Реабилитация. Қалпына келу
Реабилитация адамдардың, жалпы қоғамның денсаулығын қалпына келтіруді қамтамасыз етуге бағытталған ғылым саласы болып табылады. Реабилитацияның мақсаты – адамның физикалық немесе экономикалық тәуелділігін бағалау.
Медициналық тұрғыдан, реабилитация адам ағзасы қызметінің бұзылысын қалпына келтіретін және сақтайтын, сонымен қатар әлеуметтік қызметті, науқас адамның немесе мүгедектің еңбекке жарамдылығын анықтауға бағытталған, медициналық, педагогикалық және әлеуметтік жүйелерді ұйымдастыратын үрдіс болып табылады.
Дәлелді медицина бойынша, денсаулықты сақтау үшін салауатты өмір салтын ұстану маңызды. Қазіргі кезде денсаулықтың 3 деңгейін бөліп көрсеткен:
- Физикалық – өзінің физиологиялық қызметін орындауға қабілетті.
- Әлеуметтік – тұлғаның өзінің талабына сәйкестігін отражает.
- Тұлғалық – психологиялық – бұл адамның жан дүниелік деңгейі.
Реабилитология 3 бөлімнен тұрады:
- Адамның психосоматофизиологиялық денсаулығы, оның қалпына келу әдісі мен қабілеті;
- Адам және оны қоршаған ортаның экологиялық реабилитациясы туралы ілім;
- Әлемдік көзқарасты реттеу әдісі мен қабілеті.
Медициналық реабилитация – науқас ағзасының еңбекке қабілеттілігін қалпына келтіруге және оның ауру нәтижесінде пайда болған мүмкіндіктерінің компенсациясына бағытталған медициналық шаралардың жиыны.
Мүгедектердің реабилитациясы – оның өмірінің сапасын арттыру. Мүгедектердің профессионалды реабилитациясы – еңбекке жарамдылығын жекеше немесе толығымен қалпына келтіру. Мүгедектердің еңбектік реабилитациясы – оларға шамасы келетін жұмысты даярлау.
Мүгедектердің әлеуметтік реабилитациясы – өмірінің сапасын жақсарту. Медицина – әлеуметтік реабилитация – аурудың, жарақаттың нәтижесінде қабілетін жоғалтқан науқастардың физикалық, психологиялық және әлеуметтік дәрежесін қалпына келтіру.
Қазіргі кезде 6 негізгі реабилитационды аспект бар:
- Психологиялық: психикалық жағдайды емдеу.
- Медициналық –емдік: диагностикалық сұрақтар.
- Физикалық: емдік дене шынықтыру, еңбек терапиясы.
- Профессионалды: жаңа профессия таңдау.
- Әлеуметтік: науқас- отбасы» т.б сұрақтарды шешу.
- Экономикалық: реабилитация өткізуге кеткен шығынын есепке алу.
Дәрігер – реабилитолог бағыт- бағдар жасауы қажет:
- реабилитацияның деңгейі – компенсация, реадаптация
- реабилитацияның фазасы – ерте, кеш
- реабилитацияның варианттары– курстық, үзіліссіз
Медициналық реабилитация ұйымының кезеңдері: Бұл медициналық реабилитация –стационарлы, санаторлы, емдік реабилитационды болып жіктеледі.
Уақытына қарай жіктелуі:
- Операция алды;
- Ерте;
- Кеш;
- Операциядан кейінгі.
Жоспарлы операциялық емге хирург, науқас және дәрігер-реабилитолог даярланады. Хирург науқасты анестезиологқа ғана емес, сонымен қатар реабилитологқа да операцияға дейін кем дегенде 15 күн науқасты дайындуа керек. Реабилитолог науқастың операциядан кейінгі жағдайына жауапты. Операция консервативті ем нәтиже бермегенде жасалады. Науқас операцияның нәтижелі аяқталатынына сенімсіз болып, дәрігердің өзін қолдауын қажет етеді. Науқасты операцияға психологиялық тұрғыдан даярлау қажет.
Хирургиялық емнің мақсаты науқастың ауру сезімін жеңілдету, мүгедек болып қалуына жол бермеу және де еңбекке жарамдылығын қайта жаңғырту болып табылады. функционалды жағдайын жақсарту. Науқас дәрігерге өзінің шағымдарын және ауруы туралы ақпарат береді. Науқастың функционалды қабілеті, ауру синдромы, мотивациясы және әлеуметтік жағдайы хирургқа қаншалықты маңызды реабилитологқа да соншалықты маңызды.
Реабилитолог науқаспен операция нәтижелі болуы үшін не істеу керектігін талдауы керек. Көбінесе науқастар операцияға дейін көп жылдар бойы уайымдайды да оларда сопутствующие аурулар пайда болып, операциядан кейінгі кезеңде қиыншылықтар туғызады.
Тыныс алуды жақсартатын жаттығулар, дәрумендер және сапалы тағамдарды ғана пайдалану, туған туыстарымен әңгіме жүргізіп олардың қолдауын табу. Хирургиялық техниканың жақсаруына байланысты науқастар арасында жасы үлкен адамдардың саны көбейді. Ондай адамдардың вегетативті жүйке жүйесін жақсарту маңызды. Оларға физикалық күш түсірмей, тек физикалық дағдыны жақсартатын ортостатикалық жаттығуларды ұсынуға болады.
Реабилитолог операция жасаған хирургтан қалай жасағанын және қандай қиындықтар кездескенін білуі керек.Хирург пен анестезиологтың өткізген операция жөніндегі жазбаша түрдегі мәліметі болуы аса маңызды.Реабилитолог барлық хирургиялық әдістерді және оның модификациясын хирургтан кем білмеу қажет.
Операциядан кейін консервативті ем және қалпына келтіретін терапия қолданылады. Реанимация бөлімінен шыққаннан кейін науқас аурухананың реабилитационды бөліміне жеткізіледі.