Өңештің анатомиясы және физиологиясы

Өңеш – жұтқыншақ пен асқазанды қосатын ұзындығы 25 см-ге жуық бұлшықетті түтік. Мойын бөлігі – 5 см,кеуде бөлімі – 15 см, кардиалды бөлімі – 3–4 см.

Бөлімдері:

  1. Мойын бөлімі. Ересектерде сақина тәрізді шеміршектен(С6)төстің мойындырық ойығына дейін(Th2)созылады.Оның ұзындығы шамамен 5–8 см.
  2. Кеуде бөлімі – төстің мойындырық ойығынан көкеттің өңештік тесігіне дейін созылады (Th10). Оның ұзындығы 15–18 см.Тәжірибелік тұрғыдан өңештің кеуде бөліміне төмендегідей топографияны қолданған жөн:
  • Жоғарғы бөлік – қолқа доғасына дейін;.
  • Ортаңғы бөлік –қолқа доғасына және кеңірдек бифуркациясына сәйкес келеді;
  • Төменгі бөлік – кеңірдек бифуркациясынан көкеттің өңештіктесігіне дейін жетеді.
  1. Іш бөлімі.Оның ұзындығы 2,5–3 см,өңештің асқазанға өтетін жері,негізінен Th11- ге сәйкес келеді.

Өңештің анатомиясы және физиологиясы

Өңеш кеңірдектің артында,омыртқаның алдында орналасып,борпылдақ дәнекер тінімен қоршалған,онда лимфалық тамырлар және қан тамырлары, кезбе нерв және симпатикалық бағана орналасқан. Байламдар арқылы өңеш қоршаған тіндерге бекітілген. Сол жақ өңеш-бронхиалды байлам өңештің сол жақ алдыңғы қабырғасын сол жақ бронхтың негізімен,ал өңеш-қолқалық байлам өңештің сол жақ артқы қабырғасын қолқа доғасыныңойыс бетімен байланыстырады. Морозов–Савин байламы өңештің төменгі бөлімін көкетпен қолқаға бекітеді. Өңеште үш физиологиялық тарылулар бар:жоғарғы тарылу өңешке кіреберісте,ортаңғы тарылу – қолқа доғасы және сол жақ негізгі бронх деңгейінде және төменгі тарылу – көкет арқылы өңештің өтетін жерінде орналасқан.Ересектерде өңештің тарылған бөліктерінің ені 1,5-2,0 см болса,басқа бөліктерінде 2,5–3 см.

Өңештің өн бойында сірліқабаты жоқ,соның нәтижесінде обыр тез көкірекаралыққа таралады; анастомоздаркөп жағдайда берік болмайды.

Өңештің бұлшықет қабаты сыртқы бойлық және ішкі циркулярлы қабаттан тұрады. Шырышты қабаты негізіненкөп қабатты жалпақ эпителиймен қапталған,тек кардия маңында цилиндрлі эпителий бар.Шырышасты негізі борпылдақ дәнекер тіннен және эластикалық талшықтардан,шырышты бездерден құралған.

Өңештің анатомиясы және физиологиясы

    Қанмен қамтамасыз етілуі. Жоғарғы бөлімі – төменгі қалқанша артериясынан,ортаңғы бөлімі – қолқадан,бронхиалды және қабырғааралық артериялардан,төменгі бөлімі – сол жақ асқазан және төменгі көкеталды артериялармен қанданады.

Веналық қан өңештің жоғарғы бөлімдеріндегі шырышасты және интрамуралды өрімдерден бастау алып,төменгі қалқанша,сыңар және жартылай сыңар веналар арқылы жоғарғы қуысты венаға құяды. Өңештің төменгі бөліміндегі веналық қан алдымен көкбауыр венасына, кейін қақпа венасына құяды. Осылайша,өңеш аймағында v.portae және жоғарғы қуыс вена арасындағы веналық анастомоздар орналасқан. Сол себепті порталды гипертензия кезінде өңештің шырышасты интрамуралды веналарының варикозды кеңеюі және олардан қан кету байқалады.

Лимфаайналымы. Өңештің жоғарғы бөлігінен лимфа мойынның терең лимфатикалық түйіндеріне, ортаңғы бөлігінен перибронхиалды және медиастиналды лимфа түйіндеріне,ал төменгі бөлігінен ретроперитонеалды және параэзофагалды лимфалық түйіндеріне жиналады.

Өңештің анатомиясы және физиологиясы

Өңештің нервтенуі, негізінен өңештің нервтенуін оның алдыңғы және артқы өрімдерін түзетін кезбе нерв қамтамасыз етеді.Олардан өңештің қабырғасына қарай интрамуралды өрімдер түзетін талшықтар тарайды. Бұл өрімдер – бұлшықетаралық(Ауэрбах) және шырышасты (Мейсснер) өрімдері. Өңештің симпатикалық нервтенуі қолқалық және шекаралық өрімдер, сонымен қатар, құрсақ нервтері арқылы жүзеге асырылады; мойын бөлімінің нервтенуіне қайтпалы нерв, кеуде бөлімінің нервтенуіне кезбе нерв тармақтары және симпатикалық нерв талшықтары, ал төменгі бөлімінде құрсақ нерв тармақтары қатысады.

 

Өңештің төменгі бөлігінде және кардия аймағында физиологиялық функционалды) сфинктерлер бар.Кардия қалыпты жағдайда жұтыну актісі болмағанда нерв-бұлшықеттік жүйе арқасында жабық болады,осылай асқазан қуысындағы зат өңешке түспейді. Жұтыну кезінде өңештің төменгі бөлімінде кардиалды жолының рефлекторлы босаңсуы және тағамның асқазанға қарай өтуі болады.

Судың бір жұтымы 2-3 секунд ішінде өңеш перистальтикасынан бұрын асқазанға сырғып барады. Өңештен тағам өткенде негізгі рөлді өңештің перистальтикасы атқарады,тағам өтуі 8-ден 12 секундқа дейін созылады.  Тыныштық жағдайда өңештегі қысым 8 ммс. б.б.тең.Жоғарғы сфинктер аймағындағы қысым 80–120 мм с.б.б.болса,төменгі сфинктер аймағында 15 мм с.б.б.

Қалыпты жағдайда өңештің төменгі сфинктерінің босаңсуы жұтқыншақтан тағам өңешке өткеннен кейін 1 секунд ішінде,жиі жағдайда бірінші перистальтикалық толқыннан 3–5 секунд бұрын басталып, 7сек.-тан 12 секундқа дейін созылады.Төменгі өңеш сфинктерінің ұзындығы орта есеппен 3–4 см-ді құрайды.

Парасимпатикалық жиырылулардың реттелу механизмі әлі толық зерттелмеген. Перистальтиканың реттелуінде вегетативті нерв жүйесінің интрамуралды бөлімі маңыздырөль атқарады.Кезбе нервтің ынталандырылуы өңеш сфинктерлерінің тонусының төмендеуіне әсер етеді.

Өңештің анатомиясы және физиологиясы

Өңешті зерттеу әдістері. Өңештің ауруларын және жарақаттарын диагностикалауда дұрыс жиналған анамнез бен аспаптық зерттеудің маңызы зор. Диагноз рентгенологиялық және эзофагоскопиялық зерттеу нәтижелері арқылы расталады.   Өңештің рентгенологиялық зерттеуі оның анатомиялық өзгерістері және қызметі жөнінде толық мәлімет береді. Майлы (йодолипол) және суда еритін контрасты ерітінділерді,сондай-ақ, барий сульфатының қоспасын қолдана отырып, жасалатын өңештің рентгенологиялық зерттеулері –зақымдалудың орналасуын және көлемін анықтауға мүмкіндік береді.

Ал бұл,өз кезегіндеем тактикасын таңдауда негізгі себеп болып табылады. Өңешті суда еритін контрасты зат арқылы зерттеу науқастыңшалқасынан,сол жақ қырына қарай немесе етпбетінен жатқызылған қалпында жүргізіледі. Контрасты заттың өңештен тыс ағуы оның қабырғасының бүтіндігінің бұзылғандығын дәлелдейді. Рентгенологиялық зерттеу жеткіліксіз болған жағдайда,эзофагоскопиямен толықтырылады.

 

Эзофагоскопия арқылы өңештің шырышты қабатын көруге,қажетболғанда, арнайы қысқыш арқылы биопсия үшін ісіктің бөлшегін алуға және өңешке енген бөгде затты алып тастауға болады.Компьютерлік томография ісікті анықтауға,оның қабырғаларының қалыңдығын,ісіктің қоршаған тіндерге өтуін,лимфа түйіндеріне метастаздарды анықтауға мүмкіндік береді.Эндоскопиялық ультрадыбысты зерттеу өңеш қабырғасының зақымдалу тереңдігін және медиастиналдылимфа түйіндерін анықтауда маңызды.

Рh метрия –кардияданжоғары орналастырылатын арнайы зонд арқылы асқазан-өңештік рефлюксті анықтауға мүмкіндік береді.Асқазан-өңештік рефлюксте өңештегірН-тың айқын төмендеуі және ауру сезімінің күшеюі байқалады.

Қажетті материалды таппадың ба? Онда KazMedic авторларына тапсырыс бер

Автор публикации

не в сети 12 часов

Жасұлан

113
Комментарии: 0Публикации: 149Регистрация: 11-10-2014