Флуконазол препараты

Флуконазол дәрілік препараты

Саудалық атауы: Флуконазол

Халықаралық патенттелмеген атауы: Флуконазол

Дәрілік түрі: 50 мг және 150 мг капсулалар

Құрамы

Бір капсуланың құрамында

  • белсенді зат: 50 мг және 150 мг флуконазол бар,
  • қосымша заттар: лактоза моногидраты, магний стеараты,
  • натрий лаурилсульфаты, повидон, картоп крахмалы,
  • капсула құрамы: желатин, глицерин, натрий лаурилсульфаты,
  • титанның қос тотығы Е171, тазартылған су.

Сипаттамасы

  • Ұштары жартылай сфера түріндегі цилиндр пішінді, ақ түсті №1 желатинді қатты капсулалар.
  • Капсула ішіндегісі – ақ немесе сарғыш реңді ақ түсті түйіршік пен ұнтақ қоспасы.

Фармакотерапиялық тобы

  • Зеңдерге қарсы жүйелі пайдалануға арналған препараттар.Триазол туындылары. Флуконазол.
  • АТХ коды 302АС01

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы. Ішке қабылдағаннан кейін жақсы сіңеді. Тамақтану флуконазолдың сіңуіне әсер етпейді. Препараттың биожетімділігі 90% -дан асады. Қан плазмасы ақуыздарымен байланысуы – 11- 12%. Қан плазмасындағы концентрациясы дозаға тікелей тәуелді. Тепе – тең концентрациясына қабылдаудың 4-5- ші тәулігіне қарай жетеді ( препаратты тәулігіне 1 рет қабылдағанда). Препаратты ішке қабылдағаннан кейін қан плазмасындағы концентрация ең жоғарғы мәніне 0,5 – 1.5 сағаттан кейін жетеді. Жартылай шығарылу кезеңі 30 сағатты құрайды. Флуконазол организмнің барлық сұйықтықтарына жақсы өтеді. Жұлын сұйықтығында флуконазолдың концентрациясы оның қан ллазмасындағы концентрациясы деңгейінің 80%-на жетеді. Терінің мүйізгекті қабатында, эпидермисте және тер сұйықтығында сарысудағыдан асып түсетін концентрацияға жетеді; флуконазол терінің мүйізгекті қабатында жиналады, емдеуді аяқтағаннан соң 6 айдан кейін препарат тырнақта анықталады. Негізінен бүйрек арқылы шығарылады; енгізілген дозаның шамамен 80% өзгермеген күйде несепте анықталады. Препараттың клиренсі креатинин клиренсіне пропорционалды

Қан плазмасынан жартылай шығару кезеңінің ұзақтығы ( шамамен 30 сағат) флуконазолды қынаптық кандидозда бір рет және сезімтал зеңдерден туындаған басқа ауруларда тәулігіне бір рет немесе аптасына бір рет қабылдауға мүмкіндік береді.

Фармакодинамикасы

Флуконазол – триазольді қосылыстар класының зеңдерге қарсы дәрісі, зеңдер жасушасындағы стеролдар синтезінің іріктеуші тежегіші болып табылады. Препарат зеңдік жасушалардағы Р450 цитохромына тәуелді зеңдік ферменттерге спецификалық әсер етеді. Р450 цитохромына тәуелді зеңдік ферменттер белсенділігін тежей отырып, жоғары спецификалық әсерге ие. Зеңцік жасушалары ланостеролының эргостеролға өзгеруін бөгейді; жасуша жарғақшасының өткізгіштігін ұлғайтады, оның өсуін және репликациясын бұзады. Флуконазол, Р450 цитохромы зеңдері үшін жоғары таңдамалы бола отырып, организмде іс жүзінде бүл ферменттерді бәсеңдетпейді (итраконазолмен, клотримазолмен, эконазолмен және кетоконазолмен салыстырғанда аз дәрежеде адам бауыры микросомаларында Р450 цитохромына тәуелді тотығу үдерісін бәсеңдетеді. Адрогенге қарсы белсенділікке ие емес. Оппортунистік микоздарда, оның ішінде Саndida spp. туындаған (иммунодепрессия аясында кандидоздың жайылған түрлерін қоса алғанда), Сгyptococcus Neoformans  және Соccidioides spp (бассүйекішілік жұқпаларды қоса алғанда), Мicrosporum spp. және Тгісһорhyton  sрр; ВІаstomyces dermatitdes, Ніstoplasma capsulatum туындаған эндемиялық микоздарда белсенді (оның ішінде иммунодепрессия кезіндегі).

Қолданылуы

  • криптококкозда (Сгyptococcus зеңдерінен туындаған, жүйелік зақымдану), иммундық жауабы қалыпты, сондай ақ иммунодепрессияның әр түрі бар науқастарда (оның ішінде ЖИТС пен науқастарда) менингит, сепсис, өкпе және тері жұқпаларын қоса алғанда
  • жайылған кандидозда: кандидемия, диссеминацияланған кандидоз (эндокардтың, іш қуысы ағзаларының, тыныс алу мүшелерінің, көз және несеп-жыныс ағзаларының зақымдануымен), оның ішінде цитостатикалық немесе иммунодепрессивтік емдеу курсын қабылдап жүрген науқастарда, сондай-ақ солардың дамуына бейімдейтін факторлар бар болса – емдеу және алдын-алу үшін
  • ЖИТС- пен науқастарда орофарингеальды кандидоздың қайталануының алдын алуда шырышты қабықтың кандидозында: ауыз қуысының, жұтқыншақтың, өңештің; кандидурия, тері-шырыш және созылмалы оральды атрофиялық кандидозда (тіс протезін тағумен байланысты); инвазивті емес бронхөкпе кандидозында
  • генитальді кандидоз, қынаптық кандидоз (жедел және қайталанатын), кандидозды баланит
  • химиотерапия немесе сәулемен емдеу аясында қатерлі ісіп бар науқастарда зеңдік жұқпалардың алдын-алуда;
  • әр түрлі орналасудағы тері микозы: табанда, шап аумағында, онихомикоз, кебек тәрізді теміреткі, теміреткі, терінің кандидозды жұқпалары.
  • иммунитеті қалыпты науқастардағы терең эндемиялық микоздарда (кокцидиомикоз, споротрихоз және гистоплазмоз)

Қолдану тәсілі және дозалары

Ішке, күнделікті, тәулігіне 1 рет қабылдайды. Тәуліктік дозасы зеңдік жұқпаның табиғатына және ауырлығына байланысты және әр адамға жекелей анықталады. Емдеу ұзақтығы клиникалық және микологиялық әсеріне байланысты болады.

Ересектерге:

  • криптококктық жұқпалар кезінде алғашқы күні, әдетте 400 мг тағайындайды, содан соң емдеуді тәулігіне бір рет 200-400 мг дозада жалғастырады. Емдеу ұзақтығы әдетте 6-8 аптаны құрайды.
  • ЖИТС-ке шалдыққан науқастарда криптококкты менингиттің қайталануының алдын алу үшін (бастапқы емнің толық курсын аяқтағаннан кейін) Флуконазолмен 200 мг дозада емдеуді өте ұзақ уақыт бойы жалғастыруға болады;
  • кандидозды жұқпалар кезінде дозасы алғашқы тәуліктерде 400 мг құрайды, содан соң тәулігіне 200 мг-ден, қажет болғанда доза тәулігіне 400 мг дейін ұлғайтылуы мүмкін. Емдеу ұзақтығы клиникалық тиімділігіне байланысты;
  • орофарингеальді кандидоз кезінде -50-мг-ден тәулігіне бір рет 7-14 күн бойы немесе қажет болғанда – ұзақтау мерзімге тағайындауға болады. Ауыз қуысы шырышты қабығының атрофиялық кандидозында әдетте флуконазолды 50 мг капсуладан тәулігіне бір рет 14 күн бойы тағайындайды, шырышты қабықтың басқа кандидоздарында (қынаптық кандидозды қоспағанда) флуконазолдың тиімді дозасы әдетте 14-30 күндік емдеу ұзақтығында 50- 100 мг құрайды.
  • катерлі жана түзілімдері бар науқастарда кандидоздың алдын алу үшін флуконазолдың ұсынылатын дозасы зеңдік жұқпаның даму қаупінің дәрежесіне байланысты тәулігіне 1 рет 150-400 мг құрайды. Жұқпаның жайылып кету қаупі жоғары болса, мысалы күтілетін нейтропениясы айқын білінетін немесе ұзаққа созылатын науқастарда ұсынылатын дозасы тәулігіне – 400 мг. Флуконазолды күтілетін нейтропенияның пайда болуына дейін бірнеше күн бұрын тағайындайды; нейтрофилдер саны 1 мың./мкп – ден астам жоғарылағанда емдеуді тағы да 7 тәулік бойы жалғастырады;
  • қынаптық кандидозда және баланитте Флуконазолды бір рет 150 мг дозада қабылдайды;

табан, шап тұсы терісінің микоздарын қоса, тері жұқпаларында және кандидозды жұқпаларда ұсынылатын доза аптасына бір рет 150мг немесе 50 мг (50 мг капсула дәрілік түрінде) тәулігіне бір рет. Емдеудің әдеттегі ұзақтығы 2-4 апта, алайда табан микозында ұзағырақ емдеу қажет болуы мүмкін (6 аптаға дейін). Онихомикозда ұсынылатын доза аптасына бір рет 150 мг құрайды. Емді жұқпаланған тырнақ алмасқанға (сау тырнақтың өсуі) дейін жалғастыру керек.

6 жастан асқан балаларға.

Шырышты қабық кандидозында – тәулігіне 3-6 мг 1 кг дене салмағына, 3 аптадан кем емес;

Жүйелі кандидозда – тәулігіне 6-12 мг 1 кг дене салмағына, 10-12 апта бойы (зертханалық жолмен қоздырғыштың ликворда жоқтығы анықталғанша).

Балаларға арналған тәуліктік доза ересектерге арналған тәуліктік дозадан аспауы керек. емдеу ұзақтығы препараттың клиникалық және зертханалық тиімділігімен анықталады.

Егде жастағы науқастар.

Бүйрек жеткіліксіздігінің белгілері болмаған кезде препаратты әдеттегі дозада қолданады. Бүйрек жеткіліксіздігі бар егде жастағы емделушілерге бір реттік қабылдау кезінде дозаны өзгерту қажет етілмейді. Қайталап қабылдаған кезде препаратты бастапқы дозада 50-ден 400 мг дейін тағайындайды. Бұдан кейін тәуліктік дозаны (креатинин клиренсі көрсеткіштеріне қарай) кесте бойынша анықтайды:

Дозасы және емдеу ұзақтығы әр адамға жекелей анықталады.

Жағымсыз әсерлері. тәбеттің төмендеуі, жүрек айнуы, іш қатуы немесе диарея. метеоризм, іштің ауыруы, тіс ауыруы

Жиі

  • бас ауыруы
  • іштің ауыруы, диарея, жүрек айнуы, құсу
  • сілтілі фосфатаза деңгейінің, сарысудағы аминотрансферазалар деңгейінің (АЛТ және АСТ) жоғарылауы
  • бөртпе

Жиі емес

  • ұйқысыздық, ұйқышылдық
  • құрысулар, бас айналу, парестезия, дәмнің өзгеруі
  • вертиго
  • диспепсия, метеоризм, ауыздың құрғауы
  • холестаз, сарғаю. билирубиннің жоғарылауы
  • қышыну, есекжем, тер бөлінудің жоғарылауы, дәрілік препараттың әсерінен туындаған дерматит
  • миалгия
  • шаршағыштық, дімкәстік, әлсіздік, дене температурасының жоғарылауы

Сирек

  • агранулоцитоз, лейкопения, нейтропения, тромбоцитопения
  • анафилаксия, ангионевротикалық ісіну
  • гипертриглицеридемия, гиперхолестеринемия, гипокалиемия
  • тремор
  • қарыншалардың жыпылықтауы/дірілдеуі, QТ аралығының ұзаруы
  • гепатоуыттылық, өлімге апаратын сирек жағдайларды қоса, бауыр жеткіліксіздігі, гепатоцеллюлярлық некроз, гепатоцеллюлярлы зақымданулар
  • уытты эпидермальді некролиз, Стивенс-Джонсон синдромы, жайылған жедел экзантематозды пустулез, эксфолиативті дерматит, беттің ісінуі, алопеция

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • флуконазолға, препараттың басқа компоненттеріне және құрылымы флуконазолға ұқсас азольді заттарға жоғары сезімталдық
  • Флуконазолды тәулігіне 400 мг және одан жоғары дозада көп рет қолдану кезінде бір мезгілде терфенадин қабылдау
  • ОТ аралығын ұзартатын және СҮРЗА4 ферментінің көмегімен метаболизденетін цизаприд, астемизол, эритромицин, пимозид және хинин сияқты дәрілік препараттарды бір мезгілде қабылдау
  • жүктілік және лактация кезеңі
  • 6 жасқа дейінгі балалар

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

  • Флуконазолды кумаринді антикоагулянттармен бір мезгілде қолданғанда протромбиндік уақытты бақылап отырған жөн, өйткені соңғысының тиімділігі жоғарылайды.
  • Гипогликемиялайтын дәрілермен бірге – гипогликемияның дамуы мүмкін;
  • Рифампицинмен бірге – флуконазолдың дозасын арттыру керек, өйткені флуконазолдың сіңуі 25%-ға және жартылай шығарылу кезеңінің ұзақтығы 20 % -ға төмендейді;
  • Зидовудинмен бірге – олардың қандағьі концентрациясы артуы мүмкін
  • Терфенадинмен немесе цизалридпен бірге қарыншалық тахикардия пароксизмін қоса алғанда, аритмияның пайда болу қаупі артады.
  • Теофиллинмен бірге қолданғанда, оның жартылай шығарылу кезеңі үзаратындықтан, соңғысының артық дозалану симптомдарын қадағалау қажет.
  • Рифабутин және циклоспоринмен бірге – увеиттің дамуы мүмкін. Такролимуспен бірге – соңғысының сарысулық концентрациясын арттырады.
  • Фенитоинмен – оның тиімділігі елеулі дәрежеде жоғарылайтындықтан, қан плазмасында соңғысының концентрациясына мониторинг қажет.
  • Гидрохпоротиазидпен – плазмада флуконазолдың концентрациясының 40 % дейін артуына әкелуі мүмкін.

Айрықша нұсқаулар

Емді аурудың клиникалық-гематологиялық ремиссиясы пайда болғанға дейін жалғастыру қажет. Емді уақытынан бұрын тоқтату аурудың қайталануына алып келеді. Емді сеппе мен басқа да зертханалық талдау нәтижелерін алғанға дейін бастауға болады, соңынан алынған зерттеу нәтижелері бойынша фунгицидтік емге түзету жүргізіледі.

Емдеу барысында қан, бүйрек және бауыр қызметі көрсеткіштерін бақылау қажет. Бүйрек пен бауыр қызметі бұзылулары пайда болғанда препаратты қабылдауды тоқтату керек.

Иммунодепрессиясы бар науқастарда тері бөртпесі пайда болған кезде мұқият қадағалау қажет, және тері реакциясы өршіген жағдайда емді тоқтату керек (Лайелл синдромы, Стивенс-Джонсон синдромының даму қаупі).

Кумаринді қатардың антикоагулянттарымен бір мезгілде қолданғанда протромбиндік уақытты бақылап отырған жөн. Флуконазол қабылдайтын, бүйрегі ауыстырылып қондырылған науқастардың қанында циклоспориннің концентрациясына бақылау жүргізу ұсынылады.

Флуконазол сирек жағдайларда анафилактикалық реакция туындатуы мүмкін.

Флуконазолмен емдеу уақытында науқастарда сирек жағдайда Стивенс-Джонсон синдромы және уытты эпидермальді некролиз сияқты эксфолиативті тері реакциялары дамыған. ЖИТС-пен ауыратындар көптеген препараттарды қолдану кезінде терінің ауыр реакцияларының дамуына анағүрлым бейімдірек. Беткейлік зең жұқпасын емдеу кезінде науқаста Флуконазолды қолданумен байланыстыруға болатын бөртпе пайда болған кезде препаратты тоқтату керек. Инвазивтік/жүйелік зең жұқпалары бар науқастарда бөрту пайда болған кезде оларды мұқият бақылау керек және буллезді зақымданулар немесе кепформалы эритема пайда болғанда Флуконазолды тоқтату керек.

Флуконазол ЭКГ-да ОТ аралығының ұлғаюын туындатуы мүмкін. Флуконазолды қолданған кезде жүректің органикалық аурулары, злектролиттік теңгерімнің бұзылуы және осыған ұқсас бұзылулардың дамуына ықпал ететін қатарлас ем сияқты көптеген қауіп факторлары бар науқастарда ОТ аралығының ұзаруы және қарыншалардың жыпылықтауы/дірілдеуі өте сирек байқалған. Сондықтан осындай ықтимал проаритмиялық ахуалдағы емделушілерге Флуконазолды сақтықпен қолданған жөн

Бауыр, жүрек және бүйрек аурулары бар емделушілерге Флуконазолды қолданар алдында дәрігермен кеңесу ұсынылады.

Автомобиль басқарғанда немесе техниканы пайдалану кезінде бас айналу немесе құрысулар туындауы мүмкін болғандықтан, сақтық танытқан жөн.

Артық дозалануы

Симптомдары: жүрек айнуы, іштің ауыруы, диарея, метеоризм, бас ауыруы, бас айналуы. Сондай-ақ тері бөртпесі, анафилактикалық реакциялар байқалуы мүмкін.

Емі: симптоматикалық ем жургізу (асқазанды шаю, демеуші ем); қарқынды диурез препараттың шығарылуын тездетуі мүмкін.

Шығарылу түрі және қаптамасы

1 капсуладан (150 мг доза үшін) немесе 7 капсуладан (50 мг доза үшін) поливинилхлоридті үлбірден және баспалы лакталған алюминий фольга немесе алюминий фольга негізіндегі иілгіш қаптамадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.

Немесе капсуладан (150 мг доза үшін) немесе 7 капсуладан (50 мг доза үшін) дәрілік заттарға арналған полиэтиленнен жасалған банкіге салынған.

Банкілерге өзі желімденетін заттаңба жапсырылады.

  • пішінді ұяшықты қаптамадан немесе банкіден медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған пәшкеге салынады.

Сақтау шарттары

  • Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
  • Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.

Сақтау мерзімі. жыл. Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін препаратты пайдалануға болмайды!

Дәріханалардан босатылу шарттары. Рецепт арқылы

Добавить комментарий

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!