Вирусты гепатит «А», сарғаюлық формалы, орташа дәрежелі. Ауру тарихы

Вирусты гепатит «А», сарғаюлық формалы, орташа дәрежелі.

Науқас туралы жалпы мәліметтер.

  1. Фамилиясы, аты-тегі:
  2. Жасы, жынысы: 5.04.1973 жыл, әйел адам
  3. Ұлты: орыс
  4. Мамандығы: жұмыссыз
  5. Тұрақты мекен-жайы:
  6. Ауруханаға түскен күні: 21.11.2008ж
  7. Ауруханадан шыққан күні: 1.12.2008ж
  8. Жолдамалы құжаттағы диагноз: Вирусты гепатит «А», типті, орташа дәрежелі.
  9. Клиникалық диагноз: Вирусты гепатит «А», сарғаюлық формалы, орташа дәрежелі.

 

 

Науқастың шағымдары.

Түскен кездегі шағымы: Құсу, жүрек айну, тәбетінің төмендеуі, сонымен қоса жалпы әлсіздік, дене температурасы 37,50С дейін жоғарылады. Бас ауруы, эпигастрий аймағында ауырсыну сезімдері болды.

Курация кезіндегі шағымы: Тәбетінің төмендеуі, бірақ жүрек айну және құсу болған жоқ.

Негізгі аурудың даму тарихы.

Науқастың айтуы бойынша өзін  10.11.2008 жылдан бастап ауру деп санайды. Алғашында жүрек айну, құсу, тәбетінің нашарлануы болды, кейіннен әлсіздік қосылды. 20.11.2008 жылы зәрінің қоюлануын және склераларының сарғайғанын байқады. 21.11.2008 жылы дәрігерге қаралып, Жұқпалы ауруханаға жіберілді.

Өмір анамнезі.

Науқас, —— С.В. 1973 жылы Семей қаласында дүниеге келді. Жанұясында  үш баланың ортаншысы. Бала кезінде өз жасына сай дамыған. Мектепті бітірген соң педагогикалық училищеге түсіп, мұғалім мамандығын алған. 1996 жылы тұрмыс құрып, тұңғышын 1997 жылы туған. Жүктілік және босану асқынусыз өткен. Менструальді цикл бұзылыстары жоқ, 2 баланың анасы, ауруханаға жатар алдында 1 түсік жасатқан.  Жынысты жолмен берілетін аурулармен, туберкулезбен және тұқым қуалайтын аурулармен ауырмаған. Материалдық тұрмыс жағдайы жақсы, зиянды әдеттері жоқ. Балалары, күйеуімен бірге жер үйде тұрады.

Жанұясында аллергиялық және тұқым қуалайтын аурулармен ауыратындар жоқ.

Эпидемиологиялық анамнез

Науқастың Семей қаласында, өзінің жеке меншік үйі бар. Суды үйінің жанындағы құдықтан алып, үйде ыдыста сақтайды. Кейде қайнамаған суды іше береді.

Үйі айтуы бойынша таза, дәретхана сыртта, үйден алыстау жерде орналасқан.

Тамағын үйде өзі дайындайды. Әрқашан құнарлы тамақтар ішіп отырады. Соңғы екі күні қандай тағам ішкенін айта алмады.

Гигиеналық тұрғыдан науқас тазалықты сақтауға тырысады. Әрбір тағам қабылдаған сайын, әжетханадан кейін қолын кір сабынмен жуып отырады. Тағамды шикідей түрінде қабылдамайды, көкеністерді жуып жейді. Балықты кейде қолданады, оны толығымен қуырып жейді.

Науқас ауырудың алдында медициналық аборт жасатқан, ол жақсы өтті деп айтады.

Иммунологиялық және аллергиялық анамнез

Иммунологиялық анамнез:

Тұмау, ЖРВИ-мен жастық шағынан ауырады, пневмониямен ауырған.

Барлық екпелерді уақытымен алып отырған. Қашан қайсысын алғаны есінде жоқ.

Аллергиялық анамнез:

Дәрілер , тағамдарға аллергия жоқ.

Әке-шешесінде, туған туысқандарында аллергиялық аурулары жоқ.

Аурудың қазіргі жалпы жағдайы.

  1. аурудың жалпы жағдайы орташа ауырлықта, интоксикация белгілеріне байланысты.
  2. аурудың төсектегі қалпы: белсенді
  3. ақыл есі: анық
  4. бет әлпеті: аздап сарғайған
  5. басы мен мойнын қарау: басының көлемі және қалпы қалыпты, мойында деформациялар байқалмайды.
  6. көз және көз айналасын қарау: көздің асты ісінуі жоқ, аздап сарғайған, жарыққа реакциясы оң.
  7. мұрынды қарау: қалпы өзгермеген және жұмсақ тіндердің деформациясы жоқ
  8. ауыз қуысын қарау: қалпы қалыпты
  9. дене бітімі: дұрыс, конституциясы нормостеник, салмағы 75кг, бойы 179 см.
  10. тері жабындылары:

а) түсі: сарғыш

б) терінің депигментациясы: жоқ

в) терінің эластикасы: қалыпты

г) тері астында : қан құюлулар жоқ

д) терісінің ылғалдығы: құрғақ

е) бөртпелер: жоқ

ж) веналардың варикозды кеңеюі: жоқ.

  1. шырышты қабаттар:

а) түсі: сарғыш

б) энантемалар: жоқ

  1. тері асты май қабаты:

а) тері асты май қабатының дамуы: қалыпты

б) ісінулер: жоқ

  1. лимфа түйіндері: ұлғаймаған
  2. Бұлшықеті:

а) даму дәрежесі: қалыпты

б) тонусы қалыпты

в) сипап сезгенде: ауырсынулар жоқ

  1. сүйектер деформациясы: жоқ
  2. буындары: қозғалысы қалыпты сипап сезгенде ауырсынбайды

Тыныс алу жүйесі.

  1. тыныс алу сипаты – мұрын арқылы еркін демалады.
  2. көмекей – даусының сипаты қалыпты, қарлығулар жоқ
  3. кеуде клеткасын қараған кезде: көкірек клеткасы симметриялы, бұғана асты және үсті шығыңқылары өзгеріссіз, жауырын қалпы өзгермеген.
  4. кеуде клеткасын динамикалық қарап көруі: кеуде клеткасы екі жақты бірдей тыныс алу актісіне қатысады. Науқаста кеуделік тыныс алу.

Пальпация.

Қабырға аралықтары ауырсынусыз, дауыс дірілі екі жақта да бірдей.

Перкуссия.

Өкпенің төменгі жиегінің шекарасы.

Топографиялық сызықтарОң жақСол жақ
1. төс маңы сызығы

2. бұғана орта сызығы

3. алдыңғы қолтық асты

4. ортаңғы қолтық асты

5. артқы қолтық асты

6. жауырын сызығы

7. омыртқа маңы сызығы

VI-қабырға

VI-қабырға аралық

VII-қабырға аралық

VIIІ-қабырға аралық

IX-қабырға аралық

X-қабырға аралық

XI-кеуде омыртқасының сүйір өсіндісі

VІI-қабырға аралық

VIII-қабырға аралық

IX-қабырға аралық

X-қабырға аралық

XI-кеуде омыртқасының сүйір өсіндісі

Өкпе экскурсиясы.

Топографиялық сызықтарОң жақСол жақ
Тыныс шығаруТыныс алуТыныс шығаруТыныс алу
1. бұғана орта сызығы

2. ортаңғы қолтық асты

3. жауырын сызығы

2-3 см

 

3-4 см

 

2-3 см

2-3 см

 

3-4 см

 

2-3 см

 

3-4 см

 

2-3 см

 

3-4 см

 

2-3 см

Аускультация.

  1. Кеуде клеткасының әр жерінде везикулярлы тыныс, сырылдар жоқ.
  2. бронхофония: күшеймеген

Жүрек-қан тамыр жүйесі

Жалпы қараған кезде: патологиялық пульсациялар, жүрек тұсында шығыңқылық жоқ, артериялар мен веналарда өзгерістер анықталмайды.

Пальпация.

  1. жүрек ұшы түрткісі: 6-қабырға аралықта, бұғана орта сызығынан 1 см сыртқа қарай орналасады, биік, резистентті.
  2. кеуде клеткасының дірілі: қалыпты

Перкуссия.

Жүректің салыстырмалы және абсолютті тұйықтығының шекаралары:

шекараларысалыстырмалыабсолютті
Оң жақ

 

 

Сол жақ

 

Жоғарғы жақ

ІV-қабырға аралықта, төстің оң жақ шетінен

1 см сыртқа қарай

Сол жақ бұғана орта сызығынан 1 см сыртқа қарай (V қабырға аралық)

Сол жақ төс сызығынан 1 см солға қарай (ІІІ-қабырға аралық)

ІV-қабырға аралықта, төстің сол жақ шетіне сәйкес

V-қабырға аралықта бұғана орта сызығынан 0,5 см сыртқа қарай

V-қабырға аралықта сол жақ төс сүйегінен 1 см солға қара

Перкуссияда жүректің салыстырмалы тұйықтығының шекаралары : жоғарғы жақ – ІІ-қабырға аралық, оң жақ – парастернальі, сол жақ – бұғана орта сызығынан 0,5 см солға қарай.

Аускультация.

  1. жүрек ырғағы: қалыпты, синусты.
  2. жүрек ырғағы: қалыпты, синусты.
  3. жүрек жиырылу саны: 80 рет

4.Тондар: анық, ритмді

5.шулар: жоқ

6.А.Қ-120/80

 

Ас қорыту жүйесі.

Науқастың тәбеті төмендеген, дәм сезуі, жұтынуы жақсы.

Ауық қуысын қарағанда тілі-таза, ылғалды; шырышыты қабаттар ашық қызыл түсті;тілінде емізіктер айқын көрінеді; тістерінде кариес жоқ;жұтқыншағы-бос, бадамша бездері өзгеріссіз.

Іші дұрыс формалы, симметриялы, пальпацияда эпигастрий аймағында ауырсынулар бар.

Щеткин-Блюмберг симптомы теріс, ішектер перистальтикасы сақталған.

Терең пальпацияда: тоқ ішектің төмендеген бөлімі сол жақ аймағында анықталады, цилиндр тәрізді, жұмсақ, аздап қозғалмалы, ауырсынусыз. Тоқ ішектің көлденең бөлігі асқазанның төмеңгі шекарасынан 2-3 см төмен, доға тәрізді иілген, көлденең орналасады. Асқазанның үлкен иілімі кіндіктен 2 см жоғары, дененің ортаңғы сызығының 2 жағында орналасқан. Асқазанның кіщі иілімі, қалтқысы пальпацияланбайды.

Перкуссияда: тимпаникалық реңді дыбыс естіледі. Асқазанды перкуссиялағанда асқазанның төмеңгі шекарасы кіндіктен 3 см жоғары орналасқан.

Аускультацияда: ішектердің қозғалысы кезінде дыбыстар шықпайды, ішектердің моторикасы сақталған.

Бауыр пальпациясында ауырсынады.

Курлов бойынша өлшемдері: 12*12*8 см.

Бауыр шекаралары.

СызықтарЖоғарғы шекараТөмеңгі шекара
Оң жақ төс маңы

Оң жақ бұғана орта сызығы

Оң жақ алдыңғы қолтық асты сызығы

Сол жақ төс маңы сызығы

VIІ-қабырға

 

VI-қабырға

 

 

VI-қабырға

 

Х-қабырға

Оң жақ қабырға доғасының төменгі шеті

Оң жақ қабырға доғасынан 2 см жоғары

Сол  жақ қабырға доғасының төменгі шеті

 

Көкбауыр ауырсынусыз, біраз ұлғайған..

Нәжісі бұрмаланған, стулы үнемі.

Зәр шығару жүйесі.

Жалпы қараған кезде мықын аймағында, бел тұсында ісінулер жоқ.

Ұрғылау симптомы 2 жақтан да теріс.

Қуық қасаға үстінен жоғары пальпацияланбайды, перкуссияда анықталмайды. Несепағар нүктелерінде ауырсыну жоқ.

Зәр шығаруы еркін, ауырсынусыз.

Эндокринді жүйе.

Бой өсуінің бұзылысы жоқ, бірақ салмағы 73 кг.

Қалқанша безі жалпы қарағанда көрінбейді, пальпацияланбайды. Екіншілік жыныс ағзалары дамымаған.

Жүйке жүйесі.

Дәм және иіс сезуі сақталған. Есту және вестибулярлы аппараттары өзгеріссіз. Мимикалық бұлшықетері қалыпты, жұтынуы еркін, сөйлесуі бұзылмаған. Науқастың жүруі қалыпты жағдағыдай. Гиперкинездер жоқ қалтырау болмайды, рефлекстері сақталған. Беткей және терең сезімталығы сақталған. Дермографизм ақ. Менингиальді симптомдар теріс.

Болжам диагноз және оны негіздеу

Науқастың шағымдарына сүйене отырып: құсу, жүрек айну, тәбетінің төмендеуі, сонымен қоса жалпы әлсіздік, дене температурасы 37,50С дейін жоғарылады. Бас ауруы, эпигастрий аймағында ауырсыну сезімдері болды.

Науқастың анамнезіне сүйене отырып: науқастың айтуы бойынша өзін  10.11.2008 жылдан бастап ауру деп санайды. Алғашында жүрек айну, құсу, тәбетінің нашарлануы болды, кейіннен әлсіздік қосылды. 20.11.2008 жылы зәрінің қоюлануын және склераларының сарғайғанын байқады. 21.11.2008 жылы дәрігерге қаралып, Жұқпалы ауруханаға жіберілді.

Эпидемиологиялық анамнезге сүйене отыры: науқастың Семей қаласында Ибраева көшесі 74 үй, 3-пәтер өзінің жеке меншік үйі бар. Суды үйінің жанындағы құдықтан алып, үйде ыдыста сақтайды. Кейде қайнамаған суды іше береді.

Үйі айтуы бойынша таза, дәретхана сыртта, үйден алыстау жерде орналасқан.

Тамағын үйде өзі дайындайды. Әрқашан құнарлы тамақтар ішіп отырады. Соңғы екі күні қандай тағам ішкенін айта алмады.

Гигиеналық тұрғыдан науқас тазалықты сақтауға тырысады. Әрбір тағам қабылдаған сайын, әжетханадан кейін қолын кір сабынмен жуып отырады. Тағамды шикідей түрінде қабылдамайды, көкеністерді жуып жейді. Балықты кейде қолданады, оны толығымен қуырып жейді.

Науқас ауырудың алдында медициналық аборт жасатқан, ол жақсы өтті деп айтады.

Обьективті белгілерге сүйене отырып: сарағаюдың интоксикациялық белгілеріне және аурудың өзгерістеріне – циклдік ағымына байланысты.

Болжам диагноз қоямын:

Вирусты гепатит, сарғаюлық формалы, орташа дәрежелі.

Тексеру жоспары:

  1. ЖҚА
  2. БХ анализ
  3. ЖЗА
  4. Қан микрореакциясын анықтау.
  5. Нәжісті ішек құрттарына зерттеу (энтеробиозға жағынды алу).

6.У.Д.З. (бауыр, өт қабы, ұйқы безі, көкбауыр, бүйрек).

  1. Лептоспироз.

Лабораториялық және инструментальді зерттеу мәліметтері:

  1. Ж.Қ.А. 24.11.2008.
Көрсеткіштернормаданауқастаинтерпритация
Нв120-140 г/л133 г/лN
эритроциттер3,7-4,7*10123,85*1012N
лейкоциттер4,0-8,0*1092,2*109N
Лейкоцитарлы формула
Таяқша ядролы0,40-0,30*1091*109N
Сегменто ядролы2,0-5,5*10965*109N
эозинофильдер0,02-0,3*1092*109N
базофильдер0-0,0065*1090N
моноциттер0,09-0,6*1093*109N
лимфоциттер1,2-3,0*10929*109N
ЭТЖ2-15 мм/сағ2 мм/сағ 

Қорытынды:  Лейкоцитоз(2,2*109/л), лимфоцитоз (29*109/л),

ЭТЖ (2 мм/сағ)төмендеген.

  1. БХ анализ. 28.11.2008
Көрсеткіштернормаданауқастаинтерпритация
Жалпы белок66-87 г/л66,0N
Несеп нәрі2,3-8,3 ммоль/л6,1N
Креатинин45-115 ммоль/л12,0N
Глюкоза3,05-6,38 ммоль/л4,3N
АлТ0,60 мккат/л0,40N
Жалпы билирубин22,2 мкмоль/л120,32N
Тура билирубин5,1 мкмоль/л75,2N
Тимол мынамасыбірлікте4,1N

Қорытынды: Жалпы билирубин (120,32) және тура билирубин (75,2) мөлшері жоғары, Тимол сынамасы нормадан көп.

  1. Ж.З.А. 28.11.2008.
Көрсеткіштернормаданауқастаинтерпретация
түсісабан сарыпиво түстесN
мөлдірлігімөлдіржоқ
сал.тығыздығы1008-10261020N
реакцияәлсіз қышқыләлсіз қышқыN
белокжоқ0,066N
лейкоциттер0-6 қөру аймағында2-3N
эритроциттер0-2бірліктеN
жалпақ эпителийаз мөлшерде1-2N

Қорытынды: бактеремия.

  1. Қан микрореакциясы. 28.11.2008.

Қан микрореакциясы-теріс.

  1. Нәжісті ішек құрттарына зерттеу. 28.11.2008

Нәжісте ішек құрттары анықталған жоқ.

  1. У.Д.З. (бауыр, өт қабы, ұйқы безі, көкбауыр, бүйрек). 22.10.2008.

Фамилиясы: Олейникова С.В. 1973 ж.

Диагнозы: Вирусты гепатит орташа дәрежелі

  1. Бауыр.

Оң бөліктің қалыңдығы – 145

Сол бөліктің қалыдығы – 140

Бауырдың контуры – тегіс

Жаңғырық құрылымы – ұсақ бөлшекті

Жаңғырық тығыздығы – қалыпты

Қақпа вена – 11

  1. Өт қабы.

Пішіні – дұрыс

Өлшемі – 54х18

Қаптың қабырғасы – қалыңдаған, тегіс емес

Қаптың қуысы – өт

  1. Ұйқы безі.

Басының өлшемдері – 26

Денесі – 15

Құйрығы – 17

Жаңғырық құрылымы – біртектес емес, контуры тегіс

Жаңғырық тығыздығы – өзгермеген

  1. Көкбауыр

өлшемері – 11,2х50

Контуры – тегіс

Жаңғырық құрылымы – ұсақ бөлшекті

Жаңғырық тығыздығы – қалыпты

  1. Бүйректер.

Оң бүйрек өлшемі – 10,3х4,9 (қалыпты орнында)

Ұлпаның қалыңдығы – 1,7

Тостаған-астау жүйесі – ұлғайған 6-7 см, төмеңгі шетінде орналасқан

Сол бүйрек өлшемі – 10,2х4,7 (қалыпты орнында)

Ұлпаның қалыңдығы – 1,7

Тостаған-астау жүйесі – ұлғайған 6-7 см, төмеңгі шетінде 2 см төмен орналасқан

2 өкпенің де эхогендігі қалыпты.

Қорытынды: өт шығару жолдарының дискенезиясы.

  1. Лептоспироз.

Науқас: Олейникова С.В. 1973 ж.

Лептоспирозді Аг-мен РПГА

Қорытынды: қанның микроскопиясында лептоспироз анықталмаған

Салыстырмалы диагностикасы.

Вирусты гепатит А. 1. Эпидемиологиялық анамнез.а. YHA ауруымен контактта болу.б. Маусымдылығы күз-жаз айларыв. 1-30 жас аралығында кездеседі.г. Тарау жолы- алиментарлы2. ауру анамнезі.а. Инубациялық кезең – 7-50 күн.б. Продромалді кезең- ұзақтығы  5-7 күн, ауру жалпы интоксикация, тұмау тәрізді белгілермен басталады.в. Сарғаюдың дамуы ауру жағдайының жақсаруымен өтеді3. ағымы қалыпты, асқынулары сирек кездеседі.4. Қанның биохимиялық өзгерістері айқын емес.5. серологиялық анализдің көрсеткіштері: IgM – анти BГA, IgG – антиВГА.

Обтурациялық сарғаю.

Обтурациялық сарғаю жалпы өт жолдарыныңтаспен бітелуінде дамиды.Клиникасын оң қабырға астының батып ауруы және жауырынға таралуымен, ауыздың кебуі, зәрінің қараюы, нәжістің ағаруы, тері қатпарларының сарғаюымен сипатталады. Обьективті зерттегенде іші ақырын қысымданған және біраз ауырсынады, өт жолдары аймағында ауырсынады, Кер,  Мерфи,  Ортнера симптомдары оң. Ұстамадан тыс іші жұмсақ, палпаторлы симптомдар жоқ, сарғаю тез жоғалады. Лабораторлы мәліметтер: лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарылаған,билирубин, қышқылды фосфатаза деңгейі жоғары, билирубинурия, дуоденальді зондтауда барлық порциялар жоқ.Өт жолдарының рентгенографиясы мен холецистографиясында тастар анықталады. Осылай аурудың негізгі симптмдары дамиды, анық циклділік, ауырсыну синдромының және холестаз синдромының жоқ болуы, УДЗ арқылы обтурациялық сарғаюды жоқтауға болады.

Вирусты гапатит В және тұмаудың дифференциальді диагностикасы.

Бұл екі ауру бір біріне аздап ұқсас. Тұмаудағы сияқты Вирусты гепатит В – да тек сарғаюлық кезең бар. Бұл кезеңде көңіл-күйі нашарлаған, басы ауырады, тәбетінің төмендеуі, температураның жоғарлауы болады, бірақ вирусты гепатит В мен ауыратын науқастарда сарғаюлық кезең басталады.

Клиникалық диагнозды және оны негіздеу.

Болжам диагноз негізнде: құсу, жүрек айну, тәбетінің төмендеуі, сонымен қоса жалпы әлсіздік, дене температурасы 37,50С дейін жоғарылады. Бас ауруы, эпигастрий аймағында ауырсыну сезімдері болды.

Науқастың анамнезіне сүйене отырып: науқастың айтуы бойынша өзін  10.11.2008 жылдан бастап ауру деп санайды. Алғашында жүрек айну, құсу, тәбетінің нашарлануы болды, кейіннен әлсіздік қосылды. 20.11.2008 жылы зәрінің қоюлануын және склераларының сарғайғанын байқады. 21.11.2008 жылы дәрігерге қаралып, Жұқпалы ауруханаға жіберілді.

Эпидемиологиялық анамнезге сүйене отырып: науқастың Семей қаласында Ибраева көшесі 74 үй, 3-пәтер өзінің жеке меншік үйі бар. Суды үйінің жанындағы құдықтан алып, үйде ыдыста сақтайды. Кейде қайнамаған суды іше береді.

Үйі айтуы бойынша таза, дәретхана сыртта, үйден алыстау жерде орналасқан.

Тамағын үйде өзі дайындайды. Әрқашан құнарлы тамақтар ішіп отырады. Соңғы екі күні қандай тағам ішкенін айта алмады.

Гигиеналық тұрғыдан науқас тазалықты сақтауға тырысады. Әрбір тағам қабылдаған сайын, әжетханадан кейін қолын кір сабынмен жуып отырады. Тағамды шикідей түрінде қабылдамайды, көкеністерді жуып жейді. Балықты кейде қолданады, оны толығымен қуырып жейді.

Науқас ауырудың алдында медициналық аборт жасатқан, ол жақсы өтті деп айтады.

Обьективті белгілерге сүйене отырып: сарағаюдың интоксикациялық белгілеріне және аурудың өзгерістеріне – циклдік ағымына байланысты.

Лабораторлы- инструментальді зерттеулер негізінде:

ЖҚА:Лейкоцитоз(2,2*109/л), лимфоцитоз (29*109/л),

ЭТЖ (2 мм/сағ)төмендеген.

БХ: Жалпы билирубин (120,32) және тура билирубин (75,2) мөлшері жоғары, Тимол сынамасы нормадан көп.

Зәр анализінде бактеремия белгілері.

УДЗ зертеуінде өт жолдарының дискенезиясы.

Жоғарыдағы мәліметтер негізінде мынандай клиникалық диагноз қойдым:

Вирусты гепатит «А», сарғаюлық формалы, орташа дәрежелі.

Емдеу жоспары:

  1. төсектік режим.
  2. Диета №5
  3. дезинтоксикациялық терапия
  4. гепатопротекторлар
  5. Витаминотерапия («С», «А», «Е»)

1. Rp.: Sol. Glucosae 10% – 400,0            Sol. Ringeri  400,0            M.D.S. вена ішілік тамшылап2. Rp.: Sol. Glucosae 5% – 400,0            Sol. Ac.ascorbinici 5% – 2,0            Sol. Ringeri  400,0            Sol. Kalii chloridis 4%-   5,0     M.D.S. вена ішілік тамшылап

  1. Rp.: Acidi Ascorbinici 0.1%

D.S.2 др күніне 4 рет

  1. Rp.:Tab. Aeviti 0.02

D.S.1 табл. күніне 2-3 рет

  1. 5. Rp.: Sol.Acesoli 400

D.S. вена ішіне тамшылап

Қабылдаған ем нәтижелерінде науқастың жағдайы жақсарған

Күнделік.

26.11.2008ж.

Науқастың жалпы жағдайы орташа дәрежелі, интоксикация синдромына байланысты, ұйқысы мен тәбеті қалыпты. Тері жабындылары таза сарғыштау, көзге көрінетін шырышты қабықтары таза, құрғақ, сарғыш. Дене қызуы 370C. Қолтық асты, мойын арты лимфа түйіндері пальпацияда қолға сезілмейді, ауырсынусыз. Өкпесінде аускультацияда өкпелік дыбыс естіледі, тыныс алуы мұрын арқылы.  Жүрек тондары әлсіз ретті, тілі таза, іші жұмсақ, ауырсынусыз. Бауыр оң жақ қабырға доғасының бойымен.

Шағымдары: жалпы әлсіздік тершеңдік..

Артериалды қысым-120/80 мм сынап бағанасында. Пульсі минутына –72. Тыныс алу жиілігі минутына- 18 рет. Емі жоспарлы жалғастырылуда

27.11.2008ж.

Науқастың жалпы жағдайы қанағаттанарлық, тәбеті жаман емес, Тері жабындылары таза, сарғыш реңді, шырышты қабаттары таза, құрғақ. Жүрек тонының ритмі дұрыс, Өкпеде везикулярлы тыныс, сырыл жоқ. Іші жұмсақ ауырсынусыз, бауыры ұлғайған, нәжісі қалыпты.

Шағымдары:жалпы әлсіздік.

Артериалды қысым-120/80 мм сынап бағанасында. Пульсі минутына –68. Тыныс алу жиілігі минутына- 17 рет Температурасы- 370 С . Емі жоспарлы жалғастырылуда.

28.11.2008ж

Бүгінгі күнге науқастың аса шағымы жоқ. Жалпы жағдайы жақсы, тәбеті жақсы, терісі бозғылт реңді.

Артериалды қысым-120/80 мм сынап бағанасында. Пульсі минутына –72. Тыныс алу жиілігі минутына- 18 рет Температурасы- 36,50 С .

Аурудың жағдайы жақсы, өміріне қауіпсіз. Ауруханаға дейінгі кезеңмен салыстырғанда жағдайы жақсарған.Емдеу нәтижелері жақсы.

 Науқастың қорытынды диагнозы:

     Клиникада анықталған мәліметтермен, динамикада бақылаған өзгерістермен, салыстырмалы диагнозбен және спецификалық лабароторлық зертеу нәтижелері бойынша мынандай қортынды диагноз қойдым:

Вирусты гепатит «А», сарғаюлық формалы, орташа дәрежелі.

Шығару эпикризі:

Қорытынды диагноз болжам диагноз негізінде, лабораторлы-инструментальді зерттеу көрсеткіштеріне сүйене отырып, осы ауруды растайды (перифериялық қанда лейкопения, лимфоцитоз, гипербилирубинемия,Сулемалық сынаманыңтөмендеуі жіне Тимол сынамасының жоғарылауы, АлАГ белсенділігінің жоғарылауы). Дифдиагностиканы жүргізгенде вирусты гепатит В, тұмау және обтурациялық сарғаю еместігі анықталды.

Клиникалық диагноз: Вирусты гепатит «А», сарғаюлық формалы, орташа дәрежелі.

Емдеу жоспары:

  1. төсектік режим.
  2. Диета №5
  3. дезинтоксикациялық терапия
  4. гепатопротекторлар
  5. Витаминотерапия («С», «А», «Е»)

1. Rp.: Sol. Glucosae 10% – 400,0            Sol. Ringeri  400,0            M.D.S. вена ішілік тамшылап2. Rp.: Sol. Glucosae 5% – 400,0            Sol. Ac.ascorbinici 5% – 2,0            Sol. Ringeri  400,0            Sol. Kalii chloridis 4%-   5,0      M.D.S. вена ішілік тамшылап

  1. Rp.: Acidi Ascorbinici 0.1%

D.S.2 др күніне 4 рет

  1. Rp.:Tab. Aeviti 0.02

D.S.1 табл. күніне 2-3 рет

  1. Rp.: Sol.Acesoli 400

D.S. вена ішіне тамшылап

Қабылдаған ем нәтижелерінде науқастың жағдайы жақсарған, тәбеті жақсы, көңіл күйі жақсы, сарғаю симптомдары жоғалған, бауыры қалыпты мөлшерге келген, қанда билирубин белсенділігі нормада.

Науқастың жағдайы жақсарды,соңғы анализдері жақсы. Сондықтан мен бұл науқасты ауруханадан шығаруға шешім қабылдадым. Үйде қолданылатын нұсқаулар:

  1. емханада 6 ай бойы дәрігер-инфекционисттің бақылауында болу.
  2. диета сақтау, ттағамдық рационнан майлы, қуырылған, алкогольді заттарды шектеу.
  3. имунитетті көтеретін азықтарды қолдану

Науқастың шыққан күні: 

Ауру тарихын толтырған күні: 

Пікір үстеу

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!