Ұйқы безінің анатомиясы мен физиологиясы

Ұйқы безі сыртқы және ішкі секреторлық қызмет атқаратын аралас без болып саналады және тек қана асқорыту емес, зат алмасуға да әсер етеді. Ұйқы безі ішастардан тыс, омыртқа бағанасына көлденең бағытта, I,-II ші бел омыртқалары тұсында, басы мен денесінің басталған бөлігі оң жақта және денесінің көбі, құйрығы омыртқадан солға қарай орналасады. Ұйқы безі өлшемдері орташа 18х4,0х2,5 см, салмағы 65–85г-ды құрайды. Бездің басы он екі елі ішек тұсында, құйрығы көкбауыр қақпасына дейін жетеді.

Без денесінің алдыңғы беті асқазанның артқы қабырғасымен түйіседі және без жан-жағынан жақсы бекітілген. Алдыңғы– жоғарғы қабырғасынан өтетін париеталды ішастар қабаты, үлкен шарбының артқықабырғасы, тамырлар, нервтер арқылы, ал артқықабырғасы төменгі қуысвенаға, жоғарғы қабырғасы он екі елі ішектің төменгі көлденең тармағына жақын орналасқан. Ұйқы безі басының денесіне ауысатын аймақта жоғарғы мезентериалды тамырлар өтсе, бездің жоғарғы шетінен құйрығына қарай көкбауырлық артерия бағытталады. Көкбауырлық вена ұйқы безі артында орналасқан.

Қанмен камтамасыз етуі. Ұйқы безі truncuscoliacus – тің тармақтарымен, басы a. рancreaticoduodenalis-тен және денесі мен құйрығы a. Lienalis- – тен қоректенеді. Ол ұйқы безінің жоғарғы қыры бойынша келеді. Тіпті, жиі оның паренхимасына еніп, жолында бірнеше тармақтар береді( аа. pancreaticae breves).

Ұйқы безі көктамырлары аттас артериялармен қатар жүріп, қақпа венасы жүйесіне құяды және күнсәулелі өрімінің симпатикалық және парасимпатикалық талшықтар арқылы нервтеледі.

Ұйқы безінің лимфа жүйесі асқазан, он екі елі ішек бауыр және өт жолдарымен тікелей байланысты. Лимфа ағысы ұйқы безінің жоғарғы шетінде көкбауыр қақпасында, бауыр – он екі еліішек байламында орналасқан лимфа түйіндерінде жүруі мүмкін.

Ұйқы безінің денесінде көптеген бөлікшелерден сөл жинайтын, жалпы өт өзегінің төменгі бөлігіне қосылып, он екі елі ішектің үлкенбүртігіне (papilla Vateri) құятынductus Wirsungii орналасады. Негізгі өт өзегімен Вирсунгов өзегі 65–75 пайыздатерминалды бөлігінде бірге қосылып «жалпы канал» ретінде Одди сфинктері арқылы он екі елі ішекке құяды. Бөлек-бөлек faterov бүртігіне ашылу 30–40 пайызды құрайды. Мұндай анатомиялық ерекшеліктердің болуы өттің ұйқыбезі өзегіне немесе панкреатикалық сөлдің өт жолдарына рефлюксіне әкеледі.

Ұйқы безінің ішкі секреторлы функциясы.Ұйқыбезі тіні сөл бөлетін және асқорыту фазасында ісінетін түймектері бар эпителий жасушаларынан тұрады. Безді тіннің арасында ішкі секторлық қызмет атқаратын Лангерганс аралықтары орналасқан және олар көптеген тамырлар менкүнсәулесі өрімінің симпатикалық талшықтарымен қоршалған.Лангерганс аралшықтарының саны 2 млн-ға жуық. Панкреатикалық аралшықтардың сыртқа шығаратын түтіктері болмайды және әртүрлі функция атқаратынά, β, δ, fжасушалардан тұрады, ά – жасушалар инсулин антогонисі болып саналатын глюкогонды өндіреді.

Сонымен бірге, ұйқы безінде бауырдағы май алмасуына және бауырды майбасудан қорғайтын липокаин гормоны, айқын гипотониялық (тамыр кеңейткіш) қасиетке ие, он екі елі ішекте активтелетін калликреин гормоны бөлінеді. Β– жасушалар – глюкозаның тіндерде жұтылуын ұлғайтатын, қандағы қант мөлшерін төмендететін, гликогеннің бауыр жасушаларында жиналуын қамтамасыз ететін инсулинді өндіреді. δ– жасушалар–бауырдың өт жасау қызметін, асқазан-тік ішек сөлінің түзілуін және ұйқы безінің сыртқы секреторлық қызметін тежейтін соматостатин гормонын бөлсе, f-жасушалар физиологиялық рөлі анықталмаған панкреатикалық полипептид секреттейді.

Ұйқы безінің сыртқы секреторлық функциясы. Ұйқы безі тәулігіне 800–1500 мл сөл бөліп шығарады. Сөл құрамын-да белокты нәруыздыыдырататын протеаза (трипсиноген, пептидаза, коллагеназа, рибо-дезоксирибонуклеаза), көмірсулардыыдырататын 2 активті амилаза (ά, β), майларды май қышқылдарына және глицеринге дейін ыдырататын липаза ферменттері бар. Липаза ұйқы безінде белсенді емесжағдайда түзіледі де, ішекте өт және өт қышқылдары көмегімен белсенді күйге ауысады. Трипсин ішекке белсенді емес трипсиноген түрінде түсіп, ішектегі энтерокиназа қатысуымен активтеледі және трипсин ақуыздарды ыдыратады. Ұйқы безінің секреторлы қызметі нейрогормоналды жолмен, яғни, парасимпатикалық нервпен және он екі елі ішек шырышты қабаты тағам қоспаларымен түзіліп түскен секретин гормонымен реттеледі.

Ал, ұйқы безінің секрециялық қызметін тағам өнімдері (көмірсу, май, ақуыз) және әртүрлі фармакологиялық заттар (пилокарпин, гистамин) көмегіменстимуляцияланылады. Негізгі стимулятор ретінде тұз қышқылы саналады.

 

 

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!