Тромбо АСС
Әсер ететін зат: Ацетилсалицил қышқылы (Acetylsalicylic acid)
АТХ
B01AC06 Ацетилсалицил қышқылы
Фармакологиялық тобы. Антиагрегант
Құрамы және шығарылу формасы
Пленкалық қаптамамен қапталған таблетка, ішекте еритін | 1 табл. |
Ацетилсалицил қышқылы | 50 мг |
100 мг | |
Қосымша заттары: лактоза; МКЦ; кремний диоксид коллоидты, крахмал; тальк; триацетин; силиконды антикөбіктенетін агент SE2; метакрил қышқылы және этакрилат сополимер (Эудражит L30D) |
блистерде 10 шт.; қаптамада 3 блистер.
Сипаттамасы. Ақ, домалақ, екі жағы дөңес таблетка; таблетка беті тегіс, жылтыр.
Фармакологиялық әсері Антиагрегациялық.
Фармакодинамика. Тромбоксан A2 синтезін төмендетеді, нәтижесінде тромбоцит агрегациясы төмендейді.
Фармакокинетика. Препаратты ішке қабылдаған соң ацетилсалицил қышқылы жіңішке ішектің жоғарғы бөлігінде сіңіріледі. Қан плазмасында Cmax орташа 3 сағаттан соң жетеді. Ацетилсалицил қышқылы бауырда жартылай метоболизмге ұшырайды. Өзгермеген түрінде бүйрек арқылы шығарылады және метоболит ретінде: ацетилсалицил қышқылы үшін T1/2 15 минутты құрайды, ал метаболит үшін — 3 сағатты.
Тромбо АСС® препаратына көрсеткіштер:
- Қауіп факторлары болған кезде жедел инфаркт миокардының профилактикасы (мысалы қант диабеті, гиперлипидемия, артериальды гипертензия, семіздік, шылым шегу, қарт жас) және инфаркт миокардының қайталануы;
- Стабильды емес стенокардия;
- Инсульт профилактикасы (милық қан айналым бұзылысы бар науқастар)
- Тамырларға операция және инвазивті әсерден кейінгі тромбоэмболия профилактикасы (мысалы аортокоронарлы шунттау, ұйқы артериясына эндартерэктомия, артериовенозды шунттау, ұйқы артерияларының ангиопластикасы);
- Терең веналардың тромбозының және өкпе вена тромбоэмболиясының профилактикасы (мысалы үлкен хирургиялық операциядан кейінгі ұзақ иммобилизация).
Қарсы көрсеткіш
- Жоғары сезімталдық;
- АІЖ эрозивті – жаралық асқынулары, асқазан – ішектік қан кету;
- Бронхиальды астма, бронхиальды астмамен бірге рецидивті мұрын полинозы және ацетилсалицил қышқылын көтере алмаушылық;
- Геморрагиялық диатез;
- Метотрексатпен бірге қолдану, дозасы 15 мг аптасына;
- Жүктілік (I және III триместр) және лактация кезеңі;
- 18 жасқа дейінгі адамдар.
Келесі жағдайда абайлап пайдалану қажет:
- Подагра;
- Гиперурикемия;
- АІЖ жара ауруы және қан кетулер болса;
- Бүйрек және бауыр жеткіліксіздігі;
- Бронхиальды астма;
- Тыныс жолдарының созылмалы аурулары;
- Мұрын полинозы;
- Басқа препарттарға аллергиялық реакция;
- Жүктіліктің II триместрінде;
- Метотрексатпен бірге қолданған кезде аптасына 15 мг дозада.
Жүктілік және лактация кезінде қолдану
Жүктілік. Жүктіліктің I триместрінде үлкен дозада қабылдау ұрықтың даму ақауларына әкеледі. II триместрде тек қауіп пен пайданы бағалай отырып тағайындауға болады. III триместрде тағайындау қарсы көрсетілген.
Лактация. Салицилат және оның метоболиттері үлкен көлемде ана сүтіне өтеді. Салициттарды кездейсоқ қабылдау балада жағымыз әсер туындатпайды. Бірақ препаратты үлкен дозада ұзақ уақыт қабылдау кезінде бала емізуді тоқтатқан дұрыс.
Жағымсыз әсері
- Толықтай жақсы әсер етеді, кей кезде жағымсыз әсер болуы ықтимал:
- Аллергиялық реакция: Квинке ісігі.
- Асқазан – ішек жүйесі жағынан: жүрек айну, кекіру, құсу, іштің ауруы, асқазан шырышты қабатының жарасы, асқазан – ішектік қан кету,бауыр ферменттерінің жоғарылауы.
- Тыныс жүйесі жағынан: бронхоспазм.
- Иммунды жүйе жағынан: анафилактикалық реакция.
- Қан жүйесі жағынан: анемия (сирек), қан кету.
- Орталық жүйке жүйесі бойынша: бас айналу, құлақтағы шу.
Басқа дәрілермен әсерлесуі. Келесідей дәрілермен бірге қолданған кезде ацетилсалицил қышқылы олардың әсерін күшейтеді:
- метотрексат (бүйректік клиренсты төмендету арқылы және оларды ақуызбен байланысуын үзу арқылы);
- гепарин және тікелей емес антикоагулянттар (тромбоцит қызметінің бұзылысы арқылы және тікелей емес антикоагулянтты ақуызбен байланысын үзу арқылы);
- тромболитикалық және антитромбоцитарлы заттар (тиклопидин);
- дигоксин (бүйректік экскрецияны төмендету арқылы);
- гипогликемиялық заттар (инсулин және сульфонилмочевина туындылары);
Ацетилсалицил қышқылы урикозуриялық заттардың әсерін төмендетеді (бензбромарон)
Қолдану тәсілдері мен дозалары. Ішке, шайнамай, тамақ алдында, қажетті көлемде сумен бірге.Тағайындалатын доза— 50–100 мг 1 рет күніне. Тромбо АСС® ұзақ уақытқа қолдануға арналған. Ем ұзақтығы дәрігер тағайындауы бойынша.
Артқық қабылдаған кезде
- Аз байқалатын симптомдар: жүрек айну, құсу, құлақ шуылдауы, бас айналу, есінің бұлыңғырлануы, жалпы әлсіздік.
- Емі: құсу, активтелген көмірді және іш өткізгіш заттарды пайдалану, сілтілік ем жүргізу.
Сақтау шарттары. Құрғақ, күн көзінен тыс жерде, 25 °C аспайтын температурада. Бала қолы жетпейтін жерде сақталу қажет.