Туберкулезді бактериоскопиялық жолмен анықтау

Бактериоскопиялық диагностика

Туберкулез микобактериясын лабораториялық әдіспен анықтау туберкулез ауруының диагнозын толық қоюға және осы аурудың барысын қадағалауға мүмкіндік береді.

Кох туберкулез таяқшасын тапқаннан бері туберкулез микобактериясын анықтайтын негізгі әдіс, бактерияны микроскоп арқылы зерттеу болады.

Бактериоскопиялық әдіс көптеген мемлекеттерде диагностика үшін ғана емес, сол сияқты туберкулезді анықтау үшін тексергенде қолданады.

Туберкулездің жұқпалы түрлерімен ауыратын науқастарды табу маңызды болып табылады, өйткені олар науқастың өзіне және оны қоршаған адамдарға қауіпті. Туберкулезге қарсы шаралардың ішінде туберкулезді бактериоскопиялық әдіспен табудың орны үлкен.

Бактериоскопиялық әдістің артықшылығы: белгілі мақсатта қауіпті топ өкілдеріне жүргізіледі, нәтижесі дәл, арзан, ыңғайлы, ағзаға зияны жоқ.

Туберкулезді ерте анықтау тактикасындағы приоритетті бағыт емдеу мекемелеріне туберкулездің клиникалық симптомдарына ұқсас шағымдармен келген адамдардың қақырығын бактериоскопиялық зерттеу болып табылады. Туберкулездің диагностикасы кез келген емдеу мекемелерінде, меншік түріне қарамастан жүргізіледі.

Туберкулезді анықтау үшін бактериоскопиялық әдіс медицина мекемелеріне қаралған мына адамдарға жасалады.

  • Ұзақ уақыт жөтелетіндер (2 аптадан артық), қақырық бөлетіндер, тәбеті нашарлағандар, салмақтары азайғандар, тез шаршайтындар, ұзақ субфебрильді дене қызуы барлар, түнгі тершеңдігі, кеудесінде ауырсыну болатындар, ентігетіндер, қан түкіргендер;
  • Бактериоскопиялық зерттеудің оң нәтижесі және оған сәйкес ауру симптомдары бар науқастармен қатынастағылар;
  • Өкпесінде туберкулезге ұқсайтын, рентгенологиялық өзгерістері барлар;
  • Қақырық бөліп шығармайтын, бірақ туберкулездің басқа күмәнді клиникалық белгілері бар науқастар, сонымен қатар, қарым-қатынастағылар, рентгенологиялық-флюорографиялық тексерістен өтулері керек, ал балалар мен жасөспірімдерге қосымша туберкулин сынамалары жүргізіледі.

Қақырық бөлетін, өкпе аурулары бар жүре алмайтын науқастар үйінде тексеріледі.

Өкпеден тыс туберкулезге ұқсас клиникалық симптомдары бар кісілерге туберкулез микобактериясын анықтау үшін жасалатын бактериоскопиялық зерттеуге кез келген диагностикалық материал алынады (зәр, қан, пунктаттар, плевра және жұлын сұйықтығы т.б).

Қажетті жабдықтар және дайындығы жақсы қызметші болған жағдайда науқас өзі тұратын жердің емдеу мекемесінде тексеріледі. Мұнда жұғындының бактериоскопиясы жасалады немесе қақырықты жинап мамандандырылған лабораторияға жеткізеді. Мұндай мүмкіндік болмаған жағдайда жұғынды немесе науқас жоғары тұратын медицина мекемесіне жіберіледі.

Барлық оң жұғындылар және теріс жұғындылардың 10%-і облыс деңгейінде тексерілуі қажет.

Туберкулез мәселелерінің ұлттық орталығында оң нәтижелердің 5%-і теріс нәтижелерінде 3%-і қайтадан тексерістен өтеді.

Бактериоскопиялық тексеріс жүргізудің әдістемесі

Зертханаға жіберуге арналған қақырық саңылаусыз жабылатын бұрандамалы қақпағы бар, қонтейнерлерге (түкіргіштерге) жиналады, олар қажетті шамада жуылып дезинфекцияланғаннан кейін бірнеше рет пайдаланылады. Бір рет қана қолданылатын түкіргіштер пайдаланылғаннан кейін енді іске жаратылмайды, жойылады. Түкіргіштің сыртына науқастың аты-жөні, туған жылы, қақырық жиналған күні, идентификациялық реттік саны жазылған этикетка жапсырылады. Әр сынамаға жолдама жазылады – 05 ТБ формасы.

Әрбір күдікті науқасқа қақырықтың үш сынамасын жасайды.

  • Бірінші сынама – пациент ауруханаға немесе емханаға таңертең келіп медицина қызметкерлерінің бақылауымен қақырығын жинайды, оған келесі күнгі қақырығын жинау үшін контейнер беріледі және ол өзбетінше жинап әкеледі.
  • Екінші сынама – науқас қақырықты келесі күні таңертең үйінде жинап, лабораторияға алып келеді.
  • Үшінші сынама – науқас қақырықты медицина қызметкерлерінің бақылауымен осы күні жинайды.

Қақырық бөгде адамдар болмаған жағдайда таза ауада медицина қызметкерінің жетекшілігімен және бақылауымен, ал осындай жағдай болмағанда, жақсы желденетін ауаны, ауаны тысқа тартып әкететін желдеткіші, кварц шамы бар оңаша бөлмеде жиналады.

Медицина қызметкері міндетті түрде маска, клеенкалы алжапқыш, резеңке қолғап киіп жүргізулері керек. Қолғапты жұмыстан кейін су қайнаған сәттен бастап 15 минут бойы 2 проценттік сода ерітіндісінде қайнатады.

Медицина қызметкері мынаны істеуге тиіс.

  1. Пациентті тыныштандыруға, басу айтуға, тексеру жүргізу себебін түсіндіруге, сонымен қатар, қақырықты өкпенің неғұрлым терең бөліктерінен жөтеліп шығаруға керек екендігін,
  2. Пациентке аузы ашық, сыртында оның аты-жөні және медициналық мекеменің атауы жазылған этикетка жапсырылған түкіргіш беруге,
  3. Науқастың арт жағында тұрып, оған түкіргішті аузына жақынырақ ұстауды ішке 3 рет дем тартып алып, 3-ші демді ішке тарту соңында қатты жөтеліп, қақырықты түкіргішке түкіруін өтінуге
  4. Қақырық жеткілікті мөлшерде (3-5 мл), жиналуына, оның құрамында сілекей емес қою іріңді бөлікшілердің болғанына деп есептелінеді және ол зарасыздандыруға жіберіледі.
  5. Қақырық жиналған медицина қызметкерінің өзі түкіргішті қақпағымен нығыздап жабады, оны арнайы қалбырға немесе тасымалдауға арналған металды бикске салады.
  6. Медицина қызметкері қолғап киген қолын сабындап жууы керек.
  7. Пациентке таза түкіргіш береді және одан келесі күні де таңертеңнен қақырықты дұрыс жинауды, түкіргіштің қақпағын берік жауып, оны ауруханаға алып келуді өтінеді.

Жиналған қақырық бір тәулік ішінде зертханаға жеткізіледі, ерекше жағдайда тоңазытқыш жоқ болса оны медицина мекемесінде (құрғақ, салқын жерде) 2 күн ғана және тоңазытқышта 7 күн сақтауға болады. Қақырықты сақтау және тасымалдау үшін тоңазытқыш элементтері бар, арнайы контейнерлер, металды бикстер қолданылады. Қақырық бар түкіргіш салынған бикстерді тасымалдауға дейін тоңазытқыштарда сақталуы керек.

Қақырықты жеткізу мүмкіндігі болмаған жағдайда, медицина мекемесінде жақсы бекітілген жұғындылар дайындауға және оларды зертханаға жіберуге болады.

Себу қажеттілігі болса қақырық зарарсыздандырылған түкіргішке жиналады және бір тәуліктен аспайтын мерзімде ғана тоңазытқышта жасалынады.

Бактериоскопия әдісіне Циль-Нильсен бойынша бояу, флотация және люминисцентті микроскопия әдістері жатады.

Циль-Нильсен әдісі бойынша бояу

Циль-Нильсен әдісі бойынша туберкулез микобактериясын анықтау үшін 1 мл қақырықта кем дегенде 10-100 мың микобактериялар болу керек. Егер микобактериялар бұл саннан аз болса жалған нәтижелер пайда болады. Сүртінді дайындау үшін қақырықты Петри табағына құяды да, үшкір таяқшалармен 5-6 жерден іріңді түйірлер алып сүртінді дайындау үшін екі әйнекке салады. Бір препаратты эластикалық талшықтарды анықтау үшін қолданады. Екінші әйнектегі қақырық түйіршіктері үшінші әйнекпен ысқылайды, сөйтіп екі препарат пайда болады.

Бұл препараттардың біреуін Циль-Нильсен бойынша, ал екіншісін мысалы флюрохромды бояулармен бояйды, сөйтіп мүмкіндік болған жағдайда люминисцентті микроскоппен тексеру үшін қолданады.

Циль-Нильсен бояуы бойынша препаратқа карбонды фуксин құйып, бу пайда болғанша ысытады, сонан соң 5% күкірт қышқылының ерітіндісімен немесе 3% тұзды қышқылды алкогольмен түссіздендіреді, сөйтіп 0,25 % метиленді көк ерітіндісімен бояйды.

Боялған сүрітінділерді иммерсиялық жүйемен микроскопқа дайындайды. Бұл кезде туберкулез микобактериялары көк фонда қызыл түсті болып көрінеді. Кәдімгі микобактериялар жіңішке, тік болатын немесе шамалы майысқан дәнді таяқшалар түрінде болады.

Бактериоскопиялық әдіс

Люминесцентті микроскопия әдісі

Бұл әдіс Циль-Нильсен әдісіне қарағанда қосымша 14-30% туберкулез микобактериясын анықтайды. Люминисцентті микроскопия әдісі флюорохромдармен боялған туберкулез микобактерияларының көк-күлгін сәулелердің әсерімен жылтырап көрінуіне негізделген. Люминисцентті микроскопия әдісі азғана үлкейтіліп тексеріледі, бұл көру аймағын кеңейтіп, зерттеліп жатқан материалдарға аз ғана туберкулез микобактерияларын көруге мүмкіндік береді. Люминисцентті тексеру үшін арнайы микроскоптарды қолданады. Барлық жарықтандыратын аспаптарға керекті жарық сүзгіштері қолданылады.

Бұл әдіспен әртүрлі патологиялық заттарды зерттейді. Жалын үстіне қыстырылып қойылған препараттарды 1000 мл тазартылған суға қосылған аурамин 00-0,5г, родамин С-0,05г арнайы қоспасын 15 минут уақыт ішінде жайлап қыздырады. Сонан соң сүртіндіні сумен жуып, жарты минутта 3% тұзды қышқылы спиртпен түссіздендіреді, тағы сумен жуып, фонды болдырмау үшін 0,25% метиленді көк ертіндісімен қайта бояйды. Люминисцентті микроскопия әдісі кезінде туберкулез микобактериялары қараңғы фонда алтын-сары түске боялады. Бұл әдіс қазіргі кезде кеңінен қолданылады.

Флотация әдісі

Туберкулез микобактериясын бактериоскопия әдісімен анықтай алмаған жағдайда толықтыру әдістері қолданылады. Мұндай әдістердің ішінде ең сапалысы Киттенжер ұсынған флотация әдісі. Бұл кезде туберкулез микобактерияларын 10-15% жиірек анықтау мүмкіндігі туады. Флотация әдісімен тексеру үшін 10-15 мл қақырықты 250 мл көлемдегі колбаға салады, сөйтіп осынша мөлшердегі 0,5% натрий немесе калий ертіндісін қосады. Сонан соң жақсы араласу үшін 10-15 минут уақыт шайқап, колбаның жартысына дейін 0,5 мл ксилол немесе жанар май қосылған тазартылған су құяды. Мұнан кейін колбаны 5-10 минут уақыт шайқайды, сөйтіп үстіне колба толғанша (250 мл болғанша) тазартылған суды қайта құяды. 30-60 мин өткеннен кейін жанар май талшықтары сұйықтық бетіне туберкулез микобактерияларын қоса қалқып шығады, микобактериялар сұйықтық бетінде пайда болған сақинаның үстіне жиналады. Бұл флотациялық сақинаны таяқшамен екі әйнектің бетіне салады. Бір препаратты Циль-Нильсен бояуымен, екіншісін люминисцентті микроскопия әдісімен бояйды.

Тексеріс жүргізу тәртібі. 5 минут ішінде кем дегенде 100 микроскопиялық көру аймағын тексеріп қарау керек. Нақтылы тәртіппен бар жұғындыны қарап шығару керек. Мысалы, тексеріс жұғындының сол жақ шетінің ортасынан басталса, микроскоп столын айналдыратын бұранданы өте жай бұрап отырып, жұғындыны жүйелі түрде оның оң жақ шетінің ортасына дейін жеткенше жүргізіледі. Көру аймағы жұғындының ұзындығына кем дегенде 100-ге сәйкес болуы керек. Содан кейін жұғындыны кем дегенде 10-ге сәйкес болуы керек. Содан кейін жұғындыны солға қозғалтып, тағы 100 көру аймағын тексеру керек. Содан кейін жұғындыны солға қозғалып, тағы 100 көру аймағын тексеру керек. Жұғындыны бар микроскопиялық шалымы (300) көру аймағы тексеріледі.

Туберкулез бактериялары кішентай сәл иілген, азды-көпті түйіршікті, оқшауланған, екіге қосақталған, топталған қызыл таяқшалар, олар жұғындының көгілдір фонында жақсы көрінеді. Қышқылға төзімді бактериялардың (БК) санын анықтап оны кітапшаға жазу керек. Жұғындыны қарап тексеріп болғаннан кейін, оны микроскоп столына қойып, ондағы реттік санды тексеріп, тексеріс жүргізу нәтижесін жолдама парағының соңғы бағанасына жазады. Иммерсиялық майдан тазарту үшін жұғындыны толуолға (немесе ксилолға) батырады, содан соң оны тексерілген жұғындылар сақталатын қорапқа салады.

Жұғындыларды, олардың жолдама парағында жазылғандай кезегімен тексеру керек. Келесі жұғындыны тексеру алдында иммерсиялық линзаларды таза мақтамен сүртіп, мақтаны қоқыстар шелегіне тастайды,

Тексеріс жүргізу нәтижелелері

Анықталған бактериялардың саны аурудың қаншалықты ауыр және науқастың қасындағы адамдарға қанша қауіпті екендігін анықтайды. Демек, тексеріс жүргізу қаншалықты сапалық сипат көрсетсе, соншалықты сандық сипат көрсетуі де керек. Анықталған БК (қышқылға төзімді бактериялар) саны көрсетілген нәтижелелер тіркелмелі былайша өткеріледі.

Тексеріс жүргізу нәтижелелері

 БК жоқ300 көру аймағына0
1-3 БК300 көру аймағынажұғындыны қайталау
4-9 БК100 көру аймағына+ (нақты санын көрсету)
10-99 БК100 көру аймағына++
1-10 БК1 көру аймағына+++
10 БК-дан астам1 көру аймағына++++

Ұқсас материалдарды қарай кетіңіз:

  1. Туберкулезді анықтау
  2. Туберкулиндік диагностика
  3. Флюорографиялық тексеру
  4. Туберкулез қоздырғышы. Микобактериялар
  5. Туберкулезді алдын алу. БЦЖ вакцинациясы
  6. БЦЖ егуден соң болатын асқынулар
  7. Туберкулезге қарсы алғашқы эпидемиологиялық шаралар
  8. Туберкулезді химиялық алдын алу
  9. Туберкулез ауруын емдеу жолдары
  10. Туберкулез науқастарын диспансерлік бақылау

 

Пікір үстеу

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!