Биохимиялық қан анализі

Биохимиялық қан анализі норма, патологияны талдау, интерпретация

Жалпы ақуыз (белок) – қалыпты көрсеткіш, жоғарылау және төмендеу себептері, қалай анализ тапсыру керек

Қандағы ақуыз көрсеткіштеріҚандағы жалпы ақуыз көрсеткіштері кең тараған биохимиялық көрсеткіш. Ақуыз концентрациясын анықтау  көптеген аурулардың диагностикасы үшін қолданылады. Бұл көрсеткіш өзгермелі және адам жасына байланысты болып келеді. Әр түрлі патологиялық аурулар кезінде ақуыз көрсеткіштері төмендейді (гипопротеинемия),  жоғарылайды (гиперпротеинемия).

Қандағы ақуыз көрсеткіштері:
Ересек адам 65-85 г/л   немесе 6,5 – 8,5 мг/дл
Жаңа туған нәресте45-70 г/л
1 жасқа дейінгі балалар 51-73 г/л
1 жастан 2 жасқа дейінгі балалар 56-75 г/л
2 жастан үлкен балалар 60-80 г/л

Қандағы ақуыз деңгейінің төмендеуі
Гипопротеинемия келесідей патологиялық жағдайларда анықталады: паренхиматозды гепатит, тағаммен ақуыздың жеткіліксіз түсуі (толықтай және толық емес ашығу), қабыну аурулары, созылмалы қан кету, ақуыздың зәрмен жоғалтылуы немесе  жаппай ыдырауы, сіңірілу процесінің бұзылысы, интоксикация, қызба. Ақуыз концентрациясының 50 г/л – нен төмендеуі тіндердің ісінуіне әкеледі.  Жүктіліктің ақырғы айларында, лактация, ұзақ физиологиялық жүктеме және төсекте жатқан науқастарда физиологиялық гипопротеинемия дамиды.

Қанда қандай аурулар кезінде ақуыз деңгейі төмендейді.
Гипопротеинемия келесі аурулардың көрсеткіші болып табылады:

  • Асқазан – ішек жолының аурулары (панкреатит, энтероколит)
  • Хирургиялық операциялар кезінде
  • Әртүрлі локализациялық ісінулер
  • Бауыр аурулары (цирроз, гепатит, бауыр ісінулері немесе бауырлық метастаздар)
  • Уланулар
  • Жедел және созылмалы қан кету
  • Күйік аурулары
  • Гломерулонефрит
  • Жарақат
  • Тиреотоксикоз
  • Инфузионды терапия қолдану (ағзаға үлкен көлемде сұйықтық түсуі)
  • Тұқым қуалау аурулары ( Вильсон-Коновалов ауруы)
  • Қызба
  • Қант диабеті
  • Асцит
  • Плеврит

Ақуыз деңгейінің қанда жоғарылауы

Гиперпротеинемии – сирек кездесетін көрініс. Бұндай жағдай кейбір  патологиялық жағдайлар кезінде орын алады, ол кезде патологиялық ақуыздар туындайды. Бұндай лабораторлы көрініс инфекциялық аурулар кезінде, Вальденстрем макроглобулинемиясы кезінде, миеломды ауру, жүйелі қызыл жегі, ревматоидты артрит, лимфогрануломатоз, цирроз, созылмалы гепатит кезінде болады. Шамалы гиперпротеинемия (физиологиялық) сұйықтықты көптеп жоғалтқан кезде: құсу, іш өту, ішек өтімсіздігі, күйік, қантты емес диабет және нефрит кезінде орын алады.

Ақуыз деңгейіне әсер ететін дәрілер
Қандағы ақуыз деңгейіне кейбір дәрілік заттар әсер етеді. Кортикостероид, бромсульфалеин гиперпротеинемия туындауына әкеледі, ал эстрогенды гормондар гипопротеинемияға әкеледі. Жалпы ақуыз деңгейінің жоғарылауы венада жгутты ұзақ уақыт ұстағанда және «жатқан» күйден,  «тұрған» күйге ауысқан кезде де болады.

Ақуызға анализы қалай тапсыру қажет?             
Жалпы ақуыз деңгейін анықтау үшін қан таңертең, аш қарынға венадан алынады. Ақырғы тамақ ішкен уақыт аралығы 8 сағаттан кем болмау қажет. Тәтті сусындар ішпеген дұрыс. Бүгінгі таңда жалпы ақуыз деңгейі биуретинді немесе микробиуретті әдіспен (егер концентрация өте төмен болса) анықталады. Бұл әдіс универсалды және қолданылуға қарапайым, арзан және тез әдіс. Бұл әдісті қолданған кезде қателік аз, сондықтан информативті және сенімді әдіс  болып табылады. Қателіктер кей жағдайда реакцияны дұрыс қоймаған кезде немесе кір ыдыстарды пайдаланған кезде болады.

Альбумин, глобулин түрлері, қалыпты көрсеткіштері, жоғарылау және төмендеу себептері

Ақуыз фракцияларының түрлері, қалыпты көрсеткіштері

Қан ақуыздары бірнеше түрде болады, оларды ақуыз фракциялары деп атайды. Жалпы ақуыздың екі фракциясы бар – альбумин және глобулин. Глобулин өз кезегінде төрт типпен көрінген  – α1, α2, β және γ.

Қан ақуыздарының қалыпты көрсеткіштері
альбумин64%40-50 г/л
α1-глобулин4%2,0‑2,4 г/л
α2-глобулин7%балалар  4,5 г/л
ерлер 1,50‑3,50 г/л
әйелдер 1,75‑4,20 г/л
β-глобулин10%нәрестелер 1,30-2,75 г/л
ересектер 2,20-4,0 г/л
γ-глобулин15%. 10,5 г/л

Осы көрсетілген ақуыз фракцияларының бұзылысы  диспротеинемия деп аталады. Диспротеинемияның әртүрлі түрлері бауыр және инфекциялық аурулар әсерінен болады.

Альбумин – қалыпты көрсеткіштері, жоғарылау және төмендеу себептері, анализды қалай тапсыру қажет
Әрбір ақуызды фракцияны жеке қарастырайық. Альбумин біртекті топ болып табылады, жартысы қан тамыр торында, қалған жартысы жасуша аралық сұйықтықта болады. Теріс заряд және альбумин беткейінің үлкен болуына байланысты өзі арқылы әртүрлі аттарды тасуға мүмкіндігі бар, олар гормон, дәрілік заттар, май қышқылдары, билирубин, металл иондары және т.б. Альбуминдердің басты физиологиялық қызметі  – қысымды ұстап тұру және аминқышқылдардың резервісі болып табылады. Альбумин бауырда синтезделеді және 12-27 күн бойы өмір сүреді.

Альбумин деңгейінің жоғарылауы – себептері
Қан альбуминдерінің жоғарылауы (гиперальбуминемия) келесі патологиялармен байланысты болады, жалпы альбумин деңгейінің жоғарылауы диагностикалық маңызға ие емес.

  • дегидратация немесе сусыздану (құсу, іш өту кезіндегі сұйықтықты жоғалту)
  • кең таралған күйіктер
  • витамин А жоғары дозада қолдану

Альбумин  деңгейінің төмендеуі себептері
Альбумин концентрациясының төмендеуі (гипоальбуминемия) 30 г/л дейін болуы мүмкін, нәтижесінде онкотикалық қан қысымы төмендейді және ісіну пайда болады. Гипоальбуминемия келесі жағдайларда туындайды:

  • әртүрлі нефрит кезінде (гломерулонефрит)
  • бауырдың жедел атрофиясы, токсикалық гепатит, цирроз
  • капиллярлардың өткізгіштігінің жоғарылауы кезінде
  • амилоидоз
  • күйік
  • жарақат
  • қан кету
  • жүрек жеткіліксіздігі
  • асқазан – ішек жолдарының патологиясы
  • ашығу
  • жүктілік және лактация
  • ісік
  • мальабсорбция синдромы
  • сепсис
  • тиреотоксикоз
  • оральды контрацептивтер және эстрогенды гормондарды пайдалану

Анализ қалай тапсырылады?
Альбумин концентрациясын анықтау үшін қан венадан, аш қарынға таңертең алынады. Анализ тапсырар алдында ақырғы тамақтану уақытының аралығы 8-12 сағат болу қажет және ауыр физикалық жүктеме мен зерттелетін адам ұзақ аяқта тұрмауы қажет. Бұл факторлар нәтижеге әсер беруі мүмкін және қорытынды нәтиже қате болуы мүмкін. Альбумин концентрациясын анықтау үшін арнайы реактив  – бромкрезол жасылы қолданылады. Бұл әдіс арқылы альбумин деңгейін анықтау дәл, қарапайым, уақыт бойынша ұзақ емес болып табылады. Мүмкін болатын қателіктер анализ кезінде қанды дұрыс өңдемеу, кір ыдыстарды пайдалану және реактивті дұрыс қоймау әсерінен болуы мүмкін.

Глобулиндер – олардың түрлері, қалыпты көрсеткіштері, жоғарылау және төмендеу себептері.

α1-глобулин – α1-антитрипсин, α1-қышқыл гликопротеин,  қалыпты көрсеткіштері, жоғарылау және төмендеу себептері

Бұл ақуызды фракция құрамына 5 ақуызға дейін кіреді және олар қалыпты жағдайда жалпы ақуыздардың 4%- н құрайды. Диагностикалық маңызды екі түрі – α1-антитрипсин (серинды протеиназ ингибиторы) және α1-қышқыл гликопротеин (орозомукоид).

 қан сары суындағы α1 глобулиндердің  қалыпты көрсеткіштері
α1-антитрипсин2,0‑2,4 г/л
α1-гликопротеин0,55-1,4 г/л
α1‑фетопротеин1 жасқа дейінгі балалар < 30 мкг/л
ересектер < 30 мкг/л
жүктілер: 6‑9 апта – 10 мкг/л
37‑40 апта – 135 мкг/л артық емес

α1-антитрипсин (серинды протеиназа ингибиторы)  трипсин, тромбин, ренин, плазмин, калликреин және эластаза сияқты қан плазмасындағы ферменттердің белсенділігін реттейді. Дені сау адамның қанындағы көрсеткіш  – 2-5 г/л. Бұл ақуыз  жедел фазалы болып табылады, яғни оның деңгейі қабыну, онкологиялық аурулар кезінде орын алады. α1-антитрипсиннің толықтай және жартылай жеткіліксіздігі өкпенің обструктивті ауруларына (эфизема)  және жас кезде үдемелі бауыр циррозына әкеледі.

α1- қышқыл гликопротеин (орозомукоид) гормондарды тасымалдау әрекетіне қатысады – тестостерон және прогестерон. Қалыпты жағдайда қан сары суында оның деңгейі 0,55 -1,4 г/л. Орозомукоид деңгейі  жедел және созылмалы қабыну ауруларында және операциядан соң 3-4 есе жоғарылайды. Орозомукоид деңгейін анықтау динамикада қабыну үрдісін немесе онкологиялық өзгерістерді  бақылау үшін қолданылады. (бұл ақуыз деңгейінің жоғарылауы ісік рецидивін көрсетеді)

Анализді қалай тапсыру қажет ?
α1-глобулин деңгейін анықтау үшін қан венадан таңертең, аш қарынға алынады. Бұл ақуыздарды сандық анықтау әдісі дәл, бірақ біршама күрделі, сондықтан іс – шараны мамандандырылған қызметкер орындауы тиіс. Бұл әдіс бірнеше сағатқа созылады. Қан гемолиз көрінісінсіз болуы қажет. Анализды анықтау кезіндегі қателіктер персоналдың қызметінен немесе анализға қанды дайындау кезіндегі қателіктеріне байланысты болады.

α2-глобулин – α2-макроглобулин, гаптоглобин қалыпты көрсеткіштері, церулоплазмин, жоғарылау және төмендеу себептері

Қалыпты жағдайда  α2-глобулиндердің көрсеткіштері жалпы қан ақуыздарының ішінен 7-7,5% құрайды. Бұл ақуызды фракциялардың ішінде диагностикалық маңызға α2-макроглобулин, гаптоглобин және церулоплазмин ие.

Қан сары суындағы α2 глобулиндердің қалыпты көрсеткіштері
α2-макроглобулин
балалар (1‑3 жас)4,5 г/л
ерлер1,50‑3,50 г/л
әйелдер1,75‑4,20 г/л
Гаптоглобин0,8-2,7 г/л
Церулоплазмин
балаларнәрестелер0,01-0,3 г/л
6-12 ай0,15-0,50 г/л
1-12 жас0,30-0,65 г/л
Ересектер0,15-0,60 г/л

α2-макроглобулин – бауырда, моноцит және макрофагтарда синтезделеді. Қалыпты жағдайда ересек адамдарда оның көрсеткіштері 1,5-4,2 г/л, ал балаларда 2,5 есе жоғары. Бұл ақуыз иммунды жүйеге жатады және цитостатик болып табылады. (оба жасушаларының бөлінуін тоқтатады). α2-макроглобулин деңгейінің төмендеуі жедел қабыну, ревматизм, полиартрит және онкологиялық аурулар кезінде болады, ал α2-макроглобулин деңгейінің жоғарылауы  бауыр циррозы, бүйрек аурулары, микседема және қант диабеті кезінде болады.

Гаптоглобин  екі субъединицадан тұрады және адам қанында үш молекулярлы формада жүреді.  Жедел фазалы ақуыз болып табылады. Сау адамның қанындағы қалыпты көрсеткіштері – 2,7 г/л. Бұл ақуыздың басты қызметі гемоглобинді   ретикуло-эндотелиальды жүйе жасушаларына тасымалдау, кейін онда гемоглобин ыдырап, билирубин туындайды. Гаптоглобин деңгейінің жоғарылауы жедел қабыну кезінде жоғарылайды, ал төмендеуі гемолитикалық  анемия кезінде болады. Сәйкес емес қан құйған кезде мүлде жоғалып кетеді.

Церулоплазмин – фермент қасиетіне ие ақуыз, ол  Fe2+  Fe3+-ке қышқылдандырады. Церулоплазмин мыстың  депосы және тасымалдаушысы болып табылады. Сау адам қанында қалыпты жағдайда  0,15 – 0,60 г/л деңгейінде болады. Бұл ақуыз жедел қабыну және жүктілік кезінде жоғарылайды, ағзаның осы ақуызды синтездей алмауы туа пайда болатын ауру  –  Вильсон-Коновалов, және сол науқас туыстарында байқалады.

Анализды қалай тапсыру қажет?
α2-макроглобулин деңгейін анықтау үшін қанды венадан таңертең, аш қарынға алады. Бұл ақуызды анықтау әдісі күрделі және уақыт бойынша ұзақ, сонымен қоса мамандандырылған персоналдың көмегін қажет етеді.

β-глобулин – трансферрин, гемопексин, қалыпты көрсеткіші, жоғарылау және төмендеу себептері

Бұл фракция жалпы қан сары суындағы ақуыздардың ішінде 10% құрайды. Бұл ақуызды фракция ішінде диагностикалық маңызға ие трансферрин және гемопексин.

Трансферрин (сидерофилин)
нәрестелер1,30-2,75 г/л
ересектер2,20-4,0 г/л
Гемопексин0,50‑1,2 г/л

Трансферрин (сидерофилин) – қызыл түсті ақуыз, ол темірді депо мүшелерге тасымалдайды (бауыр, көкбауыр), ал мүшелерден гемоглобин  синтездейтін жасушаларға тасымалдайды. Бұл ақуыз деңгейінің жоғарылауы сирек болады, негізінен эритроциттер бұзылысы болатын процесстермен байланысты (гемолитикалық анемия, малярия). Трансферрин деңгейін анақтаудың орнына, оның темірмен қамтамасыздандырылу деңгейін анықтайды. Қалыпты жағдайда ол темірмен  1/3 қамтамасыздандырылған.  Бұл көрсеткіштің төмендеуі темір жеткіліксіздігін көрсетеді және темір жеткіліксіз анемия даму қаупін көрсетеді, ал оның деңгейінің жоғарылауы гемоглобиннің үдемелі ыдырауын көрсетеді.  (мысалы, гемолитикалық анемия).

Гемопексин – гемоглобинді байланыстыратын ақуыз болып табылады. Қалыпты жағдайда оның қандағы көрсеткіші – 0,5-1,2 г/л. Гемопексин деңгейінің төмендеуі гемолиз, бауыр және бүйрек ауруларында болса, төмендеуі қабыну кезінде байқалады.

Анализды қалай тапсыру қажет?
β-глобулин деңгейін анықтау үшін қанды венадан алады, таңертең және аш қарынға. Қан гемолиз көрінісінсіз болу керек.  Бұл анализ жоғары технологиялы лаборант маманын қажет етеді. Анализ біршама күрделі және уақыт жағынан да ұзақ.

γ-глобулиндер (иммуноглобулин) – қалыпты көрсеткіштері, жоғарылау және төмендеу себептері

Қанда γ-глобулиндер  жалпы қан ақуыздарының ішінде 15–25% (8–16 г/л) құрайды. γ-глобулиндердің  фракциясына иммуноглобулиндер жатады.

Қан сары суындағы γ-глобулиндердің қалыпты көрсеткіштері
γ-глобулин15–25%8–14 г/л

Иммуноглобулиндер – бөгде бактерияларды жоюға арналған иммунды жүйе жасушалары арқылы өндірілетін антиденелер болып табылады. Иммуноглобулин саны иммунитет белсендірілуіне байланысты болып табылады. Иммуноглобулин деңгейінің төмендеуі  физиологиялық  (балаларда 3-6 жас), туа пайда болған (тұқым қуалаушы иммунды жеткіліксіздік аурулары)  және екіншілік  ( аллергия, созылмалы қабыну, қатерлі ісік, ұзақ кортикостероидтармен ем кезінде) болады.

Анализды қалай тапсыру қажет?
γ-глобулинды анықтау үшін қанды венадан таңертең сағат онға дейін алады. Анализға тапсырар алдында физикалық жүктемені және эмоционалды толқуды шектеу керек. Казіргі кезде әртүрлі әдістер қолданылады  – иммунологиялық, биохимиялық. Анық көрсеткіш беретін және сезімтал, спецификалық  әдіс  иммунологиялық.

Глюкоза (қандағы қант)– қалыпты көрсеткіштері, жоғарылау және төмендеу себептері, анализға қалай тапсыру қажет?

Глюкоза түссіз тәтті дәмі бар кристалл зат, ағзада ыдыраған кезде полисахарид түзеді (крахмал, гликоген). Глюкоза – ағза жасушалары үшін басты және универсалды энергия көзі болып табылады. Сонымен қоса, глюкоза антитоксикалық зат, сондықтан әртүрлі улану кезінде тамыр арқылы немесе ауыз арқылы жіберіледі.

Қалыпты қандағы глюкоза көрсеткіші – 3,5-5,5 ммоль/л.

Глюкоза 6 ммоль/л ден жоғарыласа гипергликемия деп аталады. Гипергликемия физиологиялық, яғни сау адамдарда кездесетін және патологиялық, яғни ағзадағы әртүрлі бұзылыстар кезінде кездесетін болып бөлінеді. Физиологиялық гипергликемия:

  • алиментарлы (тамақтан соң, тәтті сусындардан соң)
  • нейрогенді – стресс кезінде

Патологиялық гипергликемия келесі ауруларда кездеседі:

  • нейроэндокринді бұзылыстар (семіздік, аналық без поликистозы, менструация алды синдромы, Иценко-Кушинг ауруы)
  • қант диабеті
  • гипофиз аурулары (акромегалия, гипофизарлы нанизм )
  • бүйрек үсті безі ісігі (феохромоцитома)
  • қалқанша безінің қатты жұмысы
  • инфекциялық гепатит және бауыр циррозы

Глюкоза деңгейінің төмендеуі себептері
Гипогликемия – қан сары суындағы глюкоза деңгейінің төмендеуі  3,3 ммоль/л- ден төмен. Гипогликемия физиологиялық және патологиялық болып табылады. Физиологиялық гипогликемия өмір салтын өзгерту арқылы немесе белгілі физиологиялық процесс (менструация, жаңа туған шақ) біткен соң аяқталады. Физиологиялық гипогликемия:

  • балансты емес диета (ақ ұннан жасалған тағамдар, кондитерлік тәттілер, картоп, макарон өнімдері) және аз өсімдік, жеміс – көкеністер
  • менструация
  • ауыр физикалық жүктеме
  • жаңа туған нәрестелерде
  • сусыздану
  • тағам жеткіліксіздігі немесе ұйқы алдында тағам қабылдау

Патологиялық гипогликемия:

  1. инсулинді артық қолдану немесе басқа қант түсіретін дәрілерді артқы қабылдау
  2. алкоголизм
  3. бүйрек, бауыр және жүрек жеткіліксіздігі
  4. сепсис
  5. ашығу
  6. гормональды диспропорция (кортизол, адреналин, глюкагон азаюы)
  7. инсулинома
  8. туа пайда болған аномалиялар –инсулин гиперсекрециясы, аутоиммунды гипогликемия

Анализды қалай тапсыру қажет?
Глюкоза деңгейін анықтау үшін қанды венадан немесе саусақтан алады. Анализ таңертең және аш қарынға алынуы тиіс. Кешкі тамақтан таңертеңгі анализ тапсыратын уақытқа дейін тамақ ішпеу қажет. Яғни, таңертең тәтті шәй де ішуге болмайды, сонымен қоса майлы тағамдар, етті қабылдамау қажет. Аса қатты физикалық жүктеме және ауыр эмоцияны шектеу қажет. Глюкозаны саусақтан алған кезде де, венадан алған кезде де бір әдісті қолданады. Бұл ферментативті әдіс анық, спецификалық және уақыт бойынша ұзақ емес әдіс болып табылады.

биохимилық қан анализі
Қанның биохимиялық талдауы

Билирубин – түрлері, қалыпты көрсеткіштері, жоғарылау және төмендеу себептері

Билирубин сары – қызыл түсті пигмент, ол көкбауырда, бауырда және сүйек кемігінде гемоглобин ыдыраған кезде түзіледі. 1 г гемоглобин ыдыраған кезде  34 мг билирубин түзіледі. Гемоглобин ыдыраған кезде оның бір бөлігі – глобин аминқышқылдарына дейін, екінші бөлігі – гем – өт пигменттері мен темір түзеді. Темір қайта пайдаланылады, ал өт пигменттері ( билирубин өнімдері) ағзадан шығарылады. Гемоглобин ыдыраған кезде билирубин қанға шығарылады онда ол альбуминдермен байланысып, бауырға жеткізіледі. Бауыр жасушаларында билирубин  глюкурон қышқылдарымен байланысады. Осылай глюкурон қышқылымен байланысқан билирубин тура деп аталады.

Тікелей емес билирубин токсикалық, себебі жасушаларда жиналады, ең бірінші мида  жиналып және оның қызметін бұзады. Тікелей билирубин токсикалық емес. Қанда тікелей және тікелей емес билирубиннің ара қатынасы 1 / 3. Ары қарай ішекте  тікелей билирубин  бактерия әсерінен  глюкурон қышқылын бөлектейді, ал өзі  уробилиноген және  стеркобилиноген түзіп қышқылданады. 95% бұл заттар нәжіс арқылы шығарылады, қалған 5% қайтадан қанға сіңіріледі және өтке түсіп, жартылай бауыр арқылы шығарылады. Ересек адам күнделікті 200-300 мг өт пигменттерін нәжіс арқылы және 1-2 мг  зәр арқылы шығарады. Өт пигменттері әрқашан өт тастарында болады.

Билирубин қалыпты көрсеткіштері
Жалпы  билирубин8,5‑20,5мкмоль/л
Тікелей (байланысқан) билирубин0,86-5,1мкмоль/л
Тікелей емес (байланыспаған) билирубин4,5-17,1мкмоль/л

Нәрестелерде тікелей билирубин деңгейі жоғары болуы мүмкін  – 17,1-205,2 мкмоль/л. Билирубин деңгейінің жоғарылауы билирубинемия деп аталады.

Жоғары билирубин – себептері, сарғаю түрлері
Билирубинемия терінің, склера, шырышты қабаттың сарғаюы арқылы көрініс береді. Сондықтан билирубинемиямен байланысқан ауруларды сары ауру деп атайды. Билирубинемия бауырлық (бауыр және өт жолдары аурулары кезінде) және бауырлық емес (гемолитикалық анемия) болып бөлінеді. Нәрестелер сарғаюы бөлек. Жалпы  билирубиннің  23-27 мкмоль/л деңгейде жоғарылауы жасырын сарғаюды білдіреді, ал жалпы билирубин деңгейі 27 мкмоль/л жоғары болса – сары түс пайда болады. Нәрестелерде сарғаю  жалпы билирубин деңгейі қанда 51-60 мкмоль/л жоғары болса анықталады. Бауырлық сарғаюлар екі түрлі болады  – паренхиматозды және обтурационды. Паренхиматозды сарғаюларға жатады:

  • гепатит (вирусты, токсикалық)
  • бауыр циррозы
  • бауырдың токсикалық зақымдалуы (алкогольмен, улармен, ауыр металл түрлерімен улану)
  • бауырлық ісік пен метастаз

Обтурациялық сарғаю кезінде бауыр арқылы өндірілетін, өттің шығуы бұзылады. Обтурациялық сарғаю туындайды:

  • жүктілік (ылғи емес)
  • ұйқы безі ісігі
  • холестаз (өт жолдарының таспен бітелуі)

Бауырлық емес сарғаю түрлеріне әртүрлі гемолитикалық анемия әсерінен болатын түрлері жатады.

Әртүрлі сарғаю түрлерінің диагностикасы

Сарғаю типтеріТікелей билирубинТікелей емес билирубинТікелей/тікелей емес билирубин ара қатынасы
Гемолитикалық
(бауырлық емес)
ҚалыптыСәл жоғары0,2
ПаренхиматоздыЖоғарыЖоғары0,2-0,7
ОбтурациондыАса жоғарыҚалыпты0,5

Билирубинді анықтау – сарғаюды анықтаудың диагностикалық тесті. Сарғаюдан басқа билирубин деңгейінің жоғарылауы қатты ауырсыну кезінде байқалады. Сонымен қоса, билирубинемия антибиотик, индометацин, диазепам және оральды контрацептив қолданған кезде жоғарылайды.
Қанда  билирубин деңгейінің төмендеуі – гипобилирубинемия – витамин С, фенобарбитал, теофиллин қабылдау әсерінен болуы мүмкін.

Нәрестелер сарғаюының себептері

  • ұрық пен жаңа туған нәрестелерде эритроцит және гемоглобин массасы ұрық массасына ересек адам массасына қарағанда, көп болып келеді.Туған соң бірнеше аптадан соң «артық» эритроциттердің ыдырауы жүреді, нәтижесінде сарғаю болады
  • нәресте бауырының билирубинді ыдырата алмауы, «артық» эритроциттердің ыдырауы нәтижесінде болған
  • тұқым қуалаушы ауру –  Жильбер ауруы
  • нәресте ішегі стерильды болғандықтан, сондықтан стеркобилиноген және уробилиноген түзілуі төмен
  • шала туған балалар

Нәрестелерде билирубин токсикалық. Ол бауыр липидтерімен байланысады, нәтижесінде орталық нерв жүйесінің зақымдалуына әкеледі және  билирубинді энцефалопатияның туындауына әкеледі. Қалыпты жағдайда нәрестелер сарғаюы екінші – үшінші аптада кетеді.

Анализді қалай тапсыру керек?
Билирубин деңгейін анықтау үшін қан венадан аш қарынға таңертең алынады.  Іс – шара алдында тамақ қабылдамау және сусын ішпеу қажет. Ендрашик әдісі арқылы жүргізіледі. Бұл әдіс пайдалануға қарапайым, уақыт жағынан да тез орындалады.

Мочевина (несепнәр)

Мочевина төмен молекулярлы зат, ол ақуыз ыдырауынан кейін пайда болады. Тәулігіне ағзадан 12-36 грамм мочевина шығарады, ал қанда қалыпты жағдайда мочевина деңгейі – 2,8 – 8,3 ммоль/л. Әйел адамдар үшін мочевина деңгейі жоғарырақ. Қалыпты ақуыздық алмасу кезінде сау адам қанында мочевина деңгейі 6 ммоль/л-ден аспайды.

Қан сары суындағы мочевина деңгейі
нәрестелер1,4‑4,3ммоль/л
балалар1,8‑6,4ммоль/л
ересектер2,5‑8,3ммоль/л

Қан сары суындағы мочевина деңгейінің 2 ммоль/л- ден төмендеуі адамда төмен ақуызды диета екенін көрсетеді. Мочевинаның қандағы деңгейі  8,3 ммоль/л ден жоғарылауы уремия деп аталады. Уремия белгілі физиологиялық жағдайлармен шақырылуы мүмкін:

  • балансты емес диета (ақуызға бай немесе төмен дәрежелі хлоридті тағам )
  • ағза арқылы су жоғалту – құсу, іш өту, терлеу және т.б.

Кейбір жағдайларда уремия патологиялық болады, яғни белгілі ауру әсерінен туындайды. Патологиялық уремия ақуыздардың жылдам ыдырауы кезінде, бүйрек және бүйрекпен байланысты емес аурулар кезінде байқалады. Кейбір дәрілік заттар (мысалы, сульфаниламид, фуросемид, допегит, лазекс, тетрациклин, левомицетин) да уремияға әкеледі.

Мочевина жоғарылау себептері 

  • созылмалы немесе жедел бүйрек жеткіліксіздігі
  • гломерулонефрит
  • пиелонефрит
  • анурия (зәрдің болмауы)
  • уретрада тастардың болуы
  • қант диабеті
  • перитонит
  • күйіктер
  • шок
  • асқазан – ішектік қан кету
  • ішек өтімсіздігі
  • хлороформ, сынап, фенол тұздарымен улану
  • жүрек жеткіліксіздігі
  • инфаркт миокардісі
  • дизентерия
  • паренхиматозды сарғаю (гепатит, цирроз)

Мочевина деңгейінің жоғарылауы әртүрлі бүйрек ауруларында байқалады. Сондықтан мочевина деңгейін анықтау бүйрек ауруларындағы диагностикалық тест болып табылады. Бүйрек жеткіліксіздігі бар науқастарда мочевина деңгейі бойынша процесс ауырлығын және болжамын анықтауға болады. Мочевина деңгейінің 16 ммоль/л дейін жоғарылауы орташа дәреже, 16-34 ммоль/л – ауыр дәрежелі бүйрек қызметінің бұзылысын көрсетеді  және 34 ммоль/л-ден жоғары болуы  – өте ауыр бүйрек жеткіліксіздігі болып табылады.

Мочевина деңгейінің төмендеуі

Қандағы мочевина деңгейінің төмендеуі сирек кездесетін жағдай. Көбінесе ол ақуыздың жоғары ыдырауы езінде байқалады  (интенсивті физикалық жұмыс), ақуызға қажеттілік жоғары болғанда (жүктілік, бала емізу), тағаммен ақуыздың аз мөлшерде түсуі. Ағзада сұйықтық деңгейі жоғарылаған кезде (инфузия) салыстырмалы түрде мочевина деңгейі төмендеуі мүмкін. Бұл жағдайлар физиологиялық деп аталады. Патологиялық мочевина деңгейінің төмендеуі тұқым қуалаушы аурулар кезінде  (мысалы, целиакия), сонымен қоса, бауырдың аса зақымдалуы кезінде (некроз, цирроздың кеш сатысы, ауыр металл тұздарымен улану).

Анализді қалай тапсыру керек?
Мочевина деңгейін аш қарынға, таңертең венадан алынған қаннан тексереді. Анализ тапсырар алдында 6-8 сағат бұрын тамақтану қажет. Қазіргі кезде мочевинаны ферментативті әдіспен анықтайды. Кейбір лабораторияларда  уреазды әдісті қолданады.

Креатинин

Креатинин ақуыздар мен аминқышқылдардың соңғы өнімі және бұлшықет тінінде пайда болады.

Қан сары суындағы креатининнің қалыпты мөлшері
бала27‑62мкмоль/л
бозбала44‑88мкмоль/л
әйел44‑88мкмоль/л
еркек44‑100мкмоль/л

Креатинин деңгейі спортсмендерде басқа адамдарға қарағанда жоғары болады.

Креатинин деңгейінің жоғарылау себептері:
Креатинин деңгейінің жоғарылауы – креатининемия – бүйрек және бұлшықет жүйесінде патологиялық процессты көрсетеді. Креатининемия жедел және созылмалы нефрит (гломерулонефрит, пиелонефрит), нефроз  және нефросклероз, сонымен қоса тиреотоксикоз (қалқанша безі ауруы) немесе  бұлшықет зақымдалуы (жарақат, қысылу) кезінде байқалады. Кейбір дәрілік заттарды пайдалану қандағы креатинин деңгейін жоғарылатады. Ол заттарға жатады – витамин С, резерпин, ибупрофен, цефазолин, сульфаниламид, тетрациклин, сынап қосылысы.
Креатинин деңгейін анықтаудан басқа, бүйрек аурулары кезінде Реберг сынамасын жүргізеді. Бұл сынама бүйректің тазартқыш қызметін бағалауға және бүйрек шумақша фильтрациясын анықтау және реаобсорбция қызметін бағалауға көмектеседі.

Анализді қалай тапсыру керек?
Креатинин деңгейін анықтау үшін қанды венадан аш қарынға және таңертеңгі уақытта алады. Анализ тапсырар алдында тамақты 6-8 сағат бұрын қабылдау қажет. Анализ тапсырар алдында етті тағамдарды шектеген дұрыс. Бүгінгі таңда креатинин деңгейін анықтау ферментативті жолмен жүргізіледі. Бұл әдіс жоғары сезімтал, спецификалық, қарапайым және анық мәлімет береді.

Зәр қышқылы

Зәр қышқылы пуринді заттардың ДНК қосымша заттарының, соңғы өнімі болып табылады.  Пурин бауырда ыдырайды және бауырда түзіледі, ағзадан бүйрек арқылы шығарылады

Қан сары суындағы зәр қышқылының қалыпты көрсеткіштері
балалар0,12‑0,32ммоль/л
ерлер0,24‑0,50ммоль/л
әйелдер0,16‑0,44ммоль/л

Зәр қышқылының жоғарылау себептері

Зәр қышқылының жоғарылауы (гиперурикемия) қалыпты жағдайда сау адамдарда физикалық жүктеме кезінде, ашығу немесе пуринге бай тағамдарды (ет, қызыл вино, шоколад, кофе, малина, фасоль) қолданған кезде байқалады. Жүкті әйелдерде токсикоз кезінде зәр қышқылы деңгейі жоғарылауы мүмкін. Патологиялық түрде зәр қышқылының жоғарылауы подагра туындағанын көрсетеді. Подагра – ауруы кезінде зәр қышқылының жартысы бүйрек арқылы шығарылады, ал қалған бөлігі бүйректе, көз, ішек, жүрек, буын мен теріде кристалл ретінде шөгеді. Подагра тұқым қуалайтын ауру болып табылады. Гиперурикемия қан аурулары кезінде (лейкоз, лимфома, В12-жеткіліксіздік  анемиясы), гепатит және өт жолдары патологиясы, кейбір инфекция (туберкулез, пневмония), қант диабеті, экзема, псориаз, бүйрек аурулары және алқаш адамдарда кездеседі.

Зәр қышқылының төмендеу себептері
Зәр қышқылының төмен деңгейі сирек кездеседі. Сау адамдарда пуринге кедей тағамдарды пайдаланған кезде байқалады. Зәр қышқылының патологиялық төмендеуі тұқым қуалаушы аурулармен жүреді – Вильсон-Коновалов ауруы, Фанкони анемиясы.

Анализді қалай тапсыру керек?
Зәр қышқылын анықтау үшін анализды аш қарынға және таңертең венадан тапсыру қажет. Аса қатты дайындықты қажет етпейді, тек пуринге бай тағамдарды шектен тыс қабылдамау қажет. Зәр қышқылын ферментативті әдіспен анықтайды. Әдіс кең тараған және қарапайым, дәл нәтиже береді.

Қандағы ферменттер

Фермент – ақуызды молекула, ол адам ағзасындағы биохимиялық реакцияны тездетуші. Фермент ұғымына синоним энзим. Қазіргі таңда екі термин де бір мағынада қолданылады. Бірақ ферменттердің құрылымын, қызметін және қасиеттерін зерттейтін ғылым энзимология деп аталады. Фермент екі бөліктен тұрады – ақуызды бөлік және белсенді фермент орталығы. Ақуызды бөлік апофермент, ал белсенді орталық  – кофермент деп аталады. Ферменттің барлық молекуласы голофермент деп аталады. Апофермент үшіншілік құрылымды ақуыздан тұрады, яғни ол аминқышқылдардың сызықтық тарамы күрделі кеңістіктік конфигурацияға айналатынын көрсетеді. Кофермент органикалық (витамин В6, В1, В12, флавин, гем ) немесе бейорганикалық (металл ионы – Cu, Co, Zn) заттардан тұрады.  Биохимиялық реакция кофермент арқылы тездетіледі. Фермент әсер ететін зат субстрат, ал реакция әсерінен пайда болатын зат продукт деп аталады. Ферменттер реакция түріне байланысты бірнеше түрге бөлінеді, мысалы дегидрогеназа қалпына келтіру, гидролаза химиялық байланысты ыдырату (трипсин, пепсин – асқорыту ферменттері). Әр фермент белгілі бір реакцяны ғана тездетеді  және белгілі жағдайда ғана жұмыс жасайды. (температура, орта қышқылдығы). Фермент «өз» субстратымен ғана жұмыс жасайды. Фермент жұмысы: апофермент  субстратты таниды, ал кофермент реакцияны тездетеді. Бұл жұмыс түрі лиганда – рецепторлық немесе құлып – кілт жүйесі бойынша жұмысқа сай болады.

Қан амилазасы

Амилаза ұйқы безімен шығарылады және крахмал мен гликогеннің глюкозаға дейін ыдырауына әсер етеді.  Амилаза – асқорытуға қатысатын ферменттердің бірі.  Амилаза деңгейі ұйқы безінде және сілекей бездерінде жоғары деңгейде кездеседі. Амилазаның бірнеше түрлері бар  α-амилаза, β-амилаза, γ-амилаза, жиі кездесетін түрі α-амилаза.  Адам қанында α-амилазаның  2 түрі кездеседі – Р-тип және S-тип. Зәрде  65% Р-типті α-амилаза, ал қанда  60% S-типті амилаза кездеседі. Зәрдегі Р-типті α-амилазаны биохимиялық зерттеулерде диастаза деп атайды.  Зәрдегі α-амилазаның белсенділігі қандағы α-амилаза деңгейіне қарағанда 10 есе жоғары. α-амилаза және  диастаза белсенділігін анықтау  панкреатит және кейбір ұйқы безі ауруларының диагностикасы үшін қолданылады.  Созылмалы және жедел панкреатит кезінде α-амилаза белсендігін он екі елі ішек сұйықтығынан анықтайды.

Амилазаның қалыпты көрсеткіштері

Анализ атауы мккатал/лЕд/л (Е/л)
қандағы амилаза белсенділігі16-30 мккатал/л20-100 Ед/л
зәрдегі диастаза (амилаза) белсенділігі28-100 мккатал/лдо 1000 Ед/л

Амилазаның жоғарылауы

α-амилаза белсенділігінің жоғарылауы гиперамилаземия, ал зәрдегі диастаза деңгейінің жоғарылауы – гиперамилазурия деп аталады.

  • жедел панкреатит кезінде, ұстама басталған соң 4 сағаттан кейін, қалпына келуі 2-6 тәулікте (α-амилаза белсенділігінің жоғарылауы 8 рет болуы мүмкін )
  • созылмалы панкреатит қозуы кезінде (бұл кезінде α-амилаза белсенділігі 3-5 есе жоғарылайды)
  • ұйқы безі ісігі мен тастары кезінде
  • жедел вирусты инфекция –свинка
  • алкогольды интоксикация
  • жатырдан тыс жүктілік

 Зәрдегі амилаза деңгейінің жоғарылауы:

  • жедел панкреатит кезінде, диастаза белсенділігі 10-30 рет жоғарылайды
  • созылмалы панкреатит қозуы кезінде, диастаза белсендігі 3-5 рет жоғарылайды
  • бауырдың қабыну аурулары кезінде салыстырмалы диастаза белсендігі 1,5-2 рет жоғарылайды
  • жеделаппендицит
  • холецистит
  • ішек өтімсіздігі
  • алкогольды интоксикация
  • асқазан – ішек жолынан қан кету
  • сульфаниламид препараттары, морфин, зәр айдаушы заттармен және оральды контрацептивтерді қолдану кезінде

Тотальды панкреонекроз, ұйқы безі ісігі және созылмалы панкреатит кезінде  α-амилаза белсенділігі жоғарыламауы да мүмкін.

Амилазаның қанда және зәрде төмендеуі

Ағзаның кейбір жағдайларында α-амилаза белсенділігі төмендеуі мүмкін. Зәрдегі төменгі дәрежелі диастаза – муковисцидоз кезінде байқалуы мүмкін. Қанда α-амилаза белсендігінің төмендеуі жедел панкреатит ұстамасы кезінде, панкреонекроз, муковисцидоз кезінде байқалады. α-амилаза бүйректе, бауырда және ұйқы безінде болғанмен, оның белсенділігін анықтау ұйқы безі ауруларын диагностикалау үшін қолданылады.

Анализді қалай тапсыру керек?

Амилаза белсендігін анықтау үшін қан венадан аш қарынға және таңертең алынады немесе таңғы зәрдің орташа порциясы алынады. Анализ тапсырар алдында майлы және ащы тағамдарды пайдаланбаған жөн. Панкреатиттің жедел ұстамасы кезінде қан венадан және зәр тәулік уақыттына байланыссыз алынады. Қазіргі кезде көптеген лабораторияларда амилаза белсендігін анықтау ферментативті әдіспен жүргізіледі.  Бұл әдіс анық, жоғары спецификалық және уақыт жағынан тез.

Липаза

Липаза – ас қорыту ферменттерінің бірі, ол майларды ыдыратуға қатысады. Бұл фермент жұмысы үшін өт қышқылдары және кофермент қажет, оны колипаза деп атайды. Липаза адамның әртүрлі мүшелері арқылы өндіріледі – ұйқы безі, өкпе, лейкоциттер арқылы. Ұйқы безі арқылы синтезделетін липаза диагностикалық маңызға ие. Сондықтан липазаны анықтау ұйқы безі ауруларын диагностикалау үшін қолданылады. Сау адам зәрінде липаза болмайды! Ұйқы безі ауруларын диагностикалауда амилазаға қарағанда липаза спецификалық болып табылады, себебі липаза белсендігі жатырдан тыс жүктілік кезінде, жедел аппендицит, свинка ауруы және бауыр аурулары кезінде қалыпты болады. Сондықтан панкреатит ауруы кезінде липаза және амилаза белсендігін бір уақытта анықтау қажет. Жедел панкреатит кезінде липаза белсендігі қан сары суында 2 ден 50 ретке дейін жоғарылайды. Жедел алкогольды панкреатитті анықтау үшін липаза және амилаза ара қатынасын анықтайды, егер бұл ара – қатынас екіден жоғары болса, онда бұл панкреатит түрі алкогольді болып табылады. Амилаза белсендігі жедел панкреатит кезінде ұстамадан соң 4- 5 сағаттан соң жоғарылап, шыңы 12-24 сағаттан соң байқалады және 8-12 күн бойы жоғары деңгейде сақталады, ал липаза белсендігі жедел панкреатит кезінде амилазаға қарағанда ертерек жоғарылайды және деңгейі амилазадан да жоғары болады.

Липаза белсендігінің қалыпты көрсеткіштері
қандағы липаза белсенділігі13 – 60Ед/мл

Липаза деңгейінің жоғарылауы:

  • жедел панкреатит
  • ұйқы безі ісіктері
  • холецистит
  • холестаз
  • асқазан жарасының тесілуі
  • зат алмасу аурулары –қант диабеті, подагра, семіздік
  • дәрілік заттар қабылдау (гепарин, наркотикалық жансыздандырғыштар, ұйықтататын дәрілер барбитур қатары, индометацин)
  • жарақат, операция, сынықтар, жедел бүйрек жеткіліксіздігі ( спецификалық емес, сондықтан диагностикада көп қолданылмайды)

Липаза деңгейінің төмендеуі:

  • әртүрлі мүшелерде орналасқан ісіктер (ұйқы безі ісігінен басқа)
  • ұйқы безі алынып тасталған кезде
  • дұрыс емес тамақтану
  • тұқым қуалаушы триглицеридемия

Анализді қалай тапсыру керек?

Липаза белсендігін анықтау үшін қан венадан таңертең, аш қарынға алынады. Кешке анализ тапсырар алдында майлы, ащы, иістендіргіштері бар тағамдарды пайдаланбаған жөн. Шұғыл жағдайларда венадан қан тәулік уақытына баланыссыз және дайындықсыз алынады. Қазіргі кезде липаза белсендігін анықтау үшін иммунохимиялық әдіс немесе ферментативті әдіс қолданылады. Ферментативті әдіс тез және нақты анықтауға көмектеседі.

Лактатдегидрогеназа (ЛДГ)

Лактатдегидрогеназа (ЛДГ) – бұл фермент бүйрек, жүрек, бұлшықет, көкбауыр, ұйқы безі жасушаларының цитоплазмасында болады. ЛДГ коферменті  цинк және никотинамидадениндинуклеотид (НАД) ионынан тұрады. ЛДГ глюкоза алмасуына қатысады, лактаттың (сүт қышқылы)  пируватқа (пировиноград қышқылы) айналуын катализдейді.  Қан сары суында бұл ферменттің 5 изоформасы бар.  ЛДГ1 және ЛДГ2 изоформасы жүректік, яғни тек қана жүректе болады. ЛДГ3, ЛДГ4 және ЛДГ5 – бауырлық түрі.

Қандағы ЛДГ қалыпты көрсеткіштері
ересектер0,8-4 мкмоль/ч*л140-350 Ед/л
нәрестелер2,0-8 мкмоль/ч*л400-700 Ед/л

ЛДГ изоформаларының диагностикалық мағынасы

Әртүрлі аурулар диагностикасы үшін  ЛДГ изоформасының белсендігін анықтау маңызды. Мысалы, миокард инфарктісі кезінде ЛДГ1 біршама жоғарылайды. Инфаркт миокардысының лабораторлы дәлелдеу үшін ЛДГ1/ЛДГ2 ара қатынасы анықталады және бұл ара қатынас бірден жоғары болса, яғни бұл адамда инфаркт миокардісі болған. Бірақ бұл әдіс қымбаттығына байланысты көп қолданылмайды. Жалпы ЛДГ белсендігін анықтау жүргізіледі, ол барлық ЛДГ изоформаларының  қосындысынан тұрады.
ЛДГ белсендігін анықтау миокард инфарктісінің кеш диагностикасы үшін қолданылады, себебі оның белсендігі ұстамадан соң  12-24 сағаттан соң пайда болады және жоғары деңгейде 10-12 тәулік сақталады. Ұстамадан соң түскен науқастарда бұл тексеру маңызды. Егер ЛДГ белсендігі аздап қана жоғарласа, ол ұсақ ошақты инфакрт екенін көрсетеді, керісінше ұзақ уақыт белсендігі жоғарласа кең таралған инфаркт екенін көрсетеді. Стенокардиясы бар науқастарда ЛДГ белсендігі ұстамадан соң алғашқы 2-3 күні жоғарылайды. ЛДГ суммарлы белсендігі жедел гепатит кезінде де жоғарылайды ( ЛДГ4 және ЛДГ5 белсендігі). Бұл кезде ЛДГ белсендігі сарғаю кезеңінің бірінші аптасында жоғарылайды, яғни алғашқы 10 күнде.
Қалыпты жағдайда ЛДГ белсендігі сау адамдарда  (физиологиялық) физикалық жүктемеден соң, жүктілік кезінде және алкоголь қабылдаған соң байқалады. Кофеин, инсулин, аспирин, ацебутолол, цефалоспорин, гепарин, интерферон, пенициллин, сульфаниламид  ЛДГ белсендігінің жоғарылауына әкеледі. Сондықтан бұл дәрілерді қабылдаған кезде ЛДГ белсендігінің жоғарылайтынын ескеру қажет және ол ағзадағы патологиялық процесті көрсетпейді.

Қандағы ЛДГ деңгейінің жоғарылауы:

  • миокард инфарктісі
  • жедел гепатит (вирусты, токсикалық)
  • бауыр циррозы
  • әртүрлі ағзада орналасқан ісіктер (тератома, аналық без дисгерминомасы)
  • бұлшықет жарақаты (жыртылу, сыну)
  • жедел панкреатит
  • бүйрек патологиясы (пиелонефрит, гломерулонефрит)
  • гемолитикалықанемия, В12-жеткіліксіз және фолий жеткіліксіз анемии
  • лейкоз

ЛДГ деңгейінің төмендеуі:

  • уремия кезінде (мочевина концентрациясының жоғарылауы).

Анализді қалай тапсыру керек?

ЛДГ деңгейін анықтау үшін қан венадан ашқарынға және таңертең алынады. Арнайы диета немесе белгілі шектеу қойылмайды. ЛДГ эритроциттерде болады, сондықтан қан сары суы гемолиз іздерінсіз болуы қажет. Қазіргі кезде ЛДГ белсендігін ферментативті әдіспен анықтайды, ол дәл, спецификалық және тез.

Аланинаминотрансфераза (АЛТ, АлАТ)

Аланинаминотрансфераза (АЛТ, АлАТ) – аминотрансфераза (трансаминаза) қатарындағы фермент, яғни аминқышқылдарын бір биологиялық молекуладан екіншісіне жеткізеді.  Бұл фермент аланин аминқышқылын таратады. АСТ коферменты витамин В6 болып табылады. АЛТ жасушаларда синтезделеді, сондықтан қалыпты жағдайда қанда оның белсендігі жоғары емес. Бауыр жасушаларында синтезделеді, бірақ бүйрек, жүрек, бұлшықет, ұйқы безі жасушаларында болады. АЛТ белсендігінің сау адамдарда (физиологиялық) жоғарылауы кейбір дәрілік препараттарды қабылдаумен (барбитурат,наркотик, ісікке қарсы препараттар, оральды контрацептивтер, стероидты емес қабынуға қарсы препараттар, дикумарин, эхинацея, валериана, антибиотиктер), қатты физикалық жүктемелермен, жарақатпен байланысты болады. Сонымен қоса жасөспірімдерде АЛТ белсендігі интенсивті өсумен байланысты жоғарылайды. Ағзаның патологиялық жағдайларында АЛТ белсендігі бауырдың жедел аурулары кезінде жоғарылайды. Ауру симптомдары пайда болғанға дейін 1- 4 апта бұрын АЛТ деңгейі жоғарылайды және  7-10 күн билирубин деңгейі жоғарылағанға дейін пайда болады.  Бауырдың жедел аурулары кезінде АЛТ белсендігі  5-10 рет жоғарылайды. АЛТ деңгейінің ұзақ уақыт бойы жоғарылауы немесе аурудың кеш сатысында жоғарылауы бауырдың массивті некрозын көрсетеді.

 АЛТ/АлАт қалыпты көрсеткіштері
ерлер үшін 40 дейінЕд/л
әйелдер үшін32 дейінЕд/л

АлАТ (АлАТ) деңгейінің жоғарылауы:

  • жедел гепатит
  • цирроз
  • механикалық сарғаю
  • гепатотоксикалық препараттарды енгізу (мысалы, антибиотик)
  • ірі ісіктің ыдырауы
  • бауыр ісігі немесе бауырға тараған метастаз
  • күйік ауруы
  • ірі миокард инфарктісі
  • бұлшықеттің траматикалық жарақаты
  • мононуклеоз, алкоголизм, стеатоз(гепатоз), жүрек операциясынан соң шамалы жоғарылау байқалады

АЛТ деңгейінің төмендеуі:

  • бауырдың ауыр асқынулары кезінде (ауыр формалы цирроз, бауыр некрозы)
  • витамин В6 жеткіліксіздігі

Анализді қалай тапсыру керек?

АЛТ белсендігін анықтау үшін анализ ашқарынға венадан таңертең алынады және арнайы диетаны қажет етпейді. Бірақ дәрігермен ақылдасып, АЛТ белсендігіне әсер ететін кейбір дәрілерді қабылдамай тұра тұру қажет. АЛТ белсендігін ферментативті жолмен анықтайды, ол спецификалық, қарапайым, аса дайындықты қажет етпейді.

Аспартатаминотрансфераза (АСТ, АсАТ)

Аспартатаминотрансфераза (АСТ, АсАТ) – трансаминаза тобындағы фермент, аспартат аминқышқылын бір биологиялық молекуладан екіншісіне таратады. АСТ коферменты В6 витамины. АСТ жасуша ішілік фермент, яғни қалыпты жағдайда жасушада орналасады. Жасушада фермент цитоплазма және митохондрияда орналасады.  АСТ белсендігі жүректе, бауырда, бұлшықеттерде және бүйректе кездеседі. Қанда көбінесе АСТ цитоплазматикалық фракциясы кездеседі. АСТ деңгейінің сау адамдарда физиологиялық жоғарылауы аса бұлшықеттік жүктеме кезінде, кейбір дәрілік заттарды қабылдаған кезде, мысалы, эхинацея, валериана, алкоголь, витамин А үлкен дозада, парацетамол, барбитурат, антибиотик байқалады. АСТ белсендігі қан сары суында  миокард инфарктісі кезінде 4-5 рет жоғарылайды және сол қалпында 5 күн бойы сақталады. Егер АСТ белсендігі ұстамадан соң жоғары деңгейде 5 күндей сақталса инфаркт миокарды бар науқасқа болжамы жаман. Егер сонымен қоса қандағы фермент белсендігі жоғарыласа инфаркт зонасының кеңеюін көрсетеді.

Де Ритис  коэффициенті. Инфарктты бауыр зақымдалуынан қалай айыру қажет

Бауыр зақымдалуы мен жүрек зақымдалуының арасында дифференциальды диагностика үшін  де Ритис  коэффициенті қолданылады. Коэффициент де Ритиса – ол  АСТ/АЛТ ара қатынасы, ол қалыпты жағдайда 1,3. Де Ритис коэффициентінің  1,3- тен жоғары болуы  миокард инфарктісі үшін,  ал 1,3-тен төмендеуі – бауыр ауруларында байқалады.

АСТ/АсАт қалыпты көрсеткіштері
Ерлер үшін15-31Ед/л
Әйелдер үшін20-40Ед/л

Аспартатаминотрансфераза (АСТ, АсАТ) деңгейінің жоғарылауы:

  • гепатит
  • бауыр некрозы
  • цирроз
  • алкоголизм
  • бауыр ісігі немесе бауырға метастаз
  • миокард инфарктісі
  • бұлшықет жүйесінің тұқым қуалаушы және аутоиммунды аурулары (Дюшен миодистрофиясы)
  • мононуклеоз
  • гепатоз
  • холестаз
  • күйік, ыстық соғу, улы саңырауқұлақтармен улану

Аспартатаминотрансфераза (АСТ, АсАТ) деңгейінің төмендеуі:

  • В6 витаминінің төмендеуі
  • Бауырдың ауқымды зақымдалуы (некроз, цирроз).

Сілтілі фосфатаза (СФ)

 Сілтілі фосфатаза (СФ) –мембранды фермент, ол өт каналшаларының қуысында орналасқан. СФ ішектік, плацентарлы және бейспецификалық (бауыр, бүйрек, сүйек тіндерінде) болады.  Бұл фермент фосфор алмасуында басты қызмет атқарады. Сілтілі фосфатаза деңгейі сау адамдарда (физиологиялық жоғарылауы) С витаминін артық қолдану,тағам құрамында кальций және фосфор жеткіліксіздігі, оральды контрацептивтерді қолдану, гормональды препараттар эстроген және  прогестерон, антибиотик, сульфаниламид, магнезии, омепразол, ранитидин және тағы басқа заттарды қолданудан болады. Сілтілі фосфатаза деңгейін анықтау бауыр аурулары диагностикасында қолданылады. Обтурациялық сарғаю кезінде сілтілі фосфатаза деңгейі қалыптыдан 10 есе жоғарылайды. Бұл көрсеткішті анықтау осы сарғаю түрін анықтауда маңызды. Сілтілі фосфатаза деңгейінің жоғарылауы гепатит, холангит, асқазан жарасы, тиреотоксикоз кезінде болады. Сілтілі фосфатаза остеосинтездің маркерлі ферменті болып табылады, сүйек аурулары кезінде немесе сүйекке ісік метастаздары кезінде және сынықтар жазылған кезде жоғарылайды.

Сілтілі фосфатаза (СФ)
ересектер30-90Ед/л
жасөспірімдердо 400Ед/л
жүктілердо 250Ед/л

Сілтілі фосфатаза (СФ) деңгейінің жоғарылауы:

  • обтурациялық сарғаю
  • сүйек ісіктері немесе сүйекке таралған метастаздар
  • гипертиреоз
  • қан аурулары (миеломды ауру, лимфогранулематоз, мононуклеоз)
  • рахит
  • бауырдың деструктивті аурулары (цирроз, рак, туберкулез)
  • ақ инфаркт (бүйрек, өкпе)
  • амилоидоз

Сілтілі фосфатаза (СФ) деңгейінің төмендеуі:

  • цинк, магний, В12 витамин немесе С (цинга) витаминінің жеткіліксіздігі
  • анемия
  • жүкітілік кезінде қағанақтың түзілуінің жеткіліксіздігі
  • гипертиреоз
  • бой мен сүйек дамуының жеткіліксіздігі

Анализді қалай тапсыру керек?

Сілтілі фосфотаза белсендігін анықтау үшін қан венадан алынады, таңертең және аш қарынға. Арнайы диета сақтаудың қажеті жоқ. Сілтілі фосфатаза деңгейіне әсер ететін дәрілерді қолдану жайлы дәрігермен алдын ала ақылдасу қажет. Заманауи зертханаларда фермент белсендігі ферментативті реакция жылдамдығына байланысты есептеледі. Бұл әдіс жоғары спецификалық, қарапайым және уақыт жағынан ұзақ уақыт алмайды.

Сонымен, біз басты ферменттерді қарастырып өттік. Диагнозды тек лабораторлы көрсеткіштерге қарап қоймайтындығын ескеру қажет, ауру анамнезін, клиника және басқа зерттеу нәтижелеріне мән беру қажет. Сондықтан осы көрсетілген мәліметтерді консультация үшін қолданған дұрыс және қалыпты жағдайдан ауытқыған болса дәрігерге қаралу қажет.

Ұқсас материалдарды қарай кетіңіз:

  1. Жалпы қан анализі
  2. Жалпы қан анализі мен жалпы зәр анализіне дайындық ережелері.
  3. Жалпы зәр анализі. Қалыпты көрсеткіші

 

Добавить комментарий

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!