Омыртқа сатылы үшбұрышы

Омыртқа сатылы үшбұрыш топографиясы, қабаттары, шекаралары

  • Оған төс-бұғана-емізік аймағының төменгі бөлімінің ең медиалды бөлімі сәйкес келеді.
  • Үшбұрыштың латеральды жағын – алдыңғы сатылы бұлшықет, медиальды жағын – мойынның ұзын бұлшықеті құрайды. Ал негізі – үстінен бұғана асты артериясы өтетін плевра күмбезі болып табылады.

Үш бұрышта орналасқан құрылымдар:

  • Оған төс-бұғана-емізік аймағының төменгі бөлімінің ең медиалды бөлімі сәйкес келеді.
  • Үшбұрыштың латеральды жағын – алдыңғы сатылы бұлшықет, медиальды жағын – мойынның ұзын бұлшықеті құрайды. Ал негізі – үстінен бұғанаасты артериясы өтетін плевра күмбезі болып табылады.

Бұғанаасты артериясының бірінші бөлімі артынын және төменнен плевра күмбезіне жанасып тұрады. Оң және сол бұғанаасты артериясын алдынан қантамырлар, нервтер және бұлшықеттер ( төс-бұғана-емізік, төс-тіласты, төс-қалқанша бұлшықеттері) жауып тұрады. Бұғанаасты артериясының осы қантамырлар мен нервтермен қарым-қатынасы оң және сол жақта әртүрлі.

Оң жақ бұғанаасты артериясы

  • Оң жақ бұғанаасты артериясының алдында венозды бұрыш орналасқан.
  • Венозды бұрыш және артерия арасында кезбе және диафрагмальды нервтер өтеді.
  • Екеуі де артерияны жоғарыдан төмен қияды: кезбе нерв –ортаңғы сызыққа жақын, диафрагмальды нерв –одан сыртқа қарай. Екі нерв арасында ansa subclavia m. Sympathici орналасқан.
  • Артерия артында оң қайтымды нерв ілмегі өтеді.
  • Бұғанаасты артериядан ішке қарай жалпы ұйқы артериясы өтеді.

Сол жақ бұғанаасты артериясы

  • Сол жақ бұғанаасты артериясы алдында ішкі мойындырық венасы орналасқан және сол иық – бас венасы басталады.
  • Осы веналар мен артериялар арасынан кезбе және диафрагмальды нервтер өтеді, бірақ оң жақтағыдай көлденең емес, алдыңғы қабырғасы бойымен өтеді. (кезбе нерв – ішінен, диафрагмальды –сыртынан, ansa subclavia –арасынан).
  • Сол қайтымды нерв артериядан ішке қарай кетеді.
  • Кеуде ағымының доғасы артерияны алдынан-қалқанша-мойын артериальды бұтақ шығатын жерден қияды.

Бірінші бөлімде бұғанаасты артериядан келесі тармақтар бөлінеді.

  • Орталық сызыққа жақын, артерия доғасынан омыртқа артериясы шығады. Ол вертикальды жоғары алдыңғы сатылы және мойынның ұзын бұлшықеті аралығындағы жүлгеге бағытталып, кейін VI мойын омыртқасының көлденең тесігіне кіреді.
  • Омыртқа артериясы сыртынан,алдыңғы сатылы бұлшықеттің ішкі шетінен бұғанаасты артериясынан қалқанша-мойын бағаны бөлінеді.Ол 4 бұтаққа бөлінеді.
  1. a.thyroidea inferior;
  2. a.cervicalis ascendes;
  3. a. cervicalis superficialis;
  4. a. suprascapularis;

омыртқа үшбұрышы

Бұғанаасты артериясы

  • Жұп артерия. Бұғанаасты артерия алдыңғы орталықта басталады: оң –иық-бас бұтағынан, сол жақ артерия –тікелей қолқа доғасынан басталады. Сондықтан сол бұғанаасты артериясы оң жақтан ұзынырақ.
  • Сол жақ артерияның кеуде бөлімі сол иық-бас вена артында орналасқан.
  • Бұғанаасты артериясы жоғары және латеральды apertura thoracis superior-ға бағытталып, доға түзеді. Ол плевра күмбезі және өкпе ұшын айналып, терең емес жүлге түзеді. (sulcus arteriae subclaviae). I қабырғаға жеткенде артерия сатыаралық кеңістіктен өтеді. Осы аралықта ол бірінші қабырға үстінде орналасып, оның үстінен иық өрімі өтеді. Артерия орналасқан қабырғада бұғанаасты артерия жүлгесі болады. Сатыаралық кеңістікте артерия қабырғаны айналып,бұғана астынан өтіп, қолтық асты шұңқырына кіріп, қолтық асты артериясы деп аталады.

Бұғанаасты артериясы топографиялық үш бөлімге бөлінеді:

  • I Бөлім. Артерия басталғаннан кейін сатыаралыққа дейін.
  • II Бөлім. Сатыаралық кеңістіктегі бөлігі.
  • III Бөлім. Сатыаралықтан қолтықасты шұңқырының жоғарғы тесігіне дейін.

I бөлімде бұғанаасты артериясынан келесі тармақтар шығады.

  • Омыртқа артериясы.
  • Ішкі кеуде артериясы.
  • Қалқанша-мойын бағаны.

Омыртқа артериясының бұтақтары.

  • Бұлшықет бұтағы.
  • Жұлын бұтағы.
  • Артқы жұлын артериясы. (жұп)
  • Алдыңғы жұлын артериясы.
  • Мишықтың артқы төменгі артериясы.

VII қабырға деңгейінде  ішкі кеуде артериясы келесі тармақтарға бөлінеді.

  • Бұлшықет көкет артериясы.
  • Жоғарғы құрсақ артериясы.
  • Жүрек маңы-қапшық-көкет артериясы.
  • Айырша без бұтағы.
  • Кеуде бұтағы.
  • Алдыңғы қабырға аралық бұтақ.

Қалқанша –мойын –бағаны – бұғанаасты артериясының алдыңғы жоғарғы беткейінен сатыаралық кеңістікке кірер жерінен шығады. Ұзындығы 1,5 см. Оның бұтақтары:

  • Төмеңгі қалқанша артериясы.
  • Жоғарылаған мойын артериясы.
  • Мойынның беткей артериясы.
  • Жауырын үсті артериясы.

II бөлім. Қабырға-мойын бағаны- сатыаралық кеңістікте  бұғанаасты артерияның артқы беткейінен басталады. Оның тармақтары:

  • Терең мойын артериясы.
  • Ең жоғарғы қабырғааралық артерия.

III бөлім. Мойынның көлденең артериясы –сатыаралық кеңістіктен шыққан бұғанаасты артериядан бөлінеді. Жауырынның жоғарғы бұрышында келесі бұтақтарға бөлінеді:

  • Беткей бұтақ (беткей мойын артериясы)
  • Терең бұтақ (төмендеген жауырын артериясы).

Көкет нервісі (n. frenicus)

  • Негізінен VI мойын нервтен түзіледі, кейде III-V мойын нервтерінен  түзіледі. Нерв алдыңғы сатылы бұлшықеттің алдынғы беткейінде жатады. Оны омыртқа алды фасция қаптайды. Нерв алдында жиі  ішкі мойындырық венасы орналасады: көбінесе вена нервтен ішке қарай, алдыңдағы шел майы екінші және бесінші мойын фасция аралығында жайғасады. Бұғана маңында тікелей нерв алдында m. Omohioideus және үшінші фасция жатады. Ал одан алдыға жақын –екінші фасция және төс-бұғана-емізік бұлшықеті орналасқан. Нерв қиғаш бағытта жоғарыдан төмен сырттан ішке қарай бағытталып, бұғанаасты артерия мен бұғана венасы аралығынан кезбе нерв сыртынан өтеді. Бұғанадан жоғары нерв көлденең мойын және жауырын үсті артериясын қияды.

Симпатикалық нерв бағанасы

  • Қазіргі мәліметтер бойынша мойын симпатикалық нерв бағанасы 2/3 жағдайда 4 түйіннен (жоғарғы, ортаңғы, аралық, төмеңгі), 1/3 жағдайда 3 түйіннен  –жоғарғы және төменгі түйін әрқашанда кездеседі, ортаңғы және аралық тұрақты емес болады.Мойын  симпатикалық бағанасы бас және мойын бұлшықеттерінде, омыртқа алды фасция артында не фасция ішінде орналасады.  
  • Жоғарғы мойын түйініомыртқа алды фасция алдында, кезбе нервтен медиальды, II-III мойын омыртқаларының көлденең өсінділері деңгейінде орналасады.
  • Ортаңғы түйін VIмойын омыртқа деңгейінде , төменгі қалқанша артериядан жоғары орналасып, доғасымен жанасады.
  • Аралық түйін көбінесе бірінші кеуде түйінімен қосылып, жұлдызды түйін түзеді. Жұлдызды түйін VII мойын омыртқасының көлденең өсіндісі мен I қабырға басы орналасқан жерінде жатады. Жұлдызды түйіннің көп бөлігі- бұғанаасты артериямен, жоғарғы жағы-омыртқа артериясымен жабылған.

Төменгі полюсі плевра күмбезімен жанасып жатады. Жұлдызды түйіннен омыртқа нервісі шығады. Ол омыртқа артериясының артқы қабырғасында орналасып, сонымен бірге мойын омыртқасының көлденең өсіндісінің түтігіне кіреді. Симпатикалық нерв түйіндері rami communicantes арқылы мойын нервтерімен байланысады. Әрбір түйіннен жүрек және мойынның ішкі мүшелеріне нервтер тарамдалады, сонымен қатар кезбе нервісіне дәнекер бұтақтар барады. Симпатикалық нервтің мойын бөлімі көз алмасының , қабақтың тегіс бұлшықеттерін иннервациялайды. Симпатикалық нервтің жүрек бұтақтары негізінен орталық және аралық түйіндерден түзіледі.  Осы бұтақтар өзара байланысады, кезбе нервтің жүректік бұтақтарымен қосылып, беткей және терең жүрек-қолқалы өрімдер түзеді.

Ұқсас материалдарды қарай кетіңіз:

  1. Омыртқааралық байламдар зақымдалуы
  2. Омыртқа жотасының зақымдануы
  3. Омыртқа жотасы

 

Добавить комментарий

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!