Лайм ауруы

ЛАЙМ АУРУЫ

Син. Лайм боррелиозы; иксод кене боррелиозы; жүйелі кенелік боррелиоз; созылмалы көшпелі эритема; кенелік эритема.

МКБ-10 (Аурулардың халықаралық жіктелуі) бойынша – Лайм ауруы. Нозологиялық түрі ретінде Лайм-ауруы 1975 жылдан бері белгілі. АҚШ-тың Коннектитут штатының Лайм қаласындағы бір топ тұрғындарында иксод тұқымдас кенелердің шағуына байланысты артропатияның қабынған түрлері байқалған. Оларды жинақтап, суреттеген А.Стиир деген ғалым. Бірақта, 1922, 1944 жылдары бір қатар ғалымдар кене шағу себебіне байланысты эритема, ауырсыну, парестерялармен қатар неврологиялық бұзылыстар болу мүмкіншілігін айқын көрсеткен болатын.

1982 жылы У.Бургдорфер Zxodes dammini деген кенелерден – борролиз деген қоздырғышты бөліп алды. Оның құрметіне қоздырғышы – Borrelia burdborferi деп аталатын болды. Жүйелі түрінде боррелиоздың зерттеуі 1984 жылы басталды. 1991ж нозологиялық түрлерінің ресми тізіміне енгізілген. Қазіргі күнде кенелік инфекциялардың ішінде Лайм ауруы 1-ші қатарда.

Лайм ауруы- спирохетта тұқымдастың боррелия деген қоздырғышымен шақырылатын; трансмиссивты жолмен тарайтын, патогенезінде токсико-инфекциялық және аллергиялық реакцияларымен өтетін, клиникасында эритема түріндегі тері зақымымен, интоксикациямен және ОНЖ, тірек-қимыл аппаратын және жүрек-тамыр жүйе мүше жағынан әр түрлі клиникалық көріністерімен созылмалы және латентті түрінде өтетін табиғи-ошақты зоонозды инфекция болып табылады.

Этиологиясы: Қоздырғышы – Borrelia burdozferi . Қазіргі күнде жер бетінде кене арқылы тарап, жануарлар мен адамдарда ауру тудыратын боррелиялардың саны 30-дан астам. Қазіргі клиникалық тәжірибе бойынша- боррелийлардың түріне байланысты адам организміндегі қабынулар әр түрлі болады. Мысалы: B darinii тудырған жағдайда-неврологиялық көріністер алға шығады; B. b.s.s-артриттер, B afzelii-созылмалы атрофиялық дерматит.

Сондықтан, мүмкін Лайм ауруы бір топ дербес иксод кенелер тарататын боррелиоздар құрылымы. Боррелиялар-бұл спираль түрді қозғалмалы грамтеріс микроорганизмдер.

Антигендік құрамы:

  • сыртқы липопротендті антиген
  • талшықты
  • цитоплазмалық

Эпидемиологиясы: Лайм ауруы-табиғи-ошақты инфекция. Көбінесе иксод тұқымдас кенелер тарайтын орманды жерлерде тарайды.

Ресейде кең жайылған инфекция. Балтикадан-Тұнық мұхитқа дейін. Ауру сырқаулық көрсеткіші 1000000 халыққа 5-6 оқиға. Табиғи ошақтарында кенелер жануарлардың 330 түрлерінде, құстардың 100 түрінде тіршілік етеді. Көбінесе боррелиялар тасымалдаушылар әр түрлі жабайы кемірушілер. Кенелер боррелияларды жануарлар арасында және адамға жұқтырады. Адам баласының осы ауруды қабылдау мүмкіншілігі жоғары болып есептеледі, бірақта адамнан адамға Лайм аруы жұқпайды.

Кенелердің ішінде-боррелийларды тарататын көбінесе Zxodes ricinus, Z.persuleafus .

Табиғи ошақтарында инфекцияланған кенелердің үлес салмағы 10/70% арасында. Эндемиялық ошақтарда иксод кенелері бірнеше қоздырғышпен инфекцияланған болуы мүмкін (кенелік энцефалит). Инфекция тарау мерзімі-көктем-жаз айлары (мамыр-тамыз). Эндемиялық ошақтарда серопозитивты адамдардың саны 40%-ке дейін жетеді.

Лайм ауруы

Патогенез: Сырқаттың дамуы 3 сатыдан өтеді: І-ІІ сатылары-инфекциялық процестің ерте фазаларына сәйкес. ІІІ сатысы-кеш фазасы.

Кене шаққан орнында-біріншілік аффект қалыптасады-терінің аллергиялық қабыну өзгерістері.

Сырқаттың бірінші сатысында-баяу дамитын иммунды реакция туады. Бұл кезеңде организмде боррелияларда сенсибилизация қалыптасады. Клиникалық көрінісі-жайылған эритема, интоксикация белгілері тән емес. Егерде сырқат генерализденсе, яғни боррелиялар енген орнынан қан немесе лимфа тамырлары арқылы таралса-терінің басқа жерлерінде балалық эритемалар және әр түрлі жүйе-мүшелер процеске ілінуі тиісті.

Бұл жағдайда иммунды жауап қалыптасып, иммунопатологиялық реакциялар туады, соның ішінде аутоиммунды механизмдерде үлкен роль атқарады. 2 сатыда (сырқаттың 4-6 аптасы) қызба мен эритема белгілері қайтып әр түрлі жүйе-мүшелер жағынан көріністер алға шығады:

  • ерте неврологиялық өзгерістер
  • жүрек жағынан-миокардит, перикардит, панкардит
  • лимфоцитома, жайылған эритематозды өзгерістер
  • коньюнктивит, ирит, панофтальлит
  • артралгиялар, миалгиялар, миозиттер
  • лимфаденопатия, гепатит, гематурия т.б.

3-ші сатыда (инфекцияланған кезеңнен бірнеше айлар, жылдардан кейін)- әр түрлі созылмалы процесстер:

– созылмалы атрофиялық акродерматит

– созылмалы Лайм нейроборрелиозы

– церебральды васкулит

– полинейропатия

Патоморфологиялық өзгерістер: лимфоциттер, плазмалық клеткалар, эозинофилдерден қалыптасқан клеткалық инфильтраттар, тамыр тромбоздары, периваскулярлы лимфоидты инфильтраттар клеткалар арасында жатқан боррелиялар анықталды.

Клиникасы: Инкубациялық мерзім 3-32 күн. Клиникалық көріністер полиморфты. Клиникалық жіктелуі (Лобзин Ю.Д., Антонов В.С., 1996)

Аурудың түрлері:

  • латентты
  • манифестты

Аурудың ағымы:

  • жедел (3 айға дейін)
  • жеделдеу (3-6 ай)
  • созылмалы (6 айдан кейін)

Клиникалық көріністері бойынша:

  1. Жедел және жеделдеу ағымы:

а)эритемды түрі

б)эритемасыз, көбінесе нерв жүйе, жүрек, буын зақымымен өтетін түрі

  1. Созылмалы ағым:

а)үздіксіз

б)рецидивті (көбінесе нерв жүйе, жүрек, буын зақымымен)

Ауырлығы бойынша: ауыр, орташа, жеңіл (жедел және жеделдеу ағымдарында).

Инфекциялану бойынша:

  • серонегативті
  • серопозитивті

Сырқаттың 1-ші аптасында (ұзақтығы 4-5 апта) – 70% науқастарда – кене шаққан орнында (көбінесе мойын, дене, жамбас аймақтарында) эритема қалыптасады. Эритеманың сипаты:

  • көлемі 3-50 см-ге дейін
  • маңайы қабыну валикпен қоршалған
  • ортасы бозғылт-көкшіл түсті
  • кейде ауырсыну, қышумен өтеді.
  • маңайындағы лимфаденит болуына тиісті
  • лимфангоит болмайды емдеусіз эритема 2-3 аптаға дейін сақталып, одан кейін өзінен өзі тарап кетеді.

Жалпы клиникалық белгілері ішінде:

  • қызба (2-7 тәулікке дейін)
  • енжарлық
  • миалгия
  • гепатомегалия (25% ауруларда)

Егерде ауырған адамның иммунды жауапты жеткілікті болса, сырқат осымен шектеліп, науқас адам жазылып кетеді. Ал егерде иммунды реакциялар жеткіліксіз болып, қоздырғыштың әсері күшті болса-инфекциялық процесс 2-ші сатысына өтеді.

ІІ-ші кезең сырқаттың 4-5-ші аптасынан басталады. Боррелиялар енген жерінен қан арқылы ішкі ағзаларға тарады: лимфа түйіндеріне, бауырға, көк бауырға, жүрекке, бұлшық еттерге, буындарға, бүйреке, ОНЖ.

Сондықтан, бұл кезеңдегі клиникалық көрістері әр түрлі болып, көбінесе зақымдалған ағзаларға байланысты болады. Жиі қалыптасатын синдромдар:

  • менингиальды
  • невритті
  • кардиальді

Бұл кезең 1 айдан бірнеше айға дейін созылады. Лайм ауруындағы неврологиялық көріністер:

  1. серозды менингит (ерекшелігі-менингиальды белгілер айқын болмайды, ұзақ сақталынатын лимфоцитарлы плеоцитоз және белок көрсеткіші жоғары болу).

2.энцефалит, энцефаломиелит (пара және тетрапарездермит өтеді)

3.бет, көзқозғалтқыш және басқа 12 жұп бас-ми нерв түпшіктерінің зақымдануы

4.невралгиялар, полирадикулоневриттер

– нейропатиялар

– перифериялық нерв талшықтарының зақымы омыртқа жүйе бойы сезімталдық бұзылыстарымен және радикулоневриттермен, поли-моневриттермен, плекситтермен.

Баннварт синдромы:

  • нерв түпшікті ауырсынулар
  • перифериялық парез (У, УІІ)
  • серозды менингит

Жүрек зақымы – кардиальды синдром сырқаттың 5-6 аптасында пайда болады.

Науқастар – жүрек маңайында ауырсынулар, жүрек қағу, бас айналу, демікпе, әлсіздік деген шағым айтады.

Обьективті:

  • брадикардия
  • жүрек тондарының тұйықталуы
  • жүрек көлемінің ұлғаюы
  • экстрасистолалар
  • экг-де өзгерістер

Кейбіреуінде – миокардит, миоперикардит қалыптасады.

Тірек-қимыл аппаратының зақымдалуы көбінесе артралгия, миалгия, остеоалгия түрінде байқалады, әсіресе ерте кезеңдерінде (3 айға дейін) кездеседі. 1/3 оқиғаларда – реактивті артриттер кездеседі, көбінесе ірі буындар, кейбір науқастарда қосымша тендимиттер, тендоваминттер, миозиттер. Бірен-саран науқастарда буындардың қабыну өзгерістері созылмалы түріне айналып, аутоиммунды ревматоидты артритке ұқсас өтеді.

Кейбір науқастарда 2-ші сатысының белгілері эритемасыз өтеді.

3-ші кезеңде-теріжде, буындарда, ОНЖ қалыптасқан қабынулар созылмалы түріне айналып-осы ағзаларда атрофиялық және дегенративті өзгерістер тудырады.

Өту бағыты үздіксіз немесе рецидивті болады.

Әсіресе айқын түрінде неврологиялық өзгерістер сақталынады: астеновегетативті синдромнан психикалық өзгерістеріне дейін. Энцефалопатия – созылмалы боррелиоздың ең жиі кездесетін белгісі.

Созылмалы радикулоневропатия-перифериялық нерв жүйесінің созылмалы зақымдалуы. Терінің зақымдалуы 3-ші кезеңде келесі өзгерістермен байқалды:

  • лимфоцитома (Беферштедттері лимфаденозы)
  • созылмалы атрофиялық акродерматит
  • склеродермды өзгерістер

Лимфоцитома (бірен-саран және жайылған түрлері болады)-бетте, құлақ маңайында, омырау ұшында қызғылт-көкшіл түсті жұмсақ ауырсынатын түйіршіктер шығып; кейде регионарлы лимфаденитпен өтеді. Бір неше айға дейін сақталынады.

Склеродермальды өзгерістер 1-3 жыл ішінде қалыптасады. Басында бір қолында не аяғында жайылған қызғылт дақтар түсіп, эритемаға өтеді де, нәтижесінде атрофиялық өзгерістер туып, тері бозарып жұқарады.

Болжамы: Ұзақ өтіп, әр түрлі жүйе-мүше зақымдалуымен өтсе де, болжамы қолайлы. Иммунитет стерильды емес болғандығынан-деинфекция кездесуде.

Диагностикасы: Клиникалық көрсеткіштері:

  • эпидемиологиялық мәліметтері
  • лабораторлы: микроскопиялық әдіс (әр түрлі биологиялық бөлінділерін тексереді, бірақта концентарциясы төмен болғандығынан – жиі теріс нәтижелері)
  • серологиялық әдістер (РИФ, РСК, РНГА)- ИФА, иммуноблот (ИФР, КБР, ТЕГАР)

Антиденелер сырқаттың 3-6 аптасында айқындалады.

Емі: ауруханада және үйде емдеуге болады.

  • этиотропты ем-пенициллин, тетрациклин, эритромицин, левомецитин, цефалоспарендер
  • патогенетикалық ем
  • симптоматикалық ем

Жазған: Еркебулан Молдаханов

Семей мемлекеттік медицина университеті

Пікір үстеу

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!