Жедел аппендицитте дамитын өзгерістер тек қана құрт тәрізді өсіндіге тән емес, сонымен қатар катаральды аппендицитте құрт тәрізді өсіндінің серозды қабығының гиперемиясы, жайылмалы перитонит пен пилефлебитте іш қуысының барлық мүшелерінің іріңді қабынуы болады.
Қарапайым аппендицитте париетальды ішастардың табиғи түсі өзгермеген,іш қуысында сұйық жоқ немесе өте аз көлемде,түссіз,иіссіз.Құрт тәрізді өсінді гиперемияланған,қатты, аздап ісінген. Микроскопиялық зерттеу нәтижелері өсіндінің зақымдалған бөлігінде лейкоцитарлық инфильтрация,фибринді жабынды мен жасушалық элементтерді анықтайды. Көп жағдайда іш пердесі өзгермеген немесе қабыну белгілері байқалады.
Флегмонозды аппендецитте париетальды ішастар қалыңдаған,гиперемияланған,көмескі түсте. Паритальды ішперде қалыңдаған ,гиперемияланған ,көмескі түсті.Іш қуысында (серозды, серозды-іріңді, іріңді,геморрагиялық )сұйық бар;сұйық көлемі мен сипаты инфекцияның вируленттілігіне, аурудың ауырлығына , организмнің реактивтілігіне байланысты. Құрт тәрізді өсінді ісінген ,керілген.Серозды қабығы қызарған,кейде ірің әсерінен сары түсті.Өсінді тотальды зақымданса эмпиема пайда болуы мүмкін.Іріңді процеске қатысқан тіндердің қабаттарын ажырату мүмкін емес.Микроскоскопиялық зерттеуде тіндердің іріңді еруін және жасушалардың күшті реакциясын анықтауға болады.
Гангренозды аппендицитқантамырлар тромбпен бітеліп ,өсіндінің қоректенуі бұзылған кезде болады. Өсінді қара түске боялады,қабырғасы жұқарған,тез жыртылады;қуысынан сасық иісті қоңыр ірің ағады. Толқын тәрізді дамитын өсіндінің гангренасы іш пердесі мен мүшелердің қабынуын туғызып үлгермейді,сондықтан сұйықтық түзілмейді.Егер өсінді гангренасы флегманозды қабыну әсерінен болса, тіндердің керілуі сақталуы мүмкін.Бұл жағдайда некроз шектеулі болады.Некроз жайылмалылығы құрт тәрізді өсіндінің қанайналым ерекшелігіне және процеске қатысқан қантамырларға байланысты.Аппендикулярлы артерияның тромбозы тотальды некроз туғызады. Микроскопиялық зерттеуде некроз белгілері ,ал құрылымын сақтаған тіндерде іріңді қабыну анықталады.
Перфоративті аппендицит флегманозды және гангренозды аппендициттің соңғы сатысы болып табылады. Жарылған ойық мөлшері әртүрлі көлемде және өсіндінің кез-келген жерінде орналасуы мүмкін.Өсіндінің жарылуына шектеулі некроз немесе қабырғасының іріңді еруі алып келеді. Перфоративті аппендицитте өсінді жыртылып ірің іш қуысына ағады.
Париетальды қабық пен жақын жатқан мүшелер қызарған , ісіңкі.
Ішперденің жайылмалы қабынуы инфекцияның вируленттілігінің жоғары болуында және процесс ұзаққа созылғанда болады. Бұл жағдайда ағзаның қорғаныс қабілеті төмендейді және жергілікті қабыну белгілері кең тарайды.Барлық ағза зақымдалып жалпы интоксикация дамиды,сусызданып барлық алмасу процестері бұзылады. Егер ағзаның қорғаныс қабілеті төмендеп,вирулентті инфекция кездессе ,өз уақытында көмек көрсетілмесе сепсис немесе септикопиемияға ұласады.Егер қабыну ошағы шарбымен қоршалса инфильтративті түрі болады.Инфильтрат өзі сіңуі мүмкін немесе абцесске өтеді. Пилефлебит-өте сирек кездеседі.Бұл жоғарғы ішастар венасының ары қарай қақпа венасының жоғары өрлеген іріңді тромфлебиті.Ағымы өте ауыр,көбіне өліммен аяқталады. Қарапайым аппендициті бар науқаста шырышты немесе нәжісті тығын пайда болса өсіндіде флегмона немесе эмпиема дамуына жағдай туады.Ал флегманозды түрі вирулентті инфекция болса тіндердің еруіне және тромбозына одан ары перфоративті немесе гангренозды түріне өтуіне алып келеді.