Мақала
Бұйрықтар

№ 137 бұйрық (07.10.2026): толық мәтін және скачать

Жаңа

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2026 жылғы 7 қазандағы № 137 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 8 қазанда № 40121 болып тіркелді

Бұйрық нөмірі
137
Қабылданған күні
07.10.2026
Актіні өзгерту күні
Көрсетілмеген
Мәртебесі
Жаңа

Дереккөз: «Әділет» АҚЖ ресми мәтіні. Мәтін алынған күн: 2026-10-20.

Бұйрықтың мәтіні

Құжаттың мазмұны
  1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
  2. "Адамның ағзаларын (ағзасының бөлігін) және (немесе) тіндерін (тінінің бөлігін), қан мен оның компоненттерін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан осы мемлекеттерге әкетуге лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың Тізбесі
  3. "Медициналық қызметке лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
  4. Жеке тұлғаның лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін өтініші
  5. Заңды тұлғаның лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін өтініші
  6. "Туыстық емес трансплантаттауды жүргізу мақсатында адамның биологиялық материалдарының үлгілерін, гемопоэздік бағаналы жасушаларын, сүйек кемігін, донорлық лимфоциттерді, жыныстық жасушалар мен эмбриондарды Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан осы мемлекеттерге әкетуге қорытындылар (рұқсат беру құжаттарын) беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
  7. Медициналық ұйымдарды аккредиттеуді жүзеге асыру бойынша аккредиттеу туралы куәлікті алуға арналған шарттар
  8. "Денсаулық сақтау саласындағы білім алушылардың, кәсіптік даярлық түлектерінің және мамандардың білімі мен дағдыларын бағалауды жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
  9. Білім алушылардың, кәсіптік даярлық түлектерінің және денсаулық сақтау саласындағы мамандардың білімі мен дағдыларын бағалауды жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу туралы куәлікті алуға арналған шарттар
  10. "Медициналық ұйымдар қызметінің аккредиттеу стандарттарына сәйкестігін тану мақсатында оларды аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет тізбесі
  11. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет тізбесі "Денсаулық сақтау саласында тәуелсіз сараптаманы жүзеге асыратын денсаулық сақтау субъектілерін аккредиттеу"

БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушыТ. Султангазиев

"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі

"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы 2026 жылғы 7 қазандағы № 137 бұйрығымен бекітілген

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

1. "Адамның ағзаларын (ағзасының бөлігін) және (немесе) тіндерін (тінінің бөлігін), қан мен оның компоненттерін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан осы мемлекеттерге әкетуге лицензия беру" мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 сәуірдегі № ҚР ДСМ-43/2020 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20556 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

"Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Адамның ағзаларын (ағзасының бөлігін) және (немесе) тіндерін (тінінің бөлігін), қан мен оның компоненттерін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан осы мемлекеттерге әкетуге лицензия беру" мемлекеттік қызметті көрсету Қағидаларында :

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"1. Осы "Адамның ағзаларын (ағзасының бөлігін) және (немесе) тіндерін (тінінің бөлігін), қан мен оның компоненттерін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан осы мемлекеттерге әкетуге лицензия беру" мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 8-бабының 12) тармақшасына , "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1)-тармақшасына сәйкес әзірленді және "Адамның ағзаларын (ағзасының бөлігін) және (немесе) тіндерін (тінінің бөлігін), қан мен оның компоненттерін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан осы мемлекеттерге әкетуге лицензия беру" мемлекеттік қызметті көрсету тәртібін айқындайды.";

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"3. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру www.egov.kz, www.elicense.kz "цифрлық үкімет" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады (бұдан әрі – портал).";

6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"6. Көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік көрсетілетін қызмет ақылы негізде көрсетіледі.

Мемлекеттік қызметті көрсеткені үшін алым Қазақстан Республикасының Салық кодексінде белгіленген мөлшерлемелер бойынша және тәртіппен жүзеге асырылады.

Алым сомасын төлеу екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы немесе "цифрлық үкімет" веб-порталының төлем шлюзі арқылы қолма-қол немесе қолма-қол емес нысанда жүзеге асырылады.";

8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"8. Көрсетілетін қызметті беруші "цифрлық үкімет" веб – порталында тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы бір реттік парольді беру арқылы немесе қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы "цифрлық үкімет" веб-порталының хабарламасына жауап ретінде ұсынылған көрсетілетін қызметті алушының (құжат иесінің) келісімі болған кезде, іске асырылған интеграция (бұдан әрі-сервис) арқылы цифрлық құжаттар сервисінен:

"трансплантология: ағзалардың трансплантологиясы (ағзалардың бөліктері)", "тіндердің трансплантологиясы (тіндердің бөліктері)", "консервіленген мөлдірқабық тінінің трансплантологиясы", "гематология", "қан дайындау" мамандықтары бойынша медициналық қызметке лицензия және лицензияға қосымшалар туралы;

көрсетілетін қызметті алушыны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы;

сервис арқылы не екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы төленген лицензиялық алым сомасын (оның ішінде лицензияның (оған қосымшаның) телнұсқасын қайта ресімдеу не алу жағдайлары үшін) төлеу туралы;

адамның ағзаларын (орган бөлігін) және (немесе) тіндерін (ұлпа бөлігін), қанын және оның компоненттерін транспланттау мәселелері жөніндегі халықаралық шартты Қазақстан Республикасы ратификациялау туралы мәліметтер алады.";

10 және 11-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

"10. Көрсетілетін қызмет көрсетуші Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 14 маусымдағы № 452 "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтерді көрсету сатысы туралы деректерді оларды көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне енгізу қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8555 болып тіркелген) сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету кезеңі туралы деректерді мемлекеттік қызмет көрсетудің цифрлық мониторинг жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне деректерді енгізу автоматтандырылған.

11. Көрсетілетін қызметті беруші ұсынылған құжаттар мен мәліметтердің толықтығын тексереді:

адам тіндерін (тінінің бөлігін), қан мен оның компоненттерін әкелуге және (немесе) әкетуге лицензия беру кезінде құжаттарды және мәліметтерді тапсырған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде;

адам ағзаларын (ағзасының бөлігін) әкелуге және (немесе) әкетуге лицензия беру кезінде құжаттарды және мәліметтерді тапсырған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған өтініште және (немесе) құжаттарда қателер немесе дәлсіздіктер анықталған жағдайда, олардың нысаны мен мазмұны бойынша талаптарға сәйкессіздігінде, көрсетілетін қызметті алушы Тізбенің 10-тармағында көзделген құжаттар пакетін толық ұсынбаған жағдайларда көрсетілетін қызметті беруші өтінішті цифрлық күту парағы арқылы қабылдайды.

Бұл ретте көрсетілетін қызметті алушыға анықталған кемшіліктерді жою үшін - 1 жұмыс күні мерзім белгіленеді, көрсетілген мерзім Тізбенің 3-тармағында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетудің жалпы мерзіміне кірмейді.

Кемшіліктер жойылған жағдайда мемлекеттік қызмет алуға өтініш және (немесе) құжаттар қабылданған күн көрсетілетін қызметті алушының алғашқы жүгінген күні деп есептеледі.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің барысы анықталған кемшіліктер жойылған сәттен бастап қайта жаңғырылады.

Анықталған кемшіліктер белгіленген мерзімде жойылмаған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші өтініш пен құжаттарды қабылдаудан бас тартады және өтінішті әрі қарай қарауға көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолымен куәландырылған жазбаша дәлелді бас тартуды (еркін түрде) береді.

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылған кезде көрсетілетін қызметті алушымен тыңдау өткізілмейді.";

13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"13. Көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидаларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оны көрсету тәртібі туралы ақпаратты жаңартады және ақпаратты "цифрлық үкіметтің" операторына және Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.";

көрсетілген Қағидаларға 1-қосымша осы Тізбеге 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. "Медициналық қызметке лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 1 маусымдағы № ҚР ДСМ-59/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20809 тіркелді) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

""Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Медициналық қызметке лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету Қағидаларында :

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"1. Осы "Медициналық қызметке лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстің 73 , 91-баптарына , "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және "Медициналық қызметке лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.";

2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

"3) "цифрлық үкіметтің" веб-порталы – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын цифрлық жүйе.";

5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"5. Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 616-бабында белгіленген мөлшерде лицензиялық алымды төлеу екінші деңгейлі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол ақшамен және қолма-қол ақшасыз нысанда, сондай-ақ "цифрлық үкіметі" төлем шлюзі (бұдан әрі – ЦҮТШ) арқылы жүзеге асырылады.";

6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"6. Қазақстан Республикасының аумағында медициналық қызметті жүзеге асыру үшін жеке немесе заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық бақылау комитетінің аумақтық департаменттеріне (бұдан әрі-көрсетілетін қызметті беруші) Тізбенің 10-тармағында белгіленген және электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидаларға 2 немесе 3-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша өтінішті "цифрлық үкімет" веб-порталы арқылы "www.egov.kz", "www.elicense.kz" (бұдан әрі –портал) жібереді.";

8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"8. Көрсетілетін қызметті беруші "цифрлық үкімет" веб – порталында тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы ұсынылған көрсетілетін қызметті алушының (құжат иесінің) келісімі болған кезде, іске асырылған интеграция (бұдан әрі – сервис) арқылы цифрлық құжаттар сервисінен бір реттік парольді беру арқылы немесе қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы "цифрлық үкімет" веб-порталының хабарламасына жауап ретінде мәліметтерді алады:

1) жеке басын куәландыратын құжаттар туралы;

2) көрсетілетін қызметті алушыны заңды тұлға немесе дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы;

3) медициналық қызметке лицензияның бар/жоғы туралы және иондаушы сәуле шығаратын аспаптар мен қоңдырғыларды пайдалануға арналған лицензияның (тиісті объектіге арналған лицензияға қосымшаның) болуы туралы (қажет болған жағдайда);

4) меншік құқығын немесе жалға алу шартын немесе жылжымайтын мүлікті (несиені) өтеусіз пайдалану немесе мүлікті сенімгерлік басқару шартын немесе мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын ("цифрлық үкімет" шлюзінде (бұдан әрі – ЦҮШ) мәліметтер болған жағдайда) куәландыратын;

5) ЦҮТШ арқылы не екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы төленген лицензиялық алым сомасын (оның ішінде қайта ресімдеу не лицензияның (оған қосымшаның) телнұсқасын алу жағдайлары үшін) төлеу туралы;

6) жылжымайтын мүлік объектісінің тіркелгені туралы;

7) 2015 жылдан кейін оқуды бітірген көрсетілетін қызметті алушылар үшін жоғары медициналық білімінің бар/жоғы туралы;

8) 2015 жылдан кейін оқуды бітірген көрсетілетін қызметті алушылар үшін орта (техникалық және кәсіптік), орта білімнен кейінгі медициналық білімінің бар/жоғы туралы;

9) білім туралы құжаттарды алғаннан кейін атын, әкесінің атын (ол болған жағдайда), тегін өзгерткен үміткерлер үшін атын, әкесінің атын (ол болған жағдайда), тегін ауыстыру немесе неке (ерлі-зайыптылық) қию туралы немесе некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы;

10) мәлімделген мамандық бойынша қолданыстағы маман сертификатының бар/жоғы туралы;

11) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес мәлімделген қызметтің кіші түрлеріне сәйкес қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжат туралы (ЦҮШ-да қызметкерлердің бейіндері және еңбек шарттарын есепке алу туралы мәліметтер болған жағдайда);

12) медициналық қызметті жүзеге асыру жоспарланған үй (бұдан әрі -өндірістік база) – жайға (ғимаратқа) санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының болуы туралы (ЦҮШ болған жағдайда) мәліметтер алады.

Көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің цифрлық сервисінен алынған деректерге сәйкес мәлімделген мамандық немесе мамандандыру бойынша медициналық қызметке тыйым салу немесе тыйым салынбау туралы (сервисте болған жағдайда).";

9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"9. Тізбенің 10-тармағында көрсетілген ұсынылған құжаттардың және портал арқылы келіп түскен сервистен алынған мәліметтердің толықтығын көрсетілетін қызметті беруші құжаттар тіркелген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде тексереді.

Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған өтініште және (немесе) құжаттарда қателер немесе дәлсіздіктер анықталған, олардың нысаны мен мазмұны бойынша талаптарға сәйкес келмеген кезде көрсетілетін қызметті алушы Тізбенің 10-тармағында көзделген құжаттар пакетін толық ұсынбаған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті цифрлық күту парағы арқылы қабылдайды.

Бұл ретте көрсетілетін қызметті алушыға анықталған кемшіліктерді жою үшін - 2 (екі) жұмыс күні мерзім белгіленеді, көрсетілген мерзім Тізбенің 3-тармағында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетудің жалпы мерзіміне кірмейді.

Кемшіліктер жойылған жағдайда мемлекеттік қызмет алуға өтініш пен (немесе) құжаттар қабылданған күн көрсетілетін қызметті алушының алғашқы жүгінген күні деп есептеледі.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің барысы анықталған кемшіліктер жойылған сәттен бастап қайта жаңғырылады.

Анықталған кемшіліктер белгіленген мерзімде жойылмаған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші өтініш пен құжаттарды қабылдаудан бас тартады және өтінішті әрі қарай қарауға көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолымен куәландырылған жазбаша дәлелді бас тартуды (еркін түрде) береді.";

12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"12. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылған кезде көрсетілетін қызметті алушымен тыңдау өткізілмейді.";

16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"16. Рұқсаттық бақылау аудио, фото-немесе бейнефикасацияны қолдана отырып жүргізіледі, жазбалар көрсетілетін қызметті берушінің "лицензиялау порталы" ішкі цифрлық жүйесінде сақталады.";

21 және 21-1 тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

"21. Көрсетілетін қызмет көрсетуші Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 14 маусымдағы № 452 "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтерді көрсету сатысы туралы деректерді оларды көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне енгізу қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8555 болып тіркелген) сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету кезеңі туралы деректерді мемлекеттік қызмет көрсетудің цифрлық мониторинг жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

21-1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық бақылау комитеті осы Қағидаларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оны көрсету тәртібі туралы ақпаратты жаңартады және ақпаратты көрсетілетін қызметті берушіге, "цифрлық үкіметтің" операторына және Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.";

мынадай мазмұндағы 22-1 тармақпен толықтырылсын:

"22-1. ҚР ӘРПК 91-бабының 4-тармағына сәйкес шағым келіп түскен жағдайда көрсетілетін қызметті беруші оны шағымды қарайтын органға (жоғары тұрған әкімшілік органға және (немесе) лауазымды тұлғаға) келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей жолдайды. Көрсетілетін қызметті беруші шағымды 3 (үш) жұмыс күні ішінде қолайлы акт қабылданған, әкімшілік іс-әрекет жасалған, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын жағдайда шағымды қарайтын органға жібермейді.";

көрсетілген Қағидаларға 1 , 2 және 3-қосымшалар осы Тізбеге 2 , 3 және 4-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

3. "Туыстық емес трансплантаттауды жүргізу мақсатында адамның биологиялық материалдарының үлгілерін, гемопоэздік дің жасушаларын, сүйек кемігін, донорлық лимфоциттерді, жыныстық жасушалар мен эмбриондарды Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан осы мемлекеттерге әкетуге қорытындылар (рұқсат беру құжаттарын) беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 3 қарашадағы № ҚР ДСМ-177/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21592 тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 8-бабының 13) тармақшасына және "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

көрсетілген бұйрықпен бекітілген туыстық емес трансплантаттауды жүргізу мақсатында адамның биологиялық материалдарының үлгілерін, гемопоэздік дің жасушаларын, сүйек кемігін, донорлық лимфоциттерді, жыныстық жасушалар мен эмбриондарды Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан осы мемлекеттерге әкетуге қорытындылар (рұқсат беру құжаттарын) беру қағидалары, мемлекеттік қызмет көрсету Қағидаларында :

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"1. Осы туыстық емес транспланттауды жүргізу мақсатында адамның биологиялық материалдарының, гемопоэздік дің жасушаларының, сүйек кемігінің, донорлық лимфоциттердің, жыныстық жасушалар мен эмбриондарды Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан осы мемлекеттерге әкетуге қорытындылар (рұқсат беру құжаттарын) беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 8-бабының 13) тармақшасына және "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және туыстық емес транспланттауды жүргізу мақсатында адамның биологиялық материалдарының үлгілерін, гемопоэздік дің жасушаларын, сүйек кемігін, донорлық лимфоциттерді, жыныстық жасушалар мен эмбриондарды Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан осы мемлекеттерге әкетуге қорытындылар (рұқсат беру құжаттарын) беру тәртібін айқындайды.";

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"3. Туыстық емес трансплантаттауды жүргізу мақсатында адамның биологиялық материалдарының үлгілерін, гемопоэздік дің жасушаларын, сүйек кемігін, донорлық лимфоциттерді, жыныстық жасушалар мен эмбриондарды Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан осы мемлекеттерге әкетуге қорытындылар (рұқсат беру құжаттарын) алу үшін заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) осы Қағидаларға 1-қосымшада бекітілген нысан бойынша (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) "цифрлық үкімет" веб-порталы арқылы www.egov.kz, www.elicense.kz өтінішті және осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес "Туыстық емес транспланттауды жүргізу мақсатында адамның биологиялық материалдарының, гемопоэздік дің жасушаларының, сүйек кемігінің, донорлық лимфоциттердің, жыныстық жасушалар мен эмбриондарды Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан осы мемлекеттерге әкетуге қорытындылар (рұқсат беру құжаттарын)" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың Тізбесінің (бұдан әрі – Тізбе) 10-тармағында көрсетілген құжаттар тізбесін медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы мемлекеттік органның аумақтық департаменттеріне (бұдан әрі – аумақтық департаменттер) жібереді.

Туыстық емес транспланттауды жүргізу мақсатында адамның биологиялық материалдарының үлгілерін, гемопоэздік дің жасушаларын, сүйек кемігін, донорлық лимфоциттерді, жыныстық жасушалар мен эмбриондарды Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағынан осы мемлекеттерге әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан осы мемлекеттерге әкетуге қорытынды (рұқсат беру құжаттары) Заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының шекаралы арқылы бір рет өтуге беріледі.";

7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"7. Тізбенің 10-тармағында көрсетілген ұсынылған құжаттардың және портал арқылы келіп түскен сервистен алынған мәліметтердің толықтығын көрсетілетін қызметті беруші құжаттар тіркелген сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде тексереді.

Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған өтініште және (немесе) құжаттарда қателер немесе дәлсіздіктер анықталған жағдайда олардың нысаны мен мазмұны бойынша талаптарға сәйкессіздігінде, көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық емес пакетін ұсынған жағдайларда көрсетілетін қызметті беруші өтінішті цифрлық күту парағы арқылы қабылдайды.

Бұл ретте көрсетілетін қызметті алушыға анықталған кемшіліктерді жою үшін 1 (бір) жұмыс күні мерзім белгіленеді, көрсетілген мерзім Тізбенің 3-тармағында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетудің жалпы мерзіміне кірмейді.

Кемшіліктер жойылған жағдайда мемлекеттік қызмет алуға өтініш және (немесе) құжаттар қабылданған күн көрсетілетін қызметті алушының алғашқы жүгінген күні деп есептеледі.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің барысы анықталған кемшіліктер жойылған сәттен бастап қайта жаңғырылады.

Анықталған кемшіліктер белгіленген мерзімде жойылмаған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші өтініш пен құжаттарды қабылдаудан бас тартады және өтінішті әрі қарай қарауға көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолымен куәландырылған жазбаша дәлелді бас тартуды (еркін түрде) береді.";

9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"9. Көрсетілетін қызмет көрсетуші Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 14 маусымдағы № 452 "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтерді көрсету сатысы туралы деректерді оларды көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне енгізу қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8555 болып тіркелген) сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету кезеңі туралы деректерді мемлекеттік қызмет көрсетудің цифрлық мониторинг жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне деректерді енгізу автоматтандырылған.";

12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"12. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық бақылау комитеті осы Қағидаларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оны көрсету тәртібі туралы ақпаратты жаңартады және көрсетілетін қызметті берушілерге, "цифрлық үкіметтің" операторына және Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.";

көрсетілген Қағидаларға 2-қосымша осы Тізбеге 5-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

4. "Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-299/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21852 тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 8-бабының 9) тармақшасына және "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 14-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

көрсетілген бұйрықпен бекітілген денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу Қағидаларында :

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"1. Осы Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу Қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 8-бабының 9) тармақшасына , 25-бабына және "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және денсаулық сақтау саласында аккредиттеу тәртібін айқындайды.";

5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"5. Комитет денсаулық сақтау субъектілерін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясында немесе орналасқан жері бойынша мемлекеттік кіріс органында мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтер "цифрлық үкімет" www.egov.kz веб-порталынан алады.";

7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"7. Осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген ұсынылған құжаттардың толықтығы және портал арқылы келіп түскен цифрлық құжаттар сервисінен алынған мәліметтер құжаттар тіркелген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті көрсетушімен тексеріледі.

Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған өтініште және (немесе) құжаттарда қателер немесе дәлсіздіктер анықталған жағдайда, олардың нысаны мен мазмұны бойынша талаптарға сәйкессіздігінде, көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық емес пакетін ұсынған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті цифрлық күту парағы арқылы қабылдайды.

Бұл ретте көрсетілетін қызметті алушыға анықталған кемшіліктерді жою үшін - 2 (екі) жұмыс күні мерзім белгіленеді, көрсетілген мерзім мемлекеттік қызмет көрсетудің жалпы мерзіміне кірмейді.

Кемшіліктер жойылған жағдайда мемлекеттік қызмет алуға өтініш және (немесе) құжаттар қабылданған күн көрсетілетін қызметті алушының алғашқы жүгінген күні деп есептеледі.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің барысы анықталған кемшіліктер жойылған сәттен бастап қайта жаңғырылады.

Анықталған кемшіліктер белгіленген мерзімде жойылмаған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші өтініш пен құжаттарды қабылдаудан бас тартады және өтінішті әрі қарай қарауға көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолымен куәландырылған жазбаша дәлелді бас тартуды (еркін түрде) береді.";

9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"9. Егер Денсаулық сақтау субъектісі осы Қағидалардың 2-қосымшасында көзделген аккредиттеу шарттарына сәйкес келмеген жағдайда Комитет мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылған кезде көрсетілетін қызметті алушымен тыңдау өткізібейді.";

10 , 11 , 12 , 13 , 14-тармақтар алынып тасталсын;

22-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"22-1. Көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидаларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оны көрсету тәртібі туралы ақпаратты жаңартады және ақпаратты "цифрлық үкіметтің" операторына және Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.";

23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"23. Аккредиттеу туралы куәлік алу үшін білім алушылардың, кәсіптік даярлық түлектерінің және денсаулық сақтау саласындағы мамандардың білімі мен дағдыларын бағалауды жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымы (бұдан әрі – бағалау бойынша ұйым) Комитетке "цифрлық үкіметтің" www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы арқылы жібереді немесе Комитеттің кеңсесі арқылы осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес "Білім алушылардың, кәсіптік даярлық түлектерінің және денсаулық сақтау саласындағы мамандардың білімі мен дағдыларын бағалауды жүзеге асыратын ұйымды аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет тізбесінің (бұдан әрі –Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Тізбесі) 10-тармағына сәйкес құжаттар тапсырады.

Комитет тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден, сондай-ақ "цифрлық үкімет" шлюзі арқылы және электрондық құжаттар сервисінен әділет органында бағалау бойынша ұйымының мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы мәліметтерді алады.";

26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"26. Тізбенің 10-тармағында көрсетілген ұсынылған құжаттардың және портал арқылы келіп түскен сервистен алынған мәліметтердің толықтығын көрсетілетін қызметті беруші құжаттар тіркелген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде тексереді.

Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған өтініште және (немесе) құжаттарда қателер немесе дәлсіздіктер анықталған, олардың нысаны мен мазмұны бойынша талаптарға сәйкес келмеген, көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық емес пакетін ұсынған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті цифрлық күту парағы арқылы қабылдайды.

Бұл ретте көрсетілетін қызметті алушыға анықталған кемшіліктерді жою үшін - 2 (екі) жұмыс күні мерзім белгіленеді, көрсетілген мерзім мемлекеттік қызмет көрсетудің жалпы мерзіміне кірмейді.

Кемшіліктер жойылған жағдайда мемлекеттік қызмет алуға өтініш пен (немесе) құжаттар қабылданған күн көрсетілетін қызметті алушының алғашқы жүгінген күні деп есептеледі.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің барысы анықталған кемшіліктер жойылған сәттен бастап қайта жаңғырылады.

Анықталған кемшіліктер белгіленген мерзімде жойылмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті көрсетуші өтініш пен құжаттарды қабылдаудан бас тартады және Комитет басшысының электрондық цифрлық қолымен куәландырылған өтінішті әрі қарай қараудан бас тарту туралы (еркін нысандағы) хатты жолдайды.";

28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"28. Егер бағалау бойынша ұйым аккредиттеу шарттарына сәйкес келмесе және мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болған кезде, Комитет мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылған кезде көрсетілетін қызметті алушымен тыңдау өткізібейді.";

29 , 30 , 31 , 32 , 33 – тармақтар алынып тасталсын;

37-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"37. Дәлелді бас тартуға (еркін нысанда) Комитет басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылады және бағалау бойынша ұйымға электрондық құжат түрінде "цифрлық үкіметтің" www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы арқылы оның жеке кабинетіне немесе өтініште көрсетілген электрондық поштасына немесе қағаз түрінде жіберіледі.";

38-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"38. Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес Комитет мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректерді енгізеді.";

44-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"44-1. Көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидаларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оны көрсету тәртібі туралы ақпаратты жаңартады ақпаратты "цифрлық үкіметтің" операторына және Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.";

47-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"47. Қызметтердің аккредиттеу стандарттарына сәйкестігіне сыртқы кешенді бағалау негізінде медициналық ұйымдарды аккредиттеу туралы куәлікті алу үшін медициналық ұйымдар "цифрлық үкіметтің" www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы арқылы Комитетпен (бұдан әрі – аккредиттеуші орган) аккредиттелген ұйымға "Медициналық ұйымдар қызметінің аккредиттеу стандарттарына сәйкестігін тану мақсатында оларды аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет Тізбесінің 10-тармағына сәйкес осы Қағидалардың (бұдан әрі – Тізбе) 9-қосымшасына сәйкес құжаттарды береді.";

52-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"52. Аккредиттеу өлшемшарттары бойынша өзін – өзі бағалау нәтижелері тиісті цифрлық жүйеге (бұдан әрі – ЦЖ) енгізіледі. ЦЖ-ге өзін-өзі бағалау нәтижелерін енгізу үшін медициналық ұйым аккредиттеуші органнан логин мен пароль алады.";

54-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"54. Аккредиттеуші орган цифрлық үкімет шлюзінен (бұдан әрі – ЦҮШ) мәліметтерді алады:

1) заңды тұлғаны және (немесе) филиалдарды (өкілдіктерді) мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы;

2) медициналық қызметке лицензияның және оған қосымшалары бар екендігі туралы;

3) меншік құқығын немесе жалдау шартын немесе жылжымайтын мүлікті (несиені) өтеусіз пайдалану шартын немесе мүлікті сенімгерлік басқару шартын немесе мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын (ЦҮШ-да мәліметтер болған жағдайда) куәландыратын құжаттар.";

55-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"55. Аккредиттеуші орган құжаттарды қабылдауды және тіркеуді түскен күні жүзеге асырады.

Жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін демалыс және мереке күндері медициналық ұйым жүгінген кезде құжаттарды қабылдау және тіркеу келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

Ұсынылған құжаттардың толықтығы мен портал арқылы түскен цифрлық құжаттар сервисінің мәліметтері құжаттар тіркелген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті көрсетушімен тексеріледі.

Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған өтініште және (немесе) құжаттарда қателер немесе дәлсіздіктер анықталған жағдайда, олардың нысаны мен мазмұны бойынша талаптарға сәйкессіздігінде, көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық емес пакетін ұсынған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті цифрлық күту парағы арқылы қабылдайды.

Бұл ретте көрсетілетін қызметті алушыға анықталған кемшіліктерді жою үшін - 2 (екі) жұмыс күні мерзім белгіленеді, көрсетілген мерзім мемлекеттік қызмет көрсетудің жалпы мерзіміне кірмейді.

Кемшіліктер жойылған жағдайда мемлекеттік қызмет алуға өтініш пен (немесе) құжаттар қабылданған күн көрсетілетін қызметті алушының алғашқы жүгінген күні деп есептеледі.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің барысы анықталған кемшіліктер жойылған сәттен бастап қайта жаңғырылады.

Анықталған кемшіліктер белгіленген мерзімде жойылмаған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші өтініш пен құжаттарды қабылдаудан бас тартады және көрсетілген уақыт ішінде өтінішті әрі қарай қараудан бас тарту туралы уәжді бас тартуды (еркін нысанда) жолдайды.";

73-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"73. Сараптама тобы ЦЖ-ге медициналық ұйымның, оның ішінде осы медициналық ұйыммен жасалған қосалқы мердігерлік шарт (бұдан әрі – шарт) негізінде қызметтер көрсететін ұйымның сыртқы кешенді бағалау нәтижелерін енгізеді.";

74-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"74. Сыртқы кешенді бағалау нәтижелері ЦЖ–ге енгізілгеннен кейін аккредиттеу шарттарының бөлімдері (блоктары) бойынша толтырылған бағалау парақтарын сараптама тобының мүшелері топ басшысына береді.";

75-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"75. Аккредиттеудің әрбір өлшемшарты бойынша балдардың нақты сомасын ЦЖ аккредиттеу стандарттары дәрежелерінің кестесіне сәйкес есептейді:

І дәреже – "1,0" салмақтық коэффициентімен;

ІІ дәреже – "0,9" салмақтық коэффициентімен;

ІІІ дәреже – "0,8" салмақтық коэффициентімен.";

88-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"88. Дәлелді бас тартуға (еркін нысанда) аккредиттеуші орган басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылады және электрондық құжат түрінде "цифрлық үкіметтің" www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы арқылы медициналық ұйымның уәкілетті тұлғасының жеке кабинетіне немесе өтініште көрсетілген электрондық поштаға немесе қағаз түрінде жіберіледі.";

91-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"91. Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес аккредиттеуші орган мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректерді енгізеді.";

95-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"95. Денсаулық сақтау субъектілері денсаулық сақтау саласындағы тәуелсіз сараптаманы жүзеге асыруға аккредиттеуден өту үшін Комитетке "цифрлық үкіметтің" www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы арқылы немесе Комитеттің кеңсесі арқылы осы Қағидаларға 15-қосымшаға сәйкес "Денсаулық сақтау саласындағы тәуелсіз сараптаманы жүзеге асыратын денсаулық сақтау субъектілерін аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет Тізбесінің (бұдан әрі – көрсетілетін қызмет тізбесі) 10-тармағына сәйкес құжаттарды ұсынады.";

97-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"97. Комитет денсаулық сақтау субъектілерін әділет органында немесе орналасқан жері бойынша мемлекеттік кіріс органында мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді "цифрлық үкімет" www.egov.kz веб-порталынан алады.";

99-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"99. Ұсынылған құжаттардың толықтығы мен портал арқылы түскен цифрлық құжаттар сервисінің мәліметтері құжаттар тіркелген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті көрсетушімен тексеріледі.

Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған өтініште және (немесе) құжаттарда қателер немесе дәлсіздіктер анықталған жағдайда, олардың нысаны мен мазмұны бойынша талаптарға сәйкессіздігінде, көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық емес пакетін ұсынған жағдайларда көрсетілетін қызметті беруші өтінішті цифрлық күту парағы арқылы қабылдайды.

Бұл ретте көрсетілетін қызметті алушыға анықталған кемшіліктерді жою үшін - 2 (екі) жұмыс күні мерзім белгіленеді, көрсетілген мерзім мемлекеттік қызмет көрсетудің жалпы мерзіміне кірмейді.

Кемшіліктер жойылған жағдайда мемлекеттік қызмет алуға өтініш пен (немесе) құжаттар қабылданған күн көрсетілетін қызметті алушының алғашқы жүгінген күні деп есептеледі.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің барысы анықталған кемшіліктер жойылған сәттен бастап қайта жаңғырылады.

Анықталған кемшіліктер белгіленген мерзімде жойылмаған жағдайда қызмет көрсетуші өтініш пен құжаттарды қабылдаудан бас тартады және өтінішті әрі қарай қараудан бас тарту туралы (еркін нысанда) хабарлама жібереді.";

101-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"101. Егер субъект аккредиттеу шарттарына сәйкес келмесе және мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер болған кезде, Комитет мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылған кезде көрсетілетін қызметті алушымен тыңдау өткізібейді.";

102 , 103 – тармақтар алынып тасталсын;

106-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"106. Дәлелді бас тартуға (еркін нысанда) Комитет басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылады және электрондық құжат түрінде "цифрлық үкіметтің" www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы арқылы оның жеке кабинетіне немесе өтініште көрсетілген электрондық поштаға немесе қағаз түрінде жіберіледі.";

107-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"107. Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес Комитет мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректерді енгізеді.";

113-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"113-1. Көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидаларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оны көрсету тәртібі туралы ақпаратты жаңартады және ақпаратты "цифрлық үкіметтің" операторына және Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.";

116-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"116. Құрылымдық бөлімше менеджерлердің және (немесе) оның филиалдарының (өкілдіктерінің) дайындығын растау жөніндегі ұйымды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді "цифрлық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы арқылы алады.";

118- тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"118. Комитет 2 (екі) жұмыс күні ішінде құжаттарды осы Қағидалардың 115-тармағында көрсетілген ұсынылған құжаттардың толықтығы бөлігінде менеджерлердің дайындығын растау жөніндегі ұйымның осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігіне қарастырады.

Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған өтініште және (немесе) құжаттарда қателер немесе дәлсіздіктер анықталған жағдайда, олардың нысаны мен мазмұны бойынша талаптарға сәйкессіздігінде, көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық емес пакетін ұсынған жағдайларда көрсетілетін қызметті беруші өтінішті цифрлық күту парағы арқылы қабылдайды.

Бұл ретте көрсетілетін қызметті алушыға анықталған кемшіліктерді жою үшін - 2 (екі) жұмыс күні мерзім белгіленеді, көрсетілген мерзім мемлекеттік қызмет көрсетудің жалпы мерзіміне кірмейді.

Кемшіліктер жойылған жағдайда мемлекеттік қызмет алуға өтініш пен (немесе) құжаттар қабылданған күн көрсетілетін қызметті алушының алғашқы жүгінген күні деп есептеледі.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің барысы анықталған кемшіліктер жойылған сәттен бастап қайта жаңғырылады.

Анықталған кемшіліктер белгіленген мерзімде жойылмаған жағдайда қызмет көрсетуші өтініш пен құжаттарды қабылдаудан бас тартады және өтінішті әрі қарай қараудан бас тарту туралы (еркін нысанда) хабарлама жібереді.";

119-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"119. Ұйымға құжаттардың толық топтамасы ұсынылған жағдайда ішкі құжат айналымының цифрлық жүйесі жөніндегі Комитет 1 (бір) жұмыс күні ішінде оларды денсаулық сақтау саласындағы білім беру қызметіне жетекшілік ететін уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесіне (бұдан әрі – құрылымдық бөлімше) береді.";

122-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"122. Егер менеджерлердің дайындығын растау бойынша ұйым осы Қағидалардың 20-қосымшасында көзделген аккредиттеу шарттарына сәйкес келмеген жағдайда Комитет бас тартуды жолдайды.

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылған кезде көрсетілетін қызметті алушымен тыңдау өткізілмейді.";

123 , 124 , 125 , 126 , 127 , 128 , 129 – тармақтары алынып тасталсын;

144-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"144. Комитет КМҚ мен ҚБ және (немесе) олардың филиалдарын (өкілдіктерін) мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді "цифрлық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы арқылы алады.";

146-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"146. Осы Қағидалардың 143-тармағында көрсетілген ұсынылған құжаттардың және цифрлық құжаттар сервисінен алынған мәліметтердің толықтығы құжаттар тіркелген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде тексеріледі.

Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған өтініште және (немесе) құжаттарда қателер немесе дәлсіздіктер анықталған жағдайда, олардың нысаны мен мазмұны бойынша талаптарға сәйкессіздігінже, көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық емес пакетін ұсынған жағдайларда көрсетілетін қызметті беруші өтінішті цифрлық күту парағы арқылы қабылдайды.

Бұл ретте көрсетілетін қызметті алушыға анықталған кемшіліктерді жою үшін - 2 (екі) жұмыс күні мерзім белгіленеді, көрсетілген мерзім мемлекеттік қызмет көрсетудің жалпы мерзіміне кірмейді.

Кемшіліктер жойылған жағдайда мемлекеттік қызмет алуға өтініш пен (немесе) құжаттар қабылданған күн көрсетілетін қызметті алушының алғашқы жүгінген күні деп есептеледі.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің барысы анықталған кемшіліктер жойылған сәттен бастап қайта жаңғырылады.";

147 және 148-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

"147. Анықталған кемшіліктер белгіленген мерзімде жойылмаған жағдайда көрсетілетін қызметті көрсетуші өтініш пен құжаттарды қабылдаудан бас тартады және Комитет басшысының электрондық цифрлық қолымен куәландырылған өтінішті әрі қарай қараудан бас тарту туралы (еркін нысандағы) хатты жолдайды.

148. КМҚ және ҚБ құжаттардың толық пакетін ұсынған жағдайда ішкі құжат айналымының цифрлық жүйесі жөніндегі Комитет 1 (бір) жұмыс күні ішінде оларды құрылымдық бөлімшеге береді.";

151-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"151. Егер КМҚ және ҚБ осы Қағидалардың 24-қосымшасында көзделген аккредиттеу шарттарына сәйкес келмеген жағдайда Комитет бас тартуды жолдайды.

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылған кезде көрсетілетін қызметті алушымен тыңдау өткізілмейді.";

152 , 153 , 154 , 155 , 156 , 157 және 158 - тармақтары алынып тасталсын;

көрсетілген Қағидаға 2-қосымша осы Тізбеге 6-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

көрсетілген Қағидаға 4-қосымша осы Тізбеге 7-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

көрсетілген Қағидаға 5-қосымша осы Тізбеге 8-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

көрсетілген Қағидаға 9-қосымша осы Тізбеге 9-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

көрсетілген Қағидаға 15-қосымша осы Тізбеге 10-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарына Тізбеге 1-қосымша
"Адамның ағзаларын (ағзасының бөлігін) және (немесе) тіндерін (тінінің бөлігін), қан мен оның компоненттерін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан осы мемлекеттерге әкетуге лицензия беру" мемлекеттік қағидаларға 1- қосымша

"Адамның ағзаларын (ағзасының бөлігін) және (немесе) тіндерін (тінінің бөлігін), қан мен оның компоненттерін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан осы мемлекеттерге әкетуге лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың Тізбесі

1Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауыАдамның ағзаларын (ағзасының бөлігін) және (немесе) тіндерін (тінінің бөлігін), қан мен оның компоненттерін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан осы мемлекеттерге әкетуге лицензия беру.
2Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің (болған кезде) атауыжоқ
3Көрсетілетін қызметті берушінің атауыҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық бақылау комитеті
4Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (болған кезде) ұсыну тәсілдері"цифрлық үкіметтің" www.egov.kz, www. elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі - Портал)
5Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (болған кезде) көрсету мерзіміадам тіндерін (тінінің бөлігін), қан мен оның компоненттерін әкелуге, әкетуге лицензия беру кезінде – 3 (үш) жұмыс күні; адам ағзаларын (ағзаларының бөліктерін) әкелуге және (немесе) әкетуге лицензия беру кезінде – 1 (бір) жұмыс күн.
6Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (болған кезде) көрсету нысаныэлектрондық (ішінара цифрландырылған)
7Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (болған кезде) көрсету нәтижесі1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге Қазақстан Республикасының аумағынан осы мемлекеттерге адам ағзаларын (ағзаның бір бөлігін) және (немесе) тіндерін (тінінің бөлігін), қан мен оның компоненттерін әкетуге лицензия; 2) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуде дәлелді бас тарту.
8Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (болған кезде) көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері.Мемлекеттік қызмет денсаулық сақтау ұйымдарына ақылы көрсетіледі, 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде лицензиялық алым алынады.
9Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі1) көрсетілетін қызметті беруші-демалыс және мереке күндерінен басқа, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі-жұма аралығында, сағат 08.00-ден 17.30-ға дейін; 2) портал-жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
10Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (болған кезде) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесіМемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар және мәліметтер тізбесі: 1. Адам ағзаларын (ағзаларының бөлігін) және (немесе) тіндерін (тінінің бөлігін) Қазақстан Республикасының аумағына әкелу үшін адамның ағзаларын (ағзаларының бөлігін) және (немесе) тіндерін (тіннің бөлігін) ішкі тұтыну үшін экспорттың немесе шығарудың кедендік рәсімдерімен орналастырған жағдайларда медициналық қызметке арналған лицензияға сәйкес "трансплантология: ағзалар (ағзалардың бөліктері) трансплантологиясы", "тіндер (тіндердің бөліктері) трансплантологиясы", "консервіленген мөлдірқабық тінінің трансплантологиясы", "гематология" мамандығы бойынша қызметін жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымы ұсынады: 1) денсаулық сақтау ұйымдарында транспланттау қажет болған кезде: көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініші; 2) қажет болған кезде Қазақстан Республикасының аумағында диагностикалық зерттеулерді: көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуды; сыртқы сауда шартының (келісімшартының), оған қосымшаның және (немесе) толықтырудың электрондық көшірмесі, ал сыртқы сауда шарты (келісімшарты) болмаған жағдайда тараптардың ниетін растайтын өзге де құжаттың электрондық түрде көшірмесі; адам ағзаларын (ағзаның бөлігін) және (немесе) тіндерін (тінінің бөлігін) әкелу немесе әкету мүмкіндігі туралы шешім қабылдауға уәкілетті үшінші елдердің мемлекеттік органдары рұқсатының электрондық көшірмесі; 3) бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу кезінде: Осы Тізбеге қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініші; сыртқы сауда шартының (келісімшартының), оған қосымшаның және (немесе) толықтырудың электрондық көшірмесі, ал сыртқы сауда шарты (келісімшарты) болмаған жағдайда тараптардың ниетін растайтын өзге де құжаттың электрондық түріндегі көшірмесі; адам ағзаларын (ағзаның бөлігін) және (немесе) тіндерін (тінінің бөлігін) әкелу немесе әкету мүмкіндігі туралы шешім қабылдауға уәкілетті үшінші елдердің мемлекеттік органдары рұқсатының электрондық көшірмесі. 2. Адам ағзаларын (ағзаларының бөлігін) және (немесе) тіндерін (тінінің бөлігін) Қазақстан Республикасының аумағынан әкету үшін медициналық қызметке арналған лицензияға сәйкес "трансплантология: ағзалар (ағзалардың бөліктері) трансплантологиясы", "тіндер (тіндердің бөліктері) трансплантологиясы", "консервіленген мөлдірқабық тінінің трансплантологиясы", "гематология" мамандығы бойынша қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымы адам ағзаларын (ағзаларының бөлігін) және (немесе) тіндерін (тінінің бөлігін) экспорттың немесе ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімдерімен орналастырған жағдайларда ұсынады: 1) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде жүрген: Қазақстан Республикасының азаматына медициналық көмек көрсету қажет болған кезде адам ағзаларын (ағзаның бір бөлігін) және (немесе) тіндерін (тінінің бір бөлігін) экспорттың немесе кедендік шығарудың рәсімдерімен орналастыру жағдайларында: осы Тізбеге сәйкес көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініші; 2) қажет болған кезде диагностикалық зерттеулерді: көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініші; сыртқы сауда шартының (келісімшартының), оған қосымшаның және (немесе) толықтырудың электрондық көшірмесі, ал сыртқы сауда шарты (келісімшарты) болмаған жағдайда тараптардың ниетін растайтын өзге де құжаттың электрондық түрдегі көшірмесін; адам ағзаларын (ағзаның бөлігін) және (немесе) тіндерін (тінінің бөлігін) әкелу немесе әкету мүмкіндігі туралы шешім қабылдауға уәкілетті үшінші елдердің мемлекеттік органдары рұқсатының электрондық көшірмесін; 3) бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу кезінде: көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініші; сыртқы сауда шартының (келісімшартының), оған қосымшаның және (немесе) толықтырудың электрондық көшірмесі, ал сыртқы сауда шарты (келісімшарты) болмаған жағдайда тараптардың ниетін растайтын өзге де құжаттың электрондық түріндегі көшірмесі; адам ағзаларын (ағзаның бөлігін) және (немесе) тіндерін (тінінің бөлігін) әкелу немесе әкету мүмкіндігі туралы шешім қабылдауға уәкілетті үшінші елдердің мемлекеттік органдары рұқсатының электрондық көшірмесі; 4) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда көзделген жағдайларда: осы Тізбеге сәйкес көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініші; 3. Қан мен оның компоненттерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және әкету үшін, "қан дайындау" қызметі мамандығы бойынша медициналық қызметке арналған лицензияға сәйкес жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымы ұсынады: 1) Осы Тізбеге сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында медициналық көмек көрсету қажет болған кезде: көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініші; 2) Қазақстан Республикасына шегінен тысқары жерде тұратын Қазақстан Республикасының азаматына, сондай-ақ шетелде тұратын реципиенттерге медициналық көмек көрсету қажет болған кезде: қан мен оның компоненттерін әкету мүмкіндігі туралы шешім қабылдауға уәкілетті үшінші елдердің мемлекеттік органдары рұқсатының электрондық көшірмесі. 3) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жердегі Қазақстан Республикасы азаматтарының жақын туыстары мен жұбайларына медициналық көмек көрсету қажет болған кезде: қан мен оның компоненттерін әкету мүмкіндігі туралы шешім қабылдауға уәкілетті үшінші елдердің мемлекеттік органдары рұқсатының электрондық көшірмесі. 4) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда көзделген жағдайларда: осы Тізбеге сәйкес көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініші; 5) Қазақстан Республикасының халқын қан препараттарымен қамтамасыз ету мақсатында шетелдік өндірушінің зауыттарында плазмалық қан препараттарын өндіру үшін Қазақстан Республикасының қан қызметі саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында дайындалған қан компоненттерін шетелге жіберген кезде (келісімшарттық фракциялау): осы Тізбеге сәйкес электрондық құжатпен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініші; көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініші; сыртқы сауда шартының (келісімшартының), оған қосымшаның және (немесе) толықтырудың электрондық көшірмесі, ал сыртқы сауда шарты (келісімшарты) болмаған жағдайда тараптардың ниетін растайтын өзге де құжаттың электрондық түрде көшірмесі; қан мен оның компоненттерін әкету мүмкіндігі туралы шешім қабылдауға уәкілетті үшінші елдердің мемлекеттік органдары рұқсатының электрондық көшірмесі.
11Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (болған кезде) көрсетуден бас тарту үшін негіздер1) Қазақстан Республикасының заңдарында жеке немесе заңды тұлғалардың осы санаты, қызметінің нысанасы қаржылық қызметтер көрсету болып табылатын шетелдік заңды тұлғаның филиалы үшін қызмет түрімен айналысуға тыйым салынған; 2) лицензиялық алымның енгізілмеуі; 3) көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына сәйкес келмегені; 4) көрсетілетін қызметті беруші тиісті келісуші мемлекеттік органнан көрсетілетін қызметті алушының лицензиялау кезінде қойылатын талаптарға сәйкес келмейтіні туралы жауап алған жағдайда; 5) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы; 6) сот орындаушысының ұсынуы негізінде сот көрсетілетін қызметті алушыға-борышкерге лицензия беруге уақытша тыйым салған; 7) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау.
12Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар1. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар. 2. Көрсетілетін қызметті алушы электрондық цифрлық қолтанба болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алады. 3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық бақылау комитетінің kmk@dsm.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген. 4. Мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін пандус, шақыру түймесі, зағиптар мен нашар көретіндерге арналған тактильді жол, күту залы, құжаттар үлгілері бар тағандар болуы тиіс. 5. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығының телефон нөмірлері-1414, 8-800- 080-7777.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарына Тізбеге 2-қосымша
"Медициналық қызметке лицензия беру" мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларына 1-қосымша

"Медициналық қызметке лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауыМедициналық қызметке лицензия беру
2Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің (болған кезде) атауы1. 1. Лицензия және/немесе лицензияға қосымша беру. 2. Лицензияның және/немесе оған қосымшаны қайта ресімдеу. 3. Лицензияның және/немесе лицен-зияға қосымшаның телнұсқасын алу.
3Көрсетілетін қызметті берушінің атауыҚазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық бақылау комитетінің аумақтық департаменттері
4Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (болған кезде) ұсыну тәсілдеріwww.egov.kz, www. elicense.kz (бұдан әрі -Портал) "цифрлық үкіметтің" веб-порталы
5Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (болған кезде) көрсету мерзімілицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде – 13 (он үш) жұмыс күні; лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде – 3 (үш) жұмыс күні; қағаз нысанда берілген лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасын беру кезінде – 2 (екі) жұмыс күні.
6Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (болған кезде) көрсету нысаныэлектрондық (ішінара цифрландырылған)
7Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (болған кезде) көрсету нәтижесімедициналық қызметке лицензия және (немесе) лицензияға қосымша, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу, медициналық қызметке лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасы не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
8Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (болған кезде) көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдеріМемлекеттік қызмет ақылы көрсетіледі, мынадай лицензиялық алым алынады: 1) лицензияны беру үшін – 10 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК); 2) лицензияны қайта ресімдеу үшін - лицензияны беру кезіндегі ставканың 10 %-ы, бірақ 4 АЕК-дан аспайды; 3) лицензияның телнұсқасын беру үшін - лицензияны беру кезіндегі ставканың 100 %-ы.
9Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі1) көрсетілетін қызметті беруші – демалыс және мереке күндерінен басқа, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі – жұма аралығында, сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін; 2) порталда - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
10Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (болған кезде) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесіМемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар және мәліметтер тізбесі: 1) лицензияны және лицензияға қосымшаны алу үшін: осы Қағидаға 2-қосымшаға (жеке тұлғалар үшін), 3-қосымшаға (заңды тұлғалар үшін) сәйкес нысан бойынша өтініш; осы Тізбеге 1-қосымшаға сәйкес медициналық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер мен құжаттардың бар/жоғын растайтын мәліметтер нысаны; жоғары немесе орта медициналық білім туралы диплом (2015 жылға дейін оқуды бітірген көрсетілетін қызметті алушылар үшін); "Денсаулық сақтау саласындағы мамандарға қосымша және формальды емес білім беру қағидаларын, денсаулық сақтау саласындағы қосымша және формальды емес білімінің берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын, сондай-ақ қосымша және формальды емес білім беру арқылы денсаулық сақтау саласындағы мамандар алған оқудың нәтижелерін тану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-303/2020 бұйрығына сәйкес қайта даярлаудан өткені туралы куәлік немесе біліктілікті арттыру туралы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21847 тіркелді); Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі 35-бабына сәйкес мәлімделген қызметтің кіші түрлеріне сәйкес қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжат (ЦҮШ-да қызметкерлердің бейіндері және еңбек шарттарын есепке алу туралы мәліметтер болған жағдайда); меншік құқығын немесе жалға алу шартын немесе жылжымайтын мүлікті (несиені) өтеусіз пайдалану немесе мүлікті сенімгерлік басқару шартын немесе мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын (ЦҮШ-да мәліметтер болған жағдайда) куәландыратын растайтын құжат; меншік құқығын немесе жалға алу шартын немесе жылжымайтын мүлікті (несиені) өтеусіз пайдалану немесе мүлікті сенімгерлік басқару шартын немесе мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын (ЦҮШ-да мәліметтер болған жағдайда) куәландыратын растайтын құжат; 2) лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде; осы Тізбеге 2-қосымшаға (жеке тұлғалар үшін) және 3-қосымшаға (заңды тұлғалар үшін) сәйкес нысан бойынша өтініш; ақпараты мемлекеттік цифрлық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпаратты қамтитын құжаттардың көшірмелері. Көрсетілетін қызметті алушы қайта ресімделген лицензияны алған кезде бұрын қағаз жеткізгіште берілген лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны көрсетілетін қызметті берушіге қайтарады. 3) лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасын алу үшін: осы Тізбеге 4-қосымшаға (жеке тұлғалар үшін) және 5-қосымшаға (заңды тұлғалар үшін) сәйкес нысан бойынша өтініш.
11Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (болған кезде) көрсетуден бас тарту үшін негіздер1) Қазақстан Республикасының заңдарында жеке немесе заңды тұлғалардың осы санаты, қызметінің нысанасы қаржылық қызметтер көрсету болып табылатын шетелдік заңды тұлғаның филиалы үшін қызмет түрімен айналысуға тыйым салынған; 2) лицензиялық алымның енгізілмеуі; 3) көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына сәйкес келмегені; 4) көрсетілетін қызметті беруші тиісті келісуші мемлекеттік органнан көрсетілетін қызметті алушының лицензиялау кезінде қойылатын талаптарға сәйкес келмейтіні туралы жауап алған жағдайда; 5) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы; 6) сот орындаушысының ұсынуы негізінде сот көрсетілетін қызметті алушыға-борышкерге лицензия беруге уақытша тыйым салған; 7) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау.
12Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар1. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар. 2. Көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алады. 3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық бақылау комитетінің kmk@dsm.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген. 4. Дене мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін пандус, шақыру түймесі, Зағиптар мен нашар көретіндерге арналған тактильді жол, күту залы, құжаттар үлгілері бар тағандар болуы тиіс. 5. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефон нөмірлері-1414, 8-800- 080-7777.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарына Тізбеге 3-қосымша
"Медициналық қызметке лицензия беру" мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларына 2-қосымша
нысан

Жеке тұлғаның лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін өтініші

__________________________________________________________________

(лицензиардың толық атауы)

___________________________________________________________________

(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жеке сәйкестендіру нөмірі)

___________________________________________________________________

(Қызмет түрінің және (немесе) қызметтің кіші түрінің (кіші түрлерінің) толық атауын көрсету) жүзеге асыруға

___________________________________________________________

___________________________________________________________

қағаз жеткізгіште (лицензияны қағаз жеткізгіште алу қажет болған жағдайда тиісті ұяшықты көрсетіңіз Х лицензия және (немесе)лицензияға қосымша беруді сұраймын.

Жеке тұлғаның тұрғылықты мекенжайы___________________________

______________________________________________________________

(почталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, (стационарлық үй-жайлар) нөмірі.

Электрондық почтасы______________________________________________

Телефондары_____________________________________________________

Факс____________________________________________________________

Банктік шоты____________________________________________________

(шот нөмірі, банктің атауы және орналасқан жері)

Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің

мекенжайы__________________________________________________________

(почталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі)

___________парақта қоса беріледі.

Осымен:

1) көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге мүмкін екендігі;

2) өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны;

3) қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатыны расталады;

4) өтініш беруші лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде цифрлық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны қарайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін береді.

Жеке тұлға____________ ____________________________________

(қолы) (тегі,аты,әкесінің аты (бар болса))

Толтырылған күні:20__жылғы "___" _____

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарына Тізбеге 4-қосымша
"Медициналық қызметке лицензия беру" мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларына 3-қосымша
нысан

Заңды тұлғаның лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін өтініші

_____________________________________________________________________

(лицензиардың толық атауы)

_____________________________________________________________________

(Заңды тұлғаның (соның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы, орналасқан жері, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі (заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда). Келесі қызметті жүзеге асыруға лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беруіңізді сұраймын_____________________________________________________________

(Қызмет түрінің және (немесе) қызметтің кіші түрінің (кіші түрлерінің) толық атауы)

_______________________________________________________________________

_______________________________________________________________________

(Қызмет түрінің және (немесе) қызметтің кіші түрінің (кіші түрлерінің) толық атауы)

_______________________________________________________________________

(лицензияны қағаз тасымалдағышта алу қажет болған жағдайда Х белгісін қойыңыз)

Заңды тұлғаның мекенжайы_______________________________________ (пошта индексі, ел (шетелдік заңды тұлға үшін), облыс, қала, аудан, елді мекен, көшенің атауы, үйдің/ғимарат))

Электрондық пошта_______________________________________

Телефон нөмірі___________________________________________

Факс___________________________________________________

Банктік шот_____________________________________________

(шот нөмірі, банктің атауы және орналасқан жері)

Қызметті немесе іс-әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің мекенжайы_______________________________________________________________

(пошта индексі, ел (шетелдік заңды тұлға үшін), облыс, қала, аудан, елді мекен, көшенің атауы, үйдің/ғимарат))

Қосымша_____парақта.

Осымен келесілер расталады:

1) барлық көрсетілген мәліметтер ресми байланыс деректері болып табылады және оларға лицензия беру немесе лицензия беруден бас тарту және (немесе) лицензияға қосымша беру мәселелері бойынша кез келген ақпарат жолдалуы мүмкін;

2) өтініш берушіге сот тарапынан лицензияланатын қызмет түрімен және (немесе) қызметтің кіші түрімен айналысуға тыйым салынбаған;

3) барлық қоса берілетін құжаттар шындыққа сәйкес келеді және қолданыста;

4) өтініш беруші лицензия және (немесе) лицензияға қосымша берілген кезде цифрлық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын шектеулі қолжетімділіктегі дербес деректерді пайдалануға келіседі.

Басшы _____________ ____________________________________

(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Толтырылған күні: 20__ жылғы "___" _________

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарына Тізбеге 5-қосымша
Туыстық емес трансплантаттауды жүргізу мақсатында адамның биологиялық материалдарының үлгілерін, гемопоэздік бағаналы жасушаларын, сүйек кемігін, донорлық лимфоциттерді, жыныстық жасушалар мен эмбриондарды Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан осы мемлекеттерге әкетуге қорытындылар (рұқсат беру құжаттарын) беру қағидаларына 2-бұйрығына қосымша

"Туыстық емес трансплантаттауды жүргізу мақсатында адамның биологиялық материалдарының үлгілерін, гемопоэздік бағаналы жасушаларын, сүйек кемігін, донорлық лимфоциттерді, жыныстық жасушалар мен эмбриондарды Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан осы мемлекеттерге әкетуге қорытындылар (рұқсат беру құжаттарын) беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауыТуыстық емес трансплантаттауды жүргізу мақсатында адамның биологиялық материалдарының үлгілерін, гемопоэздік бағаналы жасушаларын, сүйек кемігін, донорлық лимфоциттерді, жыныстық жасушалар мен эмбриондарды Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан осы мемлекеттерге әкетуге қорытындылар (рұқсат беру құжаттарын) беру
2Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің (болған кезде) атауыжоқ
3Көрсетілетін қызметті берушінің атауыМедициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы мемлекеттік органның аумақтық департаменттері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).
4Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (болған кезде) ұсыну тәсілдері"цифрлық үкіметтің" www.egov.kz, www. elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі – Портал)
5Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (болған кезде) көрсету мерзімі1 (бір) жұмыс күн.
6Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (болған кезде) көрсету нысаныэлектрондық (ішінара цифрландырылған)
7Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (болған кезде) көрсету нәтижесіТуыстық емес трансплантаттауды жүргізу мақсатында адамның биологиялық материалдарының үлгілерін, гемопоэздік дің жасушаларын, сүйек кемігін, донорлық лимфоциттерді, жыныстық жасушалар мен эмбриондарды Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан осы мемлекеттерге әкетуге қорытынды (рұқсат беру құжаттары) немесе еркін нысанда мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
8Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (болған кезде) көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдеріМемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
9Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі1) көрсетілетін қызметті беруші-демалыс және мереке күндерінен басқа, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі-жұма аралығында, сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін; 2) портал-жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
10Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (болған кезде) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесіМемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар және мәліметтер тізбесі: 1. Туыстық емес транспланттауды жүргізу мақсатында гемопоэздік дің жасушаларын (сүйек кемігін), донорлық лимфоциттерді әкелуге не әкетуге қорытынды (рұқсат беру құжатын) алу үшін "жасушаларды трансплантациялау", " гемопоэтикалық дің жасушаларын аутологиялық трансплантациялау" и (или) "гематология" мамандығы бойынша медициналық қызметке лицензиясы бар денсаулық сақтау ұйымы мынадай құжаттарды ұсынады: осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш; донор мен реципиенттің ақпараттандырылған келісімі және жоспарланып отырған байланысты емес транспланттау күні туралы мәліметтерді көрсете отырып, реципиентке донордан гемопоэздік дің жасушаларын (сүйек кемігін), донорлық лимфоциттерді туыстас емес транспланттауды жүргізу жоспарланып отырған медициналық ұйымнан растау (еркін нысанда). 2. Заңды тұлға жыныстық жасушалар мен эмбриондарды әкелуге не әкетуге қорытынды (рұқсат беру құжатын) алу үшін мынадай құжаттарды ұсынады: 1) Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ұйымдарында экстракорпоралдық ұрықтандыру қажет болған жағдайда: осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш; "акушерлік және гинекология" және (немесе) "урология" мамандығы бойынша медициналық қызметке лицензиясы бар медициналық ұйымнан растау (еркін нысанда)"; 2) қажет болған жағдайда диагностикалық зерттеулер: осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш; 3) бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізілген жағдайда; осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш; материалдарды (жыныс жасушалары, эмбриондар) қабылдайтын немесе жіберетін денсаулық сақтау ұйымының ғылыми қызметпен айналысатынын растайтын құжаттың электрондық көшірмесі; 4) қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасының аумағында тұратын донорды, шетелде тұратын реципиентті экстракорпоралдық ұрықтандыруды жүргізу: осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш; экстрокорпоралдық ұрықтандыруды жүргізетін және "акушерлік және гинекология" және (немесе) "урология" мамандығы бойынша медициналық қызметке лицензиясы бар медициналық ұйымнан растау (еркін нысанда). 5) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда көзделген жағдайларда: осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш. 3. Адамның биологиялық материалдарының үлгілерін әкелуге не әкетуге қорытынды (рұқсат беру құжатын) алу үшін заңды тұлға мынадай құжаттарды ұсынады: 1) қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасының аумағында медициналық көмек көрсету; осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш; биологиялық материалдардың үлгілерін қабылдайтын және медициналық көмек көрсету жоспарланып отырған медициналық ұйымның растауы (еркін нысанда); 2) қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасының аумағында диагностикалық зерттеулер; осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш; 3) бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізілген жағдайда: осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш; биологиялық материалдарды қабылдайтын немесе жіберетін заңды тұлғаның ғылыми қызметпен айналысатынын растайтын құжаттың электрондық көшірмесі; 4) қажет болған жағдайда шетелде тұратын донор мен Қазақстан Республикасында тұратын реципиенттің тіндік үйлесімділігін растау үшін HLA жүйесі бойынша зертханалық зерттеулер жүргізу, сондай-ақ гемопоэздік дің жасушаларын транспланттау шеңберінде реципиенттің иммундық стимуляциясын жүргізу: осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш; биологиялық материалдардың үлгілерін жіберетін және (немесе) қабылдайтын медициналық ұйымнан растау (еркін нысанда). Көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден, "цифрлық үкімет" шлюзі арқылы цифрлық құжаттар сервисінен не "elicense.kz" цифрлық жүйесінен: Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар туралы; медициналық қызметке лицензияның және "жасушаларды трансплантациялау", "гемопоэтикалық дің жасушаларын аутологиялық трансплантациялау", "гематология", "акушерлік және гинекология", "урология" мамандықтары бойынша лицензияға қосымшаның бар/жоғы туралы; мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы (егер заңды тұлға резидент болып табылған жағдайда) мәліметтерді алады.
11Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (болған кезде) көрсетуден бас тарту үшін негіздер1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау; 2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі; 3) уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті келісімі туралы сұрау салуға берілген теріс жауап, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы; 4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы; 5) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы бойынша; 6) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы; 7) "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Заңның 18-2-бабы 2-тармағының 4) тармақшасында көзделген негіз бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтата тұру мерзімі өткеннен кейін анықталған кемшіліктердің жойылмауы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.
12Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар1. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар. 2. Көрсетілетін қызметті алушы электрондық цифрлық қолтанба болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алады. 3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық бақылау комитетінің kmk@dsm.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген. 4. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефон нөмірлері-1414, 8-800- 080-7777.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарына Тізбеге 6-қосымша
Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу қағидаларына 2-қосымша
нысан

Медициналық ұйымдарды аккредиттеуді жүзеге асыру бойынша аккредиттеу туралы куәлікті алуға арналған шарттар

№ШартҚұжатҚосымша ақпарат
1Медициналық ұйымдарды аккредиттеуге дайындау және медициналық ұйымдарды аккредиттеудің басқа да бағыттары қызмет түрлерінің бірі болып табылуына сәйкес денсаулық сақтау субъектісінің құқық белгілейтін құжаттарының болуы.Жарғы (заңды тұлғалар үшін) немесе заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама (қызметін үлгілік жарғы негізінде жүзеге асыратын тұлғалар үшін).
2.Үй-жайдың болуы.Үй-жайға меншік құқығы, уақытша иелік ету және (немесе) пайдалану құқығын растайтын құжат (ақыға немесе өтеусіз).
3.Медициналық ұйымдарды аккредиттеу саласындағы, оның ішінде аккредиттеу мәселелері бойынша оқудан өту, конференцияларға қатысу, медициналық ұйымдарды аккредиттеу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын (семинарлар, кездесулер, симпозиумдар) жүргізу жөніндегі қызметті жоспарлауды растайтын құжаттың болуы.5 (бес) жылға арналған Стратегиялық жоспар. Ағымдағы күнтізбелік жыл аяқталғанға дейін Операциялық жоспар.
4.Қойылған мақсаттар мен міндеттерді орындау үшін тиісті ресурстарды қамтамасыз ететін бекітілген бюджеттің болуы.Бекітілген қаржы-шаруашылық қызмет жоспары / Даму жоспары.
5.Аккредиттеу жөніндегі комиссияның жұмыс тәртібін айқындайтын құжаттың болуы.Комиссия туралы ереже.
6Ұжым жұмысшыларының Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 23 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-319/2020 "Қазақстан Республикасының медицина және фармацевтика қызметкерлерінің Ар-намысы кодексін бекіту туралы" (бұдан әрі – ар-намыс Кодексі) бұйрығымен танысқаны туралы растайтын құжат болуы.Ар-намыс Кодексімен танысқанын растайтын құжат.
7.Сыртқы кешенді бағалау барысында медициналық ұйымнан алынған ақпаратты қорғау және сыртқы кешенді бағалау жүргізудің құпиялылық қағидатын регламенттейтін құжаттың болуы.Құпия ақпаратпен жұмыс істеу тәртібін регламенттейтін құжат.
8.Ұйым басшысы мен қызметкерлердің функциялары мен өкілеттіктерін айқындайтын лауазымдық нұсқаулықтардың болуы.Барлық мамандарға бекітілген лауазымдық нұсқаулықтар.
9.Персоналды басқару бойынша ішкі қағидалар мен рәсімдердің болуы (тағайындау, іріктеу, оқыту, бағалау, көтермелеу).Бекітілген ішкі нормативтік құжаттар.
10.Ішкі қаржылық бақылау және аудит жүйесінің болуы.Ішкі аудит қызметі туралы бекітілген ереже.
11.Аккредиттелген медициналық ұйымдардың сақталатын деректерінің киберқауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бағдарламалық қамтылымның, серверлік және (немесе) коммутациялық жабдықтың не виртуалды (бұлтты) сервердің болуы.Меншік құқығында, уақытша иелену және (немесе) пайдалану құқығында (ақыға немесе өтеусіз) серверлік, коммутациялық жабдықтың не виртуалды (бұлтты) сервердің болуын растайтын құжат. Бағдарламалық қамтамасыз ету тізбесі.
12.Медициналық ұйымдарды аккредиттеу рәсімі бойынша қазақ және орыс тілдерінде жаңартылған ақпараттың мазмұны бар жеке жұмыс істейтін интернет-ресурстың (веб-сайттың) болуы.Веб-сайтқа сілтеме (веб-сайт беттерінің скриншоты).
13.Тараптардың нысанасын, талаптарын, құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін көрсете отырып, субъект пен медициналық ұйым арасындағы шарт нысанының болуы.Аккредиттелген денсаулық сақтау субъектісі мен медициналық ұйымдар арасындағы сыртқы кешенді бағалау жүргізуге арналған шарттың үлгілік нысаны.
14.Денсаулық сақтау саласындағы сыртқы кешенді бағалау жөніндегі сарапшылардың болуы. Осы Қағидалардың 58-тармағының критерийлеріне сәйкес келетін кемінде 40% жоғары медициналық білімі, кемінде 30% жоғары және (немесе) орта медициналық білімі бар "Мейірбике ісі" мамандығы бойынша, денсаулық сақтаудағы сапа және аккредиттеу саласындағы тәжірибе жөніндегі халықаралық ұйым аккредиттеген оқыту бағдарламалары негізінде аккредиттеу мәселелері бойынша оқыту жөніндегі мәліметтерді көрсете отырып, кемінде 20 сарапшының тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде), жұмыс орынын көрсетіп сыртқы кешенді бағалау жөніндегі сарапшылар тізімі.Субъектінің веб-сайтында орналастырылған электрондық деректер базасы/ сарапшылар тізілімі. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі 35-бабына сәйкес еңбек қызметін растайтын құжаттардың немесе жұмыс тәжірибесін растайтын азаматтық-құқықтық шарттардың электрондық көшірмелері.
15.Медициналық ұйымдарға сыртқы кешенді бағалау жүргізу үшін сарапшыларды оқытуды растайтын құжаттар.Халықаралық стандарттарға сәйкес медициналық ұйымдарды аккредиттеу мәселелері бойынша оқытуды растайтын құжаттар.
16.Денсаулық сақтаудағы сапа жөніндегі халықаралық ұйымнан аккредиттеуші орган ретінде аккредиттеу туралы сертификаттың болуы (бұрын аккредиттеуші орган ретінде аккредиттелген субъектілер үшін).Аккредиттеуші орган ретінде аккредиттеу туралы сертификат.
17.Денсаулық сақтаудағы сапа жөніндегі халықаралық ұйымға институционалдық мүшелік туралы куәліктің болуы (аккредиттеуші орган ретінде аккредиттеуге алғаш үміткер субъектілер үшін).Денсаулық сақтаудағы сапа жөніндегі халықаралық ұйымға институционалдық мүшелік туралы куәлік.
18."Е-лицензиялау" порталы арқылы "Медициналық ұйымдарды олардың қызметінің аккредиттеу стандарттарына сәйкестігін тану мақсатында аккредиттеу" мемлекеттік қызмет көрсету мүмкіндігін растайтын құжат.Азаматтық заңнамаға сәйкес жасалған және "Е-лицензиялау" порталына қолжетімділіктің бар екендігін растайтын құжат.

Ескертпе:

"Қосымша ақпарат" бағанында шартқа сәйкес ұсынылатын құжат туралы мәліметтер көрсетіледі.

*Уақытша иелену және пайдалану шарты 5 жылдан кем емес мерзімге жасалады.

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарына Тізбеге 7-қосымша
Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу қағидаларына 4-қосымша
нысан

"Денсаулық сақтау саласындағы білім алушылардың, кәсіптік даярлық түлектерінің және мамандардың білімі мен дағдыларын бағалауды жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауыДенсаулық сақтау саласындағы білім алушылардың, кәсіптік даярлық түлектерінің және мамандардың білімі мен дағдыларын бағалауды жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу
2Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің (болған кезде) атауыжоқ
3Көрсетілетін қызметті берушінің атауыҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық бақылау комитеті (бұдан әрі – Комитет)
4Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (болған кезде) ұсыну тәсілдері1) "цифрлық үкіметтің" www. egov. kz www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі-Портал) 2) Комитеттің кеңсесі арқылы;
5Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (болған кезде) көрсету мерзіміӨтінішті Комитетте тіркеген сәттен бастап 13 (он үш) жұмыс күні
6Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (болған кезде) көрсету нысаныЭлектрондық (ішінара цифрландырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
7Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (болған кезде) көрсету нәтижесі1) осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша білім алушылардың, түлектердің білімі мен дағдыларын, денсаулық сақтау саласындағы мамандардың кәсіптік даярлығын бағалауды жүзеге асыратын ұйымды аккредиттеу туралы куәлік; 2) мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту (еркін нысанда) туралы дәлелді жауап
8Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (болған кезде) көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдеріМемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі
9Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі1) қызмет беруші -дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін, демалыс және мереке күндерін қоспағанда; 2) портал - тәулік бойы, жөндеу жұмыстарына байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда (қызмет алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, өтінімдерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
10Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (болған кезде) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесіБілім алушылардың, кәсіптік даярлық түлектерінің және денсаулық сақтау саласындағы мамандардың білімі мен дағдыларын бағалау бойынша аккредиттеу туралы куәлікті алу үшін келесі құжаттар ұсынылады: 1) осы Тізбеге қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш; 2) осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұйымның мамандары туралы мәліметтер; 3) осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аппаратура мен медициналық құрал-сайман, симуляциялық жабдықтың болуы туралы мәліметтер; 4) осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша білім алушылардың, кәсіптік даярлық түлектерінің және денсаулық сақтау саласындағы мамандардың білімі мен дағдыларын бағалауды жүзеге асыратын ұйымның аккредиттеу туралы куәлікті алуға арналған шарттарда көзделген құжаттар. Бағалау бойынша ұйым портал арқылы жүгінген кезде құжаттар құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде беріледі. Бағалау бойынша ұйым Комитеттің кеңсесі арқылы жүгінген кезде салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларын ұсына отырып, құжаттар көшірмелерде не электрондық көшірмелерде kmk@dsm.gov.kz электрондық поштаға немесе ықшам дискіде (оптикалық ақпарат тасымалдаушысы) беріледі.
11Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (болған кезде) көрсетуден бас тарту үшін негіздер1) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы сот шешімінің заңды күшіне енуі; 2) көрсетілетін қызмет алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген шешімнің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқығынан айырылуы; 3) ұсынылған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау; 4) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі; 5) "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Заңның 18-2-бабы 2-тармағының 4) тармақшасында көзделген негіз бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтата тұру мерзімі өткеннен кейін анықталған кемшіліктердің жойылмауы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.
12Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар1. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталда "жеке кабинеті", сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар. 2. Көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ болған жағдайда Мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алады. 3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық бақылау комитетінің kmk@dsm.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген. 4. Дене мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін пандус, шақыру түймесі, Зағиптар мен нашар көретіндерге арналған тактильді жол, күту залы, құжаттар үлгілері бар тағандар болуы тиіс. 5. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефон нөмірлері-1414, 8-800-080-7777
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарына Тізбеге 8-қосымша
Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу қағидаларына 5-қосымша
нысан

Білім алушылардың, кәсіптік даярлық түлектерінің және денсаулық сақтау саласындағы мамандардың білімі мен дағдыларын бағалауды жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу туралы куәлікті алуға арналған шарттар

№ШартҚұжатҚосымша ақпарат
1Білім алушылардың, кәсіби даярлығы бойынша түлектердің және денсаулық сақтау саласы мамандарының білімі мен дағдыларын бағалау (бұдан әрі – білім мен дағдыларды бағалау) ұйым қызметінің түрлерінің бірі болып табылатынын растайтын құқық белгілейтін құжаттардың болуы.Ұйымның жарғысы немесе заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама (қызметін үлгілік жарғы негізінде жүзеге асыратын тұлғалар үшін).
2.Білім мен дағдыға бағалау жүргізу үшін бейнебақылау жүйесімен (аудиожазба және бейнежазба) жабдықталған үй-жайдың болуы.Үй-жайға меншік құқығындағы, уақытша иелік ету және (немесе) пайдалану құқығындағы (ақыға немесе өтеусіз) білім мен дағдыға бағалау жүргізу үшін бейнебақылау жүйесімен (аудиожазба және бейнежазба) жабдықталған үй-жайды растайтын құжат.
3.Денсаулық сақтау саласындағы мамандар үшін білім мен дағдыларды бағалау рәсімдерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету.Астанада, облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда білім мен дағдыларды бағалауды жүзеге асырғанын растайтын құжат.
4.Қызметті жоспарлауды растайтын құжаттың болуы.5 (бес) жылға арналған Стратегиялық жоспар. Ағымдағы күнтізбелік жыл аяқталғанға дейін Операциялық жоспар.
5.Қойылған мақсаттар мен міндеттерді орындау үшін тиісті ресурстарды қамтамасыз ететін бекітілген бюджеттің болуы.Бекітілген қаржы-шаруашылық қызмет жоспары /даму жоспары.
6Ұжымда, сондай-ақ сарапшылармен, мүдделі тараптармен және халықпен өзара іс-қимыл кезінде субъект қызметкерлері басшылыққа алатын этикалық нормаларды регламенттейтін құжаттың болуы.Бекітілген этикалық нормалардың электрондық көшірмелері.
7.Ұйым басшысы мен қызметкерлердің функциялары мен өкілеттіктерін айқындай отырып, лауазымдық нұсқаулықтардың болуы.Барлық мамандарға бекітілген лауазымдық нұсқаулықтар.
8.Персоналды басқару бойынша ішкі қағидалар мен рәсімдердің болуы (тағайындау, іріктеу, оқыту, бағалау, көтермелеу).Бекітілген ішкі нормативтік құжаттар.
9.Ішкі қаржылық бақылау және аудит жүйесінің болуы.Ішкі аудит қызметі туралы бекітілетін ереже.
10.Киберқауіпсіздіктің тиісті деңгеймен цифрлық үкімет порталымен интеграциялау мүмкіндігі бар бағалаудың біріңғай автоматтандырылған цифрлық жүйесінің болуы.Жұмыс істейтін бірыңғай автоматтандырылған цифрлық жүйенің (платформаның) болуын растайтын құжат.
11.Қызметтік ақпараттың құпиялығы мен тұтастығы қағидатын регламенттейтін құжаттың болуы.Құпия ақпаратпен жұмыс істеу тәртібін регламенттейтін құжат.
12.Білім мен дағдыларды бағалауды қамтамасыз ету үшін бағдарламалық қамтылымның, серверлік және (немесе) комутациялық жабдықтың не виртуалды (бұлтты) сервердің болуы.Меншік құқығында, уақытша иелену және (немесе) пайдалану құқығында (ақыға немесе өтеусіз) серверлік, коммутациялық жабдықтың не виртуалды (бұлтты) сервердің болуын растайтын құжат*. Бағдарламалық қамтамасыз ету тізбесі.
13.Денсаулық сақтау саласындағы мамандардың білімі мен дағдылардын бағалау мәселелері бойынша қазақ және орыс тілдерінде жаңартылған ақпараттың мазмұны бар жеке-меншікті жұмыс істейтін интернет ресурсының (веб-сайт) болуы.Веб-сайтқа сілтеме (веб-сайт беттерінің скриншоты).
14.Анықтама үшін жұмыс істейтін телефонның болуы.Ұйымның веб-сайтында көрсетілген жұмыс істейтін телефон нөмері.
15.Тестілеу кезінде жеке басын сәйкестендіру жүйесімен (бейнесахатпен) білім және дағдыға бағалау жүргізу үшін цифрлық жүйенің болуы.Меншік құқығында, уақытша иелену және (немесе) пайдалану құқығында (ақыға немесе өтеусіз) білім және дағдыға бағалау жүргізу үшін цифрлық жүйенің болуыы растайтын құжаттар*.
16.Білім және дағдыға бағалау жүргізу бойынша көрсетілген қызметтердің сапасын қамтамасы етуге арналған компьютерлік техниканың және және басқа да жабдықтардың (техниканың) болуы. Қашықтықтан оқыту технологияларын қолданған жағдайда онлайн прокторинг жүйесінің болуы.Меншік құқығында, уақытша иелену және (немесе) пайдалану құқығында (ақыға немесе өтеусіз) компьютерлік техниканың және және басқа да жабдықтардың (техниканың) болуын растайтын құжаттар*.
17.Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-249/2020 "Денсаулық сақтау саласындағы білім беру бағдарламалары білім алушыларының білімі мен дағдыларын бағалау, түлектерінің кәсіптік даярлығын бағалау, денсаулық сақтау саласындағы мамандардың кәсіптік даярлығын бағалау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21763 тіркелді) (бұдан әрі – Бағалау қағидалары) білім және дағдыларды бағалауды жүргізуге сәйкес клиникалық станциялардың, материалдық-техникалық жарақтандырудың болуы.Меншік құқығында, уақытша иелену және (немесе) пайдалану құқығында (ақыға немесе өтеусіз) клиникалық станциялардың, материалдық-техникалық жарақтандырудың болуын растайтын құжат*. Клиникалық станциялардың, материалдық-техникалық жарақтандырудың тізбесі.
18.Бағалау ережелеріне сәйкес денсаулық сақтау саласындағы мамандардың білімі мен дағдыларын бағалауды ұйымдастыруға және жүргізуге араналған симуляциялық жабдықтардың (манекендер, фантомдар, муляждар не автоматтандырылған виртуалды модельдер, интерактивті оқыту, компьютерлік бағдарламалары, аудио-бейне материалдар) және шығыс материалдары болуы.Симуляциялық жабдықтар, аппаратуралар мен медициналық құрал-саймандар тізімі осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бағалау жөніндегі ұйымдар. Меншік құқығында, уақытша иелену және (немесе) пайдалану құқығында (ақыға немесе өтеусіз) симуляциялық жабдықтар мен шығыс материалдарын растайтын құжаттар*.
19.Денсаулық сақтау, медициналық білім беру, бизнес және құқық, цифрлық жүйелер мен технологиялар саласында кемінде үш жыл жұмыс тәжірибесу бар және білім беру дағдылардын бағалауды ұйымдастыру және жүргізу мәселелері бойынша оқытылған мамандардың болуы.Осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұйымның мамандары туралы мәліметтер. Оқуды растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі 35-бабына сәйкес құжаттардың не жұмыс тәжірибесін растайтын азаматтық-құқықтық шарттардың электрондық көшірмелері.
20.Білім мен дағдыларды бағалауды, ғылыми-педагогикалық кадрлардың, денсаулық сақтау саласындағы білім және ғылым ұйымдардың білім алушылары мен түлектерінің тәуелсіз бағалауын жүргізу үшін емтихан тест материалдарын әзірлеу және сараптау жөніндегі сарапшылардың болуы.Мамандық бойынша денсаулық сақтау саласындағы сарапшылардың тізімі. Емтихан тест материалдарын әзірлеу және сараптау бойынша оқытуды растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі 35-бабына сәйкес еңбек қызметін растайтын құжаттардың не жұмыс тәжірибесін растайтын азаматтық-құқықтық шарттардың электрондық көшірмелері.
21.Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның талаптарына сәйкес ғылыми-педагогикалық кадрлардың, медициналық білім және ғылым ұйымдарының білім алушылары мен түлектерінің білімі мен дағдыларын бағалауды және тәуелсіз бағалауды жүргізу үшін әзірленген тест тапсырмаларының, әрбір медициналық, фармацевтикалық мамандық бойынша қазақ, орыс тілдерінде кемінде 200 тест тапсырмаларының болуы.Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-218/2020 "Денсаулық сақтау саласындағы мамандарды сертификаттауға жататын мамандықтар мен мамандандырулар тізбесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21699 тіркелді) бұйрығына сәйкес тест тапсырмалары (әрбір медициналық, фармацевтикалық мамандық бойынша қазақ, орыс тілдерінде кемінде 200 тест).
22.Білім мен дағдыларға бағалау жүргізу үшін әзірленген клиникалық сценарийлер банкінің болуы: медициналық мамандықтардың негізгі бейіндері (терапия, хирургия, педиатрия, акушерлік және гинекология, анестезиология және реаниматология, стоматология) бойынша кемінде 10 клиникалық жағдай.Клиникалық сценарийлердің электронды базасы (негізгі медициналық мамандықтар бойынша кемінде 10 клиникалық жағдай).

Ескертпе:

"Қосымша ақпарат" бағанында шартқа сәйкес ұсынылатын құжат туралы мәліметтер көрсетіледі.

* Уақытша иелену және пайдалану шарты 5 жылдан кем емес мерзімге жасалады.

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарына Тізбеге 9-қосымша
Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу қағидаларына 9-қосымша
нысан

"Медициналық ұйымдар қызметінің аккредиттеу стандарттарына сәйкестігін тану мақсатында оларды аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет тізбесі

1Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауыМедициналық ұйымдар қызметінің аккредиттеу стандарттарына сәйкестігін тану мақсатында оларды аккредиттеу
2Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің (бар болса) атауыжоқ
3Көрсетілетін қызметті берушінің атауы.Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық бақылау комитеті (бұдан әрі – аккредиттеуші орган) аккредиттеген ұйым).
4Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (болған кезде) ұсыну тәсілдері"Цифрлық үкіметтің" www. egov. kz www. elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі-портал).
5Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (болған кезде) көрсету мерзіміАккредиттеуші орган өтінішті тіркеген күннен бастап 27 (жиырма жеті) жұмыс күні.
6Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (болған кезде) көрсету нысаныЭлектрондық (ішінара цифрландырылған).
7Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (болған кезде) көрсету нәтижесі1) осы Тізбеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша медициналық ұйымдарды аккредиттеуді жүзеге асыру бойынша аккредиттеу туралы куәлік; 2) мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту (еркін нысанда).
8Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (болған кезде) көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдеріМемлекеттік қызмет ақылы көрсетіледі. Қызметтердің құны аккредиттеуші органның ресми сайтында орналастырылады.
9Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі1) портал-жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы; 2) аккредиттеуші органның жұмыс кестесі - дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 13.00-ден 14.00-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ға дейін. Денсаулық сақтау субъектісі жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
10Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (болған кезде) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесіТізбеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аккредиттеу стандарттарына сәйкестігіне сыртқы кешенді бағалаудан өтуге өтініш.
11Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (болған кезде) көрсетуден бас тарту үшін негіздер1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау; 2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі; 3) уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті келісімі туралы сұрау салуға берілген теріс жауап, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы; 4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы; 5) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы бойынша; 6) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы; 7) "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Заңның 18-2-бабы 2-тармағының 4) тармақшасында көзделген негіз бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтата тұру мерзімі өткеннен кейін анықталған кемшіліктердің жойылмауы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.
12Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар1. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталда "жеке кабинеті", сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар. 2. Көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ болған жағдайда Мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алады. 3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық бақылау комитетінің kmk@dsm.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген. 4. Дене мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін пандус, шақыру түймесі, Зағиптар мен нашар көретіндерге арналған тактильді жол, күту залы, құжаттар үлгілері бар тағандар болуы тиіс. 5. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефон нөмірлері-1414, 8-800-080-7777
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарына Тізбеге 10-қосымша
Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу қағидаларына 15-қосымша
нысан

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет тізбесі "Денсаулық сақтау саласында тәуелсіз сараптаманы жүзеге асыратын денсаулық сақтау субъектілерін аккредиттеу"

1Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауыДенсаулық сақтау саласында тәуелсіз сараптаманы жүзеге асыратын денсаулық сақтау субъектілерін аккредиттеу.
2Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің (бар болса) атауыЖоқ.
3Көрсетілетін қызметті берушінің атауыҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық бақылау комитеті (бұдан әрі – Комитет)
4Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (болған кезде) ұсыну тәсілдері1) "цифрлық үкіметтің" веб-порталы www. egov. kz www. eli cens e. kz (бұдан әрі-портал) 2) Комитеттің кеңсесі арқылы;
5Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (болған кезде) көрсету мерзіміӨтінішті Комитетте тіркеген сәттен бастап 13 (он үш) жұмыс күні
6Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (болған кезде) көрсету нысаныЭлектрондық (ішінара цифрландырылған)/қағаз түрінде
7Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (болған кезде) көрсету нәтижесі1) осы Қағидаларға 18-қосымшаға сәйкес нысан бойынша денсаулық сақтау саласында тәуелсіз сараптаманы жүзеге асыруға аккредиттеу туралы куәлік; 2) мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту (еркін нысанда)
8Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (болған кезде) көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдеріМемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі
9Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі1) портал-жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде). 2) Комитет кеңсесі - дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, өтінішті қабылдау және құжаттарды тіркеу келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
10Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (болған кезде) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесіДенсаулық сақтау саласындағы тәуелсіз сараптаманы жүзеге асыруға аккредиттеу туралы куәлікті алу үшін келесі құжаттарды ұсынады: 1) осы Тізбеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті; 2) осы Қағидаларға 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша денсаулық сақтау саласында тәуелсіз сараптаманы жүзеге асыруға аккредиттеу туралы куәлікті алуға арналған шарттарда көзделген құжаттар. 3) осы Қағидаларға 17-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұйымның мамандары туралы мәлімет Денсаулық сақтау субъектісі портал арқылы жүгінген кезде құжаттар электрондық көшірмелері түрінде беріледі. Денсаулық сақтау субъектісі Комитет кеңсесі арқылы жүгінген кезде салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларын ұсына отырып, құжаттар көшірмелерде не электрондық көшірмелерде kmk@dsm.gov.kz электрондық поштаға немесе ықшам дискіде (оптикалық ақпарат тасымалдаушысы) беріледі.
11Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (болғанкезде) көрсетуден бас тарту үшін негіздер1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау; 2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі; 3) уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті келісімі туралы сұрау салуға берілген теріс жауап, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы; 4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы; 5) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы бойынша; 6) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы; 7) "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Заңның 18-2-бабы 2-тармағының 4) тармақшасында көзделген негіз бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтата тұру мерзімі өткеннен кейін анықталған кемшіліктердің жойылмауы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.
12Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар1. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталда "жеке кабинеті", сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар. 2. Көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ болған жағдайда Мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алады. 3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық бақылау комитетінің kmk@ dsm. gov. kz интернет-ресурсында көрсетілген. 4. Дене мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін пандус, шақыру түймесі, Зағиптар мен нашар көретіндерге арналған тактильді жол, күту залы, құжаттар үлгілері бар тағандар болуы тиіс. 5. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефон нөмірлері-1414, 8-800-080-7777

Іздеу атаулары: №137 бұйрық, 137-бұйрық, приказ 137, жүз отыз жетінші бұйрық, 137 бұйрық скачать.

Маңызды

Материал ақпараттық мақсатта берілген. Диагноз бен емді дәрігер анықтайды.

Біз саған жазып
бере аламыз!

Реферат немесе медициналық тақырыптағы материал керек пе? Тақырыбыңды WhatsApp-қа жібер.