Парапроктит

Парапроктит

Жедел парапроктит – тік ішек айналасындағы майлы клетчаткалардың іріңді қабынуы.

Парапроктитті басқаша параректальды абсцесс деп те атайды — тік ішек маңы клетчаткасының іріңді қабынуы. Оның екі түрі бар:

  1. Жедел – алғашқы рет пайда болған.
  2. Созылмалы – жедел парапроктит дұрыс емделмеу салдарынан қайта асқынуы.

Қоздырғыштары – көбінесе көк ірің таяқшасы, ақ және алтын түсті стафилококтар, анаэробтар, осы аталған микробтардың ассоциациясы.

Сонымен қатар этиологиясында келесі микроорганизімдер маңызды орын алады.

  • Ішек таяқщасы
  • анаэробтар
  • Алтын стафилококк
  • Ақ стафилококк;
  • стрептококк;
  • энтерококк;
  • Клостридиальды анаэроб Cl.perfringens, Cl.Hystoliticum, Cl.oedematiens, Cl.septicum;

Микробтардың ену жолдары – қабынған геморрой түйіндері, анустың шырышты қабаты немесе терісінің жарылулары, қасығанда микрожарақаттануы, тік ішектің шырышты қабатының зақымдалуы, қабынулары. Қабынған майлы клетчаткалар ісініп, суланып, іріңдегенде, айналасындағы дәнекер тіндерде инфильтрация орын алады. Шірікті инфекция туындаса, процесс жайылып, лимфа жолдарымен таралып, тіндердің өліеттенуіне әкеліп, өте ауыр шірікті – некроздық парапроктит дамиды.

Жедел парапроктит қазақша
Парапроктит көрінісі

Анальды бездер, тоқ ішектің шырышты қабатының зақымдануы, гематогенді және лимфогенді жолмен, қабыну процесі бар басқа мүшелер арқылы инфекция енуі мүмкін. Көптеген зерттеушілер оны Жаралы колит және Крон ауруы асқынуы деп айтады..

Эпидемиологиясы: Парапроктит —проктологиядағы ең жиі кездесетін тік ішектің аурулары ішінде 20-40 % алады. Парапроктит кездесу жиілігі бойынша геморрой, анальды жыртылу және колиттен кейін 4 орында. Парапроктитпен ер адамдар жиі ауырады. Арақатынасы 1,5:1 ден 4,7:1. Парапроктит — ересектердің ауруы. Балаларда сирек кездеседі.

Жіктелуі

Этиологиясы  бойынша

  • Спецификалық емес парапроктит,
  • Спецификалық парапроктит,
  • Посттравматикалық парапроктит.

Қабыну процессі жүруі бойыншы:

  • жедел парапроктит,
  • рецидивирлеуші парапроктит,
  • Созылмалы парапроктит (тоқ ішекте жынанкөзі).

Шектелген парапроктит 5 түрге бөлінеді:

  • тері асты;
  • ишиоректалды;
  • пельвиоректалды;
  • шырышты қабат асты;
  • ретроректалды.
Парапроктит
Парапроктитте іріңдіктердің орналасуы (а): 1-теріасты; 2 – ишиоректалды; 3 – пельвиоректалды;
4 – шырышты қабат асты.(б): ретроректалды іріңдік

Тері асты парапроктит анустың айналасында тері астында орналасады. Қабынған жер ісінеді, қызарады, қатты ауырады, ауырсыну үлкен дәретке барғанда күшейе түседі. Науқастың дене қызуы көтеріледі. Абсцесс түзілгенде флюктуация симптомы пайда болады.

Ишиоректалды  парапроктит – шонданай сүйек пен тік ішек аралығындағы терең жатқан майлы клетчаткалардың іріңді қабынуы. Процесс жоғары, төмен, тік ішекті айналып өтіп, қарама-қарсы ишиоректалды кеңістікке таралады, ағымы өте ауыр, науқастардың дене қызуы көтеріліп, тік ішек айналасы қатты солқылдатып, шыдатпай ауырады. Бастапқыда қабынудың терең орналасуына байланысты жергілікті белгілері көзге көрінбейді. Тік ішекті саусақпен тексергенде, екінші қолмен тік ішектің айналасын пальпацияласа, тіндердің ауырсынуы, инфильтрациясы, іріңдегенде флюктуация анықталады.

Шырышты қабат асты парапроктит – тік ішекті саусақпен тексергенде анықталады, басқа түрлеріне қарағанда, науқасты ауырсыну сезімі онша қатты мазаламайды.

Пельвиоректалды парапроктит – сирек кездессе де, ағымы өте ауыр, клиникалық белгілері ишиоректалды парапроктитке ұқсас келеді. Іріңдік жамбас қуысының түбін құрайтын диафрагма үстінде орналасады, сондықтан жергілікті қабыну белгілері жоқтың қасы. Өте сирек жағдайда іріңдік шонданай – тік ішек ойығына өтіп, ары қарай артқы тесік айналасынан теріні жарып, сыртқа шығады. Диагноз қоюда тік ішекті саусақпен, тік ішек айнасымен, ректороманоскоппен зерттеу өте маңызды.

Ретроректалды парапроктит – тік ішектің артқы жағында орналасқан іріңдік, инфекция лимфа жолдары арқылы түседі. Клиникасы пельвио- және ишиоректалды парапроктиттерге өте ұқсас келеді, жалпы интоксикациялық симптомдар басым, жергілікті белгілері айқын емес, науқастар іштің төменгі бөлігінде және үлкен дәретке отырғанда ауырсынуға шағымданады. Саусақпен тексергенде, тік ішектің артқы қабырғасында ауыратын, шектелген, сопақша келген томпаю анықталады. Ауырсыну құймышаққа беріледі. Абсцесс екі жақтағы ишиоректалды кеңістікке жайылған жағдайда, іріңдік пішіні ат тағасына ұқсағандықтан, таға тәріздес парапроктит деп аталады.

Созылмалы парапроктит кезінде іріңді жыланкөздер (свищ) пайда болады. Ол анал тесігі айналасы немесе маңында болады. Ауырсынуы сирек байқалады. Ірің сыртқы бөлінеді. Созылмалы парапроктит дамуы кезінде жыланкөз ауызы білетіп үлкен абсцесс туғызуы мүмкін. Оның әсерінен жаңа тіндер зақымдалып, ірің жарылып, сыртқа бөлініп немесе тік ішекке болінуі мүмкін. Некротизация жүреді.

Парапроктиттің диагностикасы

Негізгі диагностикасы– тік ішек пен анал тесігі айнала ауырсынуына шағым. Диагноз кою үшін саусақпен ректальды зерттеу жүргізеді. Кейде ауырсыну сезімі қатты болуына байланысты наркоз беру арқылы зерттейді
Лабораторлық зерттеулер ішінен қан мен зәр анализі керек. Қан анализінде қабыну процессі жүріп жатқанын көреміз, ультрадыбысты зерттеу ректальды датчик арқылы жүргізіледі. Жыланкөз болса фистулография жасалынады.

Емі. Қабынудың басты кезеңінде консервативті ем жүргізіледі: калий перманганатының ертіндісімен жылы су ваннасына 30 минуттан күніне екі мәрте отыру немесе қыздырғыштармен (грелкалар) қыздыру, УЖЖ, антибиотиктер, сульфаниламидтер, витаминдер, тік ішекті тітіркендірмейтін тағамдар, дезинтоксикациялық терапия жүргізіледі. Іріңді сұыйқтық түзілгенде операция жасалады. Іріңдіктерді 34, 35-суреттерде көрсетілгендей радиалды, жарты ай тәріздес тілу арқылы ашып, іріңді сыртқа шығарып, антисептиктермен жуып, қуысты дренаждайды.

Операция алдында ішекті клизма арқылы тазалап, операциядан соң үлкен дәретті тежеу мақсатында опий ерітіндісін 5 – 6 тамшыдан күніне 3 уақыт ішкізеді. Зәр шығару қиынға соқса  қуық маңына жылу басып немесе 5 -10 мл. 40% уротропин ерітіндісін көк тамырға енгізеді. Парапроктиттің шірікті – некроздық түрлерінде іріңдікті кеңінен тіліп ашып, жараны өліеттерден толық тазартады, мұқият дренаждайды.

Парапроктиттің рецедивін алдын алу

  • Операциядан кейінгі тұрықты эффектті сақтау үшін белгілі ержелерді сақтау керек
  • іш қатуды алдын алу. Ол үшін өсімдік текті клетчаткаға бай өнімдер қолданылады (жеміс жидектер, көбінесе қызылша, қырыққабат) сондай ақ сүтқышқылды өнімдер  (айран, простокваша, ірімшік). Үн өнімдерін азырақ пайдаланған жөн.
  • іріңді асқынуларды алдын алу үшін , қантты диабет ауруы кезінде қандағы қант мөлшерін қалыпта ұстау керек.
  • Қалыпты дене массасын ұстап тұру.
  • Жеке гигиенаны сақтау– үлкен дәреттен соң үнемі шайыну.
  • анальды жарылу мен гемморойды уақытылы емдеу.

 

Пікір үстеу

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!