Токсикалық гепатит
Токсикалық гепатит – токсикалық агентпен: дәрілік заттар, тұрмыстық химия заттары, пестицидтер, алкоголь және оның қосындыларымен, кәсіптік зиянды заттармен щақырылған бауырдың зақымдануы.
Жедел токсикалық гепатит ағзада бауыр жасушаларымен ұқсастығы бар үлкен көлемдегі немесе аз көлемдегі удың түсуінен болады, 2-5 күннен соң көрініс береді. Созылмалы токсикалық гепатит ағзаға бауыр жасушаларымен ұқсастығы жоқ, аз көлемдегі удың бірнеше рет түсуінен болады және бірнеше айдан кейін немесе жылдан кейін көрініс береді.
Жедел токсикалық гепатит ағымы ауыр науқасты шұғыл түрде ауруханаға жатқызу қажет. Созылмалы токсикалық гепатиттің ағымы баяу дамиды, егер себебін жоймаса бауыр циррозы немесе бауырдың ауыр жеткіліксіздігіне әкелуі мүмкін.
Зиянды заттар ағзаға түсіп, бауырды зақымдайды, оларды бауырлық у деп атайды. Олар ағзаға әртүрлі жолмен түседі.
- Асқазан – ішек жолы арқылы: ауыз қуысы → асқазан → қан → бауыр.
- Тыныс алу жүйесі арқылы: мұрын → өкпе → қан → бауыр.
- Тері арқылы қанға өтіп кейін бауырға жетеді. Қанға өткен улы заттар бауырға тікелей әсер етіп, қызметін бұзады.
Бауырлық улы заттар түрлері:
1. Дәрілік заттар, дәрігер тағайындаған дозадан артық қабылдаған кезде бауырдың токсикалық зақымдалуы дамып, токсикалық жедел гепатит дамиды.
- Сульфаниламид тобы: Бисептол, Сульфадиметоксин
- Вирусқа қарсы дәрілік топ: Интерферон, Амантадин;
- Туберкулезге қарсы дәрілік топ: Фтивазид, Тубазид;
- Ыстық түсіргіш заттар: Парацетамол, Аспирин
- Тырысуға қарсы заттар: Фенобарбитал және т.б
2. Өнеркәсіптік улы заттар тыныс алған кезде немесе тері арқылы ағзаға улкен көлемде түсіп бауырдың жедел зақымдалуына әкеліп, бауырдың жасушаларын зақымдап орнын май клеткалары басады, аз дозада ағзаға бірнеше рет түссе созылмалы токсикалық гепатит дамиды.
- мышьяк – металлургия зауыттарында бөлінеді
- фосфор – фосфорлы тыңайтқыштарда қолданылады
- пестицид – ауыл шаруашылығында қолданылады
- хлорланған көмірсу – мұнай бөлшектері
- альдегид
- фенол – антисептикалық заттардың қосындысы
- инсектицид – ауыл шаруашылығында қолданылады
3. Алкоголь – созылмалы түрде және шектен тыс сапасы төмен алкогольды ішімдіктерді пайдалану бауырдың зақымдалуына әкеледі. Күніне 20-40 грамм спирт ер адамдар үшін және 20 грамм әйел адамдар үшін қауіпсіз доза болып саналады, ал одан жоғары деңгейде қолданылса бауырға токсикалық әсер етеді. Бүкіл қабылданған алкоголь асқазан – ішек жолынан қанға өтіп, бауырға жетеді. Бауыр түскен алкогольге белсенді түрде зарарсыздану жүргізеді.
4.Өсімдік тектес улы заттар (саңырауқұлақ т.б) гепатотропты әсер етеді (бауыр жасушасына тікелей әсер етеді, жедел токсикалық гепатит дамиды.
Клиникалық көріністері:
Жеңіл түрінде симптомсыз өтуі мүмкін.
Ауыр түрінде келесі симптомдармен жүреді:
- Оң жақ қабырға астындағы кенеттен пайда болатын ауырсыну, улы заттың ағзаға түскен соң 2-5 күннен кейін пайда болады, бауыр капсуласының созылуымен байланысты (жедел қабыну әсерінен)
- Ағзаның интоксикация көріністері: дене температурасының жоғарылауы >380С, жалпы әлсіздік, тәбеттің төмендеуі, жүрек айну, құсу, (кейде қан аралас болуы мүмкін), буындардың ауырсынуы;
- Мұрыннан, қызыл иектен қан кету, теріде ұсақ қан құйылулар, бұл көрініс қан тамыр қабырғаларына токсинің жойғыш әсерімен байланысты;
- Науқас психикасында қозу немесе тежелу, тремор ретінде көрініс береді, улы заттар нерв жасушаларына токсикалық әсер көрсетеді;
- Үдемелі сарғаю, қоңыр түсті зәр, ашық түсті нәжіс (жылтыр, майлы) интоксикация көрінісімен бірге жүреді және бауыр және өт жолдарынан өттің ағуының бұзылысынан болады.
- Бауырдың көлімінің ұлғаюы, бауыр жасушаларының жедел қабынуы, олардың май тінімен алмасуынан болады (бауырдың майлы дистрофиясы)
Созылмалы токсикалық гепатит көріністері:
- Орташа интенсивті оң жақ қабырға астындағы, тамақтан кейін үдейтін ауырсыну;
- Субфебрильды дене температурасы 37-37,50 С;
- Жүрек айну, құсу, тәбеттің төмендеуі, ауызда ащы дәмнің болуы, іштің кебуі, іш өту, бұл көрініс өт ағуының бұзылысынан болады;
- Шаршағыштық, жұмыс күшінің азаюы;
- Дене қышуы, өт қышқылдарының жиналуынан болады;
- Бауыр және көкбауырдың ұлғаюы;
- Бұл симптомдар уақытша тоқтап немесе кайта көрініс беруі мүмкін;
Дәрілік этиологиясы бар созылмалы гепатитте аутоиммунды гепатитке ұқсас бірнеше белгілері болуы мүмкін: анық клиникалық көрініс, гипергаммаглобулинемия, қан сарысуындағы оң антинуклеарды көрініс. Кейбір жағдайларда дәрілік зақымдану бауырдан тыс өтуі мүмкін: қызба, артралгиялар, эозонофилия, миалгия, бүйрек, өкпе, сүйектің бағаналы жасушаларының зақымданулары болады. Көптеген дәрілік заттар холестаз шақырады. Қышыма мен сарғаю дәрілік затты қабылдағаннан кейін бірден болады, бірақ жалпы жағдайы өзгермейді. Дәрілік гепатиттің клиникалық көрінісі айқын емес болуы да мүмкін. Көбіне науқастар әлсіздікке, шаршағыштыққа шағымданады. Зерттегенде бауырдың үлкеюі, бауырдың биохимиялық сынамаларының өзгеруі анықталады.
Токсикалық гепатиттің пайда болу себептерінің бірі спиртті ішімдіктерді ұзақ уақыт қабылдау. Бұл кезде бауыр тіні этил спиртінің әсерінен зақымдалады.
Алкогольді гепатиттің симптомы болып: науқас жағдайының нашарлауы, бауыр мөлшерінің үлкеюі, асциттің дамуы, сарғаюдың пайда болуы және бауырдың жетіспеушілігі болады. Алкогольді гепатитпен ауырған адамдарда С вирусты гепатитпен ауыру жоғарлайды. Аурудың ауырлығы интоксикация дәрежесіне байланысты болады. Қан анализінде келесі ферменттердің белсенділігі көрінеді: аланин — және аспартатаминотрансферазаның, лактатдегидрогеназаның, фруктозомонофосфатальдолазаның, гипербилирубинемия оның билирубинглюкуронид фракциясының жоғарлауымен және де зәрде өт пигменттері, уробилинурия байқалады. Ауыр жағдайларда гипопротеинемия гипоальбуминемиямен және қанда бета-липопротеидтер мен фосфолипидтер мөлшері азаяды. Геморрагиялық синдромның болуы, бауыр жетіспеушілігінің бір белгісі болып табылады. Мұнда микрогематуриядан массивті қан кетуге дейін көреміз.
Токсикалық гепатиттің асқынулары:
Жеңіл түрінде токсикалық гепатит толықтай емделеді. Кей жағдайда мынадай асқынуларға әкеледі :
1. Бауыр жеткіліксіздігі, бауыр жасушаларының зақымдалып, орнын май тіні басып қызметінің бұзылысымен жүреді:
- Ісіну (ақуыз алмасуының бұзылысы);
- Сарғаю
- Қан кету (қан ұю факторы деңгейінің төмендеуі);
- Арықтау (ағза бауырмен өндірілетін ақуыз, май, көмірсу алмасуының төмендеуінен);
- Бауырлық энцефалопатия (психикалық және нервті – бұлшықеттік бұзылыс), бауырдың токсикалық қызметінің бұзылысынан дамиды;
2. Бауырлық кома (ес, рефлекс бұзылысы,тырысу) нәтижесі өлім болуы мүмкін;
3. Бауыр циррозы, созылмалы ауру, нәтижесінде бауыр жасушалары бұзылып орнын дәнекер тіні басады
Диагностика
Физикалық зерттеу әдісі
- Анамнез жинау – сұрау кезінде қандай дәрілер қолданғанын, ұзақтығын, дозасын сұрау.
- Жалпы қарау – гепатомегалия (сарғаю, спленомегалия, тері жабынындағы бөртпелер).
Лабораторлық зерттеу әдісі
Міндетті түрде:
- Қанның жалпы анализі – ЭТЖ жоғарлауы, эозинофилия;
- Биохимиялық қан анализі- жалпы белок, белоктың фракциялары – альфа-2, γ-глобулиндердің көтерілуі, қан сарысуындағы билирубиннің және оның фракциялары – жалпы билирубиннің жоғарлауы, АсАТ – белсенділігінің жоғарлауы;
- вирусты гепатиттердің сывороткалы маркерлері – болмауы.
Инструментальды зерттеу әдісі. Міндетті түрде: Құрсақ қуысын УДЗ – гепатомегалия, паренхиманың акустикалық тығыздығының жоғарлауы, спленомегалия.
Емі:
- Төсектік тәртіп
- Асқазанды жуу 10-15 л сумен
- Қалған улы затты шығару ( белсендірілген көмір, электолитты ерітінділерді тамыр ішіне енгізу ), гемосорбция, плазмоферез (қанды токсикалық заттардан тазарту)
- Витаминдер – В және С тобындағы
- 1 тәулікте диуретиктерді қолдану (мочевина, маннитол, фуросемид)
- Гепатопротекторлар (Лиф 52, Гептрал, Эссенциале). Бұл препараттар бауыр жасушаларын қалпына келтіреді. Лиф 52 2 таблеткадан күніне 3 рет, қабылдау ұзақтығы бауыр зақымдалу деңгейіне байланысты
- Өт айдағыш препараттар. (Холосас, Холензим) Өтпен бірге бауырдан токсикалық заттардың бөлігі шығады
- Антидот (саңырауқұлақпен уланған кезде)
- Ем стационарда жүргізіледі.