Өңеш рагі (обыры)

Өңеш рагы – қатерлі, тіндер мен мүшелерді бұзып-жарып өсетін, өңешті тарылтатын, ыдырататын, метастаз беретін, ауыр интоксикация және прогресивті түрде арықтататын ісік.

Өңеш рагының этиологиясы:

  • Шылым шегу және алкогольді ішімдіктерді пайдалану кезінде;
  • Өте ыстық сусындар мен астарды қабылдау кезінде;
  • Баррет өңеш
  • Химилық фактор әсері;
  • Физикалық фактор әсері- иондалған сәуле.
  • Созылмалы өңеш аурулары химиялық күйіктен кейінгі тыртықтану, кардии ахалазиясында, рефлюксті-эзофагит;
  • Теміржетіспеушілік анемия;
  • Пламмер –Винсон ауруында

Өңеш рагының классификациясы (жіктелуі):

І.Ісіктік процестің таралуына байланысты:

  1. Өңеш-жұтқыншақтық.
  2. Мойындық.
  3. Жоғары кеуделік бөлім.
  4. Ретро-бифуркациялық.
  5. Субаортальды.
  6. Ортаңғы кеуделік бөлім
  7. Диафрагамаүсті бөлім
  8. Диафрагмальды бөлім.
  9. Абдоминальды бөлім.

II.  Макроскопиялық белгісі бойынша:

  • Инфильтративті  рак
  • Жаралы рак
  • Түйінді рак

III.Гистологиялық  көрінісі бойынша:

  • Жалпақжасушалы (түлейтін,түлемейтін)
  • Аденокарцинома

ІV.Таралуы бойынша:

  • Лимфогенді
  • Гемотогенді

Өңеш рагының даму сатысы:

  1. Өсу кезінде түйіннің көлемі 3см-ден аспайды,сырқат кілегейлі қабықшада дамиды,лимфа түйіндерінде метастаз жоқ.
  2. Өсу сатысы. Ісік бұлшық етке жетеді де метасдар бермейді(ІІ А),көлемі 5 см-ге дейін барады.Лимфа бездерінің бір-екеуінде метастаздар бар(ІІ В)
  3. Өсу сатысы. Ісіктің көлемі 5 см-ден асып, мүше қабырғасының түгел жарақаттануы,лимфа бездерінің метастазы көп болуы.
  4. Өсу сатысы. Ісік сау мүшелерге тараса(4А) лимфа бздерінің метастаздан қозғалмай қалуы, алыс мүшелердің жарақаттануы.

Клиникалық белгілері:

Жалпы клиникалық белгілері:

  • Салмақ жоғалту, кахексия.
  • Жалпыәлсіздік
  • Анемия.

Негізгі клиникалық белгілері:

Дисфагия – тағамның өңештен қиналып жүруі. Дисфагияның бес сатысын ажыратамыз:

  • I кезең – барлық тағам өтеді, бірақ қатты тағамды жұту жағымсыз сезімдер байқалады(қыжылдау, жырылулар, кейде ауырсыну).
  • II кезең – қатты тағамдар өңештен өтпей тұрып қалатындықтан сумен бірге ішеді.
  • III кезең –қатты тағам өтпейді.Науқас суйық және жартылай суйық тағаммен қоректенеді.
  • IV кезең – өңештен тек сұйықтық ғана өтеді.
  • V кезең –толық өңеш өтімсіздігі. Науқас жұтыну барысында сілекей өтпейді.

Тағамды  қабылдау кезінде регургитация байқалады, ауыздан жағымсыз иістің шығуы.

Гиперсаливация, сілекейдің көп бөлінуі.

Екіншілік  клиникалық белгілер:

  • Дауыстың өзгеріп,қарлығуы.
  • Горнер триадасы (миоз, пседоптоз, эндофтальм).
  • Жергілікті лимфа түйіндерінің ұлғаюы.
  • Брадикардия.
  • Жөтел ұстамалары, ентігу.
  • Құсу.

Диагностикалау:

  1. ЖҚА
  2. БХА.
  3. ЖЗА

Инструментальды зертеу әдісі

  1. Рентгенологиялық тексеру
  2. Эзофагоскопия  биопсиямен бірге.

Қосымша зерттеу әдісі

  • Копьютерлік томография
  • Бронхоскопия
  • Іш қуысының УДЗ
  • Лапароскопия

өңеш рагі обыры

Өңеш обырының (рагінің) асқынуы

  1. Өңештік-трахеальді (бронхиальды) жыланкөз
  2. Өңеш ісігінің кеуде қуысындағы перфорациясы, медиастинит
  3. Плевральды қуыстағы ісік перфорациясы , плевра эмпиемасы
  4. Қан кету

Емі:

  1. Хирургиялық ем –эзофагэктомия (Льюис әдісі)
  2. Сәулелі терапия

Оперативті ем жолдары:

  • Льюис әдісі: Ішті жарады,іш қуысындағы мүшелердің жағдайын тексереді.Асқазанды жоғары кеуде қуысына көтереді,олүшін диафрагмадағы өңеш тесігін кеңейтіп,сол жерден өткіузге даярлайды.
  • Гарлок әдісі: солжақтың VІІ қабырға аралығынан кеуде қуысы жарылады,өңештің ортаңғы бөлігіжарақаттанған жержен сылынады да , қалған өңеш қалдығы және диафрагма тесігі арқылы жоғары көтерілген асқазан бір-бірімен тігіледі.
  • Савиных әдісі: іш қуысы жарылады,диафрагма кесіледі.Өңештің ортаңғы бөлігі іш қуысыарқылы жолмен сылынады да жоғарғы бөлігі мойын арқылы ортаңғы кеуде қуысында жіңішке ішекпен жалғасады.

Добавить комментарий