Асқазан резекция әдістері

Асқазан резекциясы

Асқазан резекциясы-асқазанның патологиялық ошағына байланысты белгілі бөлігін, немесе мүшені толық алып тастау. Алғаш рет асқазан резекциясын Пеан жасаған. Қазіргі кезде асқазан резекциясы кең қолданылады. Мақсаты: қышқылдық-пептикалық факторларды тежеу, тағамның асқорыту трактісінен жеңіл өтуі.

Операцияға көрсеткіштер:

  • Абсолютті көрсеткіштер: стеноз, перфорация, малигнизация, профузды қан кету.
  • Шартты-абсолютті көрсеткіштер: қан кету, пенетрацияланған жаралар, каллезді жаралар.
  • Салыстырмалы көрсеткішер: консервативті ем нәтижесіз болған кездегі асқынбаған жаралар, ұзақ жазылмайтын жаралар.

Резекция түрлері:

  • Пилороантральді резекция-пилорикалық бөлімді алып тастатайды, асқазан денесінің бір бөлігін алады.
  • Проксимальді резекция- асқазанның кардиальді бөлігін, түбін, денесін алып тастайды.
  • Бөліктік резекция- тек патологиялық ошақты резекциялайды.
  • Субтотальді резекция- асқазанды толығымен алып тастайды, тек кардиальді бөлігін, күмбезді алмайды.
  • Гастрэктомия- асқазанды толық сылып тастайды.

Резекциялаудың аумағы бойынша:

  • 1/3 бөлікті резекциялау
  • 1,5/3 бөлікті резекциялау
  • 2/3 бөлікті резекциялау

Асқазанды резекциялау әдістері:

  • Бильрот 1
  • Бильрот 2
  • Гофмейстер-Финстерер
  • Бальфуру
  • Ру
  • Захаров-Куприянов
  • Полеа-Райхель
  • Сумин

Бильрот 1 операция әдісі:

Асқазанның кіші, үлкен иірімдерін мобилизациялағаннан кейін 2/3 бөлігі резекцияланады→асқазанның тұз қышқылын түзу функциясы тежеледі. Асқазанның культясы кіші иірімі жағынан тігіледі, ал үлкен иірімі жағынан он екі елі ішектің жоғарғы бөлігімен анастомозданады→пассаж сақталады. Операциядан кейін постгастрорезекционды асқынулар аз болады. Сирек Демпинг синдром дамиды.

Бильрот 1 асқазан резекция әдісі
Бильрот 1 бойынша операция сатылары

Бильрот 2 операция әдісі:

Резекциядан кейін асқазан культясы тігіледі. Он екі елі ішектің культясы да тігіледі. Асқазанның алдыңғы қабырғасымен он екі елі ішек арасына “бок в бок” анастомоз салынады.
Кемістіктері: кіші иірімде соқыр каналдың пайда болуы, әкелгіш ілмек синдромы дамуы.

Гофмейстер-Финстерер операция әдісі:

Асқазанның кіші иірімін тіккеннен кейін үлкен иірімі  арқылы культяларын анастомоздау.

  • Соқыр каналдың алдын алу. Кіші иірімге жартылай кисетті тігіс салу.
  • Әкелгіш ілмекті кіші иірімге тігу→әкелгіш ілмек синдромын алдын алу.
  • Кемшіліктері: Демпинг синдром, он екі елі ішек пассажға қатыспайды, рефлюкс-гастрит.

Бильрот операциясы

 

Бильрот 2 бойынша резекция

Бильрот -2

Бильрот-1 және Бильрот -2 бойынша операциялардың қысқаша суреті

Бальфуру операция әдісі:

Анастомоз асқазанмен он екі елі ішектің жоғарғы бөліміне салынады. Әкелгіш және әкеткіш ілмек арасына браундық анастомоз салынады, ол әкелгіш ілмектің жеңіл босаңсуына жағдай жасайды.

  1.  Әкелгіш ілмек синдромы болмайды
  2. Рефлюкс-гастрит сирек дамиды
  3. 12 елі ішек гипертензиясының төмендеуі

Ру операция әдісі: Трейц байламынан төмен ащы ішек ілмегі кесіледі, асқазан резекцияланады. 2 ілмек түзіледі: проксимальді, дистальді. Дистальді ілмекті асқазанмен анастомоздайды. Проксимальді ілмектің бос соңы  дистальді ілмекпен анастомозданады “соңынан бүйіріне (конец в бок)”.

Захаров-Куприянов операция әдісі: Ащы ішектің петлялары трейц байламынан төмен екі жақтан асқазанмен 12 елі ішек араларынан өтеді. Анастомозданғанда проксимальді және дистальді ашық соңдары бір-бірімен анастомозданады “конец в конец“. Осы операция Демпинг синдромының профилактикасы ретінде қолданылады. 12 елі ішек пассажы сақталады.

Полеа-Райхель операция әдісі: Анастомоз асқазан культясымен ащы ішек ілмегі арасына салынады.

Сумин операция әдісі:

Резекция кіші иірім бойынша жасалады, кейін түтік түрінде қалпына келтіріледі. Гастроэнтероанастомоздар асқазанның шыға беріс бөлігінің стенозы кезінде паллиативті операция ретінде орындалады.

Варианттар:

  • Алдыңғы-тоқ ішек алды
  • Артқы-тоқ ішек алды
  • Алдыңғы-тоқ ішек арты
  • Артқы-тоқ ішек арты

Ұқсас материалдарды қарай кетіңіз:

  1. Абдоминалды операция кезіндегі анестезия
  2. Өңеш, асқазанға лапароскопиялық операциялар
  3. Құрсақ аортасына операциялар
  4. Асқазан обыры
  5. Асқазан ішек жолдарынан қан кету
  6. Асқазан және 12 елі ішек жарасы

 

Добавить комментарий

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!