Наркотикалық заттардан бүйрек зақымдалуы

Наркотикалық заттарды пайдалану әсерінен болатын бүйректің зақымдалуы.

Наркотик пайдалану әсерінен болатын бүйрек қызметінің бұзылысы және некротикалық зақымдалуы токсикалық нефропатия дамуымен, кейін бүйрек жеткіліксіздігімен көрініс береді. Героинизм (наркотикты тамыр ішілік енгізу) фокальды-сегментарлы гломерулосклерозға (героинды нефропатия ) әкеледі. Бүйректі зақымдайтын героин өзі ме, әлде қосылыстары ма дәл анықталмаған. Героинды нефропатия көп жағдайда негроидты халықта, азиаттарда байқалады және нефротикалық синдроммен және артериалды гипертензиямен көрініс береді, 3 – 5 жылдан соң терминалды бүйрек жеткіліксіздігі дамиды.  Иммунофлюоресцентты бояу кезінде IgM және СЗ жарқырауы байқалады, сол арқылы героинды нефропатия біріншілік фокальды-сегментарлы гломерулосклероздан ерекшеленеді.  Ақырғы кезде героинды нефропатия диагнозы сирек қойылады. Оның себебі, наркомандар тазартылған героин қолданылуымен байланысты. Героинизм ВИЧ-инфекциямен қатар жүреді, бұл кезде бүйрек зақымдалуын ВИЧ-нефропатия әсерінен деп қарастырады. Амфетаминдер тамыр ішілік енгізген кезде сирек некротикалық васкулитты шақырады. Наркоманиямен ұзақ уақыт зардап шегетін науқастардағы  бүйректің героинды зақымдалуы кезінде бүйректің шумақшасының зақымдалуы болатындығы анықталған.

бүйрекке наркотик әсері

Көріністерінде созылмалы гломерулонефрит фибринды масса шөгуінсіз гиалиноз және шумақшаның склерозирленуімен қатар жүретіндігі анықталған. Яғни, көп жыл наркоманиядан зардап шегетін науқастарда бүйрек зақымдалуы  гломерулонефрит көрінісі арқылы байқалады. Тубуло-интерстициалды өзгерістер бұл науқастарда фон ретінде болады. Аз уақытты наркомандарда бүйректің морфологиялық өзгерістері каналшалық-интерстициалды локализацияда созылмалы пиелонефрит арқылы көрініс береді. (жоғарылаған уроинфекция әсерінен). Бүйректегі қабыну өзгерістері тассыз пиелонефрит ретінде анықталады және гипертензионды синдромға әкеледі, ол өз кезегінде ұзақ уақыт латентты күйде болады. Иммунды жүйе өзгерістеріне байланысты героинды науқастарда екіншілік урогенеталды инфекциямен, екіншілік созылмалы пиелонефрит дамуымен жүреді. Яғни, жоғарыда айтылғандарға байланысты героинды тубуло-интерстициалды өзгерістер аралас табиғатты болады. Аздаған уақыт ішінде опиат қолданған науқастардың каналшаларында ишемиялық және некротикалық өзгерістер дамиды. Ишемиялық өзгерістер жоғары жиілікті және аздаған дозада героин қабылдаған науқастарда байқалған. Некротикалық өзгерістер аз жиілікте және үлкен дозада қолданған науқастарда байқалған.

Ұқсас материалдарды қарай кетіңіз:

  1. Полинаркомания
  2. Жедел бүйрек жетіспеушілігі
  3. Бүйрек жіті жетіспеушілігінің патофизиологиясы
  4. Жедел бүйрек үсті безі қыртысының жеткіліксіздігі
  5. Жедел бүйрек үсті безі қыртысының жеткіліксіздігі

 

Пікір үстеу

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!