Аллергиялық реакциялар

Аллергиялық реакциялар

Қазіргі уақытта аллергиялық аурулар кең таралған патология түрі болып табылады. Осы аурумен жер шарындағы халықтың 10% зардап шегуде.

Аллергиялық реакциялар — көбінесе дәрілік заттардың әсерінен дамиды (7-30 % науқастарда). Бұл заттарға антибиотиктер, қан плазмасының препараттары және оның белоктары, полипептидті заттар, антисептикалық, антитоксикалық сарысулар, новокаин, пероральды гипогликемиялық заттар, нейролептиктер, йод дәрілері жатады.

Сонымен қатар аллергиялық реакциялар тағамдық аллергендер – балық, ет, жұмыртқа, сүт, шоколад, дәнді-дақылдар, томат, тағамдық қоспалар, антиқышқылдар, бояулар, иістендіргіштер және басқалардан болады.

Өндірістік аллергендер, инфекциялардан дамыған аллергендер, өсімдік, тұрмыстық (шаң, жәндік бөлшектері) және т.б. бар. Улы жәндіктер шаққанда жергілікті және жалпы ауыр аллергиялық реакцияларды туғызады.

Аллергиялық реакциялар үш сатыда жүреді – иммунологиялық, патохимиялық, патофизиологиялық (немесе клиникалық).

Аллергиялық реакциялардың клиникалық сатысы әр – түрлі түрде көрінеді, «антиген – антидене» кешенінің мөлшеріне, аллергеннің таралу орнына, аллергеннің ағзаға ену жолына байланысты.

Даму жылдамдығына қарай барлық аллергиялық реакциялар 2 түрге бөлінеді: баяу типті реакция 1- 2 тәулік бойында дамиды және жылдам типті реакция, аллерген қайта енгеннен кейін 10-20 минут ішінде дамиды.

Шұғыл жағдайлар жиі аллергиялық реакцияның жылдам типі дамығанда негізінен күтпеген жағдайда туады және анафилактикалық шок түрінде (дәрілік АШ), жедел эпидермальды некролиз, Лайелл синдромы, алып есекжем, Квинке ісігі, бронх демікпесі және астматикалық статус түрінде көрінеді. Аллергиялық реакциялар сарысулық ауру түрінде (Артюс феномені), поллиноздар (шөптік лихорадка), ринит, есекжем, Стивенс -Джонс синдромы түрінде көрінеді

Науқастарды емдеудің жалпы принциптері. Қарқынды және реанимациялық шаралар ағзада болып жатқан бұзылыстарды (тыныстың жіті жетіспеушілігі, жүрек -қан тамыр жетіспеушілігі) және басқаларды жоюға бағытталуы қажет. Дәрігер аллергиялық реакциялардың барлық III сатысының ағымына әсер етуге мүмкіндігі барын есте сақтау қажет.

Адреналин ауыр аллергиялык реакциялары бар науқасты емдеу кезінде бірінші орындағы дәрі болып табылады. Ол ағзаның адренореактивтік құрылымдарын қоздырады, гемодинамиканы жақсартады, базофилдер мен бұлт торшаларынан медиаторлардың шығуына кедергі жасайды.

Глюкокортикоидты гормондар аллергиялық реакциялардың ағымына әр түрлі бағытта әсер етеді. Ол антидене бөлінуін төмендетіп, «антиген – антидене» кешенінің пайда болуын азайтады, цитокиндердің, простоглондиндердің, лимфоидты тіндердің дамуын тежейді, бұлтша торшаларының санын азайтады, гиалуронидазалардың белсенділігін басады, капиллярлардың өткізгіштігін қалпына келтіреді. Сонымен қатар олар ерекше белоктардың пайда болуын үстемелдейді, олар ісікке қарсы белсенділікке ие липокортиндер.

Антигистаминдік препарат – гистаминді рецепторларды блоктайды. І топ блокаторлары  – димедрол, дипразин (пипольфен), тавегил және басқа дәрілер тегіс бұлшык етке әсер етеді, ал II топ рецепторлардың блокаторлары — циметидин, танитидин және баскалар – безді аппараттардың қозуына, әсіресе асқазан – ішек жолына әсері бар.

Протеолитикалық ферменттердің ингибиторлары – контрикал және басқа препараттар – кининдердің белсенділігін және зақымдаушы әсерінің дамуын ескертеді.

Гепарин – қандағы серотонин және гистаминнің антогонисті болып табылады. Сонымен қатар, дәрілердің топтары (интал, кетотифен және басқалар) олар алдын ала дамыған аллергиялық реакцияға әсер етпейді, бұлтша торшаның медиаторлардан бөлінуін ескертеді, бронх демікпесі, шөптік лихорадка, аллергиялық риниттер, бронхиттер және тағы басқалар – аллергиялық аурулардың алдын алуға қолданады.

 

Пікір үстеу

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!