Паратұмау. Парагрипп

Паратұмау (парагрипп) -жедел респираторлы вирусты инфекцияларға (ЖРВИ) жататын, негізінен ларингитпен көрінетін ауру.

Паратұмау этиологиясы

Паратұмау қоздырғышы парамиксовирустар тұқымдасына жатады. Бірқатарлы РНҚ дан тұрады, тұмау вирусы тәрізді гемагглютинит (Н) және нейтраминидаза (N) бар. Адамда 4 типті вирус ауру туғызады (1, 2, 3, 4). Қоршаған ортада вирус тұрақсыз. Бөлме темературасында 4 сағат ішінде өледі. Дезинфекциялаушы заттарға сезімтал.

Паратұмау эпидемиологиясы. Ауру көзі -науқас адамдар. Ауру тарату қабілеті 1 жұма бойы сақталады. Аурудың жұғуы ауа-тамшылы жолымен жүреді.

Паратұмау патогенезі.

Жұтылған ауа арқылы жоғары тыныс алу жолдарына кіре отырып, вирус цилиндрлі эпителийлерді зақымдап, олардың деструкциясын шақырады. Оның көрінісі шырышты қабаттың ісінуі, болбыр дәнекер тіндену және кеңірдек стенозы туындауы мүмкін. Вируссемия әлсіз байқалады, сондықтан интоксикация белгілері байқалмайды. Иммунитет тұрақсыз.

Паратұмаудың клиникалық көрінісі

Инкубациялық кезең 1 ден 7 тәулікке дейін. Ауру уақыт өте келе басталады. Алғашы кездерде ауруға тамақ ауруы, дауыс өзгеруі, ит үрген тәрізді жөтел (лающий кашель), мұрын бітелуі, кейінен ринорея тән. Ересектерде дене температурасы қалыпты немесе субфебрильді. Кейде температураның аз уақытқа жоғарылауы байқалады. Балаларда дене температурасы жоғары болады. Жалпы интоксикация әлсіз байқалады. Оның көрінісі әлсіздік, миалгия, бас ауруы болады. Қарау кездінде ауыз-жұтқыншақ (ротоглотка) шырышты қабатының әлсіз немесе шамалы гиперемиясын анықтауға болады. Ларингит дамуына байланысты аурудың уақыты созылып, көп жағдайда 2 апатға дейінгі уақытты құрайды.

Паратұмаудың асқынулары өте сирек кездеседі. Көп жағдайда асқынуға балалар ұшырайды. Ауру асқынуы пневмония, отит, кеңірдек стенозы түрінде анықталады.

Диагностикасы. Паратұмаудың клиникалық диагностикасы аурудың басқа ЖРВИ инфекцияларына ұқсас болғандықтан қиындық келтіреді. Науқастағы жағдайының жақсы бола тұра айқын ларингит дамуы паратұмау жайлы күдіктенуге себеп болады. Лабараторлы тесттер ішінен мұрын шырышты қабатынан алынған жағындыдан вирус ангигенін анықтау, иммунофлюорисценция әдісі жатады. Қазіргі уақытта вирусологиялық және серологиялық диагностика әдістері ойлап табылған. Бірақ практикада олар көп қолданылмайды. Себебі, ретроспектвиті нәтижеге ие.

 

Добавить комментарий

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!