Аяқ қолдардың қан тамырларының клиникалық анатомиясы

Аяқ қол тамырлары. Клиникалық анатомиясы

Иық артериясы

Иық артериясының тармақтары: иықтың терең артериясы, жоғарғы және төменгі шынтақ артериясы.

Иық артериясы, a. brachialis, қолтық артериясының тікелей жалғасы болып келеді. М. teres major-дың төменгі жиегінен басталып, шынтақтық бұрылыстан өтеді де, кәрі жіліктің мойыны аймағында 2 тармаққа бөлінеді: кәрі жілік және шынтақ артериялары. Өз жолында sulcus bicipitalis medialis-та екі иық венасы және нервтерімен қатарласады (n. medianus, n. ulnaris, n. cutaneus brachii medialis et n. cutaneus antebrachii medialis).

Бұлшықеттерге және сүйектерге қысқа тармақтарынан басқа иық артериясы келесі тармақтарға бөлінеді:

  1. A. profunda brachii, иықтың терең артериясы a. Brachialis-тан таралып, п. Radialis-пен бірге canalis humeromuscularis-тан өтеді де, өз жолында иық сүйегін қантамасыз ететін артерияны бөледі (a. diaphyseos humer), ары қарай келесі тармақтарға тарамдалады: а. collateralis media, а. collateralis radialis. Иықтың терең артериясы жиі иықтың және қолтықтың басқа тармақтарымен бірлесіп шығады (70 %)  немесе мүлдем болмайды (30 %).
  2. A. collateralis ulnaris superior, иықтың жоғарғы коллатеральды артериясы, иықтың орта бөлігінде иық артериясынан шығып, epicondylus medialis артында жүлгеге түседі де, a. recurrens ulnaris posterior-мен (a. ulnaris-тың тармағы) анастомоз құрады.
  3. A. collateralis ulnaris inferior, иықтың төменгі коллатеральды артериясы, иықтың жоғарғы коллатеральды артериясының аяқталған жерінен 5 см жоғары жерде басталады да, epicondylus medialis алдынан, a. recurrens ulnaris anterior-мен (a. ulnaris-тың тармағы) анастомоз құрады.
Қолдың тамырлары
Барлық аумақтағы қолдың артерия тамырларының көрінісі

Кәрі жілік артериясы, a. radialis

Кәрі жілік артериясы, a. radialis, иық артериясының тармағы болып табылады. Ол m. Brachioradialis-тан медиалды өтіп, ең бірінші сонымен жабылады, содан кейін sulcus radialis-қа өтеді; тоқпан жіліктің төменгі үштен бір бөлігінде, бұлшықеттер сіңірге ауысатын жерде шынтақ артериясы тек фасциялармен және терімен жабылған, сол себепті осы жерде пульсты сезуге ыңғайлы жер болып табылады. Кәрі жіліктің біз тәрізді өсіндісінің жоғарғы жиегіне жетіп a. radialis сырқта қарай бағыт алады, содан кейін білектің латеральды шетін айналып өтіп трабекеге орнығады, одан ары қарай алақанға сүйекаралық кеңістік арқылы I және II саусақтардың негізіне өтеді. Алақанда шынтақ артериясы a. Ulnaris-тің терең тармағымен қосылып – arcus palmaris profundus, терең алақан доғасын түзеді.

Кәрі жілік артериясының тармақтары:

  1. A. recurrens radialis қайтармалы артерия, кәрі жілік ойығында басталып, латеральды орналасқан айдаршық үстіне проксимальды бағытталады, осы жерде a. collateralis radialis –пен анастомоз құрады.
  2. Rami musculares — айналасындағы бұлшықеттерге тармақталады.
  3. Ramus carpeus palmaris, алақан – білезік тармағы, білектің төменгі бөлігінен басталады да шынтаққа қарай бағытталады. ramus carpeus palmaris –пен анастомоз құрып, а. ulnaris білектің алақан бетінде rete carpi palmare құрады.
  4. Ramus palmaris superficialis, беткей алақандық тармақ, thenar үстінен өтіп немесе оның беткей қабаттары арқылы өтіп, кәрі жілік артериясының соңымен қосылып, arcus palmaris superficialis-қа енеді.
  5. Ramus carpeus dorsalis, артқы білезіктік тармақ, «траберке» маңайында өтіп, аттас тармақпен a. ulnaris білезіктің сыртқыбөлігінде тор, rete carpi dorsale, түзеді, сонынмен қоса оған сүйекаралық артериялар (аа. interosseae anterior et posterior) қосылады.
  6. A. metacarpea dorsalis prima, бірінші сыртқы алақан артериясы, білезіктің сыртқы жағымен сұқ саусақтың шынтақ жағына бағытталады.
  7. A. princeps pollicis, бас бармақтың бірінші артериясы, шыбық артериясынан тарайды. Ары қарай тармақталып, аа. digitalis тармақтарын береді.

Шынтақ артериясы, a. ulnaris

Шынтақ артериясы, a. ulnaris, иық артериясының екі соңғы тармағының бірінің жалғасы  (ірілеуінің) болып келеді. Шынтақтық ойықтан  басталып m. pronator teres-тың астымен өтеді, білектің ортаңғы үштен бір бөлігіне дейін жетеді де, қиғашынан шыбық сүйек жаққа бағытталады. Төменгі үштен екі бөлігі шыбық сүйегіне паралельді жүреді де, алақанға жеткенде arcus palmaris superficialis-тың құрамына енеді.

Шынтақ артериясының тармақтары:

  1. A. recurrens ulnaris, қайтармалы шынтақ артериясы, екі тармақ береді – rami anterior et posterior, олар айдаршықүстінен алдынан және артынан өтіп, аа. collaterals ulnares superior et inferior-мен анастомоз құрады. Осы анастомоздардың және a. profunda brachii мен a. Radialis анастомоздарының арқасында шынтақ буйынының айналасында артериалды тор пайда болады – rete articulare cubiti.
  2. A. interossea communis, жалпы сүйекаралық артерия, сүйекаралық жарғаққа бағытталады да, проксималды бөлігінде 2 тармаққа бөлінеді:А) a. interossea anterior сүйекаралық жарғақтың алдыңғы бетімен m. pronator quadratus-қа жетіп, жарғақты басып өтіп артқа қарай бағытталады, ол rete carpi dorsale-де аяқталады. Ең басында a. interossea anterior a. Mediana-ға  (п. Medianus-пен бірге алақанға бағытталады), аа. diaphyseos radii et ulnae — білек сүйекке  және rami musculares айналасындағы бұлшықетке таралады;

    Б) a. interossea posterior сүйекаралық жарғақтың жоғарғы тесігі арқылы артқа бағытталады, одан a. interossea recurrens-қа тармақ беріп, жазғыштардың беткей және терең қабаттарына жанасып және білезік маңында a. interossea anterior-мен анастомоздалады.

  3. Ramus carpeus palmaris, алақан – білезіктік тармақ, шыбық артериясының тармақтарына қарама қарсы бағытталып, анастомоздалады.

 

  1. Ramus carpeus dorsalis, артқы білектік тармақ, бұршақтәрізді сүйектің маңымен, m. flexor carpi ulnaris-тың астымен өтіп, a. radialis-тың аттас тармағымен сыртқа қарай бағытталады.
  2. 5. Ramus palmaris profundus, терең алақандық тармақ, алақанның сіңірлерінің және невртерінің арасына өтіп, a. Radialis-пен бірге терең алақан доғасын құрады.
Шынтақ білезік тамырлары
Қолдың білезік және шынтақ, қәрі жілік аумағындағы артерия тамырлары

Білезіктің доғаралы және артериялары. Беткей алақан доғасы. Терең алақан доғасы.

Білезік маңында 2 тармақ бар: біреуі алақандық, rete carpi palmare, екіншісі сыртқы, rete carpi dorsale. Rete carpi palmare шыбық және шынтақ сүйектерінің артерияларының тармақтарынан пайда болады. Білезіктің алақандық торы байланыстырушы аппаратта жазғыштардың сіңірлерінің астында орналасады; оның тармақтары сіңірлерді және articulationes mediocarpea et radiocarpea қамтамасыз етеді.

Rete carpi dorsale шынтақ және шыбық артерияларының және сүйекаралық артериялардың сыртқы білезіктік тармақтардың қосындысынан дамиды; жазғыш сіңірлердің астында орналасады және екі тармақ береді: а) жақын орналасқан буйындарға (гг. агticuldres), б) 2, 3 және 4 –ші сүйекаралық кеңістіктерге (аа. теacarpeae dorsales); саусақтардың негізінде әрқайсысы саусақтарға жеке тармақталады (аа. digitales dorsdles). Алақанда 2 доға болады – беткей және терең. Arcus palmaris superficiali, алақанның беткей доғасы aponeurosis palmaris-тің астында орналасады. Шынтақ артериясының жалғасы болғандықтан, беткей доға өзінің калибрлерінде шыбық сүйекке бағыттала кішірейе бастайды, осы жерде оған шыбық артериясының беткей алақан тармағы қосылады. Беткей доғаның дистальды бөлігінен 4 aa. digitales palmares communes шығады. 3-і екінші, үшінші, төртінші сүйекаралық кеңістікке, ал төртіншісі – кіші саусақтың (мизинец) шынтақ бөлігіне бағытталады. Саусақ арасындағы терінің бүрмелерінде әрқайсысы 2 aa. digitales palmares propriae-ға бөлінеді, олар қарсы жатқан көрші саусақтарға қарай бағыт алады.

Arcus palmaris profundus, алақанның терең доғасы, сіңірлердің жазғыштарының астында, беткей доғаға проксимальды орналасады.  Алақанның терең доғасы шыбық артериясынан құралады, алақанның беткей доғасына қарағанда калибірі кіші болып келеді. Доғадан дистальды бағытта екіншіден басталып 3 aa. metacarpeae palmares таралады, олар 3 сүйекаралық кеңістікке, екіншіден бастап таралып, жалпы алақандық саусақтық артериялармен бірігеді. Ал дорсальды бағытта сүйекаралық кеңістіктің үстімен 3 кішігірім aa. Perfordntes өтеді, олар артқа қарай бағытталып aa. metacarpeae dorsales-пен анастомоз құрады. Алақанның беткей және терең доғалары өз бетімен маңызды функционалды қызмет атқарады, бірақ қолдың ұстау қызметіне байланысты жиі қысылып қалады. Алақанның беткей доғасының қанмен қамтамасыз етілуінің бұзылысы кезінде алақанның қанмен қамтамасыз етілуі зақымдалмайды, себебі қан алақанның терең тармақтары арқылы келіп отырады.

алақан қан тамырлары
Алақан, саусақ аумағындағы қан тамырлар

А. brachialis –ке коллатералды тамыр a. profunda brachii,  ал a. ulnaris — ке a. interossea communis болып келеді.

Аяқтың тамырлары

Сыртқы мықын артериясы өздігінен аяқтарды қанмен қамтамасыз ететін негізгі тамыр болып табылады. Жамбас аймағында одан тамырлар бөлінеді: жамбас және іштің бұлшықеттерін қамтамасыз ететін, сонымен қоса аталық безді және үлкен жыныс еріндерін қамтамасыз етеді. Шап байламынан санға қарай бағытталып, санның жазғыш және әкелгіш бұлшықеттерінің арасында орналасқан  сан артериясына (a. femoralis), жалғасады.

Сан артериясының тармақтары:

  1. санның терең артериясы (a. profunda femoris), сан артериясынан шығатын ең ірі артерия болып табылады, одан сан сүйегін айналып қоршайтын медиальды және латеральды артериялар (aa. circumflexae femoris medialis et lateralis) тарайды.
  2. беткей құрасқүстілік артерия (a. epigastrica superficialis) теріге және іштің беткей бұлшықетіне таралады.
  3. мықын сүйкеті айнала орналасқан беткей артерия (a. circumflexa ilium superficialis), теріні, бұлшықеттерді және шаптыға лимфа түйіндерді қанмен қамтамасыз етеді.
  4. сыртқы жыныстық артериялар  (aa. pudendae externae) қасаға маңындағы теріні, аталық жыныс безін және үкен жыныс еріндерін қанмен қамтамасыз етеді.
  5. шап тармақтары (rr. inguinales) шап аймағындағы теріні, беткей және терең лимфа түйіндерін қамтамасыз етеді.
Аяқтың тамырлары
Аяқ тамырларының жалпы көрінісі

Сан артериясының жалғасы тізе асты артериясы (a. poplitea) болып табылады, ол тізеасты ойығында жатып, төмен және бүйірге қарай бағыт алып, аяқтарды қанмен қамтамасыз етеді. Ол тізелік медиальды және латеральды тармақтар береді, олар бұлшықеттерді қоршап, бір – бірімен анастомоз құру арқылы тізе буынының тамырлық торын (rete articulare genus) құрады. Ойықтың төменгі қырында тізе асты артериясы 2 тармаққа бөлінеді: алдыңғы және артқы асықты жілік артериялары.

Алдыңғы асықты жілік артериясы  (a. tibialis anterior) сүйекаралық жарғақ арқылы жіліншіктің алдыңғы бетіне бағытталып, жазғыштар арасымен төмен түседі, жол бойында көпетеген ұсақ тармақтар қалдырады. Жілікшіктің төменгі 1/3 бөлігінде одан медиальды және латеральды  толарсақ артериялары (aa. malleolares anterior, medialis et lateralis) тарайды, олар өз кезегінде толарсақтың тамырлы торын (rete malleolare)  түзеді. Сыртқы жақтан алдыңғы асықты жілік артериясы табанның сыртқы артериясына (a. dorsales pedis) ауысады.

Табанның сыртқы артериясы медиальды және латеральды тілерсек артерияларын (aa. tarseae mediales et laterales) береді, ол өз кезегінде табанның тамырлы торын құрады.  Сонымен қоса одан доғатәрізді артерия (a. arcuata) тарайды, ол өз кезегінде 4 табан сүйегінің сыртқы тармақтарына  (aa. metatarsae dorsales) бөлінеді, олардығ әрқайсысы 2 табан сүйектерінің сыртқы артерияларына (aa. digitales dorsales) бөлінеді. Соңғылары  II—V саусақтарды қанмен қамтамасыз етеді. Сыртқы артерияның соңы бірінші сыртқы табан сүйектік артерия (a. metatarsea dorsalis prima) болып  табылады.

Артқы асықты жілік артериясы  (a. tibialis posterior) жіліншіктің артқы жағымен төмен бағытталады. Асықты жіліктің медиальды толарсағын айнала, артерия табанға қарай түседі де мадиальды және латеральды табан артерияларын (aa. plantaris medialis et lateralis) түзеді. Артқы асықты жілік артериясының ең ірі тармағы шыбық сүйегінің артериясы (a. fibularis) болып табылады, ол өз кезегінде қанды шыбыққа, асықты жіліктің артқы және латераьды топтарындағы бұлшықеттеріне қанды тасымалдайды. Сонымен қоса артерия медиальды және бүйірлік тобық  (rr. malleolares mediales et laterales) тармақтарын береді, ол тобықтың бүйірлік және медиальды қан тамырлық торын құрады және табандық тамырлар rr. calcanei) тарайды, олар өз кезегінде табанбық тамырлық тор (rete calcaneum) түзеді.

Аяқтың тізенің тамырлары
Аяқ тамырларының артқы жағынан қарағандағы көрінісі

Табанның медиальды қырымен медаильды табан артериясы  (a. plantaris medialis) өтеді, ол беткей және терең болып бөлінеді және теріні және табан бұлшықеттерін қанмен қамтамасыз етеді.

Бүйірлік табан артериясы ерекше табандық саусақтық артерияны береді, ол V саусақтың бүйірлік қырымен бағытталып, бірінші табан сүйегінің маңында сыртқы артерияның табандық тамырымен табандық доғаны  (arcus plantaris profundus) құрайды.  Осы доғадан 4 табан сүйектік артериялар (aa. metatarseae plantares) тарайды, олардың әрқайсысы 2 өзіндік табандық саусақтық артерияларға (aa. digitales plantares propriae) бөлінеді, олар қанды табан саусақтарына жеткізеді.

Ұқсас материалдарды қарай кетіңіз:

  1. Дене бетіндегі ірі тамырлар проекциясы
  2. Қан тамырлар жүйесі. Жүрек құрылысы

 

Добавить комментарий

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!