Амбро (Амброксол) препараты

Амбро дәрісі

Саудалық атауы. Амбро

Халықаралық патенттелмеген атауы: Амброксол

Дәрілік түрі: 30 мг таблеткалар

Құрамы. Бір таблетканың құрамында белсенді зат- 30.0 мг амброксол гидрохлориді, қосымша заттар: лактоза моногидраты, картоп крахмалы, сусыз коллоидты кремнийдің қос тотығы (аэросил), кальций стеараты.

Сипаттамасы. Жалпақ цилиндр пішінді, ақ немесе сарғыштау реңді ақ түсті таблеткалар. Таблетканың бір жағында ойығы, екінші жағында ойығы мен крест түріндегі фирмалық логотипі бар.

Фармакотерапиялық тобы. Жөтел мен суық тию белгілерін жоюға арналған препараттар. Қақырық түсіретін препараттар. Муколитиктер. Амброксол.

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы. Сіңірілуі жоғары және толық дерлік емдік дозасына байланысты тәуелділігі бар. Ең жоғары плазмалық концентриясына 1-2,5 сағат ішінде жетеді. Ішке қабылдағаннан кейін әсері 30 минуттан соң басталып, 6-12 сағат бойы жалғасады. Өкпе тіндеріндегі ең кең концентриясында жылдам таралады. Қан плазмасы ақуыздарымен байланысы шамамен 90 % құрайды. Ішке қабылданған дозаның шамамен 30 %-ы алғаш өту метаболизмі арқылы шығарылады. Амбраксол конъюгаттар түзілуімен көбінесе бауырда метаболизденеді. Түпкілікті жартылай шығарылу кезеңі 10 сағат құрайды. Бүйрекпен 90 %-ы суда еритін метаболиттер түрінде, 5 %-ы өзгеріссіз күйде шығарылады. Жартылай шығарылу кезеңі ауыр созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі кезінде ұзарады, бірақ бауыр қызметі бүзылған кезде өзгермейді. Жыныс және жас ерекшеліктері амбраксол фармакокинетикасына клиникалық мәнді әсерін тигізбейді және дозаны реттеуді талап етпейді.

Фармакодинамикасы. Амбраксол – муколитикалық препарат. Секретомоторлық, секретолиттік және қақырық түсіретін әсер иеленген; бронхтардың шырышты қабық бездерінің серозды жасушаларын көтермелейді,  шырышты сөл мөлшерін және альвеолалар мен бронхтарда беткейлік белсенді зат (сурфактант) бөлінуін арттырады; қақырықтың серозды және шырышты компоненттерінің бұзылған арақатынасын қалыпқа түсіреді. Гидролиздеуші ферменттерді белсендіріп әрі Клар жасушаларынан лизосомалардың босап шығуын күшейтіп, қақырық тұтқырлығын төмендетеді. Жыпылықтағыш эпителийдің қозғалыс белсенділігін жоғарылатады, оның жабысып қалуын болдырмайды, мукоцилиарлы тасымалдануды арттырады. Амброксол қабынуға қарсы әсер, сондай-ақ антиоксидантты қасиеттер иеленген, жергілікті иммунитетті көтермелейді, қақырықтағы және бронх сөліндегі антибиотиктер концентрациясын арттырады.

Амброксол (Амбро) препараты

Қолданылуы: жедел және созылмалы бронхит: пневмония; өкпенің созылмалы тарылу ауруы (ӨСТА); қақырықтың түсуі қиындайтын бронх демікпесі; бронхоэктазды ауру.

Қолдану тәсілі және дозалары. Тамақтанған соң, шайнамай, жеткілікті сұйықтық мөлшерімен ішке қабылдайды.

Ересектер және 12жастан асқан балалар: алғашқы 2-3 күн ішінде тәулігіне 3 рет 1 таблеткадан (30 мг), сосын тәулігіне 2 рет 1 таблеткадан.

6-дан 12 жасқа дейінгі балалар: күніне 2-3 рет 1/2таблеткадан (15 мг).

Емдеу ұзақтығы ауру ағымының ерекшеліктеріне байланысты.

Жағымсыз әсерлері. Сирек:  гастралгиялар, жүрек айну, құсу, тыныс алу жолдарының құрғауы, аллергиялық реакциялар (тері бөртпесі, қышыну, ангионевротикалық ісіну, анафилактоидтық реакция)

Өте сирек: тыныс алудың бұзылуы.

Қолдануға болмайтын жағдайлар: амброксол, және/немесе препараттың басқа компоненттеріне жоғары сезімталдық; асқазанның және он екі елі ішектің ойық жаралы ауруы; жүктіліктің I триместрі.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі. Амброксол жөтелге қарсы белсенділігі бар (мысалы, құрамында кодеин бар) дәрілік заттармен бір мезгілде қолдану ұсынылмайды. Амброны® антибиотиктермен (амоксициллин, цефуроксим, эритромицин, доксициклин және басқалар) бір мезгілде қолдану антибиотиктердің өкпе жолдарына түсуін жақсартады, бұл емдеу мерзімін қысқартуға мүмкіндік береді.

Айрықша нұсқаулар. Бауыр немесе бүйрек қызметі бүзылғанда, бронхтардың моторлық дисфункциясында немесе сөлдің көп мөлшерде бөлінуінде (шырыштың жиналып қалу қатеріне орай) сақтықпен тағайындалады. Ауыр сипатты бауыр және бүйрек жеткіліксіздігінде препараттың дозалануын азайту немесе қабылдаулар арасындағы аралықтарды ұзарту керек.

Педиатрияда қолдану. Осы дәрілік түрі 6 жасқа толмаған балаларда қабылдауға ұсынылмайды.

Қосымша заттар. Препаратты сирек тұқым қуалайтын галактоза көтере алмаушылығы, лактаза тапшылығы (немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы синдромы бар емделушілерге қабылдау ұсынылмайды.

Жүктілік және лактация кезеңі. Жүктіліктің I триместрінде ұсынылмайды. Жүктіліктің II және III триместрінде және лактация кезеңінде, егер күтілетін ем тиімділігі ұрыққа/сәбиге төнетін әлеуетті қауіптен артық болса, препаратты қолдануға болады. Амбро® емшек сүтіне өтеді, бірақ ол емдік дозаларда тағайындалғанда сәбиге теріс әсерін тигізбейді.

Дәрілік заттың автокөлікті немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері. Әсер етпейді.

Артық дозалануы. Симптомдары: жүрек айну, құсу, диарея, диспепсия.

Емі: препарат қабылданғаннан кейін алғашқы 1-2 сағаттан соң асқазанды шаю, белгісіне қарай емдеу.

Шығарылу түрі. 10 таблеткадан поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада. 2 пішінді ұяшықты қаптамадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге тұтынушы ыдысына арналған картон пәшкеге салынады.

Сақтау шарттары. Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 30 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек. Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі. 3 жыл. Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Добавить комментарий

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!