Гипоспадия және Эписпадия

Сыртқы жыныс ағзаларының даму ақаулары.

Гипоспадия

Гипоспадия ауруында үрпінің төменгі бөлігінің астыңғы қабырғасы іштен туғаннан жоқ болуымен қатар, жыныс ағзасы да дұрыс дамымай қалады. Гипоспадияның ауыр түрінде, ішкі жыныс ағзаларының да ақаулы дамуы қатар ұшырасады, соның салдарынан әйелдік немесе еркектік жалған гермофродитизмнің белгілері пайда болады.

Гипоспадия ауруында баланың тасамайы, оның үрпісінің дамымай қалуына байланысты, ұмасына қарай иіліп тұрады. Үрпінің сыртқы тесігі тасамайдың төменгі жақ бетінін бір жерінен немесе ұмасынан, не шат аралығынан ашылады. Терісі жөнді дамымағаңдықтан, тасамайдың басы жалаңаштанып ашық тұрады, терісі шалғыш тәрізденіп оның үстінде бос жатады.

Этиологиясы жөнді зерттелмеген. Көпшілік балалардың хромосома жиынтықтары дені сау еркектердікі тәрізді (15). Бұл кемістіктің пайда болуына жүктіліктің 7-14 аптасындағы эмбриогенездің бұзылуы себепші болады. Дәл осы кезеңде тұқым эпителийі жіктеліп бітіп, үрпі пердесінің жабылуы аяқталады.

Жаңа туған нәрестелер арасында, үрпінің іштен ауытқып және кемістікпен туғандары ішінде гипоспадия бірінші орында, яғни 1:500-1:400 жиілікте кездеседі. Бұл кемістік көбінесе ер балаларда ғана кездеседі де, қыздарда өте сирек үшырасады.

Гипоспадия тұқым қуалайтын дерттердің қатарына жатады. Біздің бақылауымызда дәл осылай үш отбасы болды. Ең әуелі бір үйден ағайынды екі балаға гипоспадиясы бойынша операция жасалған болатын, кейін соның біреуінен туған екі ұл баланың екіншісінде гипоспадия ауруы бары анықталды.

Гипоспадия ауруының жіктелуі (Н.Е.Савченко, 1974):

І.Тасамайдың гипоспадиясы

1) Тасамайдың мойнындағы сайдың гипоспадиясы

  • тасамайдың басы қисайған түрі
  • тасамайдың басы қисаймаған түрі
  • үрпінің сыртқы тесігінің тарылған түрі
  • үрпінің сыртқы тесігінің тарылмаған түрі

2) Тасамайдың басы мен мойнындағы сайға жақын жердің гипоспадиясы

З) Тасамайдың ортаңғы бөлігінің гипоспадиясы

4) Тасамайдың жоғарғы бөлігінің гипоспадиясы

5)Тасамай-ұма гипоспадиясы

  • тасамай діңінің құрсақ жағынан жақсы дамыған түрі /тасамайдың құрсақ жағына қарай қисаюы мен терінің жетіспеушілігі аз ғана білінеді/
  • тасамайдың діні өте аз немесе дамымай қалған түрі /тасамайдың құрсақ жағына қарай қисаюы терісінің жетіспеушілігі қатты білінеді/

П. Ұма гипоспадиясы

  1. Ұманың төменгі бөлігінің гипоспадиясы
  2. Ұманың ортаңғы бөлігінің гипоспадиясы

Ш. Ұма-шатаралық гипоспадия

  1. Шатаралық гипоспадия
  2. «Гипоспадиясыз гипоспадия»

Клиникалық сипаты. Бұл дерттің клиникалық көріністері гипоспадия ауруымен туған балалардың тасамайының қисайып кетуіне, үрпінің тарылып қалуына және оның тесігінің өз орнынан ашылмауына байланысты. Диагнозды, нәресте жаңа туған кезде қателеспей қоюға болады.

Үрпінің дамымай қалу сатысына байланысты гипоспадияның төмендегідей түрлері кездеседі. Үрпінің сыртқы тесігінің тасамайдың басына, діңіне, ұмасына, бұт аралығына ашылатын түрлері және “гипоспадиясыз гипоспадия” немесе хорда тәрізді гипоспадия болады.

Тасамайдың басына ашылатын гипоспадия. Аурудың бұл түрінде үрпінің сыртқы тесігі жыныс ағзасының ауыздығының орнынан барып ашылады, өте жиі кездесетін, кемістіктің ең жеңіл түрі. Тасамайдың басындағы шеткі терісі оның астыңғы, яғни қарындық /вентральдық/ жағында мүлдем болмайды, ал үстіңгі яғни арқалық (дорсальдық) жағында шалғыш сияқты салбырап, мүшенің басын жауып тұрады. Тасамайдың діңі әдетте түзу болады, кейде ғана тек басы төмен карай иіліп тұрады. Гипоспадияның бұл түрінде үрпі тесігінің тарылып калатын немесе жұқа қабыршықпен жабылып қалатын сәттері жиі ұшырасады. Бұның өзі дұрыс несеп шығаруды қиындатады, зәр іркіле келе, зәр шығаратын жолдар қуысын кеңітіп атонияға әкеліп соғады, соның салдарынан ең әуелі қуығы, содан кейін бүйрегі қабынып кетуі ықтимал.

Гипоспадия қазақша

Тасамайдың діңіне ашылатын гипоспадия. Аурудың бұл түрінде үрпінің сыртқы- тесігі, тасамайдың діңінің астыңғы, яғни «қарын» жақ бетінің бір жерінен ашылады. Тасамайдың басынан басталып, үрпінің сыртқы тесігіне дейін барып бітетін білте тәрізденген сіңірлі тіндер, оның басын имек иген сияқты, ішіне қарай тұкырта тартып, қисайып тұрады. Бұл белгі тасамайдың эрекциясы кезінде анық білінеді. Бұл балалар түрегеп тұрып несеп шығарған кезде тасамайын, терісінін үстіңгі шетінен қарнына қарай тартып тұрып несеп шығарады. Осы кемістіктің салдарынан тасамайдың кеуекті денесі оңайлыкпен өспейді, жасы ұлғайған сайын оның деформациясы ұлғая түседі, эрекцияда ауыратын болады. Гипоспадияның тасамайдың діңіне ашылатын түрінде жыныс қатынасын жасауға болады, бірак үрпінің тесігі тасамайдың түбінде орналасса, ұрық қынапқа құйылмай қалады.

Ұмаға ашылатын гипоспадия.Аурудың бұл түрінде тасамайдың өте қатты дамымай қалғаны және тым қисайып кеткені байқалады. Үрпінің сырткы тесігі, әйелдердің үлкен жыныс ернеулеріне ұқсап, екі жаққа бөлініп кеткен ұманың орта тұсынан барып ашылады. Бала кіші дәретке отырғанда әйелдер сияқты отырып барып несеп шығарады. Тасамайдың өте қисайып кеткендігінен, жыныс қатынасын жасау әдетте мүмкін болмайды.

Бұт аралығына ашылатын гипоспадия. Аурудың бұл түріңде сыртқы жыныс мүшесінің өте қатты өзгеріп кеткендігі соншалықты, оған қарап аурудың жынысын ажырату қиындыққа түседі. Тасамайы өзінін түрі мен көлемі жағынан үлкейіп кеткен шүртекейге ұқсаса, екі жақка бөлініп жатқан ұмасы әйелдердің үлкен жыныс ернеулеріне ұқсайды. Үрпінің сыртқы тесігі ұма мен анустың аралығына ашылады, кейде қынаптың жұрнағы сақталады. Мұны синус урогениталис дейді. Гипоспадияның осы түрінде, жұмыртқаның бір жақтылы немесе екі жағынан да да қүрсақ ішінде немесе шап арасында қалып қоюы басқа түрлеріне қарағанда жиі кездеседі.

Гипоспадиясыз гипоспадия. Аурудың бұл түрінде үрпінін сыртқы тесігі тасамайдың басына барып өз орнынан ашылады. Бірақ тасамайдың кеуекті денесінің ішіне қарай қатты кисайғаны байқалады. Бұл аурудың “іштен туған қысқа үрпі”, “хорда тектес гипоспадия” деген балама аттары да бар. Гипоспадиясыз гипоспадияда үрпі тасамайдың кеуекті денесінен бір жарым есе қысқа болады.

Гипоспадияның ауыр түрлерінде, жыныс белгілерінің айқын білінбеуіне байланысты жаңа туған нәрестенің кай жынысқа жатындығын айыру бірталай қиындықтар туғызады. Егер баланың дамымай қалған тасамайы сыртынан үлкейіп кеткен шүртекейге, ал ортасынан екі жаққа қақ айрылып жатқан ұмасы әйелдердің үлкен жыныс ернеулеріне ұқсап түрса, сонымен қатар ұмаға жұмыртқалары түспей қалса және де үрпісінің айналасынан қынапқа кіре беріс жерін еске түсіретін қалдық белгі болса /байқалса/, оңда мүндай ауруды жалған әйел гермофродитизмімен шатастырып алуға болады. Сөйтіп нәрестенің қай жынысқа жататынын дәл таба алмай қалуы ықтимал. Жалған әйел гермофродитизмінде үлкейіп кеткен шүртекейдің анатомиялық қүрылысы бөлек болады: шеткі терісі шүртекейдің ту сыртынан қарын жақ бетіне айналып өтіп кіші жыныс ернеулерімен жалғасады. Қынапқа кіре берісі құрылымында да өзіне тән ерекшеліктер болады. Гипоспадиямен туған нәрестенің кіші жыныс ернеулері айтарлықтай болып дамымайды және қынаптың қалдығына кіретін тесігі болмайды, сонымен бірге үрпінің сыртқа тесігінің айналасы шырышты кілегей қабатымен көмкеріліп жатады. Ал жалған әйел гермофродитизмінде қыздардың қынабына кіре берісі өзгермеген күйінше қалады, сонымен бірге қынапқа кіре беріс жерін құрайтын кіші жыныс ернеулері қатар кездеседі. Егер нәрестенің сыртқы жыныс мүшелеріне қарап қай жынысқа жататынын айту қиын болса, онда оның тектік жынысын анықтау қажет. Гипоспадия болса – тектік жынысы еркек болады да, жалған әйел гермофродитизмінде тектік жынысы әйел болады.

Сәбидің тектік жынысын білу үшін оның терісі мен аузының шырышты қабығындағы эпителиін зерттеп, ондағы жыныстық хроматиңдерді анықтайды. Еркектердің жыныс хромантиндері ұсақ-ұсақ түйіршік дән тәрізді жасуша ядросында шашырап орналасады. Ал әйеддердің 85-90 жасушасынан шашырап орналасқан жыныс хроматинінен басқа, ядролардың қабығынын астына ғана орналасқан жасамық дәңдері тәрізденген жыныстық хроматиңдері бар кішкентай ядроларды тапқан. Бұларды шеткері жатқан хроматин немесе ядронын косалқысы деп атайды.

Тасамайдың басына ашылатын гипоспадия әдетте операцияны қажет етпейді. Бірақ үрпінің сыртқы тесігі тарылып немесе жұқа кабыршықпен жабылып калған жағдайда, тарылған тесікті кесіп кеңітеді де, қабыршақты кесіп алып тастайды.

Гипоспадияның басқа түрлерінде, дәрігердің негізгі мақсаты – тасамайдың қисайып кеткен кеуекті денесін түзету, үрпінің жетпейтін жерін жалғастырып жасау. Егер гипоспадияның өте ауыр түрлері болса, онда аурудың жынысын анықтап, оны түзету керек.

Емдеу жолдары. Хирургиялық емдеуді бала 1,5-2 жасқа келгенде тасамайын түзетуден бастайды (бірінші кезең).

Тасамайды түзету операциясы 3 сатыдан тұрады. Гипоспадия тасамайдың басына таман жерге, діңіне, ұмасына жақын орналасқан кезде операция жасалады. Бірінші кезеңде ең әуелі үрпінің сырткы айналасындағы терісінен 0,5-1 см-дей жер қалдырып, дөңгелентіп тіліп, үрпісін ұзын бойына 1,5-2 см-дей етіп бөліп алады. Тасамайдың діңін түзету үшін оның терісін ауыздығынан бастап әуелі үрпінің сыртқы тесігіне дейін, содан соң ұмасына дейін түсетін тік тілікпен тіледі. Тасамайдың төменгі жақ бетінде терісінің астында, оның басын ішіне қарай тұқырта тартып жатқан, жалпақтау келген сіңірлі тіндерді қандауырдың бойымен сыла отырып, кесіп алып тастайды. Сөйтіп тасамайдың діңін түзетеді. Тасамайды түзету барысында өзі де қысқа үрпі одан әрі қысқара түседі. Соның нәтижесінде үрпінің сыртқы тесігі бұрынғы орнынан 1,5-2 см-ге дейін жоғарырақ, яғни қуыкқа жакынырақ жерге жылжып орналасады. Операцияның екінші сатысында жоғарырақ жылжып орналасқан үрпінің тесігін ұма мен тасамайдың шекарасына таман апарып орналастырып, айналдыра кетгут жіптерімен тігеді. Зәрдің қуықтан бірден сыртқа шығу үшін және жаңадан жасаған үрпінің сыртқы тесігі тарылып калмас үшін үрпіге полиэтиленнен жасаған 8-10 түтік қалдырылады. Операцияның үшінші сатысында, тасамайдың астыңғы жағында түзетуден кейін пайда болатын жарақаттың бетін жабуға осы араның терісі жетпейді. Сондықтан да тасамайдың ту сырты мен екі жагындағы терісін, Лимбергтің тәсілімен, бір-біріне қарама-қарсы орналасқан үшбұрыш тәрізді тіліп алып, оның бұрыштарын қарама-қарсы жақтағы терінің бұрыштарына қарай тартып апарып бір-бірімен тігеді. Сөйтіп, келесі де үрпі жасауға қажетті терінің қорын бірден жасап кетеді. Операциядан кейін тасамайдың діңін түзу ұстап тұру үшін, тасамайдың сіңірлі тіндері мен жабысқақтарын сылып алу барысында, зақымдалған ұсақ қан тамырларынан шүпілдеп аққан қанды тоқтату және бір-біріне қиылыстырып тігілген тері қиыңдылары ығысып кетпеуін ұстап қалу үшін, оның бойына залалсыздаңдырылған вазелин майы сіңіріліп, бетіне ксероформ ұнтағы себілген жіңішке дәке білтесімен айналдыра таңып қояды. Бірінші таңуды 2-3 тәуліктен кейін жасаған дүрыс. Себебі тануды одан ерте жасаса, жарақаттан кайта қан ағуы, үлбіреп әрең түрған тері қиындылары ығысып кетуі ықтимал.

Гипоспадияның ұма немесе шатаралык түрі болса, онда тасамайдың астыңғы бос жатқан діңі болмайды. Сондықтан да аурудың бұл түрінде жоғарыда айтылғандай операцияның бірінші сатысын тасамайдың басынан ұмаға дейін тік түсетін тілікпен босатуға болмайды. Ұмалық түрінде Л әрпі тәріздес етіп үрпінің сыртқы тесігі орналасқан жердің дәл үстінен бастап, екі жағына төмен қарай қиғаштана түсіреді. Ал аралық түрінде тілікті И әрпі тәрізді етіп үрпінің сыртқы тесігі орналасқан жердің дәл үстінен бастап екі жағына қиғаштап жоғары түсіреді. Екі жағына қарай кеткен тіліктер ұманың үстінен өтетіндіктен терінің кең мол пішілуіне мүмкіндік береді, соның нәтижесінде кейін тасамайдың діңіне қарай ығысады. Операцияның екінші және үшінші сатылары жоғарыда жазылған тәсілдермен жасалады.

Гипоспадияны хирургиялық әдіспен емдеудің екінші кезеңін бала 4 жасқа келгенде үрпі жасаудан бастайды. Бүгінгі таңда үрпі жасаудың жүзден аса тәсілі бар. Солардың ішінде ең көп тараған және өте тиімді тәсілдердің бірі Дюплейдің, Русаковтың, Ландерердің әдістері.

Эписпадия

Эписпадия – туғаннан үрпінің үстіңгі қабырғасынының тасамайдың басына жақын, яғни төменгі бөлігінің немесе ұзына бойы түгел жоқ болып, екі жақка қақ айрылып жырық болып тууы. Бұл ауытқу жаңа туған 50000 нәрестелердің ішінен біреуінде және қыздарға қарағанда ұлдарда 5 есе жиі кездеседі.

Тасамайдың басына орналасқан эписпадия. Тасамайдың басы жалпақтанып кетеді, шеткі терісі үстіңгі жағынан жырық болады, үрпінің сыртқы тесігі тасамайдың мойын сызығының тұсынан ашылады. Несепті дұрыс шығарады.

Тасамайдың діңіне орналасқан эписпадия. Тасамай жоғары қарай қисайып тұрады. Оның басы ортасынан ұзыа бойына қақ жарылады да, сол жырыктың іші, тасамайдың басынан, үрпінің ауытқып орналасқан, үңірейген сыртқы тесігіне дейін шырышты қабықпен көмкерілген. Қуықтың мойынындағы қақпағының, яғни сфинктерінің әлсіздігіне немесе оның жартылай жарылып кетуіне байланысты, көптеген аурулар жөтелген, күлген, ауыр жұмыс істегенде, зәрін ұстай алмай қалады. Несеп шығарған кезде зәр жан-жағына шашырап кететіндіктен, науқастар тасамайдың шеткі терісінен төмен тартып тұрып, әйелдер сияқтыотырып несеп шығарады. Эписпадияның бұл түрінде кейде қасаға сүйектерінің бір-бірімен бірігіспей қалғанын, тік түсетін құрсақ еттерінің дәл ортасыңдағы ара жігінің ажырасып кеткенін байқауға болады. Тасамайдың бірікпей қалған қасаға сүйектерге барып бекуінің салдарынан, тасамай қысқарып, оның басы қарнына қарай жабысып жатады. Мұның өзі үлкен адамдардың дұрыс жыныс катынасына түсуіне кедергі жасайды.

Эписпадиянын тотальдық (жаппай) түрі. Бұл түрінде тасамай дамымай қалады, басы мен денесі түріліп, жоғары қарай тартылып қарнына жабысып жатады. Тасамайдың кеуекті денесі екі жаққа қарай қақ жарылып, куыққа кірер жері апан тәрізді үңірейіп түрады. Куық мойнының қысып тұратын қақпақ тәрізді тетігінің /сфинктерінің/ түгел жырылып тұруына байланысты, мұндай науқас зәрін мүлдем ұстамайды. Қасаға сүйектерінің арасы тым алшақ тұрғандықтан, жүрген кезде “үйрек” сияқты екі жаққа теңселіп жүреді. Мұндай аурудың үштен бірінде бүйрек пен зәр жүретін жолдардың ақаулары, жұмыртқаның ұмаға түспей қалуы және дамымай қалуы, куық асты жыныс бездің дамымай қалғаны тәрізді іштен туған кемістіктер қатар кездесіп отырады.

Қыздардың эписпадиясы. Ақаудың мұндай түрінде анатомиялық өзгерістері болымсыз ғана болатындықтан, ерте диагноз қойып анық-та-дың өзі қиындыққа түседі. Шүртекейлі түрінде – шүртекейі ортасы-нан екі жаққа карай қақ жарылып кетеді де, үрпінің сыртқы тесігі алдыға қарай, өрге жылып орналасады. Несеп шығаруы бұзылмайды. Негізінен кемістіктің бұл түрі аса көңіл аударуды қажет етпейді.

Эписпадияның қасаға сүйектерінің астына барып ашылатын түрінде шүртекейі ортасынан екі жаққа қарай қақ жарылып жатады, үрпінің сыртқы тесігі апан тәрізденіп шүртекейдің жанынан ашылады, зәрін түгел немесе аздап ұстамайды.

Эписпадияның тотальдық түрінде үрпінің үстіңгі қабырғасы ұзын бойында мүлдем болмайды, үрпі сай тәрізденіп екі жаққа қақ айрылып жатады. Куықтың мойны мен касаға сүйектерінің біріккен шоты екі жаққа жарылып жатады. Зәрі үнемі сыртқа жүреді де, шабының, шатының үлкен және кіші ернеулерінің терісін тітіркендіріп, күйдіріп баздандырып жібереді.

Емдеу жолдары. Емдеу мақсаты зәрдің ағып тұруын тоқтату мен үрпінің жетпейтін жерін қолдан жасап жалғастыру.

Егер эписпадия тасамайдың діңіне орналасып, зәрі үнемі тамшылап ақпайтын болса, онда өте кең таралған Контвелл мен Тирштін ұсынған тәсілдерін пайдаланып жергілікті терілерінен үрпісін жасайды.

Егер зәрін ұстамайтын болса, онда қуықтың мойнын тарылтып, зәрін ұстайтындай ету үшін, кеңінен пайдаланылып жүрген В.М. Державиннің ұсынған тәсілін колданады. Операцияны қуыктың ішін ашпастан-ақ қуықтың мойнына таман жерін төменнен жоғары карай, әр жерден көктей отырып, қатпарлап алып /гофрирлеп/, екі қатар етіп тігеді. Мұндай операциядан кейін, жиырылған қуықтан қабырғаларымен бірге зәрағардың сағалары екі жаққа қарай алшақтай түсіп, куықтың алдыңғы бетіне таман жылжып орналасады. Сонымен бірге Льето үшбұрышының етті қабаты да екі жакқа қарай созылып, қуықтың мойнын түгелге жуық орап жататын болады да, сфинктердің ролін аткарады.

Операция жасаудың ең ыңғайлы кезеңі 4-6 жас аралығында болады.

Эписпадия ауруын рентгенологиялық тексерулерден өткізген жөн. Егерде бүйрек пен зәр шығару жолдарының кемістік аурулары қатар кездесетін болса, ең әуелі операцияны бүйрек пен зәр шығару жолдарына жасап, соларды емдеп алған соң барып, эписпадияны емдеуге кірісу керек.

Бүрік фимоз деп тасамайдың басындағы терінің бүріліп қалуын айтады, осының салдарынан тасамайдың басы толық жалаңаштанып ашылмайды. Ұлдардың 2-3 жасқа дейін тасамайдың басындағы терісі артықтау болып тұрғандықтан, басын түгелдей жауып, тұмсық сияқтанып бүріліп, төмен қарай салбырап тұрады. Шеткі терінің ішкі қабаты тасамайдың жалаңаш басымен өте нәзік эмбриональдық жабысқақтармен жабысып тұрады. Жыныс мүшесі өсе келе, оның басын жауып тұрған терінің жабысқақтары біртіндеп ажырап, тасамайдың басы тері астынан емін-еркін шығып, қайта кіретіндей күйге келеді. Сондықтан да кішкентай балаларда кездесетін бүрікті физиологиялық бүрік деп түсіну керек.

Синехиялардың болуы терінің астына смегма деп аталатын ақшыл қоймалжың заттардың жиналуына әсер етеді, ал ол микробтардың өсіп-өнуіне өте қолайлы орта болып саналады. Осының салдарынан жас балаларда, әсіресе жыныс мүшелерін уақытында жуып тазалап тұрмаған жағдайда, терінің асты жиі қабынып, іріңдеп, ақыры терінің астында қосымша жабысқақтар пайда болып, тері шеті тыртықтанып, одан әрі бүріліп қалады. Тасамай басының, шеткі терінің астыңдағы қабығының іріңдеуін медицинада баланопостит, баланит дейді де, шеткі терінің тыртықтанып одан әрі бүріліп, қуысының тарылуын тыртықтанған бүрік дейді. Мұндай жағдайда тасамай басын ашу мүмкін болмай қалады. Бала жөнді несеп шығара алмайды, кейде мүлдем шығара алмай қалатын кездері болады. Дәретке отыру кезінде зәр тасамайдың басындағы бүріліп қалған дорба тәрізді шеткі терінің астына жинала келе, оны үрлеген қарындай етіп үлкейтіп керіп жібереді. Шеткі терінің тыртықтанып бүріліп кетуі салдарынан, зәрдің шығар тесігі иненің жасуындай ғана болып тарылып қалады. Зәр сондықтан жөнді ақпайды, ақса да тамшылап қана шығатын болады. Шеткі терінің артық жаратылуынан болған гипертрофияланған бүрік, шеткі терінің семуіне байланысты пайда болған атрофиялық бүрік болып екіге бөлінеді. Біріншісін гипертрофияға ұшыраған бүрік десе, екіншісін атрофияға ұшыраған бүрік дейді, мүлде семіп қалған шеткі тері тасамайының басына жабысып жатады.

Тыртықты бүрік кезінде зәрдің жөнді ақпай, микробтардың төменнен жоғары қарай тарауына байланысты қуыктың қабынуы /цистит/, бүйректің қабынуы /пиелонифрит/ дамуы мүмкін, сондықтан да бұл ауруды асқынбай тұрғанда дереу емдеген жақсы.

Емдеу жолдары. Тыртықты бүрікте терінің шетін сүндетке отырғызған секілді, айналдырып кесіп тастау керек. Бүріктің физиологиялық түрі арнайы емдеуді қажет етпейді, тек гигиеналық тазалықты, күтімді сақтаса болғаны. Терінің астына ақ смегмалар жиналып қалса, онда ұшы тұқыл сүңгінің көмегімен жабысқақтарды ажыратып, терісін артқа қарай айналдырып, тасамайдың басын күшпен жалаңаштап, астындағы іртік-іртік болып жиналып қалған ақ қоймалжың заттарды тазалап, залалсызданған вазелин майымен майлап қою қажет.

Егер терінің асты қабынып, іріңдеп кететін болса, онда қысқыштың ұшымен шеткі терінің сыртқы тесігін екі жаққа кеңітіп ашып, іріңін шығарып, содан соң антисептикалық ерітінділермен немесе антибиотиктермен шприц арқылы тазалап жуады, күніне 3-4 реттен 4-5 күнге дейін марганцовканың әлсіз ерітіндісімен булап жуып тұрады, қабыну үрдісі басылған соң тасамайдың басы мен терінің арасындағы жабысқақтарды ажыратады. Дәрі-дәрмектің көмегімен емдеуге қарамастан, тері асты кайта-қайта қабынып іріңдей беретін болса, оңда тасамай басын жалаңаштап, терісінің шетін айналдыра кесіп тастау керек (circumcisio). Бұл ретте сүңдетке отырғызудың тазалық үшін пайдасының зор екендігін айта кеткен жөн.

Ұқсас материалдарды қарай кетіңіз:

  1. Бүйректің даму ақаулары
  2. Несеп-жыныс жүйесінің даму ақаулары
  3. Жыныстық ажырату физиологиясы. Жасқа сай өзгерістері

 

Добавить комментарий

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!