Бұл міндет Сақтандырылушыға да жүктеледі;
7) Пул әкімшісімен келісу бойынша сақтандыру жағдайынан келтірілген залалды болғызбау немесе азайту үшін барлық болуы мүмкін және орынды шараларды қабылдауға. Бұл міндет Сақтандырылушыға да жүктеледі;
8) Пул әкімшісін сақтандыру тәуекелінің жай-күйіне әсер ететін шарттардың өзгерістері туралы хабардар етуге;
9) белгіленген тәртіппен және мерзімдерде Пул әкімшісіне медициналық қызметті жүзеге асыруға лицензияның қолданысын тоқтата тұру немесе тоқтату туралы хабарлауға;
10) сақтандыру төлемі туралы шешім қабылдау үшін Кодекстің 270-4-бабына сәйкес Пул әкімшісі талап ететін барлық құжаттарды ұсынуға;
11) Ортақ сақтандыру шартының талаптары, сақтандыру сыйлықақылары (жарналарын) мен төлемдердің мөлшерлері туралы құпиялылықты сақтауға;
12) сақтандыру жағдайының белгілері анықталған кезде Сақтандырушы - Қатысушылар атынан әрекет ететін Пул әкімшісінің мүдделеріне қарсы бағытталған әрекеттерді жасамауға, Пул әкімшісінің жазбаша келісімінсіз зиянды өтеу туралы талаптарды ерікті түрде мойындамауға, қабылдамауға, осындай талаптарды реттеу бойынша өзіне қандай да бір міндеттемелерді қабылдамауға, сондай-ақ келтірілген зиянды өтемеуге (өтеуге уәде беруге);
13) Кәсіби этиканың жалпыға бірдей қабылданған қағидалары мен қағидаттарының талаптарын сақтауға;
14) Ортақ сақтандыру шартында арнайы айтылғандарды қоспағанда, Сақтандыру жағдайлары шеңберінде сақтандырушының жазбаша келісімінсіз қандай да бір өтемақы және басқа да төлемдерді келіспеуге және жүзеге асырмауға;
15) Ортақ сақтандыру шартын жасасу кезінде Сақтанушы мәлімдеген Ортақ сақтандыру шартының қолданылу кезеңінде сақтандыру тәуекелінің өзгеруіне елеулі әсер етуі мүмкін мән-жайлардағы өзгерістер туралы Пул әкімшісіне дереу хабарлауға міндетті.
Сақтандырылушының Ортақ сақтандыру шартының талаптарын бұзуы Сақтанушының өзінің бұзғаны деп бағаланады.
12. Пул әкімшісі:
1) Сақтанушы хабарлаған ақпаратты, сондай-ақ Сақтанушының Ортақ сақтандыру шарты мен талаптарын орындауын тексеруге;
2) сақтандыру жағдайының белгілері бар оқиғаның себептері мен мән-жайларын дербес анықтауға;
3) Сақтанушыдан және Пайда алушыдан сақтандыру жағдайының басталу фактісін және келтірілген зиянның дәрежесін анықтау үшін қажетті ақпарат пен құжаттарды талап етуге;
4) егер Сақтанушы сақтандыру жағдайының басталғанын растайтын көрсетілген құжаттарды және (немесе) ақпаратты ұсынбаса не басқа жағдайларда негізсіз талаптарда Сақтандырушы-қатысушылардың атынан сақтандыру төлемінен бас тартуға;
5) Ортақ сақтандыру шарты бұзылған және сақтандыру жағдайлары болмаған жағдайда - Ортақ сақтандыру шарты қолданылған уақытқа барабар Сақтандыру сыйлықақысының бір бөлігіне және Сақтандыру сыйлықақысының қайтарылатын бөлігінің 10 % мөлшерінде Ортақ сақтандыру шартын енгізумен байланысты әкімшілік шығыстар;
6) Ортақ сақтандыру шартының талаптарына өзгерістер енгізуді немесе тәуекел дәрежесінің ұлғаюына мөлшерлес қосымша сақтандыру сыйлықақысын төлеуді ұсынуға құқығы бар.
13. Пул әкімшісі:
1) Сақтанушыны Ортақ сақтандыру шартының талаптарымен таныстыруға;
2) сақтандыру жағдайы басталған кезде Ортақ сақтандыру шартында белгіленген мөлшерде, тәртіппен және мерзімдерде сақтандыру төлемін жүргізуге;
3) сақтандыру құпиясын қамтамасыз етуге;
4) медицина қызметкері құпиясын жария етпеуге міндетті.
Пул әкімшісі мен Сақтанушының (Сақтандырылушының) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да құқықтары мен міндеттері бар.
Сақтандыру төлемін уақтылы жүзеге асырмағаны үшін сақтандыру пулына қатысушылар Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 353-бабына сәйкес жауапты болады.
6-тарау. Ортақ сақтандыру шартын жасасу тәртібі, қолдану мерзімі, тоқтату талаптары
14. Денсаулық сақтау субъектілері интернет платформада жеке кабинеті арқылы электрондық цифрлық қолтаңба құралдарын пайдалана отырып, ортақ сақтандыру шартын электронды нысанда жасайды. Сондай-ақ, мемлекеттік денсаулық сақтау субъектілері мен Пул әкімшісі арасында ортақ сақтандыру шарты онлайн платформада жасалғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде бірыңғай сатып алу платформасында жасалады.
7-тарау. Ортақ сақтандыру шартының қолданылу кезеңінде сақтандыру тәуекелінің өзгеруі
15. Сақтанушы медицина қызметкерін Сақтандырылғандар тізімінен алып тастаған және бұл туралы Пул әкімшісіне хабарлаған жағдайда, сақтандыру қорғанысы осы адамдарға қатысты Пул әкімшісіне хабарланған күннен бастап тоқтатылады. Осы өзгерістерге қатысты Ортақ сақтандыру шартына қосымша келісім ресімделеді және интернет-платформада электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қойылады. Ортақ сақтандыру шартының аяқталмаған қолданылу кезеңі үшін сыйлықақыны қайтару Сақтандырушы-қатысушылардың ісін жүргізуге барабар тиісті шығыстарды шегерілмей есептеледі. Сақтандырылған интерн-дәрігерлер және (немесе) резидент-дәрігерлердің тізімін өзгерту жағдайларын қоспағанда, Пул әкімшісі осы тұлғаларға қатысты Ортақ сақтандыру шартының қолданылу мерзімі аяқталмаған кезеңі үшін Сақтанушыға сыйлықақыны қайтаруды Ортақ сақтандыру шартына қосымша келісімге қол қойылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жүзеге асыруға міндетті.
8-тарау. Сақтанушының сақтандыру жағдайы басталған кездегі әрекеттері
16. Пациенттен немесе оның заңды өкілінен зиянды өтеу туралы талаппен жолданым келіп түскен жағдайда Сақтанушы 3 (үш) жұмыс күні ішінде бұл туралы Сақтандырушыны интернет-платформада немесе өзге де қолжетімді құралдармен хабардар етеді.
9-тарау. Дауларды қарау тәртібі
17. Сақтанушы мен Пул әкімшісі арасындағы Ортақ сақтандыру шарттары бойынша туындаған даулар келіссөздер жолымен, ал келісімге қол жеткізілмеген кезде Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 402-бабында белгіленген тәртіппен шешіледі.
10-тарау. Қосымша талаптар
18. Кодекстің 270-4-бабында және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, Тараптар Ортақ сақтандыру шартын жасасу нәтижесінде алынған құпия ақпаратты екінші Тараптың жазбаша келісімінсіз жария етуге құқығы жоқ.
19. Ортақ сақтандыру шарты электрондық форматта жасалады және Тараптар үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заңды күші бар.
20. Осы Ортақ сақтандыру шартының қолданылу орны Қазақстан Республикасының аумағы болып табылады.
Тараптардың деректемелері мен қолдары:
| Сақтандырушы: Атауы "Жалпы сақтандыру" саласы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына 20___ жылғы "___" ________ № __________лицензия БСН __________________ Мекенжайы: ________________ ЖСК _________________ Банк, БСК _______________ Тел.: ______________________ Резиденттік белгісі___ Экономика секторы___ Сақтанушы: Медициналық қызметті жүзеге асыру құқығына 20___ жылғы "___" ________ № __________ лицензия | Сақтандырушы (бірыңғай сақтандыру пулының қызметінде жетекші болып табылатын сақтандыру ұйымы немесе сақтандыру шарттарын жасасу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын бірыңғай сақтандыру пулының қызметін басқару үшін тартылған сақтандыру брокері): Атауы БСН __________________ Мекенжайы: ________________ ЖСК _________________ Банк, БСК _______________ Тел.: ______________________ |
| БСН __________________ Мекенжайы: ________________ ЖСК _________________ Банк, БСК _______________ Тел.: ______________________ Резиденттік белгісі___ Экономика секторы___ | |
| Лауазымы __________ ТАӘ (ол болған жағдайда) М.О. | Лауазымы ______ ТАӘ (ол болған жағдайда) М.О. |
| Қазақстан Республикасы | |
| Денсаулық сақтау министрі | |
| 2026 жылғы 6 қазандағы | |
| № 133 Бұйрыққа | |
| 2 қосымша | |
| Қазақстан Республикасы | |
| Денсаулық сақтау министрінің | |
| 2024 жылғы 24 шілдедегі | |
| № 58 бұйрығымен | |
| бекітілген |
Медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін сақтандыру Қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін сақтандыру қағидалары (бұдан әрі – Сақтандыру қағидалары) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 7-бабының 104-4) тармақшасына сәйкес әзірленді және медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін сақтандыру тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) бірыңғай сақтандыру (қайта сақтандыру) пулына қатысушы сақтандыру ұйымы – кәсіптік жауапкершілікті сақтандыру қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар және осы Сақтандыру қағидаларына, Ортақ сақтандыру шартына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Пул шеңберінде қызметті жүзеге асыратын сақтандыру ұйымы;
2) денсаулық сақтау субъектілері – денсаулық сақтау ұйымдары, сондай-ақ жеке медициналық практикамен және фармацевтикалық қызметпен айналысатын жеке тұлғалар;
3) интерн-дәрігер – интернатура шеңберінде білім алып жатқан және тәлімгердің жетекшілік етуімен клиникалық және (немесе) санитариялық-эпидемиологиялық практикаға шектеулі рұқсат беріліп, кәсіптік даярлықтан өтіп жатқан дәрігер;
4) медициналық оқыс оқиға – Қазақстан Республикасының әкімшілік және қылмыстық заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарттарына сәйкес медициналық көмек көрсетумен және технологияларды, жабдықтар мен құралдарды пайдаланумен байланысты, организмнің қалыпты жұмыс істеуінің ауытқуынан туындайтын, пациенттің өмірі мен денсаулығына зиян келтіруі, сондай-ақ пациенттің қайтыс болуына алып келуі мүмкін оқиға;
5) медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін сақтандыру жөніндегі бірыңғай сақтандыру (қайта сақтандыру) пулы (бұдан әрі – Пул) – заңды тұлға құрмайтын Қазақстан Республикасы медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін сақтандыру мақсаттары үшін құрылған сақтандыру ұйымдарының бірлестігі;
6) Медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін сақтандыру бойынша бірыңғай сақтандыру (қайта сақтандыру) пулын құру жөніндегі бірлескен қызмет туралы шарт (бұдан әрі – Бірлескен қызмет туралы шарт) - медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін бірлесіп сақтандыру жөніндегі пулға қатысушылардың бірлескен қызметін регламенттейтін және реттейтін құжат;
7) пайда алушы – сақтандыру шартына сәйкес сақтандыру төлемін алушы болып табылатын тұлға;
8) пулдың әкімшісі – сақтандыру брокері және (немесе) (сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы) – медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін Ортақ сақтандыру шарттарын жасасу, сүйемелдеу және орындау үшін Пулдың барлық қатысушыларының атынан және тапсырмасы бойынша шарт пен Сақтандыру қағидалары негізінде әрекет ететін, Пул қызметін басқару үшін тартылған сақтандыру (қайта сақтандыру) пулына қатысушы;
9) резидент-дәрігер - резидентураның білім беру бағдарламасы шеңберінде білім алатын және тәлімгердің жетекшілік етуімен медициналық ұйымда жұмыс істейтін дәрігер;
10) сақтандырылушы – өзіне қатысты сақтандыру жүзеге асырылатын (Қазақстан Республикасының азаматы және (немесе) шетел азаматы немесе Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыруға барлық қажетті рұқсаттары бар азаматтығы жоқ адам болып табылатын), Сақтанушының медициналық қызметтер көрсетуге арналған лицензиясына сәйкес медициналық қызметті жүзеге асыратын және Кодекстің 64-бабының 1) , 2) , 3) , 4) , 5) , 8) тармақшаларымен көзделген медицина қызметті жүзеге асыратын медицина қызметкері, сондай-ақ интерн-дәрігерлер мен резидент-дәрігерлер;
11) сақтанушы – "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес медициналық қызметке лицензия және оған қосымшалар негізінде медициналық қызметті жүзеге асыратын және медициналық ұйымдар үшін ұжымдық шарт және жеке медициналық практикамен айналысатын жеке тұлғалар үшін жеке шарт түріндегі медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін ортақ сақтандыру шарты бар денсаулық сақтау субъектісі.
2-тарау. Медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін сақтандыру, сақтандыру сыйлықақыларының (жарналарының) ең төменгі мөлшерін белгілеу және сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру, сондай-ақ сақтандыру сыйлықақыларын (жарналарын) және сақтандыру төлемдерін төлеу мерзімдері
3. Денсаулық сақтау субъектілері Кодекстің 64-бабының 1) , 2) , 3) , 4) , 5) , 8) тармақшаларымен көзделген медициналық қызметті жүзеге асырғанға дейін медицина қызметкерлерінің, сондай-ақ резидент-дәрігерлер мен интерн-дәрігерлердің кәсіптік жауапкершілігін сақтандыру шартын жасасады.
Шарт медициналық қызметке лицензиясы бар денсаулық сақтау субъектісімен, бұл ретте Кодекстің 27-бабына сәйкес "Назарбаев Университетіне" немесе оның медициналық ұйымдарына, Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының медициналық ұйымдарына кәсіптік медициналық қызметпен айналысуға тартылған шетелдік мамандарды қоспағанда, медициналық көмекті (қызметтерді) көрсететін, соның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезиденттерімен және клиникалық практикаға жіберу үшін маман сертификаты бар медицина қызметкерімен жасалады.
4. Медицина қызметкерінің, резидент-дәрігерлер мен интерн-дәрігерлердің кәсіптік жауапкершілігін сақтандыру денсаулық сақтау субъектісі бірыңғай сақтандыру (қайта сақтандыру) пулының қатысушыларымен (бұдан әрі – Пулдың әкімшісі) жасалатын ортақ сақтандыру шарты негізінде жүзеге асырылады.
5. Медицина қызметкерлерінің, резидент-дәрігерлер мен интерн-дәрігерлердің кәсіптік жауапкершілігін ортақ сақтандыру объектісі медициналық қызметті жүзеге асыру нәтижесінде пациенттің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеуге байланысты медицина қызметкерлерінің, резидент-дәрігерлер мен интерн-дәрігерлердің мүліктік мүддесі болып табылады.
6. Медициналық қызметті жүзеге асыру нәтижесінде пациенттің өмірі мен денсаулығына зиян келтіру фактісі медицина қызметкерлерінің, резидент-дәрігерлер мен интерн-дәрігерлердің кәсіптік жауапкершілігін ортақ сақтандыру шарты бойынша сақтандыру жағдайы болып танылады. Медициналық оқыс оқиға сақтандыру жағдайы болып табылмайды.
Зиян келтіру фактісі тәуелсіз сараптама комиссиясының қорытындысымен, ал оның шешімдерімен келіспеген жағдайда заңды күшіне енген сот актісімен расталады (белгіленеді).
7. Ортақ сақтандыру шарты бойынша сақтандыру жағдайы Тәуелсіз сараптама комиссиясы медициналық қызметті жүзеге асыру нәтижесінде пациенттің өмірі мен денсаулығына зиян келтіру фактісінің бар-жоғын анықтаған және растаған кезде немесе пациент немесе медицина қызметкері тәуелсіз сараптама комиссиясының шешімімен келіспеген кезде заңды күшіне енген сот актісі бойынша басталған болып есептеледі.
8. Сақтандырылушылар кәсіптік қызметті жүзеге асыру кезінде пациенттің өмірі мен денсаулығына зиян келтіру ықтималдығы сақтандыру тәуекелі деп танылады.
9. Бірыңғай сақтандыру (қайта сақтандыру) пулына қатысушының медицина қызметкерінің, резидент-дәрігер мен интерн-дәрігердің денсаулық сақтау субъектісімен кәсіптік жауапкершілігін ортақ сақтандыру шартын жасасудан бас тартуына жол берілмейді.
10. Медицина қызметкерлерінің, резидент-дәрігерлер мен интерн-дәрігерлердің кәсіптік жауапкершілігін сақтандыру кезінде деректермен алмасу үшін электрондық нысанда Пул әкімшісінің интернет-платформасы (бұдан әрі – Интернет-платформа) қолданылады.
11. Ортақ сақтандыру шартында Сақтанушы, Сақтандырылушы (медициналық қызметті жүзеге асыратын медицина қызметкері және резидент-дәрігерлер мен интерн-дәрігерлер) көрсетіледі.
12. Ортақ сақтандыру шарты денсаулық сақтау субъектілерімен Интернет-платформада жеке кабинеті арқылы электрондық цифрлық қолтаңба құралдарын пайдалана отырып электрондық нысанда жасасады. Бұл ретте, мемлекеттік денсаулық сақтау субъектілері мен Пул әкімшісі арасында ортақ сақтандыру шарты оның Интернет-платформада жасасу кезеңінен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде бірыңғай сатып алу платформасында жасасады.
Ортақ сақтандыру шарты мемлекеттік денсаулық сақтау субъектілерімен жыл сайын бір қаржы жылына, мемлекеттік емес денсаулық сақтау субъектілерімен бір жыл мерзімге жасалады, сақтандыру мерзімі ішінде қолданылады және бірінші басталған сақтандыру жағдайы бойынша өз қолданысын тоқтатпайды. Ортақ сақтандыру шарты мемлекеттік денсаулық сақтау субъектілерімен қаржы жылы басталғаннан кейін жасалған жағдайда, мұндай шарт жасалған күннен бастап тиісті қаржы жылының 31 желтоқсанына дейін қолданылады.
Ортақ сақтандыру шартының қолданылу барысында сақтандыру тәуекелінің өзгеруі мынадай мән-жайлар болып саналады:
1) жұмыстан босатуды немесе жаңа персоналды жұмысқа қабылдауды қоса алғанда, Сақтандырылушының тізіміне кез-келген өзгерістер, сондай-ақ Сақтандырылушының медициналық қызметінің бейінін өзгеруі;
2) медициналық қызметтің өзге де бейіндерінде қызметті жүзеге асыру.
Ортақ сақтандыру шартына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген кезде сақтандырылушылардың тізіміне оқу кезеңіндегі интерн-дәрігерлерді және (немесе) резидент-дәрігерлерді енгізу жағдайларын қоспағанда, Сақтанушы сақтандырудың аяқталмаған кезеңі үшін сақтандыру сыйлықақысын (жарнасын) қайта есептеуді жүзеге асырады және қосымша төлеуге немесе қайтаруға жататын сақтандыру сыйлықақысын (жарнасын) есептейді.
Сақтанушы Сақтандырылушылар тізіміне енгізілген қосымша медицина қызметкерлері туралы Пул әкімшісін хабардар еткен немесе кейбір Сақтандырылушыларға қатысты тәуекелдің ұлғаюы туралы хабарлаған кезде сақтандыру қорғанысы Сақтанушы сақтандыру сыйлықақысын (жарнасын) төлеген күннен кейінгі күннің 00 сағат 00 минутынан бастап күшіне енеді.
13. Денсаулық сақтау субъектілерімен электрондық нысанда ортақ сақтандыру шартын жасасуы, өзгертуі және бұзуы Интернет-платформада ақпарат алмасу жолымен жүргізіледі. Бұл ретте, мемлекеттік денсаулық сақтау субъектілерімен ортақ сақтандыру шартын жасасуы, өзгертуі және бұзуы бірыңғай сатып алу платформасында оның Интернет-платформада жасасу, өзгерту және бұзу кезеңінен кейін жүргізіледі.
14. Денсаулық сақтау субъектісі интернет-платформада құрылған денсаулық сақтау субъектісінің жеке кабинеті арқылы электрондық нысанда сақтандыруға өтініш береді.
15. Пулдың әкімшісімен сақтандыру шартын жасасу кезінде "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 52-4-бабында көзделген сақтандыру қорғанысының қолданылу кезеңінде және сақтандыру жағдайын реттеу кезінде жосықсыз әрекет белгілерін анықтаған кезде сақтандыру төлемінің Қазақстан Республикасының заңдарында не сақтандыру шартында көзделген мерзімі өткенге дейін сақтандырушы сақтандыру төлемін жүзеге асыруды күнтізбелік 30 (отыз) күнге дейінгі мерзімге тоқтатыла тұрады.
Сақтандыру төлемін тоқтата тұру туралы хабарлама сақтанушыға (пайда алушыға) тиісті тексеру жүргізілетіндігі көрсетіле отырып, тоқтатыла тұрған күннен кейінгі күннен кешіктірмей жіберілуге тиіс.
Сақтандыру төлемін тоқтата тұру мерзімі өткенге дейін сақтандырушы сақтандыру төлемінен уәжді бас тартуды жіберуге не сақтандыру төлемінің Қазақстан Республикасының заңдарында не сақтандыру шартында көзделген мерзімінен асқан әрбір күн үшін, сақтандыру төлемін жүзеге асыру күніне Ұлттық Банктің базалық мөлшерлемесіне сүйене отырып есептелетін тұрақсыздық айыбын ескеріп сақтандыру төлемін жүзеге асырады.
16. Ортақ сақтандыру шарты бойынша сақтандыру қорғанысы Сақтанушы сақтандыру сыйлықақысын (бірінші сақтандыру жарнасын) төлеген күннен кейінгі күннің 00 сағат 00 минутынан бастап күшіне енеді, осы Қағидалардың 12-тармағында көрсетілген мерзімі ішінде қолданылады және алғашқы сақтандыру жағдайы басталғанда өз қолданысын тоқтатпайды.
17. Пул әкімшісі ортақ сақтандыру шартын жасасу кезінде сақтанушы ұсынған мәліметтердің сақтандыруға арналған өтініште сәйкестігіне тексереді.
18. Мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдары, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғалар немесе дауыс беру акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы оған меншік құқығымен тиесілі оның еншілес ұйымдары үшін ортақ сақтандыру шарттары "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 8) тармақшасына сәйкес жасасады.
Бұл ретте сақтандыру сыйлықақысын (жарнасын) төлеу Сақтанушымен ортақ сақтандыру шартын жасасқан күннен және сақтандыру арқылы қорғау басталған күннен бастап 90 (тоқсан) күнтізбелік күн ішінде Пул әкімшісінің арнайы банктік шотына ақша аудару жолымен біржолғы төлеммен жүргізіледі.
19. Сақтандырушы-қатысушыға, Пул әкімшісінің өкіліне өз өкілеттіктерін жазбаша нысанда растау берілген жағдайда Тәуелсіз сараптама комиссиясының отырысына қатысуға рұқсат етіледі.
Сақтандырушы, Пул әкімшісінің өкілі тәуелсіз сараптама комиссиясының отырысында:
1) іс материалдарымен танысады;
2) көшірмелерін жасайды;
3) құжаттар мен мәліметтердің рұқсат етілуі мен толықтығына қатысты жазбаша нысанда пікір білдіреді;
4) сақтандырылған медицина қызметкерінің, пациенттің және зиян келтіру фактісін анықтауға тартылған өзге де адамдардың денсаулық сақтау субъектісіне қосымша құжаттар, жазбаша немесе ауызша түсініктемелер беру қажеттігі туралы мәлімдейді;
5) қарастырылып отырған зиян келтіру фактісі мен мән-жайлары бойынша түсініктеме береді;
6) сақтанушының, сақтандырылушының, пациенттің өкілдерінен бетпе-бет сауалнама жүргізу кезінде сұралатын адамға сұрақтар қояды;
7) келіспеген немесе зиян келтіру фактісі мен мән-жайлары бойынша ерекше пікір болған кезде комиссияға, сондай-ақ пул әкімшісіне келіспеушіліктің немесе ерекше пікірдің жазбаша негіздемесін жібереді.
20. Қазақстан Республикасы ортақ сақтандыру шартының (сақтандыру аумағы) қолданылу орны болып табылады.
21. Ортақ сақтандыру шарты мынадай жағдайларда тоқтатылады:
1) сақтандыру объектісі өмір сүруін тоқтатқан кезде;
2) сақтандыру жағдайының туындау мүмкіндігі жойылып, сақтандыру тәуекелінің болуы сақтандыру жағдайынан өзгеше мән-жайлар бойынша тоқтатылған кезде;
3) сот ортақ сақтандыру шартын жарамсыз деп тану туралы шешім қабылдағанда;
4) ортақ сақтандыру шартының мерзімі өткеннен кейін.
5) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тараптардың келісімі бойынша ортақ сақтандыру шартын бұзу;
6) сақтанушының бастамасы бойынша ортақ сақтандыру шартын бұзу;
7) Сақтанушы сақтандыру сыйлықақысын белгіленген мерзімде төлемеген жағдайларда немесе заңнамада көзделген өзге де жағдайларда Сақтандырушының бастамасы бойынша Ортақ сақтандыру шартын бұзу.
22. Медицина қызметкерлерінің, интерн-дәрігерлер мен резидент-дәрігерлердің кәсіптік жауапкершілігін сақтандыру денсаулық сақтау субъектілері есебінен жүзеге асырылады.
23. Медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігінің сақтандыру сыйлықақыларының (жарналарының) ең аз мөлшері осы Қағидаларға 1-қосымшада келтірілген.
Интерн-дәрігерлер мен резидент-дәрігерлердің кәсіптік жауапкершілігін сақтандыру денсаулық сақтау субъектісінің қолданыстағы сақтандыру сыйлықақыларының (жарналарының) мөлшері шеңберінде жүзеге асырылады және қосымша сақтандыру сыйлықақысын төлеуге әкеп соқпайды.
24. Сақтандыру сыйлықақысын (жарнасын) Қағидалардың 18-тармағында көрсетілген Сақтанушыларды қоспағанда, Сақтанушы (Сақтандырылушы) "Медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін ортақ сақтандырудың үлгілік шартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы 24 шілдедегі № 57 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34802 тіркелді) сәйкес ортақ сақтандыру шартына қол қойған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде Пул әкімшісінің арнайы банктік шотына ақша аудару жолымен біржолғы төлеммен жүргізеді.
25. Сақтандыру төлемдерінің мөлшерлер Кодекстің 270-4-бабының 3-тармағында айқындалған.
Сақтанушы 3 (үш) жұмыс күні ішінде пациенттен немесе оның заңды өкілінен зиянды өтеу туралы талаппен өтініштің интернет-платформада немесе өзге де қолжетімді құралдармен келіп түскені туралы хабардар етеді.
Сақтандыру төлемдерін Пул әкімшісі Сақтанушы ұсынған мынадай құжаттардың көшірмелері негізінде сақтандыру төлемін жүзеге асыру туралы шешім қабылданғаннан кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде жүзеге асырады:
1) тәуелсіз сараптама комиссиясының шешімі немесе пациенттің немесе оның заңды өкілдерінің талап арызы бойынша соттың шешімі;
2) пациенттің немесе оның заңды өкілінің өтініші немесе талап арызы;
3) Сақтанушының (сақтандырылушының) медициналық қызметті ұсыну құқығын растайтын құжат;
4) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжаттар;
5) пациенттың ауру тарихы;
6) қайтыс болғаны туралы куәлік немесе анықтама;
7) мүгедектікті және (немесе) еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесін белгілеу жөніндегі медициналық-әлеуметтік сараптаманың қорытындысы;
8) бұзушылықтардың сақтандыру жағдайымен организм функцияларының тұрақты бұзылуымен себеп-салдарлық байланысын растайтын құжаттар (пациент қайта куәландырылған және мүгедектіктің неғұрлым жоғары тобы анықталған жағдайда ұсынылады);
9) пациенттің аурумен байланысты нақты шығыстарының төленгенін растайтын қаржылық құжат;
10) Пайда алушының сақтандыру төлемін алу құқығын растайтын құжаты;
11) Сақтанушының, Сақтандырылушының қорғауға жұмсалған шығыстарымен байланысты шеккен нақты шығыстарын растайтын құжаттар;
12) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысанда сақтандыру төлемін жүзеге асыру үшін толық банктік деректемелерді көрсете отырып, сақтандыру төлемін жүзеге асыру туралы өтініш;
13) оқыту туралы шарт және (немесе) оқу кезеңіндегі интерн-дәрігер және резидент-дәрігер үшін тиісті ғылыми-практикалық базада интернатурадан немесе резидентурадан өтуді және тұлғаның сақтандырылушылар тізіміне енгізілгенін растайтын өзге де құжат.
Пул әкімшісі сақтанушыға немесе сақтандырылушыға сақтандыру төлемін жүзеге асыру үшін қажетті жетпейтін құжаттар туралы 2 (екі) жұмыс күні ішінде электрондық нысанда Пул әкімшісінің интернет-платформасында құрылған денсаулық сақтау субъектісінің жеке кабинеті арқылы хабардар етеді.
Сақтандыру төлемін жүзеге асыру күні сақтандыру төлемін пайда алышуға ақшалай қаражат түскен күні болып есептеледі.
Пациенттің денсаулығының нашарлаған (мүгедектікті немесе еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесін белгілеу) не сақтандыру жағдайының басталуына әкеп соққан оқиға нәтижесінде пациент қайтыс болған кезде медициналық-әлеуметтік сараптаманың қорытындысы немесе сот шешімі негізінде Пулдың әкімшісі Кодекстің 270-4-бабына сәйкес сақтандыру төлемінің сомасын қайта есептеуді жүргізеді.
Сақтандыру төлемінің сомасын қайта есептеу кезінде бұрын төленген сомалар есепке алынады, бірақ Кодекстің 270-4-бабына сәйкес осы сақтандыру жағдайы (лимиті) бойынша жауапкершіліктің шекті көлемінен аспайды.
Сақтандыру төлемі жүзеге асырылғаннан кейін Сақтанушы пайда алушымен дауды реттеу және пациенттің денсаулық сақтау субъектісіне және медициналық қызметкерге талап-арызының жоқ екені туралы келісімді осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жібереді.
| Медицина қызметкерлерінің | |
| кәсіптік жауапкершілігін | |
| сақтандыру қағидаларына | |
| 1-қосымша |
Медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақыларының (жарналарының) ең төмен мөлшерлері
| № | Жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білімі бар қызметкерлердің мамандықтары | Жылына 1 штат бірлігіне сақтандыру сыйлықақысының (жарнаның) мөлшері (ең төменгі есептік көрсеткіш) | ||
| Тәулік бойғы режимде медициналық көмек көрсетпейтін ұйымдар | Тәулік бойғы режимде медициналық көмек көрсететін ұйымдар | Өзге ұйымдар | ||
| 1 | Авиациялық және ғарыштық медицина | 0 | 0 | 7,8 |
| 2 | Ересектер, балалар акушериясы және гинекологиясы | 17,1 | 23,1 | 0 |
| 3 | Ересектер, балалар аллергологиясы және иммунологиясы | 7,8 | 7,8 | 0 |
| 4 | Ересектер, балалар ангиохирургиясы | 11,7 | 13,8 | 0 |
| 5 | Ересектер, балалар анестезиологиясы және реаниматологиясы | 17,6 | 20,7 | 0 |
| 6 | Ересектер, балалар гастроэнтерологиясы | 11,6 | 11,6 | 0 |
| 7 | Гематология (ересектер) | 7,8 | 11,6 | 0 |
| 8 | Гериатрия | 1,9 | 1,9 | 0 |
| 9 | Ересектер, балалар дерматовенерологиясы | 3,9 | 3,9 | 0 |
| 10 | Балалар хирургиясы | 11,7 | 15,9 | 0 |
| 11 | Ересектер, балалар инфекциялық аурулары | 11,6 | 13,3 | 0 |
| 12 | Ересектер, балалар кардиология | 9,9 | 13,3 | 0 |
| 13 | Ересектер, балалар кардиохирургия | 20,6 | 24,2 | 0 |
| 14 | Кинезиотерапия | 3,9 | 3,9 | 0 |
| 15 | Клиникалық фармакология | 3,3 | 4,5 | 0 |
| 16 | Еңбек медицинасы (кәсіптік патология) | 3,9 | 3,9 | 0 |
| 17 | Төтенше жағдайлар мен апаттар медицинасы | 0 | 0 | 11,6 |
| 18 | Медициналық генетика | 6,6 | 9 | 0 |
| 19 | Ересектер, балалар неврологиясы | 6,6 | 9 | 0 |
| 20 | Ересектер, балалар нейрохирургиясы | 20,6 | 24,2 | 0 |
| 21 | Неонатология | 12,5 | 13,8 | 0 |
| 22 | Ересектер, балалар шұғыл медицинасы | 11,6 | 13,8 | 13,8 |
| 23 | Ересектер, балалар нефрологиясы | 6,6 | 9 | 0 |
| 24 | Жалпы дәрігерлік практика | 7,8 | 0 | 0 |
| 25 | Жалпы хирургия | 11,7 | 15,9 | 0 |
| 26 | Онкология | 17,1 | 23,1 | 0 |
| 27 | Балалар онкологиясы және гематологиясы | 17,1 | 23,1 | 0 |
| 28 | Радиациялық онкология | 17,1 | 23,1 | 0 |
| 29 | Химиотерапиялық онкология | 17,1 | 23,1 | 0 |
| 30 | Ересектер, балалар оториноларингологиясы | 7,8 | 11,7 | 0 |
| 31 | Ересектер, балалар офтальмологиясы | 6,9 | 7,9 | 0 |
| 32 | Химиотерапиялық онкология | 6,6 | 7,8 | 7,8 |
| 33 | Педиатрия | 8,3 | 8,3 | 0 |
| 34 | Ересектер, балалар пластикалық хирургия | 17,6 | 23,8 | 0 |
| 35 | Ересектер, балалар психиатриясы | 1,6 | 2,2 | 0 |
| 36 | Ересектер, балалар пульмонологиясы | 6,6 | 9 | 0 |
| 37 | Радиология | 9,9 | 11,6 | 0 |
| 38 | Ересектер, балалар ревматологиясы | 6,6 | 9 | 0 |
| 39 | Отбасылық медицина | 7,8 | 0 | 0 |
| 40 | Мейіргер ісі (академиялық бакалавриат) | 1,5 | 1,7 | 0 |
| 41 | Стоматология | 8,6 | 8,6 | 0 |
| 42 | Сот-медициналық сараптама | 0 | 0 | 5,2 |
| 43 | Терапия | 6,6 | 9 | 0 |
| 44 | Ересектер, балалар травматологиясы - ортопедиясы | 17,6 | 23,8 | 0 |
| 45 | Ересектер, балалар урологиясы | 11,7 | 15,9 | 0 |
| 46 | Ересектер, балалар физикалық медицинасы және оңалту | 3,3 | 4,5 | 0 |
| 47 | Ересектер, балалар фтизиатриясы | 6,6 | 9 | 0 |
| 48 | Ересектер, балалар жақ-бет хирургиясы | 11,7 | 13,8 | 0 |
| 49 | Ересектер, балалар эндокринологиясы | 7,8 | 7,8 | 0 |
| 50 | Эрготерапия | 3,9 | 3,9 | 0 |
| 51 | Ядролық медицина | 0 | 11,6 | 11,6 |
| 52 | Мейіргер ісі | 1,5 | 1,7 | 0 |
| 53 | Емдеу ісі | 1,5 | 1,7 | 0 |
| 54 | Акушерлік ісі | 1,5 | 1,7 | 0 |
| 55 | Стоматология (маман) | 1,5 | 1,5 | 0 |
| 56 | Зертханалық диагностика | 1,5 | 1,7 | 0 |
| 57 | Медициналық оптика | 1,5 | 1,7 | 0 |
| 58 | Ортопедиялық стоматология (маман) | 1,5 | 1,5 | 0 |
| 59 | Гигиена және эпидемиология | 11,6 | 13,3 | 0 |
| 60 | Күтім бойынша әлеуметтік жұмыс | 1,9 | 1,9 | 0 |
| 61 | Парамедицина | 3,9 | 3,9 | 0 |
| 62 | Фармация | 3,9 | 4,7 | 0 |
| 63 | Қоғамдық денсаулық (медициналық-профилактикалық іс, биомедицина, денсаулық сақтаудағы әлеуметтік жұмыс) | 3,9 | 4,7 | 0 |
| Медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін сақтандыру қағидаларына 2-қосымша | ||||
| нысан | ||||
Сақтанушының/Сақтандырылғанның/Пайда алушының басталған сақтандыру жағдайы бойынша сақтандыру төлемін жүзеге асыру туралы өтініші (қажеттісінің астын сызу)¹
Сақтандыру жағдайының басталуына байланысты сақтандыру төлемін жүзеге асыруды сұраймын.
Сақтандыру жағдайының басталу себептері мен мән-жайлары:
| Бірлесіп сақтандыру шарты № ______________________________бастап ______________ Сақтандырылғанның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) (бұдан әрі – Т.А.Ә.): __________________________________________________________________________Сақтандырылғанның туған күні және туған жері: ЖСН: Азаматтығы: Жеке басын куәландыратын құжаттың деректері (атауы, нөмірі, берілген күні және оны берген орган, қолданылу мерзімі): Шетелдік салықтық резиденттік туралы мәліметтер (болған кезде резиденттік елін және салық төлеушінің нөмірін көрсету): ☐ Йә ☐ Жоқ Тұрақты мекенжайы: Байланыс нөмірі: Шетелдік жария лауазымды тұлғаларға жататыны: ☐ Йә ☐ Жоқ Сақтандыру жағдайы басталды: (уақыты, күні, айы, жылы) Оқиға болған жері: Диагнозы: _________________________________________________________________ Нәтижесі (қажеттісін белгілеу): Ерікті сақтандыру түрлері үшін: ☐ қайтыс болу; ☐ мүгедектік; ☐ ауруханаға жатқызу; ☐ уақытша еңбекке жарамсыздық; ☐ ауыр ауру; ☐ дене жарақаты; ☐ өзге: Міндетті сақтандыру түрлері үшін: ☐ Еңбекке қабілеттіліктен айырылу (еңбек жарақаты); ☐ Еңбекке қабілеттіліктен айырылу (кәсіптік ауру) ☐ өзге: |
| Сақтандыру жағдайының басталу мән-жайларының қысқаша сипаттамасы: |
| _________________________________________________________________ _________________________________________________________________ _________________________________________________________________ _________________________________________________________________ |
| Төлем жасауға негіздеме (сақтандыру жағдайын растайтын құжаттар): |
| _________________________________________________________________ _________________________________________________________________ _________________________________________________________________ _________________________________________________________________ _________________________________________________________________ _________________________________________________________________ _________________________________________________________________ _________________________________________________________________ _________________________________________________________________ _________________________________________________________________ _________________________________________________________________ |
| Сақтандыру төлемін алушы (Пайда алушы): |
| Пайда алушының Т.А.Ә.: _____________________________________________ Пайда алушының туған күні және туған жері: ЖСН: Азаматтығы: Жеке басын куәландыратын құжаттың деректері (атауы, нөмірі, берілген күні және оны берген орган, қолданылу мерзімі): Шетелдік салықтық резиденттік туралы мәліметтер (болған кезде резиденттік елін және салық төлеушінің нөмірін көрсету): ☐ Иә ☐ Жоқ Тұрақты мекенжайы: Байланыс нөмірі (қала/оператор кодымен): 8 Шетелдік жария лауазымды тұлғаларға жататыны? ☐ Иә ☐ Жоқ Виза туралы мәліметтер (шетел азаматтары үшін): Нөмірі, берілген күні, қолданылу мерзімі: Көші-қон карточкасы туралы мәліметтер (шетел азаматтары үшін): Нөмірі, берілген күні, қолданылу мерзімі: Клиенттің сенім білдірілген тұлғасы (өкілі) туралы мәліметтер (болған кезде): Сенім білдірілген тұлғаның (өкілдің) Т.А.Ә.: Туған жері және туған күні: ЖСН: Азаматтығы: Жеке басын куәландыратын құжаттың деректері (атауы, нөмірі, берілген күні және оны берген орган, қолданылу мерзімі): Сенім білдірілген тұлға әрекет ететін құжат (атауы, нөмірі, қолданылу мерзімі): Байланыс деректері (тұрғылықты жерінің мекенжайы, телефон нөмірі): Виза туралы мәліметтер: Көші-қон карточкасы туралы мәліметтер: |
| Сақтандыру төлемін мына деректемелер бойынша жүзеге асыруды сұраймын: |
| Банктің атауы __________________________ Банктің БСК-сы _______________________ Банктің есеп айырысу шоты Дербес (ағымдағы) шот / карточкалық шот (астын сызу) Ақша қаражатын алушының Т.А.Ә./атауы_________________________________________ ЖСН |
_____________________________
Осы өтініш 2 (екі) парақта жасалды.
1. Сақтандыру төлемін жүзеге асыру туралы өтініште мен ұсынған барлық ақпараттың менің білімім мен наным-сеніміме сәйкес дұрыс және толық екенін мәлімдеймін.
2. Қазақстан Республикасының "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Заңының 8-бабының 4-тармағына сәйкес денсаулық сақтау субъектісіне және медициналық қызметкерге қатысты дауды реттеу және пациенттің талап-арызының жоқтығы туралы келісімдерді жасау үшін қажетті, цифрлық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.
3. Сақтандыру төлемін жүзеге асыру үшін құжаттарды дайындауға қажетті ақпаратты және құжаттар тізбесін алдым.
____________________________________________________________________
(Сақтанушының/Сақтандырылғанның/Пайда алушының қолы, Т.А.Ә. толық)
"___" ____________________________ 20 жылғы
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 839-бабы 4-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Сақтанушының Сақтандырушыға сақтандыру объектісі, сақтандыру тәуекелі, сақтандыру жағдайы және оның салдары туралы көрінеу жалған мәліметтерді хабарлауы Сақтандырушының сақтандыру төлемін жүзеге асырудан бас тартуына негіз болып табылады.
| Медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін сақтандыру қағидаларына 3-қосымша | |
| нысан | |
| Кімге: Медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін сақтандыру жөніндегі Бірыңғай сақтандыру пулына Кімнен: __________________________ (Т.А.Ә.) (ол болған жағдайда) __________________________ (байланыс деректері) |
Дауды реттеу және пациенттің денсаулық сақтау субъектісіне және медицина қызметкеріне, интерн-дәрігерге, резидент-дәрігерге талап-арызының жоқтығы туралы КЕЛІСІМ
Мен, __________________________________________________________ (пациент), _____ жылғы "___" _____________ туған, ЖСН __________________, № _________________ құжаттың (қажеттісінің астын сызу: жеке куәлік, паспорт, тұруға ықтиярхат) негізінде, ____________________________ берген, "" _____________ 20 жылғы, мына мекенжайда тұратын:________________________________________________________________________, _________________________________________ медициналық ұйымында " " _____________ 20 жылдан "____" ______________ 20 жылға дейін _____________________________________ (қызмет түрін көрсету) медициналық қызметтерді (емдеуді) алған, диагнозы ________________________________, сақтандыру төлемін толық көлемде алдым және осы медициналық ұйымға, медициналық персоналға және көрсетілген қызметтердің сапасына қатысты Бірыңғай сақтандыру (қайта сақтандыру) пулының қатысушыларына талап-арызым жоқ және болмайды. Қазақстан Республикасының "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Заңының 8-бабының 4-тармағына сәйкес дауды реттеу және пациенттің денсаулық сақтау субъектісіне және медицина қызметкеріне талап-арызының жоқтығы туралы келісімдерді жасау үшін қажетті, цифрлық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін ________________________ (Т.А.Ә.) (ол болған жағдайда) ________________________ (атауы) ________________________ (күні)
Іздеу атаулары: №133 бұйрық, 133-бұйрық, приказ 133, жүз отыз үшінші бұйрық, 133 бұйрық скачать.