12 жұп бассүйек ми нервтері

Бассүйек 12 жұп нерві

Бассүйек нервтері, nn.сranialis (encephalici) 12 жұп:

  1. I-nn.olfaktorii
  2. II-n.opticus
  3. III-n.oculomotoros
  4. IV-n.trochlearis
  5. V-n.trigeminus
  6. VI-n.abducens
  7. VII-n.facialis
  8. VIII-n.vestibulocochlearis
  9. IX-n.glossopharyngeus
  10. X-n.vagus
  11. XI-n.accessorius
  12. XII-n.hypoglossus

Бассүйек нервтерінің жұлын нервтерінен ерекшеліктері бар. Бұл негізінен ми мен бастың жұлын мен тұлғаға қарағандағы басқаша даму жағдайларына байланысты.
Бассүйек нервтері де, жұлын нервтеріндегідей, сұр зат ядролары болады: сомалық сезімтал, сомалық-қозғалыс және вегатативті. Вегатативті ядроларын висцералды-сезімтал және висцералды-қозғалыс ядролар деп бөлуге болады

Бассүйек нервтерінің 12 жұбының VII нев сомалық-сезімтал, ал III, IV, VI, XI, XII нервтер сомалық-қозғалыс нервтері болып саналады. Қалғандары (V, VII, IX, X) аралас нервтер.

Бассүйек нервтерінде де жұлын нервтеріндегідей сұр зат ядролары болады: сомалық-сезімтал, сомалық-қозғалыс және вегетативті. Вегетативті ядролырын вицералды-сезәмтал және вицералды-қозғалыс ядролары біріңғай салалы, бұлшықетті ғана емеc, вицералды текті қаңқа бұлшықеттерін де нервтендіреді.

Жұлын нервтерінің бірігуінен пайда болған нервтер

Бұл топқа бір нерв-n.hypoglossus жатады.

Тіласты нерві (XII)-n.hypoglossus, жануарларда дербес болып тіласты бұлшықетін нервтендіретін 3-4 жұмыс сегменттік нервтерінің қосылып-бірігуінен пайда болады. Одан тіл бұлшықеттерінің оқшаулануына сәйкес бұл нервтер күрделі омыртқалылар мен адамда біріге-қосылып, жұлын нервтерінен бассүйек нервтеріне ауыспалы тип ретінде түзіледі.

Бұлшықетті болып табылатын тіласты нервісінің тіл бұлшықеттеріне баратын эфферентті және осы бұлшықеттер рецепторларынан шығатын афферентті талшықтар бар.

Бұлшықетті болып табылатын тіласты нервісінің тіл бұлшықеттеріне баратын эфферентті және талшықтар бар. Онда сондай-ақ жоғарғы мойын симпатикалық түйінінен шығаратын симпатикалық талшықтар да өтеді.

Тілсаты нервісінің доғасы орналасқанда Пирогов үшбұрышының ауданы үлкен,керісінше болады. M.hypoglossus-тың алдыңғы жиегінде тіласты нерві тіл етіне енетін соңғы тармақтарға ыдырайды

Желбезек доғалы нервтер

  • Бұл топқа жұлын нервтері артқы түбіршіктерінің гомологтары ретінде мидан тысқары жатқан, жалған униполюсті жасушалары бар нерв түйіндерімен жабдықталған V, VII, IX және X бассүйек нервтері жатады. Бұл нервтер артқы мимен байланысты дамиды. Оларда сезімтал талшықтармен қатар желбезек аппараты бұлшықетін невтендіретін қозғалыс талшықтары да болады.
  • Бұл топқа X нервтің бөліндісі болып табылатын  XI жұп-n.accessorius және VIII жұп-n.vestibulocochlearis сипатталады. Соңғы нерв дамуы барысында бет нервінен оқшауланып шыққан афферентті нерв болып саналады. Сондықтан ол желбезек доғалаы нервтеріне жатпаса да, VII жұптан кейін баяндалады.

Үшкіл нерв (V)

Үшкіл жүйке (тройничный нерв); ( n.trigeminus лат. nn — жүйке, trigeminus— үшкіл) — мидан шығатын ең ірі аралас жүйке (В-жұп). Ми көпірінен сезімтал және қозғалтқыш түбіршіктер: көздік, жоғарғыжақ және төменгіжақ жүйкелер болып шығып, қосылып бір жүйке бағанын түзеді. Көздік жүйке — көздік аумағын, мұрынның иіс сезу бөлігінің кілегейлі қабығын, маңдай, самай, қабақ терілерін жүйкелендіретін сезімтал жүйке. Оның құрамында көзжасы безінің қызметін реттейтін парасимпатикалық жүйке талшықтары болады. Жоғарғыжақ жүйкесі бастың жоғарыжақ аумағын, мұрын қуысының, тандайдың, жоғарғы еріннің кілегейлі қабықтарын жүйкелендіретін сезімтал жүйке. Төменгіжақ жүйкесі — самай және төменгіжақ аумағына сезімтал, шайнау бұлшық еттеріне қозғалтқыш жүйке талшықтарын беретін аралас жүйке.

Нерв тармақтарының құрамында,сонымен қатар бет қуыстары аймағында жататын бездерге баратын секрециялық талшықтар өтеді.

Үшкіл нерв аралас болғнадықтан, оның төрт ядросы болады, олардың екі сезімтал және бір қозғалыс ядросы артқы мида, бір сезімтал ядро ортаңғы мида жайғасқан. Қозғалыс ядросында, nucleus motorius жайғасқан жасушалардың өсінділері,нервтің қозғалыс түбіршегін, radix motoria, түзе, көпірден оны мишықтың ортаңғы аяқшасынан бөлетін linia trigeminofacialis деп аталатын V және VII нервтердің мидан шығатын жерлерін қосатын сызықтан шығады.

Бет нерві (VII)

  • facialis, бет нерві-аралас нерв. Екінші желбезек доғасы нерв ретінде одан дамыған бұлшықеттерді барлық мимикалық және тіласты бұлшықеттерінің тіл бөлігін нервтендіреді және оның құрамында қозғалыс ядросының осы бұлшықеттерге баратын эфферентті талшықтары мен сол бұлшықетердің рецепторлрынан шығатын афферентті талшықтары болады. Сондай-ақ онық құрамында аралық, n.intermedus, нервке жататын дәм сезу және секреттік талшықтары бар.
  • Құраушы бөліктеріне сәйкес бет нерві көпірде жайғасқан үш ядросы бар: қозғалыс-nucleus motorius nervi facialis, сезімтал ядросы-nucleus solitarius  және секретті ядросы-nucleus solitarius. Соңғы екі ядросы nervus intermedius-ке жатады.
  • Бет нерві көпірдің артқы жиегінің бүйір жағында кіреберіс-ұлу нервімен қатарласа, lenea trogeminofacialis-тен шығады. Соданкейін соңғы нервпен бірге ішкі есту тесігіне өтіп, без қзегіне сanalis facialis енеді. Нерв өзекте алдымен горизонталды жазықтықта дабыл қуысының ішкі қабырғасының жоғарғы бөлігінде өтеді. Дабыл қуысының артқа қабырғасында нерв қайтадан иіліп, тік төмен түсіп, foramen stylomastoideum атқылы бассүйекте шығады. Нервтің артқа қарай бұрылатын жерінде бұрыш түзіледі.

Кіреберіс-ұлу нерві (VIII)

  • vestibulocochlearis, кіреберіс-ұлу нерві бет нервінен бөлініп шыққан афферентті нерв, есту және тепе-теңдік мүшесінен келетін сомалық-сезімтал талшықтары бар. Ол екі pars vestibularis және pars cochlearis бөліктерінен тұрады. Олардың қызметі әр түрлі: кіреберіс бөлігі ішкі құлақ лабириттің кіреберісі мен жартылай шеңберлі түтіктерде жайғасқан статикалық аппаратардың импульстарды өткізеді де, ал ұлу дыбыс тітіркенулерін қабылдайтын иірімді мүшеден есту импульстарын өткізеді.

Тіл-жұтқыншақ нерві (IX)

Үшінші желбезек доғасы нерві даму үрдісінде нервтердің X жұбынан бөлінген. Онда үш текті талшықтар  болады.

  1. Жұтқыншақ, дабыл қуысы, тілдің шырышты қабаты, бадамшалар және таңдай доғалықтары рецепторларынан шығатын афферентті талшықтар:
  2. Жұтқыншақ бұлшықеттерінің біреуін-m.styloparyngeus енрвтендіретін эфферентті талшықтар
  3. Glandula parotis үшін эфферентті парасимпатикалық талшықтар.

Құрам бөліктерін сәйкес оның үш ядросы болады: nucleus solitaries, оған афферентті түйін-ganglia superius er inferius-тердің жасушаларының орталық өсінділері келеді. Вегетатиті парасимпатикалық ядро-төменгі сілекей бөлетін ядро-торлы құрылымынлда кезбе нервпен ортақ үшінші қозғалыс ядросының-nucleus ambiguous пен жанында шашыраған жасушалардан тұрады. Тіл-жұтқынша нерві түбіршіктері арқылы оливияның артында,кезбе нервтің үстінде сопақша мидан шығып, соңғы нервен бірге мойындырық тесігі арқылы бассүйектен шығады.

Кезбе нерв (X)

vagus, кезбе нерв-төртінші және одан кейінгі келесі желбезек доғаларынан дамыған кең  таралағандықтан осылай деп аталады. Бұл бассүйек нервтерінің ішіндегі ең ұзыны. Кезбе нерв тармақтары арқылы тынысалу ағзаларын, асқорыту жолының едәуір бөлігін сигматәрізді ток ішекке дейін нервтендіреді, сондай-ақ ол жүрекке оның соғуын баяулататын тармақтар береді.

N.vagus құрамында үш түрлі талшықтар бар:

  1. Аталған ішкі ағзалар мен тамырлардың рецепторларынан, сондай-ақ мидың қатты қабығының кейбір бөлігін және құлақ қалқанын қоса сыртқы есту жолынан сезімтал ядроға nucleus solitaries-ке келетін афферентті талшықтар
  2. Жұтқыншақ, жұмсақ таңдай мен көмейдің еріткі бұлшықеттеріне баратын эфферентті талшықтар және осы бұлшықеттер рецепторыларынан шығатын талшықтар. Бұл бұлшықеттер талшықтарды қозғалыс ядросынан nucleus ambiguus-тен алады.
  3. Вегетативті ядродан, nucleus dorsalis n.vagi-ден шығатын эфферентті талшықтар. Олар жүрек миокардына және тамырлардың бұлшықет қабықшасына келеді. Сонымен қатар кезбе нервтің жүрек тармақтарына n.depressor енеді, ол  жүректің бастапқы бөлігі үшін сезімтал нерв және қан қысымын рефлекстік жолмен реттеуді басқарады.

Кезбе нервтің парасимпатикалқ бөлігі өте үлкен, сондықтан ол негізінен вегетативті организмнің өмірлік қызметтері үшін маңызды нерв болып есептеледі. Кезбе нервтің негізгі үш ядросымен байланысты талшықтардың барлық түрлері сопақша мидан, оның sulcus lateralis posterior-ынан, тіл-жұтқыншақ нервінен төмендеу, 10-15 түбіршек түрінде шығып, жуан сабау түзеді. Ол тіл-жұтқыншақ және қосалқы нервтермен бірге foramen jufulare арқылы бассүйектен шығады.

Қосымша нерв (XI)

Қосымша нерв соңғы жебезек доғаларынан дамиды; эфферентті талшықтары және сопақша ми мен жұлында жайғасқан екі қозғалыс ядросы бар. Ядроларына сәйкес оның ми және жұлындық бөліктерін ажыратады. Ми бөлігі сопақша мидың, кезбе нервтің төменгі жағында шығады. Қосымша нерв жұлындық бөлігі алдыңғы және артқы түбіршіктері арасында және жоғарғы үш мойын нервтерінің алдыңғы түбіршіктерінен құралып, нерв сабаушасы түрінде жоғары көтеріліп, ми бөліміне қосылады. Қосымша нерв кезбе нервтің бөлініп шыққан тармағы болғандықтан, ол онымен бірге бассүйек қуысынан мойындырық тесігі арқылы шығып m.trapezius пен одан бөлінген m.sternocleidomastoideus екеуін нервтендіреді.

12 жұп бассүйек ми нервтері
12 жұп нервтер

Бас миотомдарымен байланысты дамитын нервтер

Бұл топқа жұлын нервтерінің алдыңғы түбіршектеріне сәйкес келетін,ортаңғы мидан шығатын ядолары сонда жайғасқан, бассүйек-ми нервтерінің III, IV, VI жұптары жатады. VI жұпты ядросы іштегі даму кезінде екінші ортаңғы мидан ромбтәрізді шұңқырға ығысқан. Бұл нервтер бас миотомдарының қозғалыс түбіршіктері болып табылады. Сондықтан олар осы миотомдардар өсіп-дамыған көз алмасы бұлшықеттерін нервтендіреді.

Көз қозғалтқыш нерв (III)

N.oculomotoros, көз қозғалтқыш  нерв-дамуы жағынан бірінші құлақалды миотомының қозғалыс түбіршегі, бұлшықеттік нерв болып табылады. Оның құрамында:

  1. Соммалық-қозғалыс ядросынан көз алмасының сыртқы бұлшықеттеріне баратын эфферентті талшықтар.
  2. Ішкі көз бұлшықеттеріне, қосымша ядросынан шығыпп баратын парасимпатикалық талшықтар .

Шығыршық нерв (IV)

N. trohlearis шығыршық нерв даму жағынан екінші құлақалды миотомының қозғалыс түбіршігі, бұлшықеттік нерв болып табылады. Оның жалғасы сомалық-қозғалыс ядроларынан көздің қиғаш бұлшықетіне баратын эфферентті талшықтар бар. Жоғары ми желкенінің дорсалды жағынан шығып, ми аяқшасын латералды жағынан, fissura orbitalis superior арқылы көзұясына кіріп m.obliquus superior-да аяқталады

Әкететін нерв (VI)

  • abducens, әкететін нерв, үшінші құлақалды миотомының қозғалыс түбіршігі, бұлшықеттік нерв болып табылады. Оның көпірде орналасқан сомалық-қозғалыс ядросынан шығып, көздің латералды тік бұлшықетіне баратын эфферентті талшықтары болады. Көпірдің артқы жиегінде мидан шығып fissura ornitalis superpor арқылы көзұясына өтіп, m.rectus lateralis-ке енеді.
  • Сыртқы көз бұлшықеттеріне арналған III, IV және VI нервтердің эфферентті талшықтарын сәйкесс келетін афферентті талшықтар V нервтің, n.ophthalicus, құрамын өтеді.
  • Көптеген авторлар көз алмасының барлық үш қозғалыс нервтерінде афферентті талшықтар бар деп есептейді

Иіс сезу нервтері (I)

Иіс сезу нервтер, иіс сезу рецепторымен байланысты пайда болған иіс сезі миынан дамиды. Оларға химиялық тітіркенулерді қабылдаушы ағзалардан шығатын висцералды-сезімтал талшықтар болады. Бұл нервтер алдыңғы ми өсінділері болғандықтан оларда болмайды да, мұрын қуысының шырышты қабығының regio olfactoria аймағыда жайғасқан иіс сезу жасушаларының орталық өсінділерінен құралған саны 15-20, жіңішке нерв жіптерінің, fila olfactoria, жиынтығы болып табылады.

Көру нерві (ІІ)

Эмбриогенез үрдісінде көз бокалының аяқшасы ретінде аралық мидан өсіп шығады, филогенез үрдісінде жарық рецепторымен байланысты пайда болатын ортаңғы мимен байланысқан, оның мидың осы бөлімдерімен тығыз байланысты осымен түсіндіріледі. Ол жарық тітіркендірудерін өткізетін сомалы-сезімтал талшықтардан тұрады. Ми туындысы реінде онда түйін болмайды, ал оның құрамын енетін афферентті талшықтар көздің торлы қабығының көп полюсті нерв жасушалар нейриттерінің жалғасын құрайды.

Қорытынды. Бассүйек нервтерінде де, жұлын нервтеріндегідей, сұр зат ядролары болады: сомалық-сезімтал, сомалық-қозғалыс және вегетативті. Вегетативті ядроларын вицералды-сезімтал және вицералды-қозғалыс ядролары деп бөлуге болады. Олардың вицералды-қозғалыс ядролары біріңғай салалы бұлшықетті ғана емес, вицералды текті қаңқа бұлшықеттерін де нервтендіреді. Көлденең жолақты бұлшықеттері сомалық бұлшықеттер белгілеріне ие болғанын ескеріп шығу тегіне қарамастан, осындай бұлшықеттерге қатысы бар бассүйек нервтерінің ядроларын сомалық қозғалыс ядролары деп белгілеген дұрыс.

Добавить комментарий

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!