Кампилобактериялалар

Кампилобактериялалар

Кампилобактериялалардың морфологиясы, жіктелуі, дақылдық қасиеттері.

Кампилобактерия туысына 13 түр кіреді. 1991 жылы бұдан Геликобактер деген туыстық жеке бөлінген болатын /2 түр H. pylori және  H. mustelae/. Кампилобактериялардың негізгі түрлері:     C.jejuni, C. coli, C. lari.

Кампилобактериялар – аэробты және микроаэрофильді, грам теріс, спираль тәріздес таяқшалар, өлшемі 0.5-5.0 х 0.2-0.8 мкм. Бір екі жіпшелері, жасушаның бір немесе екі жағында орналасуы мүмкін. Капсула, спор түзбейді. Кампилобактериялар – микроаэрофильдер 37-44°С өсуге қабілеті бар. Дақылданыру үшін оттегінің төмен, ал көмірсудың жоғары болғанын талап етеді. Сұйық қоректік ортада қиын бұзылатын тұнбамен диффузды лайлану байқалады. Тығыз қоректік ортада 2 типті колония түзеді: а) дөңгелектеу формалы, шеттері тегіс, 2-8 мм түссіз, мөлдір. б) дөңгелек шеттері тегіс 1-2 мм, беті жылтыр, мөлдір.

Кампилобактериялардың биохимиялық қасиеттері мен антигендік құрылысы.

Кампилобактериялар энергияны аминоқышқылдан және үшкарбон қышқылдарына дейін бөледі /көмірсудан емес/. Көмірсутектерді ферменттемейді. Желатинді және мочевинаны гидролиздемейді, оксидазалық және каталазалық активтілігі бар. Кампилобактерилерде О, Н және К антигендер анықталған, термотөзімді О-антиген бойынша 55 серотобы анықталған.

Загрузка...

Кампилобактериялардың резистенттілігі мен эпидемиологиясы.

Бөлмедегі, әсіресе төменгі температурада кампилобактериялардың тұрақтылығы жоғары.  Тағамдарда, суда, нәжіс және зәрде 1-5 апта сақталады. Олар қыздырғанға, күн УК-сәулелеріне, кептіргенге, дезертінділерге сезімтал. Кампилобактериялар жануарлар мен құстардың барлық түрлерінде табылған. Бұлардың негізгі резервуарлары ауыл шаруашылық малдары,  науқас адамдар мен жануарлар. Жұғу жолдары; тағам, су, қарым-қатыңас.

Кампилобактериялар патогенділігі және кампилобактериоздың патогенезі, клиникасы мен иммунитеті.

Кампилобактеряларда бірқатар күрделі патогенділік факторлары бар. Эндотоксинінің әсері сальмонелла эндотоксиніне ұқсас болып келеді. Эндотоксин /холероген типті/ және цитотоксин адамның ащы ішектің шырышты қабатына әсер еткенде, ол дизентерияға ұқсас өзгерістерге алып келуге қабілеті бар. Көбінесе қарт  адамдарда артриттердің, менингиттердің, васкулиттердің себебі болып табылады. H. pylori асқазан мен 12-елі ішектің жарасын, эрозиялық жарақаты мен ассоцирлеуші этиотропты агенті болып табылады. Инфекциядан кейінгі иммунитет ұзаққа созылмайды.

Кампилобактериялар казакша
Кампилобактериялардың қоректік ортада өсуі

Кампилобактериоздардың лабораториялық диагностикасы.

Кампилобактериоздардынң микробиологиялық диагностикасында; микроскопиялық, бактериологиялық, серологиялық әдістер қолданылады. Микроскопиялық әдіс жобалаушы болып табылады. 1% негізгі фуксиннің су ерітіндісімен 10-20°С–та бояйды.

Негізгі әдіс – бактериологиялық. Зерттеу материалдары ретінде: нәжіс, қан, су, сүт, тағам өнімдері алынады. Арнайы қоректік ортаға егіп, микроаэрофильді жағдай жасаймыз. Өскен колонияларын бөліп алып талдау /идентификациялау/ жүргізіледі. Серологиялық диагносткасында: агглютинация, КБР, ПГАР, ИФР және ИФА қолданады.

Кампилобактериоздардың емделуі мен алдын алу.

Арнайы алдын алу жолдары жоқ. Алдын алу шараларға тағамдарды сақтау, тасымалдау, емдеу кезінде, ветеринарлық – санитарлық, санитарлық гигиеналық  ережелерін дұрыс сақтауы болып табылады. Кампилобактериозды емдеу үшін антибиотиктер, оның ішінде эффектісі жоғары гентамициндер мен эритромициндер сияқты препараттар қолданылады.

Ұқсас материалдарды қарай кетіңіз:

  1. Клебсиеллалар
  2. Протейлер
  3. Гонококктар
  4. Стрептококктар
  5. Стафилококктар

 

Қажетті материалды таппадың ба? Онда KazMedic авторларына тапсырыс бер

Материал авторы

желіде жоқ 3 часа

KazMedic

974

Медик+ админ! Сайт бойынша жауапты адам.

Пікірлер: 7Материалдары: 972Блог ашу: 01-10-2014
3 оценки, среднее: 4,00 из 53 оценки, среднее: 4,00 из 53 оценки, среднее: 4,00 из 53 оценки, среднее: 4,00 из 53 оценки, среднее: 4,00 из 5 (3 оценок, среднее: 4,00 тен 5)
Загрузка...

Добавить комментарий

Әл.желі арқылы кірген дұрыс: