Глюкоза инфузиясы
Саудалық атауы: Глюкоза
Халықаралық патенттелмеген атауы: Жоқ
Дәрілік түрі: Инъекцияға арналған 400 мг/мл 10 мл ерітінді
Құрамы
1 мл ерітіндінің құрамында
- белсенді зат – 400 мг глюкоза (сусыз затқа шаққанда),
- қосымша заттар: натрий хлориді, 0,1 М хлорлы сутек қышқылы ерітіндісі, инъекцияға арналған су.
Сипаттамасы: Түссіз немесе мөлдір сарғыш сұйықтық.
Фармакотерапиялық тобы
- Плазма алмастырғыш және перфузиялық ерітінді.
- Басқа да ирригациялық ерітінділер.
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Көктамыр ішіне енгізілетін глюкозаның жалпы мөлшерінің 65%-ы қанда айналады және организмде таралады, 35%-ы гликогенге айнала отырып, бауырда іркіледі. Тұздардың, органикалық оның ішінде молекулаларына қарағанда декстрозаның молекулалары көп болуына қарамастан, ол тамыр арнасынан жылдам кетеді. Декстроза жасуша ішілік кеңістіктен жасушаның ішіне өтеді оған инсулиннің қосымша лықсытуы ықпал етеді. Гликолиз үдерісіне түсе отырып, глюкоза АТФ түріндегі қуат түзілуімен көмірқышқыл газ және суға дейін метаболизденеді. Глюкозаның толық тотығуының соңғы өнімдері өкпемен (көмірқышқыл газ) және бүйрек арқылы (су) шығарылады.
Фармакодинамикасы. Көктамырға 400 мг/мл глюкозаны (гипертониялық ерітінді) енгізген жағдайда қанның осмотикалық қысымы артады, соның салдарынан сұйықтықтың тіндерден қанға қозғалуы күшейеді, бауырдың уыттануға қарсы қызметі жақсарады, миокардтың жирылғыштығы жоғарылайды, диурез артады. Организмнің өмір сүруіне қажетті қоректі заттар мен қуат көзі болып табылады.
Қолданылуы
- гипогликемияда, көмірсулы қоректің жеткіліксіздігінде
- уыттануларда, оның ішінде бауыр аурулары кезінде (гепатитте, бауырдың дистрофиясы және атрофиясы)
Қолдану тәсілі және дозалары. 400 мг/мл глюкоза ерітіндісін көктамыр ішіне (өте баяу), ересектерге 20-40-50 мл-ден енгізеді. Қажет болған кезде жылдамдығы (1,5 мл/кг/сағ) минутына 30 тамшыдан тәулігіне 250-300 мл тамшылатып енгізеді.
Ампуламен жұмыс істеу тәртібі
- Бір ампуланы блоктан бөліп, мойнынан ұстай отырып, оны сілку керек
- Ампуланы қолмен қысып (бұл кезде препаратты бөлінбеуі керек) және айналатын қимылдар арқылы бұрап, басын бөлу керек
- Пайда болған саңылау арқылы ампуламен бар еккішті тез арада біріктіру керек
- Ампуланы төңкеріп, оның ішіндегісін тез арада еккішке сорғызу керек
- Еккішке инені кигізу керек.
Жағымсыз әсерлері
- Жергілікті реакциялар: енгізген жердің ауыруы, тамырдың тітіркенуі, флебит, тамыр тромбозы
- гипергликемия, гипокалиемия, гипофосфатемия, гипомагниемия, ацидоз
- полидипсия, жүрек айнуы
- гиперволемия
- аллергиялық реакциялар (дене температурасының көтерілуі, тері бөртпесі, ангионевротикалық ісіну, анафилактикалық шок)
Жағымсыз әсерлер пайда болған жағдайда ерітіндіні енгізуді тоқтатып. емделушінің жағдайын бақылап және көмек көрсету керек. Қалған ерітіндіні тексеру жүргізу үшін сақтау керек.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- гипогликемияға байланысты жағдайларды қоспағанда бас-сүйек және арқа ішілік қан кетулер
- ауыр дегидратация, алкогольді делирияны қосқанда
- декстроза және басқа да препарат компоненттеріне жоғары сезімталдықта
- анурия
- қант диабеті және гипергликемиямен бірге жүретін басқа да жағдайларда
- глюкозаның операциядан кейінгі қайта өңделуінің бұзылуында
- гиперлактацидемияда
- гиперосмолярлы комада
- гипергидратацияда
- мидың ісінуі
- өкпенің ісінуі
- жедел сол жақ қарынша ішілік жеткіліксіздігінде
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Глюкозаның 400 мг/мл ерітіндісін гексаметилентетраминмен бір еккіште енгізуге болмайды, себебі глюкоза күшті қышқылдатқыш болып табылады. Сілтілі ерітінділермен: жалпы анестетиктермен және ұйықтататын дәрілермен, өйткені олардың белсенділігін төмендетеді, алкалоидтар ерітінділермен бір еккіште араластыруға болмайды; глюкоза стрептомицинді белсенсіздендіреді, нистатиннің тиімділігін төмендетеді.
Тиазидті диуретиктердің және фуросемидтің әсерімен глюкозаға төзімділік төмендейді. Глюкозаның ерітіндісі пиразинамидтің бауырға уытты әсерін азайтады. Глюкозаның үлкен көлемін енгізу гипокалиемия дамуына ықпал етеді, ол бір мезгілде тырнақгүлдің пайдаланылатын препараттарының уыттылығын арттырады.
Айрықша нұсқаулар
Препаратты қолданғанда су-электролитті балансқа және қан сарысуындағы глюкоза деңгейіне мониторинг жүргізу керек.
Глюкозаның ерітіндісін ауыр бас сүйек-ми жарақатының жедел кезеңінде, ми қан айналымының жедел бұзылуында тағайындауға болмайды, себебі препарат ми құрылымының зақымдануын арттыруы және аурудың барысын нашарлатуы мүмкін (гипогликемия түзету жағдайларын қоспағанда). Гипокалиемия кезінде Глюкоза ерітіндісін енгізуді калий тапшылығын түзетумен бір мезгілде (гипокалиемия күшеюі қаупіне байланысты) жүргізу керек.
Нормогликемиялық жағдайларда глюкоза жақсы сіңуі үшін препаратты енгізуді 4 – 5 г глюкозаға (құрғақ зат) 1 ӘБ есебінен жылдам әсер ететін инсулинді (тері астына) тағайындаумен біріктіру керек.
Ерітіндіні тері астына және бұлшықет ішіне қолданбау керек.
Ампуланың ішіндегісі бір емделуші үшін ғана пайдаланылуы мүмкін, ампуланың герметикалығы бұзылғаннан кейін ампуланың ішіндегі пайдаланылмаған бөлігін тастау керек.
Буйрек жеткіліксіздігінде, орнына келмейтін жүрек жеткіліксіздігінде. гипонатриемияда глюкозаны тағайындау сақтықты талап етеді, орталық гемодинамиканың көрсеткіштерін бақылау қажет.
Педиатрияда қолданылуы
Жаңа туылған нәрестелерге және шала туылған нәрестелерге глюкозаның 40 % ерітіндісі дене салмағының әр келісіне 1 мл-ден асатын дозаларда қолданбау керек, себебі гипертониялық ерітіндіні енгізуден болған энцефалопатия даму қаупі жоғары.
Жүктілік және лактация кезеңі
Нормогликемиясы бар жүкті әйелдерге препаратты қолдану ұрықтың гипергликемиясына, метаболикалық ацидозға әкеп соқтыруы мүмкін. Соңғысын әсіресе ұрықтың дистресі немесе гипоксиясы басқа перинатальді факторларға байланысты болғанда ескеру керек.
Дәрілік заттың көлік құралдарын және қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері зерттелмеген
Артық дозалануы
Белгілері: гипергликемия, глюкозурия, қанның осмотикалық қысымының артуы (гипергликемиялық гиперосмолярлы кома дамығанға дейінгі). гипергидратация, электролитті тепе-теңдіктің бұзылуы.
Емі: препаратты қолдануды тоқтатып, жылдам әсер ететін инсулинді қандағы глюкозаның әр 0,45-0,9 ммоль-не 1 ӘБ есебінен қандағы глюкоза деңгейі 9 ммоль/л-ге жеткенге дейін.
Глюкоза деңгейін біртіндеп төмендету керек. Бір мезгілде инсулин тағайындаумен теңгерілген тұзды ерітінділердің инфузиясын жүргізеді.
Қажет болса белгілеріне қарай ем тағайындайды.
ІІІығарылу түрі мен қаптамасы
Полиэтиленді ампулаларда 10 мл-лік инъекцияға арналған ерітінді. 10 ампуладан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылған нұсқаулықпен бірге картон пәшкеде.
Сақтау шарттары
- 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
- Балалардың қольі жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі 2 жыл
- Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары: Рецепт арқылы