Кардиологиялық науқастардың реабилитациясы

Кардиологиялық науқастардың реабилитациясы

Кардиология саласындағы реабилитация – жүрек – қан тамыр жүйесінің дәрежесіне байланысты, тұлғаның социалды белсендігіне дейін қалпына келтіру. Реабилитацияны медициналық, физикалық, психологиялық, социальды-экономиялық және профессионалды аспект бойынша жіктейді.

Реабилитацияның медициналық аспектісі – науқастың физиологиялық қалпына келтіру мен дамытуға бағытталған емдік шаралар тізімі, ол кейіннен өзіндік белсенді өмір салтына келуге жұмсалған. Бұл реабилитация аспектісі науқасқа жалпы қараудың барлық кезеңінде оның қалпына келуіне негізделген.
Реабилитацияның физикалық аспектісі науқастың физикалық жұмысқа қабілетін қалпына келтіруге негізделген. Науқастың өз уақытында және адекватты белсендігін қалпына келтіруге, ертерек емдік гимнастика тағайындалып, кейіннен емдік жаттығу, физикалық тренировкалар тағайындалады.
Реабилитацияның психологиялық аспектісі. Миокард инфарктісі, тұрақсыз стенокардия, инсульт сияқты аурулар кезінде дамитын психикалық бұзылыстарды анықтап, өз уақытында алдын алу, емдеу. Дәрігер мақсаты – науқастың ауруына байланысты өзгерген өмір салты бойынша психикалық өзгерістердің алдын алу және психологиялық адаптация көрсету.

Реабилитацияның мамандандырылған аспектісіне еңбек ету, мамандандырылған оқыту, еңбекке жарамдылығын анықтау жатады.

Реабилитацияның социалды-экономикалық аспектісі науқас пен қоғамының, науқас пен оның жанұясының қарым – қатынасын қарастырады.

Кардиологиялық науқастардың реабилитация әдістері:

1. ЖИА – жедел формасы (миокард инфарктісі, дистрофия ошақтары)
Емдік физкультура әдістері:

  •  Шамалы жүру.
  • Емдік гимнастика залда, индивидуальды палатада.
  • “Спринт” бағдарламасы бойынша индивидуальды емдік гимнастика.
  • Мат-детензор
  • Классикалық, сегментарлы, нүктелік массаж

Физиотерапия әдістері:

  • Сумен емдеу: циркулярлы, шашпалы душ; ванна: емен-оттегілік, йодобромды, “құрғақ” көмірсулы.
  • Лазерлі терапия
  • Магнитты терапия
  • Магнитты лазерлі терапия

Медикаментозды емес емнің басқа түрлері:

  • Диетотерапия
  • Фитотерапия
  • Психотерапия (аутотренинг, релаксация әдістері).
  • Гипербариялық оттегілік терапия
  • Ұзақ уақыттық оттегілік терапия

2. ЖИА –созылмалы формасы

Емдік физкультура әдістері:

  • Шамалы жүру
  • Емдік гимнастика
  • Бассейнде емдік гимнастика
  • Тренажор қолдану
  • Мат-детензор
  • Классикалық, сегментарлы, нүктелік массаж

Физиотерапия әдістері:

  • Сумен емдеу: циркулярлы, шашпалы душ, Шарко душы, су астылық душ; ванна: емен-оттегілік, йодобромды, скипидарлы “құрғақ” көмірсулы.
  • Электроем: магнитты терапия, лазерлі терапия.

Медикаментозды емес емнің басқа түрлері:

  • Диетотерапия
  • Фитотерапия
  • Психотерапия (аутотренинг, релаксация әдістері).
  • Гипербариялық оттегілік терапия
  • Сауна
реабилитация қазақша
Реабилитация

3. АКШ, МҚШ, БА жағдайынан кейінгі кезең
Емдік физкультура әдістері:

  • Шамалы жүру
  • “РИД” құрылғысымен емдік гимнастика
  • “Спринт” бағдарламасы бойынша бассейнде емдік гимнастика
  • Мат-детензор
  • Классикалық, сегментарлы, нүктелік массаж

Физиотерапия әдістері:

  • Сумен емдеу: циркулярлы, шашпалы душ, ванна: емен-оттегілік, йодобромды, “құрғақ” көмірсулы.
  • Электроем: магнитты терапия, лазерлі терапия.

Медикаментозды емес емнің басқа түрлері:

  • Диетотерапия.
  • Фитотерапия
  • Психотерапия

4. Артериалды гипертония
Емдік физкультура әдістері:
• Шамалы жүру
• Емдік гимнастика залда, индивидуалды палатада
• Бассейнде емдік гимнастика
• Өзіндік суға малту
• Тренажерлар көмегімен емдік гимнастика
• Классикалық, сегментарлы, нүктелік массаж

Физиотерапия әдістері:

  • Сумен емдеу: циркулярлы, шашпалы душ,су астылық душ, массажды – душ, ванна: емен-оттегілік, йодобромды, “құрғақ” көмірсулы.
  • Электроем: магнитты терапия.

Медикаментозды емес емнің басқа түрлері:

  • Диетотерапия.
  • Фитотерапия.
  • Рефлексотерапияның әртүрлері
  •  Гипербарилық оттегілік терапия
  • Сауна
  • Психотерапия (аутотренинг)

Ұқсас материалдарды қарай кетіңіз:

  1. Неврологиялық науқастардың негізгі реабилитациясы
  2. Хирургиялық науқастарға реабилитация
  3. Кардиологиядағы жүктемелік және функциялық сынамалар
  4. Кардиологиялық науқастарды емдеу тәсілдері

 

Добавить комментарий

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!