ҚР онкологиялық қызмет дамуы мен жағдайы

Қазақстан республикасындағы онкологияның бүгінгі жағдайы мен қызметінің дамуы

БДҰ – 1997 жылы – Обырдан 7 млн адам қайтыс болды, XI ғасырда – жыл сайын 11 млн. адам қайтыс болады және 2020 ж қатерлі ісіктер 30 пайызға дейін өседі деген болжам жасалуда.

Онкологиялық аурулармен сырқаттанушылық (100 мың тұрғынға )

  • Батыс Қазақстан обылысы – 201,4
  • Атырау обылысы – 151,6
  • Маңғыстау обылысы – 125
  • Ақтөбе обылысы – 152
  • Қостанай обылысы – 233,2
  • Қызылорда обылысы – 169,6
  • Қарағанды обылысы – 244,3
  • Оңтүстік Қазақстан обылысы – 104,2
  • Жамбыл обылысы – 113,1
  • Алматы обылысы – 124
  • Шығыс Қазақстан обылысы – 294,7
  • Павлодар обылысы – 265,4
  • Батыс Қазақстан обылысы – 253,4
  • Ақмола облысы – 224,9

2003 ж. қатерлі ісіктердің орналасуының негізгі құрылымы

2003 жылы есепке алынған науқастар саны – 28 660

Өкпе обыры – 14,2 %
Асқазан обыры – 10,8 %
Тері обыры – 10,5 %
Сүт безі обыры – 9,4 %
Өңеш обыры – 5,6 %
Гемобластоздар – 4,3 %
Тоқ ішек обыры – 4 %
Жатыр мойны обыры – 3,7 %

Онкологиялық науқастардың 5- жылдық өмір сүруі:

  • Қадағалауда – 109 929 науқас бар
  • Олардың ішінде 54 772 адам 5 жылдан астам өмір сүреді (50,3% )

Обырға қарсы бағдарлама

  • Емдеу
  • ерте анықтау
  • Алдын алу

ОБЫРДЫҢ АЛДЫН АЛУ

Обырдың алдын алудағы бастапқы іс – шаралар:

  • ішкі факторлар модификациясы (шылым шегуден бас тарту, диетаны өзгерту, микроэлементтерді қосу)
  • сыртқы факторлар модификациясы ( экологиялық ластанумен күрес)

Обырдың алдын алудағы қайталамалы іс-шаралар

Обыр алды жағдайларын анықтау мен емдеу және қатерлі ісіктің ерте сатысы жағдайын анықтау (скрининг, Рар-жағынды, эндоскопия, УДЗ).

Обырдың даму қаупін төмендетуге мүмкіндік беретін диетаның негізгі 6 қағидасы

  1. Семірудің алдын алу ( неғұрлым колориясы жоғары тағамдарды қолдану ісіктің өсуіне әкеледі).
  2. Тағам мен майды қолдануды азайту ( майды қолданудың тоқ ішек, сүт безі, қуық асты безі обырларына тікелей қатысы бары анықталған).
  3. Күнделікті тағам құрамына көкеністер мен жемістерді қосу.
  4. Клетчаткаларға бай тағамдарды пайдалану (клетчатка канцерогендердің қызметін төмендетеді ).
  5. Алкогольді ішімдіктерді пайдалануды шектеу (алкоголді шектен тыс пайдалану ауыз қуысы, өңеш, бауыр және сүт безі обырларының дамуына әкеледі).
  6. Ысталған және құрамында нитриті бар тағамдарды пайдалануды шектеу (белоктың нитриттерімен өзара байланысы асқазан қышқылы ортасында жоғары канцерогендер нитрозаминдерін түзеді).

Ерте анықтау диагностикасы:

  • Бастапқы звено дәрігерлерінің онкосақтықты күшейтуі
  • Жұртшылыққа онкопатологияның ерте білінетін белгілері туралы ақпаратты күшейту
  • Бастапқы топтың материалдық – техникалық базасының деңгейін жақсарту (2004 жылы мемлекет 15 млрд тенге қаржы бөлді)
  • Республикалық және облыстық телеарналар арқылы әйелдердің cүт безіне өзіндік тексеру – жүргізуі және темекінің зияндылығы туралы бейне көрсетілімдер көрсету

Қазіргі заман талабына сай емдеу:

  • Соңғы жаңа тиімді химиопрепараттармен қамтамасыздандырылу
  • Соңғы жаңа сәулемен емдеу аппараттарының болуы
  • Онкохирургияда жаңа технологияны қолдану

ҚР 30.12.2001 жылғы № 751 – Үкімет Қаулысында онкология ҚР денсаулық сақтау ісіндегі ең бір басым бағыт 2001 жылы еліміздегі – онкологиялық жағдай мәселесін жақсарту үшін 1 млрд 200 млн тенге, оның ішінде химиопрепараттарды сатып алуға 800 млн. тенге бөлінді.

 

 

ҚР ОНКОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ АРНАУЛЫ ЖҮЙЕСІ

Онкология және радиология ҚАЗҒЗИ–1 (тұрғындарға онкологиялық көмек көрсету, сонымен қатар обырға қарсы күрестегі әдістемелік басшылық бойынша басты мекеме

  • Облысаралық диспансерлер – 17
  • Аймақтық – 2
  • Қалалық диспансерлер – 2
  • Жалпы ЕПМ (ЛПУ) онкологиялық бөлімдер -2 (Ақтөбе, Жезқазған)
  • Қалалық және аудандық ауруханалар құрамындағы онкологиялық кабинеттер– 182

ОБЫРҒА ҚАРСЫ ІС – ШАРАЛАРДЫҢ ЖҮРГІЗІЛЕТІН НЕГІЗГІ ДИСПАНСЕРЛІК ҚАҒИДАЛАРЫ

  • науқастарды анықтаудың белсенділігі, әсіресе аурудың ерте сатысында
  • «жоғарғы қауіп» тобын есепке алу және оларға белсенді медициналық қадағалау жүргізу;
  • Аурудың алдын алу үшін емдік және алдын алу шараларын жоспарлы жүргізу;
  • Денсаулыққа әсер етуші сыртқы орта факторларын анықтау

ОНКОЛОГИЯЛЫҚ ЖОҒАРҒЫ ҚАУІП ТОБЫ

Бұл топқа дені сау тұрғындардың ішінде жалпы обырмен ауру тұқымқуалаушылық немесе канцерогендерді факторлар әсерінен жүре пайда болған (тұрмыстық және мамандыққа байланысты), икемділік эндокринді және басқа да негізінен ісік алды аурулары жатады; Бұл неғұрлым 40 – 45 жас аралығы;

ДИСПАНСЕРЛІК ҚАДАҒАЛАУДАҒЫ КЛИНИКАЛЫҚ ТОПТАРЫ

  • I а тобы – қатерлі ісік ауруына сезіктенген науқастар
  • I б тобы – ісік алды ауруы бар науқастар
  • II топ – арнаулы (радикалды)ем қабылдауға жататын қатерлі ісік аурулары бар науқастар;
  • II а тобы – радикалды емге жататын қатерлі ісік аурулары бар науқастар;
  • III топ – дені сау адамдар (қатерлі ісікті радикалды емдеуден кейінгі);
  • IV топ – паллиативті немесе симптоматикалық емнен кейінгі қатерлі ісік ауруларының таралған түрлері бар науқастар.

Скрининг – дені сау тұрғындарды жаппай алдын алу , тексеру жолымен ассимптомды обырды анықтау. Скринингтің тиімділігінің негізгі көрсеткіші – өлім қаупін азайтып, өмір сүруді жоғарылату

«Клиникалық түрі» – қатерлі ісік дамуын тірек белгілерінің 4 тобы тұрғысынан қарау :

Ісік тәрізді заттардың болу фактісі

Ауру орнындағы белгілер:

  • мүше қызметінің бұзылуы;
  • ауырсынуды сезіну;
  • патологиялық бөлінулер;

2. Жалпы белгілер:

  • паранеоплазиялар;
  • интоксикация;

3. Асқыну және таралу белгілері;

Есеп жүргізу және есеп беру құжаттары – диспансеризациялауды жүзеге асырудың негізі

  • Форма 090/у – қатерлі ісік туралы жедел хабарлама, кез кедген дәрігермен толтырылады
  • Форма № 027/у –ауру тарихынан немесе амбулатриялық картадан жазба
  • Форма № 027–2/у –асқынған жағдайды анықтау хаттамасы (IV кезең кезіндегі обырды анықтаған кезде, визуальды локализация кезінде) III кезеңде толтырылады. Бұл формада бақылау этаптары көрсетіледі.
  • Форма № 030–6/у – қатерлі ісігі бар науқастың диспансерлік картасы, онкокабинет немесе онкодиспансер дәрігері толтырады

Ұқсас материалдарды қарай кетіңіз:

  1. Ісіктер (обыр)
  2. Асқазан обыры
  3. Өкпе обыры
  4. Жатыр мойыны обыры
  5. Өңеш рагі (обыры)
  6. Аналық без обыры
  7. Лейкоз
  8. Созылмалы лимфолейкоз

 

Пікір үстеу

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!