Тимус (айырша без) анықтамасы, патологиялары
Тимустың негізгі қызметтері:
- Иммундық. Негізгі иммундық өнімдері: Т-лимфоцит; Т-эффектор,хел пер;супрессорлары арқылы тікелей иммундық процестерге қатысады.
- Секрециялық. Тимустың эпителиальды жасушаларының негізгі гормондары:тимозин, тимопоэтин, тимикалық сарысулық фактор т.б.
Жас өткен сайын тимус жастық инволюцияға ұшырап, оның тіні майлы жасушалармен алмаса бастайды. Бірақ қай жаста болмасын май тіндері арасында айырша бездің паренхимасы сақталады. Тимикалық гормондар секрециясы, Т-лимфациттерді өндіру қабілеті жартылай болса да қызмет атқарады.
Тимустың физиологиялық қызметі әлсіреуіне байланысты инфекциялық, аутоиммундық және онкологиялық аурулардың көбі жасы ұлғайған адамдарда көбірек кездеседі.
Тимус патологиялары:
- Туа пайда болған ақаулар
- Жасқа байланысты өзгерістер немесе әсер еткен қолайсыз факторлар
Салдарынан. Иммунодефицитті синдромдар, аутоиммунды ақаулар және бірқатар эндокринді бұзылыстар пайда болады.
Тимустың аплазиясы. Аплазия (агенезия) кезінде тимус мүлде жойылып кетеді.
Тимустың гиподисплазиясы. Тимус мөлшері кішірейеді, қыртысты және милы затқа бөлінуі бұзылады, сонымен қатар лимфоциттер саны лезде төмендейді.
Бұлар айырша бездің туа біткен аномалиясы негізінда пайда болады.Бұл жасушалық иммунитет звеносының жетіспеушілігі және комбинирленген иммунитет жетіспеушілігімен қатар жүреді. Тимикалық гормондар мүлдем өндірілмейді немесе өндірілуі минималды түрде болады.
Тимустың акцидентальды инволюциясы. Әртүрлі стресті жағдайларда глюкокортикостероидтардың бөлінуінен және Инфекциялық аурулар; интоксикация; жарақаттар әсерінен пайда болады.
Көріністері:
- Айырша бездің салмағы мен көлемі
- Тимикалық гормондардың өндірілуі
- Т-лимфоциттер эмиграциясы
Тимус атрофиясы. Лимфоциттер мөлшерінің төмендеуіне және эпителиальды жасушалар торының коллапсы нәтижесінде айырша бездің паренхимасының бөліктері көлемі жағынан кішірейеді.Тимикалық денешіктер әксізденіп, периваскулярлы аймақтарында дәнекер және май тіндері өсіп кетеді.Тимикалық гормондардың өндірілуі төмендейді.
Тимомегалия. Айырша бездің паренхимасының көлемі мен салмағы жастық нормалармен салыстырғанда аса жоғарғы мөлшерге артады, бірақ қалыпты құрылымы сақталады. Ол өз кезегінде туа пайда болған және жүре пайда болған болып бөлінеді.
Туа пайда болған тимомегалия. Балаларда жиі кездеседі. Жүйке және жүрек-қантамыр жүйелерінің ақаулары, эндокринді жүйенің туа біткен дисфункциясымен қатарласа дамиды. Бүйрек үсті және жыныс бездерінің жетіспеушілігі де дамиды. Инфекциялық аурулар барысында лимфоидты тіндердің гиперплазиясы біріге жүреді. Тимикалық гормондар өндірілуі. Туа біткен иммунды тапшылық синдромына жақын, иммунитеттің клеткалық звеносының бұзылыстары көрініс береді.
Жүре пайда болған тимомегалия. Ересек адамдардың жастық шағында бүйрекүсті безінің жедел жетіспеушілігі кезінде байқалады.Туа пайда болған тимомегалиядағы өзгерістер көрініс беріп, иммундық жүйенің бұзылыстары дамиды.Тимомегалиямен ауыратын науқастардың өлімінің негізгі себебі- инфекциялық және инфекция-аллергиялық аурулар болуы мүмкін.Эндокриндік бұзылыстар және стрестік факторлар әсерінен (дәрігер тарапынан манипуляция, хирургиялық араласулар) күтпеген өлім болуы мүмкін.
Тимустың гиперплазиясы. Аутоиммунды ауруларға тән. Айырша бездің паренхимасының ұлғайған периваскулярлы аймақтарында В-лимфоциттер,плазматикалық жасушалар жиналып, қалыпты жағдайда кездеспейтін лимфоидты фолликулалар пайда болады. Тимикалық гормондардың өндірілуі төмендеп, біресе жоғарылап отырады.
Тимуста пайда болған патология барысында дамыған аллергиялық белгілер
Аллергиялық бөртпелер. Иммунитеттің төмендеуіне байланысты организмде қатарласа дамитын аллергиялық бөртпелер пайда болады.
Иммуногенез бұзылуының морфологиясының негізінде тимуста және оның шеткері бөлімдерінде пайда болатын патологиялық өзгерістер жатыр. Осы өзгерістер иммундық жүйенің төмендеуіне әкеледі. Тимус, организмнің теріс әсер етуші факторларға қарсы жауабын күшейтетін негізгі орган болып табылғандықтан оның бұзылысы талай процестерге кері әсерін тигізеді. Сондықтан тимус патологиясын алдын алу шараларын дер кезінде орындап, оның дамуына бөгет болу қажет.