Протейлер

Протейлер (Proteus  тустығы)

Протейлер шартты-патогенді микроорганизмдерге жатады. Олар зәр шығару жолдарының және іріңді жарақат инфекцияларын, сонымен қатар сепсис шақырады. Ауру эндоинфекция түрінде өтуі мүмкін және аурухана инфекциясының нәтижесі болады. Протейлерді 1885 жылы Г. Хаузер ашқан.

Протейлердің биологиялық қасиеттері

Enterobacteriaceae тұқымдасына жатады оның ішіне 3 түр кіреді. P.vulgaris P.mirabilis адамдар үшін патогенді болып табылады, олар іріңді-қабыну процесстерін және тағам токсикоинфекцияларын шақырада. Барлық Proteus  туыстығының өкілдері Грам теріс, шеттері дөңгелектенген  таяқшалар, спора және капсула түзбейді, перетрихтан тұрады. Полиморфизмге бейім, кокк және жіп тәріздестері де кездеседі. Қозғалмайтын талшықсыз түрлері де кездеседі (О -формасы).

Факультативті анаэробтар, хемаорганотроф, өсу температурасы 20°С дан 38°С дейін, оптимумы 37°С  рН 7,2-7,4,  42°С та да жақсы өседі. Қоректік орта таңдамайды, ЕПА-да Н-формасы (талшықты) көкшіл-түтін түстес, нәзік жабынды болып, жайылып өседі (қазылу феномені). Бұл феноменді Шукевич әдісінде қолданады (егіндіні конденсантты суы бар қиғаш ЕПА-ға еккенде жайылған жабынды кетеріліп тұрады). О-формасы ЕПА шеттері тегіс үлкендеу колония түзеді. ЕПС – да диффузды лайланып, бетінде нәзік қабықша пайда болып, қою, ақ тұнба түзбейді. О-формасы өт қышқылы бар: 0,1-0,2% карболқышқылы, 5-6 % этанол, бояғыштар, дегергенттер Плоскирев ортасында өседі. Мұнда мөлдір, нәзік, жылтыр, өзіне тән иісі бар, колониялар түзбейді. Біраз уақыттан соң колониялар лайсаңданып, ортасы сұр-қаралау болып келеді. О-формалы протейлердің колониялары сальмонеллалардың  колонияларына ұқсас, ол идентификацияны күрделендіреді. Протейлер глюкозаны қышқылға және аз мөлшерде тұз түзе отырып ферменттейді. Лактозаны ферменттемейді, уреаза мен фениланинминазаны күкіртсутегін түзеді. Желатинді ыдыратады. Түрлерді арнайы тест арқылы анықтайды

Протейлерде О-және Н-антигендер болады. Жасуша қабырғасының ЛПҚ (С)-негізгі патогенді факторы, эндотоксин болып табылады.

Табиғатта кең таралған. Қоршаған ортаның әсеріне өте тұрақты.

Аурухана инфекцияларына жатады. Протейлер адамда әр түрлі аурулар шақыруы мүмкін, көбінесе тағам токсикоинфекциясы тәрізді өтеді, ал басқа шартты-патогенді микроорганизмдермен қосылса: сепсис, менингит, остеомиелит, артрит, отит, пневмония, плеврит шақырады. Аурудың ауырлығы ағзаға түскен протейлердің мөлшеріне байланысты.

Протейлер қазақша
Proteus mirabilis көрінісі

Протейлер шақыратын аурулалардың лабораториялық диагностикасы және емдеу

Микробиологиялық диагностикасында  бактериологиялық тәсіл қолданады.

Зерттелетін материалдар: ірің, зәр, құсық, жуынды су, қан, ликвор, қақырық плевралық экссудат. Дифференциалды-диагностикалық ортаға (Плоскирев), ЕПА-ға Шукевич әдісімен егеді. Бөлінген таза дақылды биохимиялық қасиеттері бойынша идентификациялайды. Серотоптарын, О-және Н- антигендерінің титрінің өсуін. агглютинация реакциясы арқылы  анықтайды.

Емдеуі: Протейлер шақырған тағам токсикоинфекцияларын бейарнайы  емдеу үшін дезинтоксикация жүргіземіз (асқазанды жуу, көп су ішу т.б.). Іріңді процесс немесе сепсис болған жағдайда, емдеу үшін міндетті түрде антибиотикограммадан кейін антибиотиктер қолданады. Дисбактериоз және тағам токсикоинфекцияларын емдеу үшін комплексті интесті-бактериофаг сапалы болады.  Емделмейтін, созылмалы ауруларда аутовакциналар қолданылады. Арнайы алдын алу жоқ, жалпы профилактикаға санитарлы-гигиеналық ережелерді қатаң сақтау керек.

Ұқсас материалдарды қарай кетіңіз:

  1. Стафилококктар
  2. Стрептококктар
  3. Гонококктар

 

Пікір үстеу

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!