Психостимуляторлар

Психостимуляторлар — адамның миына әсер ететін, денесінің жұмысқа деген қабілетін (ойлау қабілетін де, күш-қуатын да) үйлестіретін заттар.

Жіктелуі:

  • фенамин (амфетамин)
  • нервитин
  • перидрол
  • центедрин
  • мередил
  • эфедрин
  • теофедрин
  • катин, катинон
  • кофеин
  • кола
  • битель
  • матее

Психостимуляторлар классификациясы:

1) Амфетаминдер:

  • Арилалкиламин туындысы (фенилалкиламина): амфетамин.
  • фенилалкилпиперидин туындысы : метилфенидат

2) Сиднониминдер: мезокарб, фепрозиднин.

3) метилксантин туындысы: кофеин.

4) психостимулы әсері бар басқа фармакологиялық топтар: сальбутиамин, этилтиобензимидазола гидробромид (Бемитил), деанола ацеглумат, меклофеноксат, Семакс.

Амфетаминдер

  • Типі: синтетикалық химиялық заттар.
  • Сыртқы түрі: капсулалар, таблеткалар, пилюлялар.
  • Қолданылуы: ішке, мұрын арқылы,көк тамырға .
  • Әсерлері: эйфория, жүрек соғысының жиілеуі, қан қысымының жоғарылауы, қарашықтың кеңеюі, тәбеттің төмендеуі, ұзақ уақыт бойы ұйықтамау.
  • Қауіптілігі: бас айналуы, бас ауруы, тырысулар, анорексия, инфаркт, инсульт галлюцинация.

Амфетамин – Фенилэтиламиннің туындысы, наркотикалық зат. ОЖЖ ынталандырады, ағзанның белсенділігін белсендіреді, уақытша ұйқышылдықты пен шаршағыштықты басады. Нашақорлардың тілінде «амфик», «фен», «фрекс», «белый», «спиды», «скорость», «порох», «шмага» деп аталады.

Әсер ету механизімі: Синапсалды ұштарынан катехоламиндер, әсіресе дофамин мен норадреналиндерді көп мөлшерде бөлінеді. Қалыпты жағдайда дофаминергиялық синапста дофамин синапстық қуыстағы экзоцитозды везул арқылы бөлінеді де клеткаларға енеді: DATтранспортері (дофаминный транспортер) дофаминді синапстық қуыстан цитоплазмаға көшіреді, ал VMATтранспортер (везикулярлы транспортер моноамин) — цитоплазмадан везикулаға. Амфетамин клеткаға енгеннен кейін қарама – қарсы бағытта жұмыс істейді, везикуладағы дофаминді цитоплазмаға одан синапстық қуысқа ауыстырады. Нәтижесінде синапстық қуыста дофамин мөлшері көбееді.

Клиникалық көрінісі: Амфетамин қабылдағаннан кейін жарты сағаттан соң активті жағдайға ауысады . Көп мөлшерін артырғанда 2-3 тәулік бойы сергек боп жүреді, ал мөлшерін азайтқанда 4-8 сағатқа созылады.
Амфетаминнің әсері кенеттен тоқтайды.  6-8 сағаттан кейін шаршағыш, тітіркенгіш күйге ауысады.

Орталыққа әсері:

  • Көңіл күйі көтереңкі, психикалық және физикалық белсенділік , өз – өзіне сенімді,күшті, жігерлі; ұйқысы қашады.  қозғалысы және  сөйлеуі белсенді болады, жұмысқа қабілетілігі артады;
  • Негативті жақтары: ұйқысыздық, тремор және психоздар.

Перифериялық әсері:

  • Кокаин әсеріне ұқсас, симпатикалық нерв жүйесін ынталандырады.
  • Тахирадия
  • АҚ жоғарлайды.
  • Мидриаз
  • диафорез
  • Гипертермия
  • қалшылдау және ауызының құрғауы

Кофеин – Метилксантин туындысы, алкалоид, кофе ұрығында, шай жапырағында және басқада өсімдіктердің құрамында болады.  Психостимулятор және аналептикалық әсері бар. Ми қыртысына тікелей әсер етеді.

Қоладнуға көрсеткіш:

  • ОЖЖ тежелуі
  • ЖҚЖ жетіспеушілік
  • Жұмысқа қабілеттіліктің төмендеуі
  • Ұйқылшылдық
  • Балалардағы энурез

Қарсы көрсеткіштер:

  • Жоғары қозғыштық
  • Ұйқысыздық
  • Гипертензия
  • Атеросклероз
  • Жүрек қантамыр жүйесі аурулары
  • Қарт жаста
  • Глаукома
  • Поликистоз

Жанама әсері: Абстинентті синдром :

  • бас ауру
  • Құсу
  • Жүрек айну
  • Тітіркенгіш
  • Психикалық депрессия

Кокаин – (Егуthroxylon coca, отаны— Орталық Америка) Кока өсімдігінен алады. Үнділер жапырағын стимулдеуші әсер және аштықты басу үшін шайнап қолданған. Бастапқы кезінде кокаин кока- кола сусынында, қазір медицина саласында жергілікті анестетик ретінде пайдаланылады.

Рихарду Вильштеттер 1897 жылы Айнхорна лабораториясында толықтай зерттеген

Психостимуляторлар қазақша
Психостимуляторлар

Әсер ету механизмі: кокаин гидрохлоридінің кристалін иіскеу тәсілі арқылы, ингаляция («крэк»}, инъекция (көбіне героин қосып). Пероральді қолданбайды. Себебі асқазан сөлінде активтілігі төмендейді
Қанға 10 минуттан кейің түседі, әсері 10-30 минуттай болды. Бауырда метаболизденеді, зәр арқылы сыртқа шығады.

Клиникалық көрінісі:

  • Эйфория, кокаин қолданғаннан кейінгі  минут(немесе секунд) дисфория, апатия, қорқыныш, агрессия
  • Гиперактивтілік
  • Қозу
  • Тітіркендіргіш және тынымсыздық,
  • Гиперсексуальдылық.

Соматикалық и неврологиялық бұзылыстар көрініс береді:

  • Ауыз кебуі
  • тершеңдік
  • қалтырау
  • қарашықтың ұлғаюы
  • бас ауруы, гипергидроз
  • тахикардия
  • гипертензия
  • рефлекс жоғарылауы
  • дене температурасының жоғарылауы
  • ұйқысыздық
  • тәбет жоғалуы
  • журек айну
  • диарея
  • аритмия

Шамадан тыс көп доза қолданғанда: естен танып, эпилептикалық статус, жүрек соғуы немесе тыныс алуы тоқтап өліммен аяқталады.

«Кокаинды паралич» -кокаинды нашақорлық кезіндегі деменцияның ерекше түрі. Клиникасы: Ұлылық сандырағы, көңіл-күйдің көтерілуі, критикасы жоқ, айқын кемақылдылық.

Добавить комментарий

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!